Оқушыларға Word-тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларды мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету, басқа программалардан, сканерден, файлдардан сурет алып мәтінге кірістіру жолдарын түсіндіру.
Дамытушылық:
Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютерлік жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оны өмірде қолдана білуге ықпал жасау, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:
Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: компьютер, үлгілер,интерактивті тақта
Оқыту түрі: Жеке, топтық.
Пәнаралық байланыс:Информатика, Ағылшын, Орыс тілі, Есептеуіш жүйені ақпараттық қамтамасыз ету.
Жаңа тақырыпты түсіндіру:Суретте бейнеленген, көрсеткіштермен басқа барлық батырмалар, объектілер деп аталады. Оларды біз формада орналастыра аламыз. Бұл объектілер басқарушы элементтер деп те аталады. Олардың көбі VB-тің ажырамас бөлігі болып, стандартты элементтер қатарына жатады. 1. Pointer. Формада орналасқан ағымдағы объектімен жұмысты тоқтату үшін қолданылады. 2. PictureBox. Бұл объекті графикалық бейнені көрсетеді және графикпен жұмыс істеу кезінде контейнер (жинақтаушы) ролін атқарады.