Пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы»


Гидролиз. Амид, күрделі эфир және ацеталь топтары бар полимер қышқылдар немесе сілтілер қатысында оңай гидролизденеді



бет21/36
Дата06.02.2022
өлшемі3,32 Mb.
#79375
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
Байланысты:
ВМС каз

3. Гидролиз. Амид, күрделі эфир және ацеталь топтары бар полимер қышқылдар немесе сілтілер қатысында оңай гидролизденеді. Сонда полимердің негізгі тізбегі ыдырайды. Полиамдтің гидролизі былай жүреді:

Полиэфирлердің гидролизі:

Карботізбекті полимерлер гидролизденбейді.
Ацидолиз. Полимер молекулаларының карбон кышқылдарының әсерінен ыдырауын ацидолиздейді:

Алкоголиз. Полимер молекуласының спирттердің әсерінен ыдырауын алкоголиздейді. Полиэтилентерефталатты кайнаған этиленгликольмен өндегенде терефталь кышқылының дигликоль эфирі және соңғы буынында гликоль тобы бар төмен молекулалы по­лиэфир түзіледі. Түзілген заттар поликонденсациялану реакциясына түсе алады:

Аминолиз. Полимер молекуласының аминдердің әсерінен ыдырауын аминолиздейді. Аминолизге полиамидтер, анилинформальдегид шайырлары және полиимидтер бейім.

4. Бұл процесс ауадағы оттегінің, озонның, пероксидтер мен минералдық тотықтырғыштардың (KMnO4, HNO32Сr2O7 және т. б.) әсерінен болады. Деструкциялану нәтижесінде полимердің қаттылығы артады, түссізденеді және онын беткі қабаты өзгереді. Тотықтырғыштардың әсерінен жүретін деструкциялану тізбекті реакция механизмі бойынша жүреді. Иницирлеу реакциясы:

Мүндағы RH — полимер молекуласы. Сутегі атомының көміртегімен байланыс энергиясы кейбір себептермен төмендеген. Оған мысалы, үшіншілік көміртегінің жанын-дағы, α-метилен тобындағы сутегі және т. б. жатады.
Гидропероксид ROOH молекулалары түрақсыз. Олар ыдырап тізбекті жалғастыра алатын косымша радикалдар түзеді:

Тізбектің өсуі пероксид радикалдарының полимер молекуласымен әрекеттесуінен болады:

Тізбектің үзілуі пайда болған көптеген радикалдардың бір-бірімен қосылуынан жүреді:

Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: деструкция түрлері, химиялық, тотығу, физикалық және механикалық деструкциялардың механизмдері, полимерлердің ескіруі, полимерлерді тұрақтандыру
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Деструкция мен деполимерлену арасында қандай айырмашылық бар?
2. Термототығу деструкция процесі қалай өтеді? Қандай қосылыстар түзіледі?
3. Полимерге жарық әсерінің механизмі неде? Қандай полимерлер және неге жарық әсеріне бейім?
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Семчиков Ю.Д. Высокомолекулярные соединения: Учебник для вузов. М.: Академия, 2010. С. 346-360
2. Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы. Авторлар ұжымы.Алматы: Санат. – 1995. 89-102 б
3. Стрепихеев А.А., Деревицкая В.А. Основы химии высокомолекулярных соединений: Уч. пособие. М.: Химия, 1976. С.265-300
4. Киреев В.В. Высокомолекулярные соединения: Учебник для вузов. М.: Высш.школа, 1992. С.394-399
5. Шур А.М. Высокомолекулярные соединения: Уч. Пособие. 3-е изд., перераб. и доп. М.: Высшая школа, 1981. С.621-644
6. Тагер А.А. Физико-химия полимеров: М.: Химия, 1978. С. 56-69




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет