Пәнінен оқу-әдістемелік кешен


Жүйелер теориясының терминологиясы



бет9/47
Дата28.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#64948
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47
Байланысты:
b1e92176-86b5-11e3-9ea3-f6d299da70eeОИС №3

Жүйелер теориясының терминологиясы

Жүйелік үйлесім – бұл ауыр жүйелерді зерттеу, жобалау және ұйымдастыруға арналған жүйенің жалпы теориясының негізгі жағдайын пайдалану әдісі.

Жүйелік анализ – бұл жүйелік үйлесім арқылы пәндік облысты зерттеу әдісі.

Кез келген ақпараттық жүйені жобалау алдында ең алдымен келесі сатылардан өту керек:



  • қажеттіліктерді анықтау

  • жүрзеге асыру бағасы

  • қауіпсіздік бағасы

  • логикалық модель құру

  • прототип құру

Қажеттіліктерді анықтау

Пәндік облысты зерттеуді ең алдымен қажеттіліктер анықтамасынан бастау керек. Бір уақытта пайдаланушының шын қажеттілігін анықтау қажет, өйткені кей уақытта пайдаланушы өзіне қажет емес нәрсені қажет етеді.



Қажеттілік құрамы:

  • анықтылық, бірмәнділік;

  • приоритет;

  • көздері (пайдаланушы, құжат...);

  • басқа қажеттіліктерге қарама-қайшылық;

  • тұрақтылық (немесе, керісінше, өзгеру ықтималдығы);

  • тексеру.

Кейбір қажеттіліктердің шектеу сипаты бар, яғни орындалуға тиіс. Мекеме ішіндегі шектеулер іскер ережелер (деловые правила) деп аталады. Олар пәндік облыс сипаттамасынан шығуы мүмкін. Программаға іскер ережелерді енгізу пайдаланушы қателіктерін төмендетеді, демек, жүйенің сенімділігін жоғарлатады.

Жүзеге асыру бағасы

Жобаның жүзеге асырылуын әртүрлі критерийлер бойынша бағалауға болады:


  • экономикалық жүзеге асу (бағасы, мерзімі, экономикалық эффект, сұраныс...);

  • технологиялық жүзеге асу (ресурсы, технология, инструменты...);

  • құқықтық жүзеге асу (заңдылық, міндеттеме...).

Ең маңызды сұрақ ақпараттық жүйенің «Болуы немесе болмауы» болып табылады. Жалпы жаңа ақпараттық жүйе құрамыз ба немесе бар ақпараттық жүйемен шектелеміз бе? Ағымды мәселені шешудің барлық мүмкін нұсқаларын қарастыру қажет, сонымен қатар алдағы мәселелерді іздеу және оларды шешу әдістерін табуға көңіл аудару керек.

Ақпараттық жүйеден экономикалық эффектке шығынды төмендету, бақылау және басқаруды жақсарту, жұмыстың жылдамдығы мен иілгіштігін ұлғайту, престижді жоғарлату, түзу ақшалай пайда алуды жатқызуға болады.



Қауіпсіздік бағасы

Жобаны құруға дейін оны сақтап қалу қажет. Қателіктің қайдан туындағанын анықтау өте қиын, өйткені оларды көбі сол кезде көрінбей, содан кейін ғана көрінеді.

Жобаның сенімділігін жоғарлату үшін келесі сатылардан өту қажет:


  • қауіпсіздік анализі

    • қауіпті жағдайды анықтау;

    • қауіпті жағдайды топтастыру;

    • әрбір қауіптілік ықтималдылығын бағалау;

    • жобаға әрбір қауіптің әсер ету деңгейін бағалау;

    • қауіп табиғатын, әрекет ету облысын, пайда болу уақытын, периодтылығын анықтау.

    • Қауіптің комбинациясын қарастыру

  • қауіпсіздікті басқару

    • әрбір қауіпті жағдайдың шекті деңгейін анықтау;

    • әрбір қауіпті жағдайды төмендету нұсқаларын қарастыру (шығын мен шеутеуді бағалау);

    • қауіпту жағдайды төмендетуге арналған шаралар жасау;

    • қауіпті жағдай туындаған кезде оған қарсы нұсқалар құру;

    • қауіпті жағдайды зерттеу механизмін құру;

Логикалық модель

Логикалық модель – бұл техникалық қажеттіліксіз логикалық деңгейде пәндік облыс жұмысының схемасы.

Логикалық модель құру кезінде ең алдымен құжатайналым схемасы қызмет етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет