Бақылау сұрақтары:
1.Әлемдік тілдер туралы не білесің?
2.Сөйлеу тілі, кіаби тіл, әдеби тіл дегеніміз не?
4.Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері туралы не білесің?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. М.Березин.,Б.Н.Головин. «Общее языкознание» М.,1979
2. В.И.Кодухов «Общее языкознание» М.,1974
3. Т.Қордабаев, Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2004
4. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999
№7 дәріс тақырыбы: Тіл деңгейлері. Грамматикалық категориялар
1. Тіл деңгейлері
2. Грамматикалық категориялар
Тіл жүйесіндегі басты мәселелердің бірі тіл деңгейлерімен байланысты. Тіл біліміндегі дәстүр бойынша тіл құрылымын фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларына бөліп қарастыру тіл деңгейлері туралы идеяны дамытуға негіз болды. Тіл деңгейлерін білудің теориялық та, практикалық та мәні зор. Тіл жүйесіндегі бірыңғай тіл бірліктері мен ережелердің жиынтығынан тұратын шағын жүйелер, бөлімдер тіл деңгейлерін жасайды. Тіл деңгейлері тіл механизмдері деп те аталады (Б.Н.Головин).
Тіл деңгейлері туралы теория 20 ғасырдың орта шенінде тілдің формалды жағын нақты суреттеп талдауға негізделген дескриптивтік тіл білімінің (Америка) ықпалымен онан әрі дамыды.
"Грамматикалық категория" терминінің ұғымы жайында тіл білімінде әр түрлі пікір орын алып келеді. Л.И.Баранникова: "Грамматикалық категория деп сөзде және сөйлемде көрініс табатын, тілдің сипатын білдіретін жалпы граматикалық ұғымдарды" атайды.
Тіл біліміндегі неғүрлым соңғы пікірге сүйенсек, "грамматикалық категория дегеніміз мағынасы бір типтес грамма-тикалық тұлғалардың бір-бірінен өзгеше жүйесі" . Бұл анықтамада грамматикалық категория мағына мен тұлғаның бірлігі ғана емес, әрі сондай бірліктен жасалған жүйе екені ясәне осылай туған жүйелер бір-бірінен ерекше екеніне мән берілген.
Грамматикалық категорияны жете түсіну үшін, оның өзара бірліктегі құранды бөліктері болып табылатын грамматикалык, тұлға мен грамматикалық мағынаның табиғатын білген жөн. Грамматикалық тұлға дегеніміз грамматикалық мағынаның қалыпты (стандартты) көрінісін, үлгісін білдіретін тіддік белгі.
Достарыңызбен бөлісу: |