Дәріс 24, 25 - Макромолекулалардың полимерлену дәрежесін төмендететін химиялық реакциялар Дәріс жоспары:
Термиялық деструкциялану
Механикалық деструкциялану
Химиялық деструкциялану
Полимерлердің тотықтырғыштардың әсерінен деструкциялануы
1.Полимерлену дәрежесін төмендететін реакциялар макромолекуланың негізгі тізбегінің үзілуі арқылы жүреді және оларды деструкциялану (құрылымсыздану) деп атайды. Термиялық деструкциялану деп полимердін молекулалық тізбегінің жылудың әсерінен үзілуін айтады. Полимерді қыздырғанда бірнеше айырылу реакциялары жүруі мүмкін. Оларды негізінен екі түрге бөлуге болады: полимерсіздену (деполимерлену) және орынбасарлар реакциясы.
Деполимерлену полимердің негізгі тізбегі қаңкасының үзілуімен сипатталады және әр аралық сатыда түзілетін реакция өнімдері бастапқы мономерге ұқсас болады. Реакцияның соңғы өнімдері алкандар мен алкендер болуы мүмкін. Карботізбекті полимердің температураға төзімділігі С-С байланыстардың беріктігіне байланысты.
Тефлон 400°С дейін бұзылмайды, сондықтан өнеркәсіптің алуан салаларында қолданылады. Полимердің негізгі тізбегіне ароматты топ енгізсе, оның температураға төзімділігі артады. Мысалға поликарбонатты келтіруге болады:
Негізгі тізбегі тек ароматты циклден тұратын полимердің температурага төзімділігі поликарбонаттан да жоғары:
Термиялық деструкциялану кезінде иницирлеу процесі макромолекуланың соңында, кос байланыс бар жерде жүреді:
Деполимерлену процесінде тізбектің өсуі деп мономерлердің иницирлеу нәтижесінде түзілген макрорадикалдардан біртіндеп бөлінүін айтады.
Радикалдар әдеттегідей рекомбинациялану және диспропорциялану жолдарымен жойылады.
Полимердің фотохимиялық деструкциялануыжарық энергиясының әсерінен радикалдык механизммен жүреді. Бұл процеске қысқа толкынды жарықты сіңіретін топтары бар полимерлер бейім келеді. Мысалы, полиизопреннің ультракүлгін жарық әсерінең деструкциялануы. Процесс сутегі атомының үзіліп шығып, еркін радикалдар түзілуінен басталады:
Пайда болған аллил типті еркін радикал изомерленгенде полиизопрен макромолекуласы деструкцияланады:
Соңғы радикалдар бір-бірімен әрекеттесе, макромолекулаларда көлденең байланыстар түзіледі.
2. Мүндай процеске полимерлердің молекулалық тізбегінің механикалық әсерлерден ыдырауы жатады. Мысалы, полибутадиенді механикалық жолмен өндеген кезде жүретін реакциялар:
Түзілген біріншілік еркін радикалдар бір бірімен немесе макромолекулалармен химиялық реакцияға түсе алады. Мұнда түзілген макрорадикал қасындағы макромолекуладан сутегін үзіп алып, жаңа макрорадикал түзуі мүмкін:
немесе қатар орналаскан макромолекуланың қос байланысына қосылуы мүмкін:
Екі жағдайда да полимерлік еркін радикалдар түзіледі, олар тағы да реакцияға қатысуы мүмкін. Мысалы, біріншілік радикалдар бір-бірімен қосылып, тармақталған қосылыс түзеді:
немесе полимерлік радикалдар рекомбинацияланып, макромолекулалар арасында көлденең байланыс түзіледі: