Пәнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет7/79
Дата07.02.2022
өлшемі155,84 Kb.
#96430
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   79
Байланысты:
a3625ae7-4a63-11e4-973d-f6d299da70eeУМКД ОҚУ-ӘД. КЕШЕН 2014
stud.kz 2823
Бақылау сұрақтары:
1. Қоғам және тілдің біртұтастығы неден көрінеді?
2. Техникалық прогрестің тілге әсері қандай?
3. Тілдердің бөліну, бірігу үдерістері неден көрінеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. М.Березин.,Б.Н.Головин. «Общее языкознание» М.,1979
2. В.И.Кодухов «Общее языкознание» М.,1974
3. Т.Қордабаев, Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2004
4. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999
№6 дәріс тақырыбы: Сөйлеу тілі мен кітаби тіл. Әдеби тіл. Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері.

1.Әлемдік тілдер.


2.Сөйлеу тілі мен кітаби тіл.
3. Әдеби тіл.Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері.

Әлемдік тілдер. Антикалық Еуропада латын тілінің бүкіл Еуропа халықтарына канондық тіл болғаны сияқты, араб тілі де ислам діні тараған аудандар үшін канондық тіл болған, 17-18 ғасырларда жер шарының әр түрлі аймақтарына кең тараған испан, француз, неміс тілдері болса, 19 ғасырда мұндай дәрежеге ағылшын тілі, 20 ғасырда орыс тілі көтеріліп отыр.Бірақ бұл тілдер халықаралық деп аталғанымен, олардың ешқайсысы да әлемдік тіл болған жоқ.Алайда, бұл бағыттағы ізденістер толассыз жүріп жатыр.Сондай ізденістің нәтижесінде бірнеше жасанды, көмекші тілдердің жобасы ұсынылды.Солардың ішіндегі ең елеулісі - волапюк, эсперанто деп аталатындар.Мұның алғашқысы - әлемдік тіл деген мағынаны білдіретін ағылшынның вола, пюк деген екі сөзінің бірігуінен жасалған. Жасанды тілдер ішінде көптеген елдерде тарап, кең етек алған қазіргі түрі эсперанто деп аталады.


Сөйлеу тілі мен кітаби тіл. Бұлардың екеуі де бір ғана этникалық бірлік тілінің жеке көріністері, олар бөлек – бөлек тілдер емес, тіл біреу – ақ, сондықтан оларды тіл демей, стиль, яғни сөйлеу тілі стилі, кітаби стиль деген жөн.Дәстүрге айналған атауды бұзбау үшін ғана «тіл» деп отырмыз.
Кітаби – жазба тіл болу үшін жазудың, баспа орнынаң болуы шарт.Бұларсыз кітаби – жазба тіл болмақ емес.Сөйлеу тілі мен кітаби – жазба тіл этникалық бірлік тілінің екі түрлі көрінісі, екі түрі дедік.
Әдеби тіл – жалпыхалықтық тіл маржанын жинақтап, сұрыпталған, екшелген, қызметке бай, әлеуметтік сипаты мен стильдік ерекшеліктері мол сала.Диалект - жалпыхалықтық, біртұтас ұлттық тілдің өзіндік дыбыстық, сөздік, грамматикалық ерекшеліктері бар саласы. Диалектілер негізінде тілдік қауым қоныс ыңғайына қарай әр түрлі аймақтарға бөлінеді. Диалектінің мұндай түрі жергілікті диалект деп аталады.Жергілікті диалектіге белгілі бір аймақта тұратын адамдар тілінде кездесетін ерекшеліктердің жиынтығы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет