Пәннің атауы Математикадан стандартты емес және олимпиадалық есептер шығаруға оқыту әдістемесі Кредит саны 5 Курс, семестр



бет2/4
Дата12.11.2023
өлшемі34,07 Kb.
#191108
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
СИЛЛАБУС Математикадан стандартты емес және олимпиадалық есептер шығаруға оқыту әдістемесі (2)

Критериалды бағалау:
Үй тапсырмаларының немесе МӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, практикалық тапсырмаларды орындау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз.


МӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін МӨЖ қабылданбайды.
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:
[(АБ1+АБ2)/2]∙0,6 +Емт∙0,4
3. Курстың академиялық презентациясы
Оқу курсының типі: ТК
Пәннің мақсаты: магистранттарға математиканы оқыту процесінде стандартты емес есептерді шығаруды үйретудің әдістемелік негіздерін, оқушыларды математикалық есептерді шығаруға үйрету процесін ұйымдастыру тәсілдері мен әдістемесін беру және олипиадалық және конкурстық есептерді шешу дағдыларын қалыптастыру.
Пәннің негізгі міндеті «7М01501-Математика» ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады:
1) математиканы оқыту процесінде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту құралы ретінде стандартты емес есептердің рөлі мен маңыздылығын, функцияларын, классификациясын, есептерді шығаруға үйретудің әдістемелік негіздерін меңгереді;
2) математикалық есептерді шығару біліктігін қалыптастыруға бағытталған оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері мен әдістемесін игереді;
3) мектеп математика курсындағы олипиадалық және конкурстық есептерді шешу тәсілдерін талдайды;
4) олимпиадалық және конкурстық есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет