ПӘнін оқыту-әдістемелік кешен


Стандартты саймандар тақтасы



бет13/57
Дата23.08.2017
өлшемі7,64 Mb.
#25704
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57
Стандартты саймандар тақтасы. Бұл тақтада орналасқан батырмалар жиі орындалатын командалардың әрекеттерін қайталайды. Олар файылды сақтау, оқу, қағазға басу, көшіру, енгізу, сандар қосындысын табу, мәліметтерді реттеу т.б. әрекеттерді жылдам орындау мүмкіндігін береді.

Форматтау саймандар тақтасы. Бұл саймандар тақтасындағы батырмалар қаріп ( шрифт) форматын таңдау мүмкіндігін береді: мәтінді жартылай қарайтылған, курсивті, асты сызылған етіп жазу,мәтінді туралау,сандарды форматтау, жақтау мен түстерді қолдана отырып, кестені безендіру әректтерін жылдам орындау істерін атқарады.

  • Бесінші жолформулалар қатары. Мұнда ұяшықтың - әр- бір тордың мазмұның көріп формулаларды өңдеуге болады.

  • Бесінші жол мен кестенің соңына дейінгі аралықты электрондық кестенің жұмыс аймағы алып тұрады. Кестенің жолдары (қатарлары) санмен, ал бағаналары әріптермен таңбаланады.

  • Төменгі қатар - қалып күй қатары, оған үстіміздегі уақыттағы компьютердің жұмысын немесе Excel кестесі жөніндегі ақпарат шығып тұрады.

Төменгі қатардың сол жақ шетіндегі Excel кестесі жұмыс режимінің индикаторы тұр. Мысалы, Excel кестесі мәліметтердің енгізілуін күтіп тұрған жағдайда дайын режимдер тұрады да, индикатор Дайын ( Готов) деген сөзді көрсетіп тұрады.

Excel электрондық кестесі жазылған әрбір файл, бірнеше беттерден тұратын байланысқан кестелерді бір орынға сақтап қойып, қажетті ақпаратты жылдам іздеп табу мүмкіндігін беретін Кітап болып саналады. Беттердің немесе парақтардың жарлықтары экранның төменгі сол жақ шетінде көрініп тұрады. Әдетте электрондық кесте іске қосылғен мезетте 1- бет ( лист1) екпінді болады, келесі немесе басқа бетке өту қажет болса, сәйкес парақтың жарлығында тышқанды шертеміз.



Ұяшықтың блогы немесе аралығы

Бір мезгілде бір ұяшықпен немесе қатар орналасқан бірнеше ұяшықтар тізбегімен жұмыс жасауға болады. Белгіленген ұяшықтар тізбегін топ немесе блок деп атаймыз. Мұндай блоктардың адресі бірінші ұяшықпен соңғы ұяшықтар адресін қос нүктемен бөліп жазу арқылы көрсетіледі. Мысалы, D2 ден D8 аралығындағы блоктың адресі D2 : D8 түрінде көрсетіледі (Сурет 3 )





Сурет 3. D2 : D8 блогы белгіленген

Кестенің бағана, қатар, блоктарын белгілеу

Тышқанның көмегімен кесте бөліктері былай белгіленеді:



  • Бағана – қажетті бағана тақырыбындағы танбаланған әріпте (А, В, С) тышқанды шерту;

  • Қатар – қажетті бағанаға сәйкес келетін нөмірде (1, 2, 3) тышқанды шерту ( кестенің сол жағындағы ең шеткі бағанасы);

  • Бірнеше бағаналар - бірінші бағана тышқанды шерткен соң, тышқанның батырмасын ұстаулы күйінде соңғы бағанаға жеткіземіз;

  • Блокты – блоктың бастапқы ұяшығында тышқанды шертеміз де, тышқанның батырмасын босатпай, курсорды соңғы ұяшыққа жеткіземіз;

  • Жұмыс парағы - бағаналар таңбаланған әріптер жолымен қатар нөмірінің қиылысқан жерінде тышқанды шертеміз (кестенің сол жақ жоғарғы шеті);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет