ПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені


Тақырыбы: «Программалау тілдері» тақырыбын оқыту әдістемесі



бет12/13
Дата12.03.2018
өлшемі2,04 Mb.
#39220
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Тақырыбы: «Программалау тілдері» тақырыбын оқыту әдістемесі

Мақсаты: Программалау тілдері тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.

Теориялық түсініктеме

«Программалау тілдері» тақырыбы мектептегі информатиканың базалық курсының 9 сыныпта қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 9 сыныпта 6-18-ші сабақ болып I -ІI-III оқу тоқсанында өтіледі.



1. Программалау тілдері. Тілдің алфавиті.

Мақсаты: Оқушыларды Паскаль программалау тілінің алфавитімен таныстыру және алгоритмді программалау тілінде жазу ережелерін түсіндіру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар Паскаль программалау тілінің алфавитін және алгоритмді программалау тілінде жазу ережелерін білуі тиіс.

Жоспар:

  1. Тілдің алфавиті

  2. Тілдің ерекшеліктеріне қарай символдардың жіктелуі

  3. Символдарды жазу ережесі.

2. Паскаль программасы және оның құрылымы .

Мақсаты: Оқушыларды Паскаль прогаммалау тілінің құрылымымен және орындалу ретімен таныстырып, программа бөліктерінде қолданылатын міндетті түрдегі түйінді сөздердің орналасу ретін қатаң сақтауды үйрету.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар программаның құрылымын, оның орындалу ретін және программада қолданылатын түйінді сөздердің дұрыс жазылуын білуі қажет.

Жоспар:

  1. Паскаль тіліндегі программаның құрылымы.

  2. Паскаль программасының жазылу ерекшеліктері.

  3. Бақылау сұрақтары.

3. Мәліметтердің типі. Мәліметтердің стандартты типі. Стандартты типтердің сипатталуы. Шамаларды сипаттау.

Мақсаты: Оқушыларды мәліметтер типімен және стандартты типтермен таныстыру, айнымалыларды сипаттау жолдарын үйрету.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар есеп шығару процесіндегі мәліметтердің типтерін анықтап, оларды программада сипаттай алуы керек.

Жоспар:

  1. Мәліметтердің типтері

  2. Стандартты типтердің сипатталуы

  3. Стандартты типтерге қолданылатын амалдарға сипаттама

  4. Бақылау сұрақтары, жаттығулар

4. Өрнектер. Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар. Арифметикалық өрнектер. Логикалық өрнектер. Символдық өрнектер. Операторлар. Меңшіктеу операторы. Стандартты функциялар.

Жаңа ұғым: Өрнектер, операторлар, меншіктеу операторы.

Мақсаты: Оқушыларға өрнектердің математикалық жазылуы мен программалау тілінде жазылу ерекшелітерін терең ұғындырып, берілген өрнекті программалау тілінде жазуды үйрету.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар кез келген математикалық өрнекті программалау тіліне қажетті шарттарды сақтай отырып, жылдам аударып, жаза білуі тиіс.

Жоспар:

  1. Арифметикалық өрнектер

  2. Логикалық өрнектер

  3. Стандартты функциялар

  4. Өрнектерді Паскаль тілінде жазу мысалдары.

  5. Бақылау сұрақтары мен жаттығулар

5. Мәліметтерді енгізу және шығару операторлары. Сызықтық алгоритмді программалау.

Мақсаты: Оқушыларға мәліметтерді енгізу және шығару операторларының жазылу ережесін түсіндіріп, сызықтық алгоритмдерді программалауды үйрету.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар мәліметтерді енгізу және шығару операторларының жазылуын біліп, сызықтық алгоритмге программа құра алатындай дәрежеге жетуі қажет.

Жоспар:

  1. Мәліметтерді енгізу, шығару операторлары

  2. Сызықтық алгоритмді программалау.

6. Таңдау және шартты операторлар. Өту операторы. Бос оператор.Тармақталу операторы.

Мақсаты: Оқушыларды таңдау және шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру. Тармақталған алгоритмдеді программалауды түсіндіру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар таңдау және шартты операторлардың жазылу тәртібін біліп, тармақталған алгоритмдерге программа құра білуі керек.

Жоспар:

  1. Тармақталу операторы

  2. Таңдау операторы

  3. Өту операторы

7. Циклдік алгоритмді программалау. Циклдің түрлері. Циклдік операторлар. While-Do. Repeat-Until. For –Do, For – Downto.Қайталау және тармақталу операторларының сатылы орналасуы

Мақсаты: Оқушыларды циклдың түрімен таныстырып, оларды ұйымдастыруға қолданылатын операторлардың жазылу ережесін түсіндіріп, циклдік алгоритмдерді программалауды үйрету.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар берілген есептің шартына қарай цикл ұйымдастырудың қандай операторын қолданған тиімді екенін анықтап, оны программалай алуы керек.

Жоспар:

  1. Циклдік алгоритмдерді пограммалау.

  2. Циклдік операторлар

  3. Циклдік операторлардың жазылу ережесі, мысалдар

8. Графиктік режим. Экранның координаталық жазықтығы.

Мақсаты: Оқушыларды Паскаль тілінде графиктік режимде сурет салу үшін қолданылатын экранның координаталар жазықтығымен таныстыру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар экранның координаталар жазықтығын дұрыс ұғынып, графиктік суреттерді шығару үшін режимді инициализациялауды меңгеруі қажет.

9. Графиктік редактор.

Мақсаты: Оқушыларды Паскаль тілінде графиктік режимде іске қосу процедураларымен таныстыру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Графиктік режимді іске қосу процедураларын және суреттерді координаталар жазықтығына сала білу.

10. Графиктік объектілерді программалау.

Мақсаты: Оқушыларды Паскаль тілінде графиктік режимде сурет салу үшін қолданылатын операторлар мен таныстыру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар Паскаль тілінде графиктік редактор көмегімен қарапайым сурет сала білуі қажет.

11. Символдық шамалармен жұмыс жасау амалдары. Символдық мәліметтерді енгізу.

Мақсаты: оқушыларды символдық шамалармен орындалатын амалдармен таныстыру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: символдық ақпаратты пернетақтадан енгізу, экранға шығару әрекетін орындауды меңгеру.

12. Паскаль тілінде мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Тіркестік өрнектер. Сөз тіркестерін өңдеуге арналған стандартты функциялар мен процедуралар.

Мақсаты:Мәтіндік ақпаратты өңдеу поцедураларымен таныстыру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар:Мәтіндік ақпарат өңдеу процедураларын дұрыс қолдана білу.

13. Жиым. Элемент түрі, өлшемі, индекстер. Бірөлшемді жиыммен жұмыс істеу.

Мақсаты: «Жиым» ұғымы мен жиым элементтерін реттеу әрекеттерінің орындалуын таныстыру. Жиым элементтерін енгізіп реттеуге программа құра білуге үйрету.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: оқушылар жиымды сипаттау, элементтері, индекстерін көрсете білуі, жиым элементтерін реттеу программаларын жаза білуі қажет.
Тапсырмалар:

Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.



  1. «Программалау тілдері» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.

  2. Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.

  3. Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.

Бақылау сұрақтары:

  1. Программалау тілдері тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?

  2. Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?

  3. «Программалау тілдері» тақырыбының мақсаты?

  4. Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?

  5. Сабақ қандай типте өтеді?

  6. Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын

11 өздік жұмыс



Тақырыбы: «Модельдеу» тақырыбын оқыту әдістемесі

Мақсаты: Модельдеу тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.

Теориялық түсініктеме

«Модельдеу» тақырыбы мектептегі информатиканың базалық курсының 9 сыныпта қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 9 сыныпта 19-22-ші сабақ болып ІII-IV оқу тоқсанында өтіледі.


1. Модельдер, модельдеу түсінігі. Модельді анықтау.

Мақсаты: оқушыларды «модель» ұғымымен таныстыру, модельдедің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар: оқушылар қарапайым модельдеуге мысал келтіре білуі тиіс.

Жоспары:

  1. «Модель», «модельдеу» ұғымдарының анықтамасы. Мысал келтіру.

  2. Модельдің берілу түрлері.

  3. Түпнұсқа мен модельдің айырмашылықтары.

Қысқаша мазмұны:

Анықтама. Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету. Модельдеу – объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың модельдерін (макеттерін) құру.

Әрбір адамның күнделікті іс әрекетінде белгілі бір мәселені шешу немесе кез келген жұмыс орындалмас бұрын оның сана - сезімінде алдын ала орындалу моделі жасалады. Мысалы, жолдан өту немесе дүкенге бару, сабақ оқу, т.с.с. әрекеттерді орындау алдында өз ойымызша жолдан қалай өту, қандай жолмен бару, қай сабақтан бастап дайындалу сияқты іс - әрекеттер тізбегінің моделі жасалады.

Модель көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақытта біздің ойымызда бейнелетін прототип пайда болғанға дейін жасалады. Бір объект (процесс, құбылыс) үшін әр түрлі модельдер жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады.

2. Модель түрлері.

Мақсаты: оқушыларды модель түрлерімен таныстыру. Статистикалық және динамикалық модельдер жөнінде түсінік беру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: оқушылар модельдің түрлерін ажырата біліп, оларға мысал келтіре білуі қажет.

Жоспары:


  1. Статистикалық және динамикалық модельдің анықтамаларын беру. Мысал келтіру.

  2. Модельдің түрлері.

  3. Модельді ортақ қасиеттеріне қарай топтау.

  4. Модельдің әр түріне анықтама беріп, мысал келтіру.

  5. Модельді көрсету әдісіне қарай топтау.

  6. Ақпараттық модель. Оның түрлері.

Анықтама. Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. Динамикалық модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді. Модельдерді мынадай қасиеттеріне қарай топтарға жіктейді: 1. Қолдану аймағы; 2. Модельде уақыт факторын ескеру; 3. Білім саласына қарай топтау; 4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау;

Қолданылу аймағына қарай модель не үшін, қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында: оқу, тәжірибелік, ғылыми – техникалық, ойын, имитациялық (1-сурет) сияқты топтарға жіктеледі.




1-сурет. Модельдердің жіктелуі



Модель көрсету әдісіне қарай материалдық және ақпараттық болып екі топқа жіктеледі (2-сурет).


2-сурет. Модельдерді көрсету әдісіне қарай топтау.


Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға да болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Балалар ойыншығы материалдық модельдің қарапайым мысалы бола алады.

3. Ақпараттық модельдер.

Мақсаты: Оқушыларды ақпараттық модельдің түрлерімен таныстыру. Копьютерлік және компьютерлік емес модельдер жөнінде түсінік беру.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар: оқушылар ақпараттық модельдерді ажыратып, оларға мысал келтіре білуі қажет.

Жоспары:

  1. Ақпараттық модель. Мысал келтіру.

  2. Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер.

Қысқаша мазмұны:

Анықтама: Ақпараттық модель дегеніміз – объектінің, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпараттар жинағы және сыртқы әлеммен өқзара байланыс болып табылады. Ақпаратық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпаратқа ғана құрылады. Мұндай модель қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді.

Ақпараттық модель вербальдық және таңбалық болып бөлінеді.

Вербальдық модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.Таңбалық модель дегеніміз – арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралымен көрсетілген ақпараттық модель.Тарату тәсіліне қарай модельдер компьютерлік және компьютерлік емес болып бөлінеді.Компьютерлік модель деп программалық орта көмегімен іске асатын модельдерді айтады.
4. Модельдеу кезеңдері.

Мақсаты: Оқушыларды модельдеу кезеңдерімен таныстыру.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар: оқушылар модель құру кезеңдерін, құрылған модельді талдап, кезеңдерге бөліп, нәтижесін талқылай білуі қажет.

Оқушы білігі мен дағдысына қойылатын талаптар: модель құрудағы мақсатты анықтап, нәтижесін талдау дағдысын қалыптастыру.

Жоспары:


  1. Модельдеудің негізгі кезеңдері. Оларға сипаттама беру.

  2. Модельдеудің жалпы кезеңдері.

  3. Модельдеудің әрбір кезеңіне жеке-жеке тоқталып, мысал арқылы түсіндіру.

Қысқаша мақзмұны:

Модельдеудің негізгі кезеңдері есептің қойылу шарты мен мақсатына қарай анықталады (3-сурет).



3-сурет. Модельдеудің кезеңдері.


Модельдеудің жалпы кезеңдерін 4-суреттегідей көрсетуге болады. Бірақ, модельдеу шығармашылық процесс болғандықтан, бұл кезеңдердің кейбір блоктары болмауы немесе жақсартылуы, ал бірқатары толықтырылуы мүмкін.

4-сурет. Модельдеу кезеңдері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет