Дәріс 30 - Элементогетеротізбекті полимерлер Дәріс жоспары:
1. Кремнийорганикалық полимерлер
2. Алюминийорганикалық полимерлер. Титаноорганикалық полимерлер. Қалайыорганикалық полимерлер
1. Кремнийорганикалық полимерлер (полисилоксандар) құрамында бейорганикалық полимерлерге тән силоксан байланысы – Si – O – Si - және органикалық радикалдары бар. Сондықтан кремнийорганикалық полимерлер орагникалық және бейорганикалық полимерлер арасындағы аралық қосылыстар. Кремнийорганикалық полимерлерді кремний қышқылының органикалық туындыларың поликонденсациялау арқылы алады. Мұнда қышқылдың бір немесе екі гидроксил топтары кремниймен байланысқан алкил немесе арил топтарымен алмасқан. Бос гидроксил топтар галогенмен алмасуы немесе этерификациялануы мүмкін.
Кремнийорганикалық полимер синтезінде бастапқы өнімдер ретінде алкиларилхлорсиландар немесе ортокремний қышқылының алкиларилорынбасқан эфирлері қолданылады. Содан кейін бір уақытта осы қосылыстардың гидролизін жүргізіп, түзілген силанолдардың поликонденсациясын жүргізеді:
Бифункционалды кремнийорганикалық қосылыстардың – силандиолдардың R2Si(OH)2поликонденсациясында каучук тәріздес сызықты термотұрақты полимерлер түзіледі. Кремний қышқылының үшфункционалды қосылыстар RSiCl3немесеRSi(OR)3сілтілеу және поликонденсацияланудан кейін тармақталған немесе торлы полимерлер түзеді:
Жеңіл жағдайда силантриолдардан тізбекте циклдері бар полимерлер алынады. Фенилсилантриол C6H5Si(OH)3 немесе оның туындыларының ерітіндіде сілтілік катализаторлар қатысында поликонденсациясында стереоретті синдиотактикалық полимер – полифенилсилсесквиоксан түзіледі:
Бұл полимер балқымайды, бірақ бензолда және хлороформда ериді. Полимер 5250С температураға дейін тұрақты,3000С температурада ұзақ қыздырғанда өзінің қасиеттерін өзгертпейді. Ол түссіз тұрақты қабықшалар түзеді, жақсы электрлік қасиеттерге ие. Кремнийорганикалық полимерлерде диэлектрлік және термотұрақты қасиеттері жоғары. Электроизоляциялық материалдар ретінде қолданылады.
2. Алюминийорганикалық полимерлер (полиалюмоксандар)
Алюминий алкоголяттарың поликонденсациялап, полимерлі алкоголяттарды сілтілейді. Полиалюмоксандарға алюминий сабындар жатады. Олар алюминий алкоголяттары мен май қышқылдарынан алынады. Полимердің құрылысы:
Полиацетилацетонаталюмоксан диалкоксиалюминий ацетилацетонаттың гидролизі арқылы алынады:
Полимер стоек к гидролизу и не меняет своих свойств при нагревании до 5000С. Используются в качестве связующих для приготовления термостойких красок .
Титаноорганикалық полимерлер (полититаноксандар)
о-титан эфирлерің мысалы, о-бутилтитанаттың жартылай гидролизі арқылы алады:
Полититаноксандар түссіз, термотұрақты, гидрофобты. Оптикада және БАЗ ретінде қолданылады.
Қалайыорганикалық полимерлер (полистанноксандар)
диалкил- немесе диарилхлорстаннаттардың гидролизі арқылы:
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Кремнийорганикалық полимерлерді алу жолдары? Кремнийорганикалық полимерлердің қолдану аймағы?
Қандай ерекше қасиеттер титанорганикалық полимерлерге тән?
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Стрепихеев А.А., Деревицкая В.А. Основы химии высокомолекулярных соединений: Уч. пособие. М.: Химия, 1976. С. 402-406