Тақырыбы: «Компьютер құрылымы» тақырыбын оқыту әдістемесі Мақсаты: Компьютер құрылымы тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.
Теориялық түсініктеме «Компьютер құрылымы» тақырыбы мектептегі информатиканың базалық курсының 7-8 сыныптарында қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 7-ші, 8-ші, 9-шы, 10-шы және 11-ші сабақ болып І-II оқу тоқсанында ЖӘНЕ 8-сынып бойынша 8-9 сабақ болып өтіледі.
7 сынып бойынша 5 сағат, ал 8 сынып бойынша 2 сағат көлемі берілген.