Парақ 1 атын Жалпы саны, ал Парақ 2 атын Рожок деп өзгертіңіз. Осы Кітап 1 басқа Балмұздақ атымен сақтаңыз. Жаңадан Эскимо атты парақ ашып, ол парақтың атын Эскимо деп өзгертіңіз.
Кестедегі мәліметтердің түсін, ұяшықтар тобының түсін, шектеулерді өз еркіңізбен өзгертіңіз.
Microsoft Excel-дің анықтама жүйесін шақырып, одан кітап, бет ұғымы, беттер арасында ауысу жайлы оқып танысыңыз.
Көмекшіні шақырыңыз. Оның түрін өзгертіп, өшіріңіз.
Есептер облысын (Область задач) шақырыңыз. Ол үшін Түр (Вид) – Есептер облысы (Область задач) қомандасын орындаңыз. Терезенің сол жағында Есептер облысы пайда болады.
Осы тереземен танысыңыз. Қандай дайын шаблондар Excel 2003 ЭК бар екенін ашып көріңіз.
Тапсырма 2 А бағанының алдына жаңа баған қосыңыз. Ол үшін А1 ұяшығын белгілеп жанама мәзірден Ұяшық қою (Добавить ячейки) командасын немесе Кірістіру (Вставка) – Бағандар (Столбцы) командасын орындаңыз. Осы жерде Кірістіру (Вставка) – Ұяшықтар (Ячейки...) командасын қолданып, жол немесе бағанды, оң немесе сол жағынан қосуды таңдауға болады (Сурет 4 ).
Сурет 4 . Ұяшық қосу терезесі С2:Е2 аралығын тышқан көмегімен ерекшелеңіз. Форматтау тақтасындағы көмегімен осы ұяшықтарды біріктіріңіз. Бұл жерге Балмұздақ сөзін теріп жазыңыз.