Пәннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені


Түйінді сөздер бойынша іздеу



бет119/159
Дата26.05.2020
өлшемі255,57 Kb.
#71213
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   159
Байланысты:
П нні электронды О У- дістемелік кешені

Түйінді сөздер бойынша іздеу. Ақпаратты түйінді сөздер бойынша іздеу пайдаланушыдан белгілі дағдыны талап етеді. Желіде іздеу алгоритмі, деректер қорында ақпаратты іздеуге ұқсас, логикаға негізделген.

Дәріс №15. Бастауыш мектеп оқушыларына информатиканы оқытуды

ұйымдастыру әдістері
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетінің ерекшеліктері. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту әдістемесін қарау үшін алдымен олардың ойлау қабілеті ерекшеліктерімен танысқан абзал.

Мектепке алғаш келген оқушылардың ойы әлі өресіз болады. Олардың ой-санасында қоршаған орта туралы әртүрлі ақылға сыймайтын түсініктер байланысып жатады. Мектептегі оқудың ең маңызды міндеті баланың ойлау қабілетін дамыту болып табылады.

Л.В. Выготский1 айтқандай, бала мектеп жасына түйсігі мен жадысы неғұрлым жақсы дамып, бірақ интеллект қызметі әлдеқайда нашар дамыған күйінде келеді. Бірінші сынып оқушылары ашық түсті, көңіл-күйді көтеретін материалды жеңіл әрі жылдам қабылдайды.

Дегенмен, олар материалды сол қалпында есте сақтауға бейім. Біртіндеп олардың еркін әрі саналы еске сақтау қабылдағыштары қалыптаса бастайды. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеті бейнелі-эмоциялы. Олар формамен, дыбыспен, түйсікпен ойлайды. Мұндай ойлау қабілетінің ерекшілігін информатика бойынша оқу жұмысының мазмұнында ескерген жөн.

Аталған ерекшеліктерге сәйкес бастауыш мектептегі оқытудың негізгі міндеті орташа сыныпта жалғасып, жоғарғы сыныпта аяқталатын абстрактілі-логикалық ойлауға бағытталған бейнелі-эмоциялы ойлауды біртіндеп дамыту болып табылады. Алғашқы кезеңде баланың ойлау қызметін жаңа сапалы сатыға, демек ойлау қабілетін себеп-салдар байланысын түсіну деңгейіне дейін жеткізу қажет. Бастауыш мектепте интеллект қарқынды түрде дамиды, сондықтан мұғалім оқуды ұйымдастыру кезінде баланың ойлау қабілетін дамытуға неғұрлым септігін тигізетін бағдарламаларды қамтуы тиіс. Ойлау қабілетіндегі мұндай өзгеріс түйсік, жады сияқты басқа да психикалық үрдістердің өзгеруіне әкеледі.

Ойлау үрдістерінің жаңа сапалы сатыға ауысуы бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеті бойынша мұғалімдердің негізгі жұмыс мазмұнын құрау керек. Бұл мәселені математика, физика және классикалық тілдермен қатар, баланың ойлау қабілетін қалыптастыруға әсер ететін информатика сабақтарында шешу керек.

Бастауыш сынып оқушыларының көз қарашығының көлемі кішкентай, сондықтан олар бір қарағанда компьютер экранындағы ақпаратты бірден көре алмайды, әсіресе ондаған командалар мен бірнеше ондық түймелерден тұратын мәтіндік редактор бағдарламасының ашық терезесімен жұмыс жасаған кезде аса қиын. Бұл түйсік ерекшелігін қолданбалы бағдарламаларды оқыту кезінде ескеріп, оқу материалын балалар компьютер экранындағы суреттердің маңызды элементтерін қажетті көлемде көретіндей етіп үлестірген жөн.

Бастауыш сыныптарда бала үшін оқудың негізгі саласы ойын болып табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына да, тәрбиесіне де әсер етеді. Сонымен бірге әр түрлі педагогикалык мәселелерді шешуге көмектеседі. Информатиканы ойын әдістемелері негізінде өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың шығармашылықпен жұмыс істей білуіне, ой-өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді.

Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Ол білім алудың белгілі бірі сатысымен шектелмейді. Бүгінгі таңда, демек болашақта да білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың бүгінгі білімі - болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды – оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет