ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химиялық технология»


Зертханалық сабақ 6 – Суперфосфат синтезі



бет9/10
Дата01.04.2017
өлшемі1,94 Mb.
#13032
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Зертханалық сабақ 6 – Суперфосфат синтезі

Жұмыс мақсаты: 15-20 г суперфосфатты алу және анализдеу.

Лабораториялық жұмысқа рұқсат алу сүрақтары:

  1. Минералды тынайтқыштар қалай жіктелінеді?

  2. Табиғи фосфаттарды өндеу әдістерін атаныздар

  3. Жай суперфосфаттын сипаттамасын келтірініздер. Оның құрамы қандай?

Жұмысты жасау: Суперфосфат алу. Фосфоритті Ca3(PO4)2 метал ступкада усатып, фарфор ступкада ұсақтап, елейді. Технохимиялық таразыда 20-25г фосфорит ұнтағын өлшеп алады. Фосфоритті еріту үшін қажет 62-64% қышқыл мөлшерін суперфосфаттың түзілу реакциясы арқылы есептеп алады. Фосфориттің құрамында қоспа болғандықтан қышқылдың мөлшерін териялық есептелген мөлшерден 15% аз болады. Қышқылды фарфор стаканға құяды да 50-600С дейін қыздырады. Стаканға фосфорит ұнтағын немесе апатит концентратын жеке жеке порциямен салады. Қоспаны шыны таяқшамен 3-4 мин араластырады, содан кейін кептіргіш шкафка температурасы 110-1500С 1 сағатқа қояды. Суытып суперфосфатті анализдейді.

Анализ үшін аналитикалық таразыда 2-2,5г суперфосфатты өлшеп, фарфор ступкада кесектерін ұсақтатады. Ступкаға 25 мл су қуяды, қоспаны араластырады, біраз уақытқа қойып қояды. Одан кейін 250 мл өлшегіш колбаға фильтрлейді. Колбаға алдын ала кальций тұзының гидролизі болмау үшін 5-6 тамшы тұз қышқылы құяды. Ступкадағы қалдықты тағы 3 рет сумен шаяды, әр кезінде 20-25 мл су құйып, және ерітіндіні фильтрге құйып отырады. Содан кейін ерімеген қалдықты фильтрге ауыстырып, колба белгісіне дейін сумен шаяды. Ерітіндіні мұқият түрде араластырады. Осы ерітінді құрамында суда еритін фосфор (V) оксиді болады.

Ерімеген қалдығы бар фильтрді екінші 250 мл-лік өлшегіш колбаға салып үстіне Патерман ерітіндісін құяды да колбаны тығынмен жауып қатты шайқап араластырады. Колбаны 15 мин. 600С-қа дейін қыздырады. Содан кейін оны суытып дистильденген сумен белгісіне дейін жеткізіп араластырады да колбаға құрғақ фильтр арқылы фильтрлейді. Бірінші фильтр порциясын алып тастайды. Ерітінді құрамында цитратоерігіш фосфор (V) оксиді болады.

Цитрато- және суда ерігіш фосфор оксидінің жалпы мөлшерін есептеу үшін судан және цитратты ерітіндіден 50 мл-ден алып осы ерітінділерді стаканға құяды. Үстіне 25 мл Патерман ерітіндісін құяды, араластырады, содан соң 2-3% аммиак ерітіндісімен фенолфталеин қатысында нейтралдайды. Фосфат ионың тұнбаға түсіру үшін ерітіндіге 25-38 мл магнезиальді қоспаны және 10-25 мл 25% аммиак ерітіндісін қосады. Стакандағы ерітіндіні 30 минтай араластырып 5-15сағатқа қояды. Магний-аммоний фосфатының түзілген тұнбасын тығыз күлсіз фильтр арқылы фильтрлейді және оны 2-3% аммиак ерітіндісімен шаяды. Одан кейін тұнбасы бар фильтрді тигельге салып кептіреді, муфель пешінде қыздырады және өлшейді.

Фосфор оксидіне (V) өлшенген фосфор қышқылының мөлшерін келесі формуламен есептейді , мұнда m – пирофосфат магнийдің массасы, г; m1 – суперфосфат өлшемесі, г; 0,6377 – P2O5 өлшенген Mg2P2O7 нің көбейткіші.

Жұмыс нәтижесін өрнектеу: Суперфосфатты алу әдісін сипаттау. Есептеу жүргізу және анализ нәтижесін жазу.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Неге фосфорлы тынайтқышты анализдегенде суда еритін және цитратты фосфорды есептеу қажет?

2. 1т суперфосфат алу үшін масса мен көлемі бойынша қанша 66% күкірт қышқылы (ρ=1,57 г/м3) қажет?

3. Құрамында 5% CaCO3 бар фосфориттен 10 г суперфосфатты алу үшін теориялық түрде қанша 65% H2SO4 қажет?


Зертханалық сабақ 8 – Металдардың коррозияға тұрақтылығын анықтау

Жұмыс мақсаты: Тұз және күкірт қышқылында жүретін коррозиялық тұрақтылықты анықтау

Лабораториялық жұмысқа рұқсат алу сүрақтары:

  1. Коррозия түрлерін атаныздар

  2. Коррозия механизмдері?

  3. Коррозия жылдамдығын анықтаудың көлемдік әдісі неге негізделген?

Жұмысты жасау: Металлдардың коррозиялық тұрақтылығын стационарлыұ жағдайда анықтау үшін келесілерді ескерген жөн:

  1. Металл пластинкалары оңай өлшенетін размерде болу керек, жуық шамамен 15-30см2 арасында жату керек.

  2. Берілген пластинка размеріне жуық шамамен 150 мл қышқыл алу керек.

  3. Металл қышқылда массасы 0,1000-0,3000г кішірейгенше ұстау керек.

Үш болат пластинканы наждак қағазымен өңдеп, майсыздандырып, аналитикалық таразыда өлшейді де концентрациясы белгілі қышқылға (1,3,5,7 н) салады. Бірнеше сағаттан кейін (2-4) қышқылдан алып сумен, сүйытылған сода ерітіндісімен, қайтадан сумен, спиртпен және эфирмен шаяды. Пластинканы кептіреді, өлшейді, коррозия жылдамдығын есептейді.

Жұмыс нәтижесін өрнектеу: жұмыс әдістемесін қысқаша сипаттау. Алынған нәтижелерді кестеге енгізеді.

Үлгі массасы (г)

Массаның азаюы (г)

Ауданы

(см2)



Уақыт (с)

Коррозия жылдамдығы (г/м2*с)

Тәжірибеге дейін

Тәжірибеден кейін



















Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Металл коррозиясының механизмі.

2. Металдың коррозияға тұрақтылығын анықтау үшін қандай әдістер қолданылады?

3. Металдың коррозияға тұрақтылығын анықтайтын гравиметриялық әдіс неге негізделген?


Зертханалық сабақ 10 – Минералды бояғыштарды алу

Жұмыс мақсаты: Минералды бояғыштарды алу

Лабораториялық жұмысқа рұқсат алу сүрақтары:

  1. Берлин лазурін алу тәсілін келтірініз. Реакция теңдеуін жазыныз.

  2. Мырыш ақ сырды алу тәсілін көрсетініз. Реакция теңдеуін жазыныз.

  3. Гинье жасылын қалай алады? Реакция теңдеуін келтірініз.

Жұмысты жасау: Баритті бояғышты алу. 300 мл стаканға барий хлоридінің ерітіндісін құяды да 800С қа дейін қыздырады. Ерітіндіні тез араластыра отырып аз порциялармен натрий сульфатының ерітіндісін жіңішке ағынмен құяды. Алынған сүт тәрізді ерітіндіні біраз уақытқа қойып қояды, осыдан кейін түзілген ұсақ кристалды BaSO4 тұнбасын фильтрлейді. Фильтратты жинап алады, егер фильтрат лайланған болса, оны сол фильтрден қайтадан өткізеді. Тұнбаны 2-3 рет шаяды. BaSO4 тұнбасын кептіргеннен кейін таза ыдысқа салып қояды.

Мырыш бояғышты алу. 500 мл-лік стаканға 0,5М сода ерітіндісін құяды да қайнағанша қыздырады. Тез араластыра отырып ыстық сода ерітіндісіне көлемі алдынғы ерітінді көлеміндей мырыш сульфатын жіңішке ағынмен құяды. Мырыш карбонаты тұнбасы түзіледі. Тұнбаны біраз уақытқа тығызданғанша қойып қояды. Декантация арқылы Na2SO4 ерітіндісін алып тастап, тұнбаны таза сумен бірнеше рет шаяды. Әр кезде тұнбаны таза сумен араластырып, біраз уақытқа қойып, декантацияны жүргізу керек. Шайғаннан кейін мырыш карбонатын фильтрлеп, фильтрде кептіреді. Содан кейін құрғақ ұнтақты фарфор тигельге салып, ашық жалында қыздырады. Реакция соңын анықтау үшін, яғни мырыш карбонатының ыдырауын анықтау үшін біраз мөлшерде сынама алып, пробиркаға салады да, үстіне бірнеше тамшы тұз немесе күкірт қышқылын қосады. Егер мырыш карбонаты толық ыдырамаса, ол қышқылмен әрекеттесіп, көмір қышқыл газы бөлінеді. Ал егер ZnCO3 толық ыдыраса, қышқылмен мырыш тотығы газ бөлінуінсіз әрекеттеседі.

Берлин лазурін алу. 120 мл 1М FeSO4 ерітіндісін стаканда қайнағанша қыздырады. Осы ерітіндіге үздіксіз араластыра отырып 90 мл 1М KSCN жіңішке ағынмен құяды. Түзілген ақ тұнбаны тұндырып, одан ерітіндіні құйып алады, 70-800С қыздырылған таза сумен екі рет шайып, ерітіндіні тұнбадан бөліп алады. Түзілген түссіз немесе аздап боялған тұнбаны қышқылдау үшін 20 мл конц. күкірт қышқылы ерітіндісін құяды, 70-800С дейін қыздырады, 30 мл конц. азот қышқылын араластыра отырып қосады. Содан кейін реакциялық қоспаны қайнағанша қыздырып, қалыпты температурада үздіксіз араластыра отырып 20-30 мин ұстайды. Қоспаны екі күнге қалдырады. Тұнба қою көк түске ие болады. Тұнбадан ерітіндіні құйып алып, оны таза сумен шайып, фильтрлейді.

Жасыл бояғышты алу – яр-медяник және Гинье жасылын алу. Яр-медяникті алу үшін 100 мл 1М CuSO4 ерітіндісіне 100 мл 1М сода ерітіндісін құяды. Түзілген тұнбаны бірнеше рет сумен шаяды, содан кейін оны сірке қышқылында ерітеді. Алынған ерітіндіні қайнағанға жеткізбей буландырады, содан кейін суытып тұнба қатайғанша қойып қояды. Содан кейін кристалды яр-медянкті негізгі ерітіндіден бөліп алады, кептіреді.

Гинье жасылын алу үшін калий дихроматының 1 массалық бөлігін кристалды бор қышқылының 3 массалық бөлігімен араластырады. Қоспаны тигельге салып, 30 минут балқығанша қыздырады. Тигельден қалған затты ступкада ұсатып фарфор ыдысқа салады, су құйып 1-2 сағаттай қайнатады. Бор қышқылы бар ерітіндісіне тұнбадан бөліп алып, екінші ыдыста кристалл түзілгенше буландырады. Бор қышқылы алынған жасыл тұнбаны ыстық сумен, содан кейін 1М күкірт қышқылымен, содан соң 1М NaOH ерітіндісімен шаяды. Фильтрлеп, 1000С температурада кептіреді.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Мырыш карбонатының тұз қышқылымен әрекеттесу реакциясын жазыңыз.

2. Мыс сульфатының натрий карбонатымен әрекеттесу реакциясын жазыңыз.

Зертханалық сабақ 11 – Қатты отын анализі

Жұмыс мақсаты: Қатты жағармайдың ылғалдылығын, ұшқыш заттардың мөлшерін және күлділігін анықтау.

Лабораториялық жұмысқа рұқсат алу сүрақтары:


  1. Технологиялық процестерді жүргізуде оттынның маңыздылығы қандай?

  2. Қатты отынды қолдану схемасын құрастырыныздар.

  3. Отынның технологиялық сипаттамасы қандай?

Жұмысты жасау: Жаңармайдың ылғалдылығын анықтау. Тас көмірді, антрацитті немесе сланецті ступкада ұсақтап, елейді. Жаңармайдын 1-2 г алып, алдын ала бюкске салып, жаңармайды бірдей қылып жайып 102-1050 С 2 сағаттай тұрақты массаға дейін кептіреді. Ылғал мөлшерін келесі формуламен анықтайды (%): , мұндағы m – кептіргеннен кейін жоғалтқан масса мөлшері, г; m1 – жаңармай массасы, г. Бірінші рет ылғалды анықтағаннан кейін екінші рет кептіруді 104-1050С 30 минуттай уақыт жүргізеді. Массасын жоғалту 0,01 г-нан аспау керек. Алынған мәліметтерді кестеге жазады.

Жаңармай массасы ( г)

Массаның азаюы ( г)


Ылғал мөлшері (%)



Кептіруге дейін

Кептіруден кейін













Қатты жаңармайдың күлділігін анықтау. Алдын ала қыздырылып, өлшенген фарфор тигельге 1-2 г жаңармай салып, 250-3000С температураға дейін қыздырылған муфель пешіне қояды. Содан кейін 1-2 сағат аралығында температураны 800-8250С-қа дейін көтеріп, сол берілген температурада 1 сағат устайды. Тигель 5 мин ауада суытып бөлме температурана дейін суығанша эксикаторға қояды. Күлділік (%)=m.100/m1, мұнда m-күл қалдығының массасы, г; m1 – жаңармай массасы, г. Алынған нәтижелерді кестеге жазады.

Масса

жаңармай ( г)

күлдін (г)

В %

Ұшқыш заттардың мөлшерін анықтау. Қатты жаңармайдың ұсақталған, құрғақ 1г жуық массасын алдын ала кептірілген, өлшенген тигельде өлшеп алады. Тигельді қақпақпен жауып 8500С дейін қыздырылған муфель пешіне қояды. Тигельдің түбі муфель астынан 10-20 мм қашықтықта устау үшін оны ыстық тірегіш затқа қойып қана пешке орналастырады. Тигельді пеште 7 мин устайды. Содан кейін тигельді алып қақпағын алмай суытады, бірінші 5 мин ауада, содан кейін бөлме температурасына дейін эксикаторда суытады. Тигельді өлшейді. , мұнда m1 – жаңармайдың қыздырғаннан кейінгі жоғалтқан массасы, г; m2 – жаңармай өлшемесі, г; mH2O – көміртегі өлшемесіндегі ылғал массасы, г. Алынған мәліметтерді кестеге енгізеді.

Жаңармай өлшемесі (г)

Массаның азаюы (г)

Өлшемге арналған ылғал мөлшері (г)

Ұшқыш заттардың мөлшері

Грамм түрінде

%

Жұмыс нәтижесін өрнектеу: әдістемені сипаттау және анализ нәтижесін жазу.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Қатты жаңармай құрамына қандай элементтер кіреді?

2. Қатты жаңармайдың техникалық анализі қалай жүргізіледі?


Зертханалық сабақ 12– Фенолформальдегидті шайырлардың синтезі

Жұмыс мақсаты: Термопластикалық (новолачная) және термореактивті (резолды) шайырды алу. Қасиеттерін анықтау.

Лабораториялық жұмысқа рұқсат алу сүрақтары:

  1. Термопластикалық және термореактивті полимерлердің айырмашылығы.

  2. Новолакты және резолды шайырлардың түзілу жағдайлары. Синтез теңдеуін келтірініздер

  3. Алынған шайырлардың құрылысына және қасиеттеріне қандай факторлар әсер етеді?

Жұмысты жасау: Термопластикалық шайырды алу. Түбі дөнес көлемі 50 мл колбаға 7,5г фенол және 5 мл 40%-ті формальдегид ерітіндісін салады. Қоспаны фенол ерігенше араластырады, 2-3 тамшы конц. HCl ерітіндісін қосады, колбаны кері тоңазытқышы бар пробкамен жауып 90-1000С температурада су моншасында сулы және шайырлы қабаттар бөлінгенше қыздырады. Тұрғаннан кейін бетіндегі сулы бөлігін құйып алып, шайырды метилоранж қатысында нейтралды реакцияға дейін шаяды. Чашканы кептіргіш шкафқа қойып 180-2000С дейін қыздырады. Шайыры бар чашканы өлшеп полимер ұығымын өлшейді.

Полимердің сызықты құрылысын анықтау үшін 1 г алынған затты ұсатып, пробиркаға салады 10 мл этил спиртін немесе ацетонды құяды да қыздырады. Қоспаны 5-10 мин кейін 1-1,5сағ араластырады. Сызықты шайырлар еріп кетеді.



Резолды шайырды алу. Дөнес түбті 50 мл колбаға 5 г фенол, 10 мл 40%-ті формальдегид ерітіндісін және 0,5 мл 40%-ті формальдегид ерітіндісін және 0,5 мл 40%-ті NaOH ерітіндісін құяды. Колбаны кері тоңазытқышы бар пробкамен жауып, араластырып асбест сеткада температураны ақырындап жоғарылата отырып, қыздырады. Түсі қызыл тұтқыр зат пайда болғанша қыздыруды 1 сағ уақыт жүргізеді. Ыстық тұтқыр затты өлшенген фарфор ыдысқа құяды. Ыдысты кептіргіш шкафында 100-1200С температурада полимер қатқанша дейін ұстайды. Суығаннан кейін өлшеп, полимер шығымын анықтайды. Полимердің кеңістіктегі құрылысын анықтау ұшін бір кесегін ұсақтап спирт пен ацетонда еріуін қарастырады.

Жұмыс нәтижесін өрнектеу: әдістемені сипаттау. Анализ нәтижесін жазу.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:



  1. Қандай жағдайда термопластикалық шайырлар түзіледі? Термопластикалық шайырлар құрылысын көрсет.

  2. Фенол мен формальдегидтің полимерленуінің қай кезінде резолды шайыр пайда болады?

  3. Шайырдың қай түрі термореактивті болады?


Зертханалық сабақ 13 – Сабын синтезі. Май қышқылдардың құрамын анықтау

Жұмыс мақсаты: Тамақ өнімдерінен сабынды алу. Сабын нұсқасында май қышқылдарының мөлшерін анықтау.

Лабораториялық жұмысқа рұқсат алу сүрақтары:

  1. Сабынды алу процесінде қолданылатын шикізаттың негізгі түрлерін атаныздар

  2. Сабынды алу процесіндегі негізгі этаптар

  3. Қандай процес сабындану процесі деп аталады?

Жұмысты жасау: Сабынды алу. NaOHтің спирттік ерітіндісімен май гидролизін жүргізеді. Ол үшін 6 г майды өлшеп алады, фарфор стаканға салып, ерігенше қыздырады. Алынған ерітіндіні 10-15 мин қайнатады, оған 10-15 мл аса қаныққан натрий хлориді ерітіндісін қосады, су моншасында суытады. Бетінде пайда болған сабын қабатын стаканнан алып, фильтр қағазында кептіреді де өлшейді. Майдан алынған сабынның шығымын есептейді.

Жоғары қышқылдардың мөлшерін анықтау. 5 г иіс сабынды немесе кір сабынды өлшеп, жіңішке қылып турап, 100 мл стаканға салып, үстіне 50 мл дистилльденген су құйып, жабық электроплиткада сабын ерігенше қыздырады. Алынған ерітіндіге 10 мл тұз қышқылын (1:1) құйып қыздырады, ерітінді бетінде майлы қабат пайда болғанша жалғастырады (стаканның ішіне шыны таяқша салып қою керек). Стаканды суытады, шыны таяқшаны алғанда пайда болған тесіктен сұйықты құйып алады. Стаканда қалған жоғары май қышқылдарын фильтр қағазына салып, кептіреді. Қабырғасында қалып қойған май қышқылдарын скальпельмен алады, алынған қышқылды өлшеп, алынған сабын құрамында қандай мөлшерде май қышқылдары бар екенін процент бойынша есептейді.

Жұмыс нәтижесін өрнектеу: әдістемені сипаттау. Анализ нәтижесін жазу.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:



  1. Сабын құрамын сипатта.

  2. Сабынды алу схемасын көрсет.

  3. Саломас деген не?


Зертханалық сабақ 14 – Мыс-аммиакатты жібек алу

Жұмыс мақсаты: Мысты-аммиакты жібекті алу.

Лабораториялық жұмысқа рұқсат алу сүрақтары:

  1. Мыс аммиакатты жібекті алу үшін қандай шикізат қолданылады?

  2. Мыс аммиакатты жібекты алуда негізгі стадиялары.

  3. Мыс аммиакатты жібектің қасиеттері қандай?

Жұмысты жасау: Химиялық стаканға 20 мл су құяды, оған ұнтақталған мыс сульфатының ұсағын еруі азайғанша дейін салады. Алынған қаныққан ерітіндінің 10 мл 100 мл сумен сұйылтады, оған бюреткамен тамшылап, араластыра отырып, сілтілік орта түзілгенше 30% NaOH ерітіндісін қосады. Ерітінді сілтілігін қызыл лакмус қағазымен тексереді. Бюретканың көрсеткіштері бойынша қосылған сілті мөлшерін жазады. Қалған CuSO4 ерітіндіге (10 мл жуық) 10 мл 25% аммиак ерітіндісін қосады, оған бірінші жағдайдағы мөлшердей NaOH ерітіндісін қосады (0,2-0,3 мл немесе одан аздау). Алынған ерітінді қанық көк түсті. Бұл ерітіндіде 1 г ұсақталған мақтаны ерітеді де үздіксіз араластыра 10-20 мин қояды. Осының нәтижесінде біртекті тұтқыр ерітінді түзіледі. Тұтқыр сұйықты шприцпен сорып алады. 30% NaOH ерітіндісімен тұндырғыш ваннаға шприцті салып, жіпті тартып, тұндырғыш ваннада 2 мин ұстайды. Одан кейін жіпті таза дистильген сумен шайып, мысты алып тастау үшін 2% күкірт қышқылы ерітіндісімен түссізденгенше шаяды.

Жұмыс нәтижесін өрнектеу: Мысты-аммиакты жібекті алу әдістемесін сипаттау. Алынған өнімді мұғалімге өткізу.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Мысты-аммиакты жібек қандай зат?

2. Мысты-аммиакты жібекті алу үшін қолданатын заттар

3. Мысты-аммиакты жібек қандай қасиеттерге ие? Қайда қолданады?
4 БІЛІМ АЛУШЫНІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Өзіндік жұмысын тексеру үшін тест сұрақтары:

1. ХТЖ-ні моделдеу үшін операторлық сұлбаларды қолданады. Химиялық ауысу опреаторын көрсетіңіз:



А) В) С) Д) Е)

2. Бензиннің октандық санынжоғарлатуға әсер ететін өнімдерді көрсетіңіз:

А) Қалыпты парафиндер мен олефиндер

В) қалыптыпарафиндер мен циклопарафиндер

С) изопарафиндер мен ароматты көмірсутектер

Д) циклопарафиндер мен олефиндер

Е) ароматты көмірсутектер мени олефиндер.

3. Мұнайды гидротазалау кезінде күкірт қандай түрінде бөлінеді?

А) SO2 В) SO3 С) S Д) H2S Е) R-SH.

4. Көмірді кокстеу кезіндегі кокстің орташа шығымы қандай?

А) 30-40% В) 40-50% С) 50-80% Д) 65-80% Е) 85-90%

5. Көмірді газдандыру кезінде қолданылатын газификациялық агенттері.

А) H2O + O2

В) CO2 + O2

С) CO2 + CO2

Д) N2 + H2O

Е) N2 + CO2

6. Фишер-Тропш синтезінде синтез-газдан көмірсутектерді алу кезіндегі қолданылатын катализаторлар:

А) никель

В) платина

С) темір

Д) мыс


Е) хром

7. Кучеров бойынша ацетилен гидратация кезіндегі ацетальдегидті алу үшін қолданылатын катализатор:

А) Сd

В) Hg


С) Ni

Д) Cu


Е) AI2O3

8. Мұнайдың каталитикалық крекинг процесінің температурасы:

А) 200-2500

В) 150-2000

С) 250-3500

Д) 450-5500

Е) 600-7000

9. Мұнайдың риформинг процесінің катализаторы:

А) NiO AI2O3

В) CuO AI2O3

С) AI2O3 MoO3

Д) TiO2  AI2O3

Е) Fe2 O3 MoO3

10. Төментемпературалы кокстеудің температурасы:

А) 6500 В) 7000 С) 7500 Д) 8000 Е) 9000

11. Көмірді термиялық ерітудегі қолданылатын еріткіштер:

А) тетралин және толуол

В) күкіртті эфир және хлороформ

С) ацетон және этилацетат

Д) бензол және диметилформамид

Е) петролей эфирі және хлорлы метилен.

12. Қандай газ қоспасы синтез-газ деп аталады?

А) CO2 + CO В) CO2 + Н2 С) CO + Н2 Д) O2 + H2 Е) CO + O2

13. Мұнай крекингінің белсенді компоненттері:

А) силикагель

В) карборунд

С) цеолит

Д) алюмосиликатар

Е) металдардың тотықтары.

14. Жартылай кокстеу температурасы:

А) 2000 В) 250-3000 С) 350-4000 Д) 450-5000 Е) 550-6000

15. Синтетикалық шайырларды өндірістік мөлшерде шығару кезінде қолданатын, тек көмірдің кокстеу процесінде түзілетін ароматты көмірсутекті атаңыз:

А) бензол В) толуол С) ксилол Д) нафталин Е) этилбензол

16. Синтез-газ дан өндірісте тұрмыстық газ – метанды алуға болады. Метандару реакциясын жетілдіретін катализаторды атаңыз:

А) NiO В)Ni С) Сr Д) Cu Е) CuO

17. мұнай өнімдердің гидротазалау кезінде азот қандай қосылыс ретінде бөлінеді?

А) элементті азот В) аммиак С) метиламин Д) гидразин Е) нитрометан

18. Лугри бойынша (тығыздалған қабаттағы) көмірдің газификация температурасын көрсетіңіз:

А) 7000 В) 8000 С) 9000 Д) 10000 Е) 11000

19 Копперса-Тотуена бойынша (тығыздалған қабаттағы) көмірдің газификация температурасын көрсетіңіз:

А) 1100-12000 В) 1200-13000 С) 1300-14000 Д) 1400-15000 Е) 1500-16000

20. Винклера бойынша (қайнау қабаттағы) көмірдің газификация температурасын көрсетіңіз:

А) 800-9000 В)9800-10000 С) 1000 - 11000 Д) 1100-12000 Е) 1200-13000

21. «технология» терминін алғаш енгізген:

A. Н.Н. Семенов

B. П.А. Ильенков

C. И. Бекман

D. К. Либих

E. Ф.А. Денисов

22. Химиялық ауысулар арқылы, шикізатты өңдеуге арналған машиналар мен аппараттарда жүретін процесстер мен операция үйлесімділігі аталады:

A. химиялық-технологиялық процесс

B. химиялық өндіріс

C. технологиялық процесс

D. химиялық –технологиялық жүйе

E. химиялық процесс

23. химиялық құрамын өзгертпей, тек фазалардың компоненттік құрамын өзгертіп жүретін фаза аралық алмасу аталады:

A. механикалық процесс

B. жылуалмасу процесс

C. химиялық процесс

D. массаалмасу процесс

E. энергетикалық процесс

24. ХТП-тің техникалық көрсеткіштеріне жатады:

A. өнім шығымы, шығын коэффициенттері, процесс интенсивтілігі, еңбек өнімділігі

B. еңбек өнімділігі, шығын коэффициенттері, өнім шығымы, өнімнің өзқұндылығы

C. өнім шығымы, сенімділік, процесс интесивтілігі, капиталды кішігірім шығындар

D. өндіріс өнімділігі, өнім шығымы, шығын коэффициенттері, процесс интенсивтілігі, капиталды кішігірім шығындар, өнім сапасы

E. өнім сапасы, өнім шығымы, қауіпсіздік.

25. алынған өнім мөлшерінің теориялық алуға болатын өнім мөлшеріне қатынасы аталады:

A. өзқұндылық

B. интенсивтілік

C. шығын коэффициенттер

D. өндіріс құатты

E. өнім шығымы



Емтихан сұрақтары

  1. Процентпен көрсетілген практикалық алынған өнімнің теориялық мүмкіндікке (максимальды) қатынасы қалай аталады?

  2. Пайдалы көлем бірлігіне немесе аппараттың жұмыс қабатының өнімділігі басқаша қалай аталады?

  3. ŋ = (gпрак/ gтеорет) * 100% өрнегі көрсетеді

  4. Құм, қиыршық тас, саз балшық, туф, ізбестас, бор шикізаттың қандай түрі?

  5. Өсімдіктік және жануар майы жатады ...

  6. «Қаражыра» жерінде өндірілетін көмір қалай аталады?

  7. Флотацияланған бөлшек қабатына гидрофобты қасиет беретін активті флотационды агент қалай аталады?

  8. Уақытша судың кермектілігінің құрамында қандай заттардың болуына негізделген?

  9. Құрамында кальций ионының 1,5-3мг-экг/л бар су кермектіктің қандай типтегі классификациясына жатады

  10. Оттегі және көмір қышқыл газын байланыстыратын химиялық деаэрация процесінде зат ретінде қолданылатын заттарды көрсет.

  11. 1 мл суда бактерия саны санитарлы ережеге сәйкес жоғарыламауы керек

  12. 1л суды 10мин аралығында қайнатқанда жұмсалған калий перманганатының мг мөлшері анықталады

  13. Қазіргі уақытта суды жұмсарту және тұзсыздандырудың физико – химиялық әдістерінің ішінде төменде келтірілгендердің қайсысы эффективті

  14. Антинакипиннің құрамына кіретін жоғары молекулалық органикалық қосылыстар не ретінде қатысады

  15. Мұнайдың нафтенді компоненттеріне жатады

  16. Ауаның қатысынсыз тас көмірді қыздыру арқылы алынған құнды жоғары калориялы қатты қалдық аталады

  17. Қайнау температурасы төмен жоғары ұшқыш өнімді алу мақсатында мұнайды айдау арқылы төмен ұшқыш өнімді каталитикалық термиялық көпіршіктенуі аталады

  18. Гидрогенизация процесінде көмірдің деполимеризациясы мына сатыда жүреді

  19. Фосфаттардан құрамында лимон ерігіш фосфор (V) оксиді – термофосфатты (немесе балқытылған фосфаттар) тыңайтқышты мына жолмен алады

  20. Суперфосфат өндірісінің технологиялық схемасына кіретін жетілу (вызревания) камерасында қандай процестер жүреді

  21. Преципитаттың формуласын көрсетіңіз

  22. Суперфосфат өндірісінде концентрлі (62-68% жоғары) күкірт қышқылы ерітіндісін қолдану қажет емес, себебі ол әкеледі

  23. Фосфориттің қарапайым формуласын көрсетіңіз

  24. Саз балшықтың майлылығы құрамында ... жоғарылауына байланысты төмендейді

  25. Заттың шыны түзілту қабілеті келесі қасиеттердің болуына негізделген

  26. Цемент өндірісінде аздаған бөлшек кальций алюминаты мен силикат қоспасы аталады

  27. Желдету және вылеживание сазды минералдар процесінің жүруіне негізделген

  28. Шынының сулы ерітіндіге қатынасының тұрақтылығын береді...

  29. Терезе шынысының формуласын көрсетіңіз

  30. Көп тартпалы пеште колчеданның кептірілуі жүреді

  31. Сіңіргіш башняда күкірт (VI) оксидінің сіңірілуі күкірт қышқылы мына концентрацияда қолданылады

  32. Күкірт қышқылы өндірісінде алынған олеумнің құрамы келесі формуламен өрнектеледі

  33. Пириттегі күкірттің құрамы құрайды (теориялық)

  34. Күкіртті газдан басқа темір колчеданын жағудың суммарлы тотығу реакциясының өнімінің бірі

  35. Шекті қабатты жоғарылату үшін жанғыш газдарды су буынан, газ тәрізді селен қоспасы, мышьяк тотығы, күкірт ангидридін жуғыш башняда тазарту үшін толтырылады

  36. Көмір электродтар өндірісінің температура сатысының дұрыс схемасын таңдаңыз

  37. Күкірт қышқылының қандай қосылыс ерітіндісі нитроза деп аталады

  38. Алюминий алудың шикізаты болып табылмайды

  39. Натрий хлоридінің сулы ерітіндісінің электролизінің жалпы реакциясындағы коэффициенттердің суммасы құрайды

  40. Электротермиялық өндіріске жатпайды

  41. Көмір электродтар өндірісінің технологиялық процесінің дұрыс жалғаспалы сатысын таңдаңыз

  42. Алюминий өндірісінде «выкрутки» сатысы келесі реакцияға сәйкес келеді

  43. Натрий хлоридінің сулы ерітіндісінің электролиз процесінде ерітінді де келесі өнімдер жинақталуы мүмкін

  44. Метанол өндірісі процесін сипаттайтын қағидалардың қайсысы сәйкес келмейді

  45. Формальдегид өндірісінде катализатор ретінде көрсетілген заттардың қайсысы қолданылады

  46. Метанның тотығуының көрсетілген тізбекті реакцияларының қайсысы формальдегидтің түзілуіне әкеледі

  47. Этанолды алу процесінде өндірісте тізбек өнім ретінде тағамдық глюкозаны алады



  48. Келтірілген заттардың қайсысы табиғи каучуктың мономері болып табылады

  49. Өндірістік аммиак синтезінің реакциясы толық жүруі үшін қажетті оттегінің мөлшері теориялықтан неше есе жоғарылайды

  50. Каталитикалық өндірістік аммиактың тотығуы үшін қажетті оттектің теориялық қажетті мөлшері, O2 және NH3 қатынасымен көрсетіледі және сандық құрайды

  51. Қандай жағдайда NO2 димеризация сатысы (азот қышқылы өндірісі процесінде) максимальды

  52. Азот қышқылы синтезінің комбинирлі әдісіне қатысты емес белгі

    Каталог: ebook -> umkd
    umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
    umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
    umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
    umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет