ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені студенттерге арналған пәннің ЖҰмыс бағдарламасы



Дата10.04.2020
өлшемі158 Kb.
#61213

УМКД 042-18-15.1.29/02.2013

_____________2013 жылғы

№ 1 басылым



10 беттің -шісі



5В 012100, 5В090100, 5В 011700 мамандықтарына арналған

«Шәкәрімтану»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕМЕЙ


2013

Кіріспе
1 ҚҰРАСТЫРҒАН

Құрастырушы___________ « ___» _________20__ж. Секей Ж., филол.ғ.к.,

қолы

«Журналистика және практикалық қазақ тілі» кафедрасының доцент м.а.



2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Журналистика және практикалық қазақ тілі кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.

Хаттама №___ «___» ___________20__ ж.
Кафедра меңгерушісі _______________ Каримова Б.Ж.

2.2 Гуманитарлық-заң факультетінің оқу-әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________20__ ж.
Төрайым _________________ Кеңесбаева Ш.С.

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________20__ж.


ОӘК төрайымы _________________ Искакова Г.К.
4  «____» __________ 20__ж. шыққан ПОӘК-нің

№ 1 БАСЫЛЫМЫ



Мазмұны

1 Жалпы ережелер

2 Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу

3 Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары

4 Курс форматы

5 Курс саясаты

6 Бағалау саясаты

7 Әдебиеттер



1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәлімет

Секей Жанбота, филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.

«Журналистика және практикалық қазақ тілі» кафедрасы

Ақпараттық қатынас - телефон: 35-45-58, №1 оқу ғимараты, №912 бөлме

Сабақ өтетін орын - №409 аудитория

Пән бойынша кредит саны - 2


1.2 Пәннің қысқаша сипаттамасы:

Шәкәрім Құдайбердиевтің көркем ой-танымы, шығармашылық мұрасы - ұлттық әдебиетіміздегі дәстүр мен жаңашылдықтың, әдеби дамудың зор белесі. Шәкәрімнің ақындық шалқарын, тарихи - философиялық мұраларын бірлікте алып қарастыру арқылы арман - мұратын анық танып алмай Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығын, ақындық дәстүрін өз биігінде межелей алмаймыз. «Шәкәрімтану» жоғарғы оқу орындарында арнайы курс ретінде енгізілуі біртуар ақынның шығармашылық еңбегінің өміршеңдігі мен өз шығармашылығында шығыс пен батысты ұстазы ұлы Абайдың дәстүрімен жарастыра білуінде. Аталмыш пән Шәкәрім шығармаларынын рухани қуатын зерделей отырып бүкіл бір ұлттың болмысын, көркемдік дүниетанымын саралауға жол ашуымен құнды. Шәкәрімнің шығармашылық мұрасын зерттеу, талдау жасауда ғалымдардың пікірлерін үнемі дәйектеуден гөрі студенттің ой-тұжырымдар жасауы өзіндік ғылыми құндылық болып табылмақ. Бұл орайда студенттерге қойылар талап шәкәрімтану турасындағы әр алуан пікірлерді бір жүйеге келтіріп, бүгінгі ұлттық мүдде тұрғысынан қарастыру маңызды. Шәкәрімтану ғылымына арналған бақылау - пысықтау тапсырмаларының тақырыптық мазмұнын ашуда студенттер көрсетілген әдебиеттер тізімімен ғана шектелмей, қосымша деректер мен ақпарат көздерін ұтымды пайдаланған жағдайда ғылыми құндылығы артады.


1.3 Пәнді оқытудың мақсаты:

Арнаулы курс Шәкәрімнің даналық ғаламаты мен ақындық айналасын, олардың шығармашылық қуатын, сол арқылы бүкіл бір халықтың әдеби өміріне жаңа өрнек, тың леп әкелгендігін үйретуді алғы мақсаты етіп қояды. Абайдан кейінгі қазақ поэзиясының ұлы ақын салған дәстүрмен дамуы әдебиетіміздегі шын мағынасындағы ақындық мектептің қалыптасқандығын айқындайды. Әсіресе, бұл ерекшелік Семей өңірі ақындарына тән әдеби құбылыс. Абайдың ақын шәкірттері Шәкәрім, Акылбай, Мағауия, Көкбай, Әріп, Уәйіс, Әрхам, Кәкітай сынды ақындардың өмірі мен шығармашылығын танып білу - ұлы Абайдың даналығын түсінуге алып барар бірден - бір жол.


1.4 Пәнді оқыту міндеттері:

Шәкәрімнің қазақ әдебиетіндегі орнын айқындау;

Ұлттық сөз өнеріне қосылған Шәкәрім шығармаларын талдаудың ғылыми принциптеріне теориялық тұрғыдан дәйекті дәлелдеу;

Шәкәрімнің шығармашылық мұрасын зерттеу, талдау жасауда қоғамдық ой-санамен қабаттастыра зерделеу;

Студенттердің рухани жетілуіне және оның қоғамдық-саяси, әлеуметгік көзқарасын қалыптастыруға Шәкәрім мұрасының әсерін пайымдауға үйрету көзделеді.
1.5 Оқыту нәтижелері:

Пәнді оқыту нәтижесінде студент мыналарды білуі керек:



  • Шәкәрімтану ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады;

  • Шәкәрім шығармашылығының өзіндік ерекшеліктері туралы терең білім алады;

  • Шәкәрім шығармаларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады;

  • Теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді;

  • Зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады;

  • Кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.

1.6 Курстың пререквизиттері:

1.6.1 Әдебиеттануға кіріспе;

1.6.2 Қазақ халық ауыз әдебиеті;

1.6.3 ХХ ғ.қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі (1900-1940);


1.7 Курстың постреквизиті:

1.7.1 Әдебиет теориясы;

1.7.2 Қазақ әдебиеті сынының тарихы
2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАРДЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША САҒАТТАРҒА БӨЛУ

Кесте 2


р/с


Тақырып атауы

Сағат саны

Әдебиеттер

ДС

СМ

ЛБ

ОЖСӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Ш.Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығы.

1

1




1,36

4,09

1, 3-10 б.

2, 5-9 б.

3, 4-12 б.

4, 3-15 б.

5, 6-17 б.

6, 5-11 б.



2

Шәкәрімнің шығармашылық өмірбаяны: зерттелу, жүйелену мәселелері.

1

1




1,36

4,09

1, 10-21 б.

2, 10-17 б.

3, 13-22 б.

4, 16-23 б.

5, 18-22 б.

6, 11-20 б.



3

Шәкәрім және сопылық әдебиет.

1

1




1,36

4,09

1, 21-45 б.

2, 10-26 б.

3, 13-20 б.

4, 15-19 б.

5, 18-23 б.

6, 11-17 б.



4

Абайдың ақындық мектебі және Шәкәрім.

1

1




1,36

4,09

1, 45-55 б.

2, 27-35 б.

3, 20-25 б.

4, 20-25 б.

5, 24-39 б.

6, 12-20 б.



5

Шәкәрім және шығыс әдебиеті.

1

1




1,36

4,09

1, 55-65 б.

2, 36-45 б.

3, 25-33 б.

4, 26-35 б.

5, 40-49 б.

6, 21-32 б.



6

Шәкәрім және орыс әдебиеті.

1

1




1,36

4,09

1, 66-75 б.

2, 46-58 б.

3, 34-56 б.

4, 36-48 б.

5, 50-61 б.

6, 62-73 б.



7

Шәкәрім лирикасы.

3

3




1,36

4,09

1, 76-85 б.

2, 59-66 б.

3, 55-73 б.

4, 49-60 б.

5, 58-71 б.

6, 74-79 б.



8

Шәкәрім поәмаларының тарихи, көркемдік негіздері.

2

2




1,36

4,09

1, 80-96 б.

2, 67-70 б.

3, 74-81 б.

4, 61-64 б.

5, 68-76 б.

6, 75-85 б.



9

Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» дастаны мен «Еңлік-Кебек» поэмасы.

2

2




1,36

4,09

1, 85-102 б.

2, 72-85 б.

3, 83-96 б.

4, 65-90 б.

5, 74-88 б.

6, 91-105 б.



10

Шәкәрім мақалалары.

1

1




1,36

4,09

1, 105-128 б.

2, 82-99 б.

3, 95-98 б.

4, 91-106 б.

5, 85-96 б.

6, 98-109 б.



11

Шәкәрімнің прозалық шығармалары.

1

1




1,36

4,09

1, 108-135 б.

2, 103-110 б.

3, 99-118 б.

4, 91-106 б.

5, 97-106б.

6, 110-129 б.




3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

Шәкәрімнің шығармашылық мұрасын зерттеу, талдау жасауда ғалымдардың пікірлерін үнемі дәйектеуден гөрі студенттің ой-тұжырымдар жасауы өзіндік ғылыми құндылық болып табылмақ. Бұл орайда студенттерге қойылар талап шәкәрімтану турасындағы әр алуан пікірлерді бір жүйеге келтіріп, бүгінгі ұлттық мүдде түрғысынан қарастыру маңызды. Шәкәрімтану ғылымына арналған бақылау - пысықтау тапсырмаларының тақырыптық мазмұнын ашуда студенттер көрсетілген әдебиеттер тізімімен ғана шектелмей, қосымша деректер мен ақпарат көздерін ұтымды пайдаланған жағдайда ғылыми құндылығы артады.

Шәкәрімтануға арналған бақылау - пысықтау тапсырмаларды орындауда ғылыми әдебиеттерден, мерзімді баспасөздерден үзінді келтірген жағдайда сілтеме көрсету міндетті. Тапсырманы орындауда студент есте тұтар дүние негізсіз ой шұбалыңкылығына ұрыну, көп сөзділікке салыну жұмыстың ғылымилығына нұқсан келтіреді. Бақылау - пысықтау тапсырмаларының орындалу тәртібі бірінші бетінде жұмыстың тақырыбын, жоспарын, соңғы бетте пайдаланылған әдебиеттер тізімін көрсетумен белгіленеді.

Шәкәрімтану курсының ғылыми мәнін ашу үшін әдеби -тарихи жағдайларға тоқталудың маңызы зор. Әрбір әдебиет маманы Шәкәрім шығармаларының сыр -сипатын, табиғатын саналы түрде түсініп алмай, шын мағынасындағы білікті әдебиетші болуы мүмкін емес. Ойшыл ақынның өзі айткандай әр бір сөздің құндылығын сын көзбен қарап, ой таразысына салмақтамай, ақынның жан сөзін ұғынуға қол жеткізем деу ұшқары түсінік болмақ.

Орындауға ұсынылатын жұмыс тақырыптары бүгінгі қазақ әдебиеті тарихындағы әдеби - ғылыми мәні ауқымды мәселелерді қарастыра отырып, теориялық және әдеби сын зерттеулермен шұғылданудың алғы шарты іспеттес.

4 КУРС ФОРМАТЫ

Аудиториялық уақытқа дәрістер, семинар сабақтары, оқытылған материалды талқылау және әртүрлі тапсырмаларды орындау кіреді.Әрбір сабаққа студент әдебиеттің негізгі және қосымша қайнар көздерінің тізіміне сәйкес дайындалуы керек (негізгі бөлімдер мен бөлімшелер әрбір сабақта нақтыланады). Аралық бақылау жұмысында болмаған студенттер автоматты түрде 0 балл алады және бақылау жұмысын тапсыруға жіберілмейді.

Негізгі ұғымдар дәрістерде ұсынылады және түсіндіріледі. Сабаққа қатысу және дәрісте негізгі ұғымдарды, түсіндірмелерді және мәліметтерді жазып алу студенттің міндеті болып табылады. Егер студент қандай да бір жағдайлармен дәріске қатыспаған жағдайда, дәрістің материалын топтағы басқа студенттен алуы керек. Оқытушы материалды бір де бір студентке дәрістің бір де бір уақытында босату себебіне қарамастан ұсынбайды.

ОЖСӨЖ мақсаты – әдеби шығарманың бітім-болмысын, жанрлық ерекшеліктерін зерттеу.

ОЖСӨЖ міндеттері келесілерді қарастырады:


Студенттердің өздік жұмысы – бұл тұлғаның жеке танымды қызметі, ол өзіне тек қана алған білімін бекітіп қоймауы, сонымен қатар жеке шығармашылық ойлау процесі болып табылады. Өзіндік жағынан ол келешек маманның шығармашылығы үшін жаңа білімінің ашылуына, қалыптасуына жағдай жасайды.

Өздік жұмыс сонымен қатар студенттің максималды белсенділігін қарастырады және ол алған білімін ұйымдағы ғылыми зерттеу, қоғамдық және өндірістік қызметтерде көрінеді.


5 КУРС САЯСАТЫ

Курсты оқу барысында алынған барлық ұпайлар жинақталып, бір-біріне қосылады. Осы курстан алған ақтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма мен аралық және қорытнды бақылаудан алынған баға және емтихан бағаларының қорытындысы бойынша орташа ұпай есептеледі. Барлық тапсырмаларды көрсетілген уақытында өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу емтиханға 7 күн қалғанда аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген студенттер емтиханға кіргізілмейді. Жұмысты кеш тапсырсаңыз: қосымша тапсырма беру арқылы жұмыс көлемі ұлғайтылады. Тапсырмалар оқытушы тағайындаған уақытта қабылданады. Емтиханға келмесеңіз, орынды себеп болса, бұрынғы орындалған жұмыстарыңыз есепке алынады; орынсыз себеп болса, тапсырманы орындауыңыз қажет және осы мәселеге қатысты университет саясаты есепке алынады. Әрбір тақырыпты қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материалды меңгеру деңгейі тест арқылы тексеріледі. Тест алдын ала ескертілмей өткізіледі. Аудиториялық сабақтарды босатпау, кешікпеу міндетті. Себепсіз сабақтан қалсаңыз: қосымша шығармашылылық жұмыс беріледі (реферат, көркем мәтінге талдау т.б.); Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу қажет.



6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ

«Шәкәрімтану» пәні бойынша ұпайларды бөлу

Апта

Бақылау түрі

Барлық ұпай

Ескерту

1

2

3

4




1-аптадан 7-апта аралығында дәріске қатысу

30




1

Семинар

0




2

Семинар

ОЖСӨЖ


15

15





3

Семинар

СӨЖ


15

30





4

Семинар

ОЖСӨЖ


15

15





5

Семинар

СӨЖ


15

35





6

Семинар

ОЖСӨЖ


15

15





7

Семинар

Межелік бақылау



15

70





1-7 апта аралығындағы оқу нәтижесі бойынша қорытынды ұпай

300







8-15 апта аралығында дәріске қатысу

30




8

Семинар

6




9

Семинар

ОЖСӨЖ


12

15





10

Семинар

СӨЖ


12

20





11

Семинар

ОЖСӨЖ


12

15





12

Семинар

СӨЖ


12

25





13

Семинар

ОЖСӨЖ


12

15





14

Семинар

СӨЖ


12

20





15

Семинар

Межелік бақылау



12

70





8-15 апта аралығындағы оқу нәтижесі бойынша қорытынды ұпай

300




Емтихан бойынша қорытынды ұпай

400




Академиялық кезең бойынша қорытынды ұпай

1000






7 ӘДЕБИЕТТЕР
7.1 Негізгі әдебиеттер

7.1.1 Базарбаев, М. Таңдамалы. Т.1. Әдебиет және дәуір / М. Базарбаев.- Астана: Нұра-Астана, 2009.- 391 б.

7.1.2 Базарбаев, М. Таңдамалы. Т.2. Көректі ойдан - көркем сөз / М. Базарбаев.- Астана: Нұра-Астана, 2009.- 351 б.

7.1.3 Сейсенұлы, Д. Шәкәрім: ғұмырнамалық деректі хикаят / Д. Сейсенұлы.- Алматы: Қазақстан, 2009.- 255 б.

7.1.4 Шаңбай, Т. Ұғым мәдениеті: (Шәкәрім шығармашылығы аясында) / Т. Шаңбай.- Алматы: Раритет, 2009.- 351 б.

7.1.5 Әбдиманұлы, Ө. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі (1900- 1940): оқу құралы / Ө. Әбдиманұлы.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2010.- 156 б.

7.1.6 Шәкәрім мен Қайым тағдырлас/ Жауапты ред. Ғ.Қабышұлы = Шакарим и Каюм. Сплетение судеб/ Отв. ред.Г.Кабышұлы.- Астана: Фолиант, 2009.- 325б.

7.1.7 Молдаханов, Ә.М. Абай, Шәкәрім, Әуезов дәрістері: оқулық / Ә.М. Молдаханов.- Алматы: Дәуір, 2011.- 190 б.

7.1.8 Ізтілеуова, С. Абай, Шәкәрім шығармаларындағы адам тәрбиесі: (жоғары оқу орындары студенттеріне арналған көмекші оқу құралы) / С. Ізтілеуова.- Алматы: Інжу- Маржан, 2011.- 161 б.

7.2 Қосымша әдебиеттер

7.2.1 Шәкәрімтану мәселелері.Сериялық ғылыми жинақ. Т.3/ Құраст.:Т.Шаңбай.- Алматы: Раритет, 2007.- 375 б.- (Атамекен).

7.2.2 Әбдіғазиұлы, Б. Шәкәрім әлемі/ Б. Әбдіғазиұлы.- Алматы: Раритет, 2008.- 407 б.- (Шәкәрім әлемі / Сер.негізгі салған Т.Шанбай).

7.2.3 Шаһкәрім, Қ. Шығармаларының үш томдық толық жинағы. 1-ші том. Қажыма, ойым, қажыма: Өлеңдер / Құдайбердіұлы Шаһкәрім; Шәкәрім атындағы Семей мемл. ун-ті.- Алматы: Халықаралық Абай клубы, 2008.- 400 б.

7.2.4 Омаров, Д. Шәкәрім шыңы (ұлы ойшыл көтерілген рухани деңгей): дүниетаным / Д. Омаров.- Алматы: [Дәуір], 2008.- 206 б.

7.2.5 Еспенбетов, А.С. Шәкәрім және Сұлтанмахмұт/ А.С. Еспенбетов.- Алматы: Раритет, 2008.- 239 б.- (Шәкәрім әлемі / Сер.негізгі салған Т.Шанбай).

7.2.6 Мақпырұлы, С. Қазақ әдебиеті. І- бөл.: оқулық / С. Мақпырұлы, Т. Сыдықов.- 2-бас.- Астана: Фолиант, 2011.- 291 б.

7.2.7 Ақатай, С. Тереңнен тартқан тамырлар: әдебі мақалалар / С. Ақатай.- қайта басылған.- Алматы: Рrint-Express, 2011.- 415 б.

7.2.8 Қазіргі қазақ әдебиеті: оқулық / Б.Ердембеков, Ж.Аймұхамбет, Р.Тұрысбек, ж.б.- Алматы: Дәуір, 2012.- 215 б.

7.2.9 Адамбаев, Б. Асыл қазына: [ғылыми зерделеу мен зерттеулер] / Б. Адамбаев.- Алматы: Ана тілі, 2009.- 319 б.

7.2.10 Жұртбай, Т. "Күйесің, жүрек...сүйесің...": (Абай: "Жан бостандығы" немесе рухани тәуелсіздік) / Т. Жұртбай.- Алматы: Қайнар, 2009.- 463 б.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет