Қатты бидайдың кластары
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Типтері
|
II, VI типтің
|
1 және 2 тармақтары
|
Типке жатпаған
|
Сақталу күйі
Иісі
Түгі
|
Қызбаған, жақсы сақталған
Бидайдың өзіне тән меншікті иісі бар, сасық, уыт, көк иісі жоқ
Бүлінбеген, бидайдың әр типіне, тармағына меншікті түсі бар
|
Клейковина мөлшері, проц.
сапасы, топ
Көлемдік өлшемі, г/л
Қара бидай, арпа және өнген дән: барлығы (дәнді қалдықтар)
Оның ішінде өнген дән
Басқа типке жататын бидай, проц
|
28
ІІ
770
2
0,5
10,0
|
25
ІІ
745
2
0,5
15,0
|
22
ІІ
745
4
3,0
15,0
|
Шек қойылмайды
Шек қойылмайды
-
Төменгі шектен кем емес
5,0
15,0
|
2.4.Осы класқа жатқызу үшін бір көрсеткіші жетпесе, оны төменгі класқа көшіреді.
2.5.Мал азығына арналған бидайдың сапасы төмендегідей болады.
Мал азығына арналған бидайдың сапасы
Сапа көрсеткіштері
|
Нормасы
|
Сақталу күйі
Иісі
Түсі-түгі
Ылғалдығы, процент
Оның ішінде: минералдық заттар
зиянды заттар
Зияндылардың ішінде: кекіре, вязель,
қастауыш, қара күйе,
қарамықша
Дәнді қалдықтар, процент
Зиянды жәндіктер
|
қызбаған, бүлінбеген, өзіне тән, басқа иістері жоқ түсі өзіне тән
16,0
5,0
1,0
0,2
0,1
0,1
0,5
15,0
болмау керек
|
2.6. Негізгі астық, шөп-шалаң және дәнді қалдықтар:
2.6.1. Негізгі астыққа бүтін және аздап бүлінген, дәнді және шөп-шалаң қалдықтарына жатқызылмаған дән жатады.
2.6.2. Шөп-шалаң қосындыларға: 1,0 мм елеуіштен өтіп кеткен ұсақ заттар, минералдық заттар – құм, тас, шлак, топырақ кесектері, органикалық заттар – сабан, топан, әртүрлі жапырақтар т.б. арам шөп тұқымдары, мәдени өсімдіктердің дәндерінің дәнді қалдыққа жатқызылмағандары, бидайдың, қос дәнекті бидайдың, қара бидайдың және арпаның шіріген, көгерген, көмір болып кеткен, күйіп, қуырылып кеткен дәндері, зиянды қосындылар, қара күйе, қастауыш, угрица, вязель, укекіре, мия, таспа шөп, убидайық, сүйелжазар, триходесма.
2.6.3. Дәнді қосындыларға – бидайдың сынған және зиянды жәндіктер жеген барлық дәннің 50 проценті (қалған 50 проценті негізгі дәнге жатқызылған), жапырылған, шөпек дән, тамыры мен көгі шыққан немесе олар сынып қалған, өнген, тек қабығы ғана қалған дән, үсіген, көктей піспей семіп қалған, қарайып кеткен, қуырылып кеткен, эндосперміне дейін көгеріп бүлінген, оның ішінде бидай, арпа, қара бидай, қос дәнекті бидай дәндері, олардың шөп-шалаң қалдықтарына жатпаған сынықтары жатады.
2.6.4. Ылғалдығы мен тазалығына қарай бидайды былайша бөледі:
ылғалдығына қарай: құрғақ – 14 процентке дейін, орташа ылғалды – 14,0 – 15,5, дымқыл – 15,5 – 17,0 процентке дейін, су бидай – 17,0 проценттен жоғары болса;
тазалығына бидайда – 2 процентке дейін дәнді қалдықтар болса, орташа таза – 1 – 5 және – 2 – 7 процентке дейін, лас – 5 және 7 проценттен жоғары болса айтады.
3.Қабылдау ережелері – ГОСТ 13586 – 3 – 83-те берілген.
4.Сапасын анықтау – лабораториялық жұмыстар кітапшасында берілген.
5.Сақтау және тасымалдау ережелері жазылған.
Тақырып 5. Астық сапасын анықтаудың физикалық тәсілдері
Жоспар:
1. Астық сапасын анықтаудың физикалық тәсілдері
2. Астық дәнінің сыртқы пішіні
3.Дәннің ұзыны, көлденеңі, қалыңдығы, ірілігі
4.Дәннің көлемі
1.Астық сапасын анықтаудың физикалық тәсілдері
Астық сапасын анықтаудың физикалық тәсілдеріне дәннің формасын, оның ұзындығын, жылтырлығын, қалыңдығын, ірілігін, көлемін толықтығын немесе шөпектігін, біркелкілігін, 1000 дәннің және 1 л дәннің массасын, шыны тәрізділігін, тығыздығын, қауыздылығын, механикалық зақымдануын, сызаттануын, механикалық және аэродинамикалық қасиеттерін, тазалығын, зиянды жәндіктермен зақымданғағдығын анықтау жатады. Бұл көрсеткіштер астықты сақтау және өңдеу процестерінде шешуші орын алады. Осы көрсеткіштердің көмегімен оның кейбір сапаларының мөлшерін, оны қоймаға құю, бір орынынан екінші орынға ауыстыру, тазалау және өңдеу сияқты көп мәселелерді шешуге болады және қандай көлемде қойманың керектігін анықтайды. Барлық лабораториялық жұмыстар осы физикалық тәсілдермен астық сапасын анықтаудан басталады.
Физикалық тәсілдер орыс тіліндегі оқулықтарда (Казаков Е.Д., 1975, 1984): форма – форма, ұзындығы – длина, жылтырлығы – блеск, жалпақтығы – ширина, қалыңдығы – толщина, ірілігі – крупность, көлемі – обьем, толықтығы – выполненность, 1 л дәннің массасы – натура, шынылығы – стекловидность, тығыздығы – плотность, қауыздылығы – пленчатость и лузжистость, механикалық зақымдану – механические повреждения, тазалығы – чистота (орысша оқулықтарда көбінесе засоренность), сызаттануы – трещиноватость деп берілген.
Бұл аудармаларды көпшілік оқушылар үшін ұғымды түсінуді жеңілдету мақсатымен беріп отырмыз.
2.Астық дәнінің сыртқы пішіні
Астықтың және басқа да дақылдар дәннің пішіні әр түрлі болады. Әр дақыл бірінен бірі өздерінің тұқымдарының сыртқы пішінімен айырылысады. Бұір дақылдың ішіндегі әр кіші түрдің, сорттардың да пішіндері көбінесе әр түрлі болады. Кейде бір масақтың, әсіресе жүгерінің бір собағының әр тұсындағы дәндерінің өзінің әр түрлі болуы мүмкін. Бұл әр дәннің ерте немесе кеш байлануына т.б түрлі табиғи жағдайларға байланысты болады. Үлкен партиялы астықтың көлемі әр дәннің көлемі мен оның арасындағы қуыстардың көлемінен тұрады. Сондықтан бұл екі көлемдіктердің өзара байланыстары да әр түрлі. Бұлар дән пішіндерінің әр түрлілігіне байланысты.
Белгілі шектерді еске ала отырып дән пішінін мына төмендегі негізгі геометриялық формаларға жатқызған жөн: шар пішінді, жасымық тәрізді, эллипсоидша оралған, тіпті ешқандай формаға да ұқсамайтын (жоғарыда айтылған үш размерлі әр түрлі) болып келуі де мүмкін.
Шар пішінді дөп – дөңгелек барлық нүш бірдей өлшемдері бірдей болады. Одан бұршақ, тары қонақ жүгерінің және жүгерінің кейбір сорттары жатады.
Жасымық тәріздес немесе екі жағы да дөңес линзаға ұқсас формаға жасымық және басқа да бірқатар өсімдіктердің дәндері жатады. Олардың ұзындығына жалпақтығынан әлдеқайда үлкен.
Элипсоид оралған оралған пішінді өзінің сыртына өзі оралып біткен ұзын тұқымды көптеген бұршақ тұқымдас шөптердің (жоңышқа, беде, сиырбеде т.б) тұқымдары жатады. Олардың жалпақтығы мен көлденеңі бірдей болады.
Дәнді дақылдардың үш өлшемдері үш түрлі, ешқандай геометриялық формаға ұқсамайды. Сонда да оларды дөңгелектеу ұзыншақ (бидай), ұзыншақ (қарабидай), бүйрек тәріздес (үрмебұршақ) сияқты деп бөліп жүр. Қарақұмықтың дәні үшбұрышты пирамида деп аталып кеткен.
Астық және басқа да дақылдар дәндерінің пішіні оны тазалау және сорттау барысында шешуші орын алады. Астық тазалайтын машиналардың елеуіштерінің тесіктері әр дақылдың дәнінің формасына, оның ірілігіне арналып жасалған. Егер дән ірі болып, пішіні шарға ұқса болса, оның эндоспермі де үлкен болып, сыртқы қабыршақтарының көлемі де азая түседі. Соның нәтижесінде одан алынатын ұнның шығымы көбейеді. Мұндай астықтың 1 л массасы да үлкен болады, қоймаға құйғанда, литрлік пуркаға салғанда тығыз орналасып оның салмағы өседі.
Астық дәндерінің пішінін оның геометриялық фералық немесе шар тәріздес денеге ұқсастығын пайдаланып мына формула арқылы анықтауға болады:
Мұнда және
У – (дән көлемі) авс, мм3, а, в, с, дәннің ұзыны, көлденеңі және қалыңдығы, мм.
3.Дәннің ұзыны, көлденеңі, қалыңдығы, ірілігі
Дәннің линиялық өлшемдері, ұзындығы, көлденеңі мен қалыңдығы, оның ірілігінің бірден бір белгісі. Дәннің ұзыны деп оның төменгі ұрығының ұшынан бастап жоғарғы шетіндегі сақалшаға дейінгі аралықты көлденеңі деп екі бүйірінің аралығын, ал қалыңдығы деп оның арқасы мен ішкі сайы бар аралықтың өлшемдерін айтады. Бұл өлшемдерді микрометр және басқа да аспаптап арқылы өлшеп, немесе ВНИИЗ сына тәрізді саңылаулы класификаторымен өлшеп анықтауға, ал іс жүзінде өндірісте әр түрлі тесіктері бар елеуіштерді пайдаланып анықтауға болады. Егер ғылыми зерттеу мекемелерінде осы өлшемдерді қолмен өлшеп анықтаса, онда оны математикалық статистика әдістері арқылы есептеп дұрыстығын табады.
Әдетте ірі дән ұн, жарма сияқты дайын шикізаттар көбірек береді. Олардың эндоспермі үлкен, ал қабыршақтары аз болады.
4 – кесте
Бидай дәнінің анатомиялық мүшеліктерінің қатынасы (Любарскийдің мәліметі)
Елеуіштердің тесіктерінің мөлшері, мм
|
Анатомиялық мүшеліктердің проценттік қатынасы (құрғақ затқа есептелген)
|
Эндосперм
|
Алейрон қабаты
|
Қабыршақтар
|
2,7х20
|
83,54
|
5,74
|
7,61
|
2,2х200
|
81,92
|
6,57
|
8,61
|
1,7х20
|
72,81
|
11,05
|
12,13
|
Бұл қатынастар бидайды ұн тартуға дайындау процесінде елеулі орын алады. Бидайды дайындау ең алдымен оны сулап жылытудан басталады. Мұнда оның өлшемдері өзгеруі мүмкін. Е.Д. Казаков пен И.А. Сахарованың мәліметтеріне қарағанда осал бидайдың ұзыны тезірек (3,8%-ке дейін) ал күшті бидайдың көлденеңі 5,8%-ке дейін өседі. Осыған сәйкес олардың көлемі де 2,9-дан 20,3%-ке дейін бөртіп ұлғаяды.
Егер бидайдың әр түрлерінің осы өлшемдерін салыстыратын болсақ, онда, ВНИИЗдің мәліметіне қарағанда, жұмсақ бидайдың көлденеңі және қалыңдығы үлкендеу (орташа есеппен 2,51-2,81 мм шамасында), ал қатты бидайдың бұл өлшемдері сәл кішілеу (орташа 2,71-2,72 мм шамасында) болады. Сондықтан бұларды сорттау және оларды арам шөптердің тұқымынан айырып алу үшін қолданылатын елеуіштердің тесіктері осы мөлшерді еске алып, солар арқылы бөліп алуға лайықталған.
Міне осы мөлшерді пайдалана отырып, қандай арам шөп тұқымын толық айырып алуға, ал қайсысын толық айырып алуға болмайтынын есептеп табуға болады.
5 – кесте
Астықтың, бұршақ пен майлы дақылдар тұқымдарының арам шөп тұқымдарымен салыстырма мөлшері (Воронов, Кожуховский, Колышев және Павловскийдің мәліметтері)
Өсімдік аттары
|
Дәннің мөлшері, мм
|
ұзыны
|
көлденеңі
|
қалыңдығы
|
Дәнді дақылдар мен бұршақ тұқымдастар
|
Бидай
|
4,2-8,6
|
1,6-4,0
|
1,5-3,8
|
Қарабидай
|
5,0-10,0
|
1,4-3,6
|
1,2-3,5
|
Жүгері
|
5,5-13,5
|
5,0-11,5
|
2,5-8,0
|
Арпа
|
7,0-14,6
|
2,0-5,0
|
1,4-4,5
|
Сұлы
|
8,6-1,6
|
1,4-4,0
|
1,2-3,6
|
Күріш
|
5,0-12,0
|
2,5-4,3
|
1,2-2,8
|
Тары
|
1,8-3,2
|
1,2-3,0
|
1,0-2,2
|
Қонақ
|
1,3-2,5
|
1,3-2,3
|
0,9-1,8
|
Қарақұмық
|
4,4-8,0
|
3,6-5,0
|
2,2-4,2
|
Асбұршақ
|
4,0-10,8
|
3,4-10,0
|
3,5-10,0
|
Жасымық
|
4,0-8,8
|
4,0-8,0
|
2,0-3,3
|
Үрмебұршақ
|
7,2-18,5
|
4,7-11,0
|
2,7-10,0
|
Соя
|
5,0-10,5
|
4,5-8,0
|
4,7-7,0
|
Майлы тұқымдастар
|
Күнбағыс
|
7,5-15,0
|
3,5-8,6
|
1,7-6,0
|
Майкене
|
10,0-16,5
|
6,5-11,5
|
4,6-8,4
|
Арыш
|
1,5-2,5
|
0,8-1,5
|
0,6-1,3
|
Арамшөп тұқымдары
|
Сиыржоңышқа
|
4,0-8,8
|
3,2-7,0
|
2,0-4,2
|
Көктікен
|
3,2-5,3
|
1,3-2,8
|
0,9-1,5
|
Шырмауық
|
3,0-4,1
|
1,4-3,4
|
1,1-2,8
|
Кекіре
|
2,0-3,5
|
1,4-2,5
|
0,7-1,4
|
Қырлық
|
4,0-5,6
|
2,2-3,6
|
2,2-3,6
|
Қарамықша
|
2,8-4,4
|
2,0-3,8
|
1,6-3,0
|
Қара сұлы
|
15,0-25,0
|
1,4-3,2
|
1,2-3,0
|
Бидайық
|
6,8-12,0
|
1,4-3,5
|
0,8-2,0
|
Қастауыш
|
2,0-8,5
|
1,0-2,0
|
0,8-1,8
|
4. Дәннің көлемі
Жеке дәннің көлемі астық қоспаларының ішіндегі қуыстардың көлемін, 1 л астықтың салмағын, тазалауға және өңдеуге арналған астықтың көлемін және онан шығатын өнімнің көлемін есептеп табуға керекті көрсеткіш. Ірі дәннің көп және сапалы өнім беретіні ежелден белгілі, ал 1000 дәнніің массасы осындай ұсақ дәнмен салыстырғанда көбірек болады.
Дәннің ірілігі оның толықтығына, ал бұлардың өзі жердің құнарлығы мен ауа райының жағдайына байланысты өзгертіп тұрады. Осы күнгі астық қоймаларына түсіп жүрген дәннің көлемі төменде берілген (мм3):
Бидай 11 – 56
Қарабидай 10 – 30
Жүгері 140 – 260
Арпа 20 – 40
Тары 5 – 6
Қарақұмық 9 – 20
Бұршақ 114 – 120
Күнбағыс 22 – 60
Негізгі дән, шөп-шалаң және дәнді қосындыларға: негізгі дәнге бүтін және аздап закымданған, дәнді және шөп-шалаң қосындыларға жатқызылмаған дән жатады.
Шөп-шалац косындылар
Шеп-шалаң косындыларға: 1,0 мм елеуіштен өтіп кеткен үхақ заттар /қоқым/, минералдык заттар - құм, тас, шлак, топырак кесектері, ортаникалық эаттар - сабан, топан, әр түрлі жапырактар, арам шөп тұқымдары, мәдени өсімдіктердің дәндерінің дәнді косындыларға жатқызылмағандары, бидайдың, полбаның қара бидайдың және арпаның шіріген, көгерген, көмір болып кеткен, күйіп, куырылып кеткен дәндері, зыянды косындылар - кара күйе, спорынья, шырышты ұлу, вязель, горчак, мия, термопсис, плевел, гелиотроп, триходесма т.б. жатады.
Дәнді косындылар
Дәнді қосындыларға - бидайдың сынған және зиянды жәндіктер жеген барлық дәнінің 50 проц-і /қалған 50 проц-і негізгі дәнге жатқызылады/, жапырылған, шөпек дән, тамыры мен көгі шыққан немесе олар сынып қалған, өнген, тек кабығы ғана қалған дән, үсіген, көктей піспей сеніп қалған, қарайып кеткен, қуырылып кеткен, эпидосперміне дейін көгеріп бүлінген, оның ішінде бидай, арпа, кара бидай, полба дәндері, олардың шөп-шалаң қосындыларға жатқызылмаған дән жатады.
Ылғалдығы мен тазалығына қарай бидайды мына күй-жағдайларға бөледі: ылғалдығына қарай : құрғақ -14 проц-ке дейін, орташа ылғалды -14,0-15,5, дымкыл - 15,5-17,0, су бидай - 17,0 проц-тен жоғары болса; тазалығына қарай: таза - 1,0; проц-ке дейін шөп-шалам қалдыктары болса, орташа тазалық - 1,0-3,0, лас - 3,0 проц-тен жоғары болса; дәнді қосындылардың мөлшеріне қарай: таза деп жаздық бидайда I проц-ке дейін, күздік бидайда 2,0 проц-ке дейін дәнді косындылар болса, ортаіиа таза - 1-5 жәпс 2-7 проц-ке дейін, лас - 3 және 7 проц-тен жоғары болса айтйды.
Қабылдау ережелері МЕСТ І3586,3-33-те берілген.
Бидайдың сапасын анықтаудың тәсілдері "Астық тану" және "Астық түйінді сақтаудың қазіргі кездегі технологиясы" пәндерінің ережелерінде берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |