Информатика пәнінде сабақты ұйымдастырудың басты тәсілі ойын болып табылады. «Ойын» сөзі курстың атауына кездейсоқ енгізілген жоқ. Психологтардың дәлелі бойынша, 6-10 жас шамасындағы балалардың қызметінде ойын бастапқы орында тұрады.
Оқыту – өте күрделі және жан-жақты үрдіс. Оқыту мұғалімнің де, оқушылардың да белсенді қызмет етуін талап етеді. «Ұстаздық еткен жалықпас» деген қанатты сөз бар. Бұған дейін мұғалімнің басты міндеті білім беру болса, қазіргі талап – оқушыны оқу үрдісіне тарту, өздігінен еңбек ету дағдысын қалыптастыру.
Бастауыш мектепте бірінші орында сабақ беру техникасы, оқу әрекетін ұйымдастыру үлгілерін табысты ұйымдастыру үшін:
- сабақ эмоцияға толы, оқуға деген қызығушылықты оятып, білімге деген тұтынушылықты тәрбиелеу қажет;
- сабақ қарқыны мен ырғағы оңтайлы, мұғалім мен оқушылардың әрекеттері аяқталған болуы қажет;
- мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасында толық байланыс болып, сабақта педагогикалық ырғақ пен педагогикалық оптимизм сақталуы тиіс;
- сабақта жайлы жағдай мен белсенді шығармашылық еңбек ету басымдылық етуі керек;
- мүмкіндігінше оқушылардың әрекет түрлерін ауыстырып отыру керек, оқытудың алуан түрлі әдістері мен тәсілдерін оңтайлы пайдаланған жөн;
- сабақ барысында шаршағандық пен қысымды басатын ойындар оқушыларға әрекет ету үлгілерін ауыстыруға мүмкіндік береді;
- әр ойынның басты мақсаты – сабақта берілген мағлұматты түсінуге және оны бекітуге көмек беруі қажет
Бастауыш мектептегі информатика сабағында қолданылатын сынып- сабақ жүйе шартында мұғалімдер оқытудың келесі әдіс және формаларын табысты қолданылады, олар оқушының өзіндік спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, нәтижелі оқу үрдісін құруға мүмкіндік береді:
- диалог;
- ойын әдістемелері;
- ақпараттық минуттар;
- эвристикалық әдістер.
Халықтық әлеуметтік құрамын және сәйкесінше әлеуметтік аймақтық ақпараттану деңгейін ескере отырып нәтижелі оқытудың құрылу қажеттілігі ақпараттық минутка сияқты оқыту формасын тудырады. Психикалық қаынастың даму қажеттілігі сабаққа диалог сияқты оқыту формасын енгізеді: «оқушы-оқушы», «оқушы-оқытушы».
Әр білім жемісті қалыптасу, ең біріншіден, оқушылардың бұл білімді алу ынтасына байланысты. Оқу үрдісінің қалыптасуы оқу формасымен тікелей байланысты.
Психологияда оқыту мотиві екі жолда дамитындығы дәлелденген:
- оқушылардың оқудың қоғамдық мәнін меңгеру арқылы;
- оқушының оқу іс-әрекеті арқылы.
Жұмыстың топтық формасын қолдану өтіліп жатқан пәнге қызығушылықты арттыратыны психологиялық әдебиеттерде көрсетілген. Бастауыш сынып оқушыларында жұмысты кіші топтарда ұйымдастыру лайықты, демек, топтың қалыптасуы дәлелдік үрдісте құрылу керек: егер пәнге бейтарап қарайтын балаларды пәнді жақсы көретін балалармен біріктірсе, біріккен жұмыс нәтижесінде біріншілер пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың негізгі әдістері болып табылатын дидактикалық ойындарды қысқаша қарастырайық.
Дидактикалық ойын – бұл оқытылатын объектіні, құбылысты және үрдісті моделдеуші оқу әрекетінің түрі. Дидактикалық ойындардың мақсаты – оқушылардың танымдық қызығушылығы мен белсенділігін ынталандыру болып табылады. Әдетте ойынның объектісі адамның іс әрекеті болып табылады. Дидактикалық ойындарға деген қызығушылық 1980 жылы кезекті мектеп реформасы басталып, педагогикалық ынтымақтастық пайда болып, мектептерге дербес компьютерлер әкелінген кезде арта түсті.
К.Д. Ушинский1 өз кезінде атап өткендей, ойынды бала өзі құрастырып отырған шынайы өмір, болмыс ретінде қабылдайды. Сондықтан ол үшін қоршаған болмысқа қарағанда ойын анағұрлым түсінікті. Ойын оны алдағы еңбекке де, оқуға да тәрбиелейді. Ойын- шағын оқу және кішігірім еңбек. Баларды ойынның нәтижесі емес, ойынның барысы, үрдісі қызықтырады. Оларды ойында берілген тапсырма, төтеп берілуі міндетті қиындықтар, алынған нәтиже қуанышы және т.б. қызықтырады. Ойын барысында психологиялық жағынан босаңсып, шаршағандық басылады, сондай-ақ ойын балаларға адамдардың күрделі әлеміне енуіне көмек береді. Дидактикалық ойындардың осы ерекшеліктерін әсіресе төменгі сыныптарда ескерген жөн, дидактикалық ойындарды сабақ барысына енгізуді тиімді ұйымдастыра білу қажет. Маңыздысы ойынмен мұғалім де, оқушылар да қызығуы керек, ойынды шартты ойнау мүмкін емес.
Дамытушы ойындар – бұл шығармашылық ойындар. Ол үлкенге де, балаға да қуаныш әкелуі керек, ол - табыс қуанышы, таным қуанышы, компьютер мен жаңа ақпараттық технологияларды игеруде алға жылжудан туындаған қуаныш. Заманауи компьютерді табысты игерген, ақылды машинаға билік жүргізіп отырған баланың еңсесі өзінің, қоршаған адамдар мен ата-ананың алдында биіктей түседі, бұл оның оқуын қызықты, қарқынды және жеңіл ете түседі. Ұлы ұстаз В.Ф. Шаталов1 айтқан «Оқу жеңіспен тең!» деген сөзі компьютердің көмегімен ақиқатқа айналды.
Айтып кететін жайт, төменгі сынып оқушылары компьютермен атқарылатын жұмыстың қай-қайсысын ерекше досына айналған компьютермен ойналатын қызықты ойын ретінде қабылдайды. Бұл ерекшелікті кез келген ойынның негізін құрайтын жарысқа үйрету кезінде ескеріп пайдаланған жөн. Оқытушы және дамытушы сипаттағы алуан түрлі ойындарды да тиімді пайдалануға болады, компьютермен не компьютерсіз ойнатылатын ойындар информатика мұғалімінің қоржынында баршылық.
Бастауыш сыныптарға информатиканы оқыту кезінде екі құрамдас бөлікті атауға болады, олар: компьютерлік және компьютерсіз. Бұлай ажырату бастауыш сынып оқушыларын компьютерде жұмыс жасауға үйрету уақытының шектелуіне байланысты. Сол себепті мұғалім осы ерекшелікті ескеріп, компьютерлік және компьютерсіз бөліктері арасында тепе-теңдік орната отырып сабақты ұйымдастыруы шарт.
Информатика курсының мазмұнын информатиканың жеке сабақтарында және басқа оқу сабақтарының жеке блоктарында жүзеге асыруы.
Компьютерсіз нұсқадағы жеке топтарға бөлінбеген жеке сабақтарды бастауыш сынып мұғалімі де, информатика пәнінің мұғалімі де өткізе алады.
Компьютерсіз бөлігі келесі жұмыстан құралуы мүмкін:
- дәптерлерінде;
- сөздіктермен, энциклопедиялармен;
- құрастырмалық материалдармен, аспаптармен;
- компьютерге қосулы құрылғылармен.
Компьютерлік бөлігі мәтінмен, графикамен және дыбыспен, оқытушы бағдарламалармен, ойындармен және жаттықтырғыштармен атқарылатын жұмыстан тұруы мүмкін.
Әдіскерлер оқытуды дәл осылай ұйымдастыру арқылы оқушы-ларды ақпараттық технологиялар мен ресурстарды өздігінен пайдала-нуына септігін тигізіп, АКТ (ақпараттық-компьютерлік технология-лар) саласында ой өрісін кеңейтуге болады деп санайды. Практикалық тапсырмалар мен жобаларды орындау тәжірибесі басқа пәндерді оқу барысында ақпараттық технологиялар құралдарын пайдалануға дайындап, ақпараттық оқу кеңістігіне кіруге мүмкіндік береді.
Бастауыш сынып информатикасын оқытудағы ақпараттық технологиялардың рөлі
Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тәрбие арқылы қалыптасады. Білімді, шығармашыл, бәсекелік қабілеті мол тұлға тәрбиелеу негізінде жасалған 12 жылдық мектептегі білім беру процесінің моделі, түрлі деңгейлі вариативті білім беру мазмұны негізінде және оқытудың репродуктивтілігі мен шығармашылык технологиялары үйлесімді қабысқан мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы негізінде қалыптастырылуы тиіс. Демек, 12 жылдық мектепте оқытуды ұйымдастыру жалпы дидактикалық ұстанымдармен бірге шешуші мәні бар мынадай принциптерге ие болады:
- жеке тұлғаның жас және психофизиологиялық даму ерекшелігінің ескерілуі;
- күтілген нәтижеге жетуге бағдарлығы;
- ашықтығы;
- интерактивтігі.
Осы принциптер негізінде бағдарланған білім беру моделінде оқыту, оқушы (үйрену) мен мұғалімнің (оқыту) өзара байланыс әрекетінде әр оқу процесі компоненттерінің мақсаттарын үйлестіре ұйымдастыру болып табылады. Сабақты құрылымдауда оқушының өзін-өзі таныту мақсаттарына, оқу материалдарын модельдеуіне, оқушының өнімді әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік туғызатын оқытудың формалары мен әдістеріне кезек беріледі.
Қазіргі кезде әлемде білім беру мәселесі дамуын үрдісінің негізгі ерекшеліктерінің бірі-ол білімнің тез өзгеруі, өмір сүру үшін қажетті мәліметтер ағыны жоғарғы қарқынмен көбеюі (кейбір дерек көздері бойынша адамға қажетті білім мөлшері екі жылда, ал кейбір деректерге сүйенсек он сегіз айда екі еселенуде). Сондықтан да бұрынғыдай жеткіншек ұрпақты энциклопедиялық біліммен қаруландыратын уақыт кетті, оған мүмкіндік жоқ, оны заман ағымы көтермейді.
Қазіргі заманғы ұрпақ таңдауында шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатыр. Оқушыны болашағына таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін, қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр. Сондықтан бүгінгі күні білім жүйесінде оқыту үрдісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету әрбір мұғалімнің міндеті болып отыр.
12 жылдық білім берудің ерекшелігі ерте жастан информатика пәнінің оқу бағдарламасына енгізілуі. Онда жалпы орта білім беру педагогикалық процестің әрбір қатысушысының шығармашылық потенциалы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың дамуына жағдай жасауға, сондай-ақ негізгі мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беруге, жоғары сатыдағы оқушыларды бейіндеп оқытуға бағытталған біртұтас жүйе құруды қарастырады.
Мұндай білім беру жүйесі келешек ұрпақтың білімінің толығуына, жан-жақты болуына, шынайы әлем жағдайында тәрбиленуіне көп септігін тигізеді. Сонымен қатар, 12 жылдық мектеп жоғары мәдениетті, терең адамгершілігі қалыптасқан жүйедегі құндылықтарымен, сенімдерімен өз оқушыларының шығармашылық потенциалын дамытудағы инновациялық қызмет қабілеттілігін өздігінен жетілдіруге білікті маманды талап етеді. Ақпараттық технологияның қаулап өсуі мен ақпараттық қоғамның қалыптасуы, өркениетті елдердегі сияқты біздің республикамызда да ақпараттық мәдениетті қалыптастыру талабын туындатты.
Ақпараттық технологияны ерте жастан оқыту үшін пропедевтикалық кезең ұсынылады. Оның негізгі міндеті – оқушыларды компьютермен алғашқы таныстыру, оқулық ойындық бағдарламаларды, қарапайым компьютерлік тренажерды пайдалану процесінде ақпараттық мәдениеттің алғашқы элементтерін қалыптастыру. Бұл міндеттерді шешу оқушыларға алдағы уақытта компьютерді қолдану деңгейін тереңдете, келесі табыстарға қол жеткізудің алғашқы әзірлік-дайындықтарын жасауға мүмкіндік береді, оларды жаңа ақпараттық қоғам өміріне дайындайды.
Бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнінің элементтерін оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияның керемет мүмкіндіктерін кез келген пәнге қолдануға болатындығына көз жеткізу керек.
Информатика пәніне стандарт бойынша бастауыштың әрбір сыныбында аптасына 1 рет, жыл бойына 34 сағат арналған. Қазіргі кезде информатика пәні бастауыш сыныптан жүретін кейбір мектептерде Білім және ғылым министрі ұсынған – «Ақпараттық мәдениет негіздері» оқу әдістемелік кешені бойынша жүргізіліп келеді. Оқу әдістемелік кешен төрт бөлімді жұмыс дәптерінен және мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдан тұрады.
Әйтсде, Қазақстанның болашақ білімді азаматтарын даярлауда бұл оқулықтармен ғана білім беру жеткіліксіз. Сондықтан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, ғылыми-техникалық прогрестің тез өсу қарқыны, оқытудың жаңаша әдістерін дамытуды қажет етеді.
Жаңадан білім беру жүйесі сапалы және терең білім үрдісінде жаңа педагогикалық, ақпараттық, инновациялық технологиярға бағытталуы тиіс. Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің пайда болуы ақпараттардың мазмұнын адамның түрлі сезім мүшелері арқылы және аудиториямен интерактивті өзара әрекетке түсу арқылы қабылдауды, түрлі техникалық құралдардың көмегімен іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Міне осыған байланысты оқулық, дәптермен салыстырғанда электрондық құралмен оқыту дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатады.
Әртүрлі зерттеулерге қарағанда дәстүрлі оқыту кезінде кез келген жақсы оқитын оқушы информатика заңдылықтарын тұжырымдайды, мысалдар келтіреді. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады. Бұл оқушылардың оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетінін көрсетеді. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.
Оқытудың ақпараттық технологиялары – бұл білім беру саласында қолданылатын электрондық құралдар, компьютерлік желілер, компьютерлік телекоммуникациялар және басқа да құралдардың жиынтығы.
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.
Электронды бағдарламалармен оқыту жылдам оқи және жаза алмайтын оқушылар үшін суреттеме, бейнелер арқылы көрсетіліп түсіндіріледі, сабақты қызықты жүргізуге және оларды сабақтан жалықтырып алмауға мүмкіндік алады. Осы мақсатта, сонымен қатар, сабақ ортасында сергіту сәттерін қоса оқыту әдістері өте тиімді ұйымдастырылуы тиіс. Бастауыш сыныптарға арналған бағдарламаларда оқушылар компьютермен танысып, өзара қатынаста болады, компьютер көмегімен әріп, буын, сөздер мен шағын әңгімелерді баспалап, қарапайым арифметикалық есептерді шығарады, сурет салады. Сонымен қатар, өз бетімен өлең, әңгіме құрастыруды, өз бетінше жұмыс жасауды, жылдам ойлауды, шығармашылықпен айналысуды үйренеді.
Осындай оқыту әдістерін пайдаланғанда информатика пәнінің басқа пәндермен пәнаралық байланысының тығыздығы көрінеді. Сонымен қатар, бастауыш мектеп кезеңіне тән физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін, әрі ойлау қабілеттерін дамыту компьютердің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Электрондық оқулықтарды пайдаланғанда оқушылар мынадай тапсырмаларды орындай алады:
- математика сабағында қарапайым арифметикалық амалдарды, геометриялық ұғымдарға қатысты амалдарды;
- ана тілі сабағында мәтіндік редактордың көмегімен тақпақтар, құттықтаулар, өлеңдер, т.б. жазу арқылы өздерінің тіл байлығын, сауаттылығын, шығармашылық қабілетін арттырып, ойын тиянақты жеткізе алуға, еркін сөйлей білуге үйренеді;
- бейнелеу өнері, дүниетану сабағында тышқан манипуляторымен жұмыс істеуді ғана үйреніп қоймай, бейнелеу өнерінде пайдаланылатын саймандармен (қарындаш, қылқалам, өшіргіш, бояғыш, фигуралар, т.б) жұмыс істеуге дағдыланады.
Заман ағымына қарай сабақты жаңа педагогикалық технологиялар негізінде ақпараттық техникалық құралдармен үйлестіре,
Бастауыш мектепте компьютерді қолданудың санитариялық-гигиеналық талаптары
Бастауыш мектепте компьютерді пайдаланған кезде санитариялық-гигиеналық талаптарға зор мән беріп, компьютерлік сынып ережелерін қатаң сақтаған жөн.
Мысалы, сыныптан кіріп-шығуға мүғалім рұқсат береді. Әрбір оқушы өз тобына тағайындалып берілген жұмыс орнынан ауыспауы керек, яғни сынып белсенділерін сайлау, компьютерді және оған қосылған басқа құрылғыларды да іске қосуға, өшіруге рұқсат етілмейді, оны мұғалім атқарады және де компьютерге компакт-дискілерді салуды, алуды мұғалім жүргізеді.
Сабақ жүргізу барысында қазіргі кездегі санитариялық талаптарға сәйкес балалардың жұмыс ісіне олардың денсаулығына қауіпсіздігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар компьютерлік техниканы ғана пайдалануға болады. Компьютерлер қолданылатын бөлмелер барлық санитариялық-гигиеналық талаптарға сай болуы тиіс. Компьютерлік сыньпта оқушылардың өздері және көздері шамадан тыс шаршамас үшін 1-4-сынып оқушыларының компьютерде үздіксіз жұмыс істеу уақыты 10-15 минуттан1 аспауы тиіс. Балалардың көздері талмас үшін компьютерде жұмыс істеп болған соң, олармен көзге арналған арнайы жаттығулар жасауы керек, жаттығуларды балалар экранға қарамай тұрғанда, қалыпты күйде дем алдырып, көз қозғалыстарын барынша үлкен етіп орындауға тырысуы керек. Балаларға қызықты болуы үшін жаттығулар ойын түрінде орындалады.
Пернетақтада жұмыс жасау. Әдіскерлер мен мұғалімдер кейде бастауыш мектеп оқушыларының нәзік қолының қимылдарын дамытуды назардан тыс қалдырып кетеді. Бұл аспектіге көбіне еңбек мұғалімі назар аударады, себебі қолды дамыту - бұл пәннің басты міндеттерінің бірі. Информатика сабағында компьютермен жұмыс жасау кезінде алдымен пернетақтада және тышқанмен жұмыс істеу әдістерін меңгеру керек. Бұл - өте күрделі үрдіс, себебі оқушы нәзік қолы мен саусақтарының қимылынан басқа, компьютер экранына да назар аударып отыруы тиіс. Отандық мектептердің кабинеттерінде жасы үлкен пайдаланушыларға арналған компьютерлер орнатылғандықтан, оқытуда қиындық туғызады. Олардың пернетақталары мен тышқандары үлкендерге сәйкестеніп жасалған, балаларға ыңғайсыз. Балалардың пернетақтамен және тышқанмен жұмыс жасауды меңгеру үрдісінде нәзік қолдары мен саусақтардың дамуына кедергі жасайды, ал қол қимылдары бала миының дамуын ынталандыратынын бәріміз білеміз.
Осыған орай, оқыту үрдісінде ноутбуктерді пайдалану ыңғайлы, олардың пернетақталарының көлемі кішірек, балалардың қолына икемді. Олар үстелде аз орынды алып, кәдімгі сынып бөлмелерінде пайдалануға болады. Айтып кететін жайт, ноутбуктердің қазіргі құны үстелдік дербес компьютерлердің бағасына пара-пар. Соңғы кезде нарықта көлемі алуан түрлі тышқандар да шығарыла бастады, оларды пайдаланушылардың қолына сәйкестендіріп сатып алуға болады, информатика сабағында әртүрлі жас шамасындағы оқушыларға пайдалануға ыңғайлы.
Санитарлық нормалар мен ережелер төменгі сынып оқушыларының компьютердегі жұмысын келесідей шектейді: 1 сыныпқа – 15 минут, 2-3-сыныптарға – 20 минут, 4-5-сыныптарға – 25 минут, компьютерді пайдалану сабақтары аптасына 1 рет қана болуы тиіс. Бұлардың барлығы оқу үрдісін ұйымдастыруды барынша шектейді. Балаларға компьютерде жұмыс жасау уақытының шектеулі екендігін түсіндіру қиын, олар үйде шектеусіз теледидардың және компьютердің алдында ойын қосымшаларын қалауынша ойнауға дағдыланып қалған. Мұндай жағдайда мұғалім оқушыларды компьютерден дене шынықтыру минуттарымен тоқтата алады.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
№1 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Ақпарат және ақпараттық процесстер»
І. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар:
ақпарат (анықтамасының әртүрлі берілуі);
информатика, кибернетика;
ақпараттық процестер;
тілдің ақпаратты беру тәсілі ретінде ;
ақпарат көздері;
ақпаратты қабылдаушы;
ақпаратты тасымалдаушы;
байланыс каналы;
бит;
ІІ. Келесі әдістемелік сұрақтарға жауап беріңіз:
1. «Ақпарат» ұғымының анықтамасының әртүрлі берілуі себебі неде? Ақпарат анықтамасына әкелетін диалогтың мысалын келтіріңіз.
2. Оқушыларға декларативті және процедуралық білімнің айырмашылығын қалай түсіндіруге болады? Осы ұғымдарды иллюстрациялайтын мысалдар келтіріңіз.
3. «Мәліметтің ақпараттылығы» ұғымын енгізудің әдістемелік мағынасын түсіндіріңіз.
4. Оқушыларға ақпарттық техникада ақпаратты өлшеудің алфавиттік тәсілдің қолданылатынын қалай түсіндіруге болады ?
5. Әр түрлі ықтималды, тең ықтималды және тең емес ықтималды оқиғалардың мысалдарын келтіріңіз.
6. Ақпараттың анықтамасы мен өлшенуінің мазмұндық тәсілінің шектелуі неліктен? Бұл фактіні оқушыларға қандай мысалдар арқылы түсіндіруге болады?
7. Оқушыларға ақпарат ұғымын ашуда ықтималдық тәсілдің әдістемелік поблемасы неде? Оны қалай жеңуге болады?
8. Сабақ кезінде келесі ұғымдарды иллюстрация арқылы түсіндіріңіз: ақпараттық процесстер, ақпаратты тасымалдаушы, ақпаратты сақтаушы, ақпаратты беру, шу және шудан қорғану, ақпаратты өңдеу.
9. Ақпарт көзі, ақпаратты қабылдаушы, ақпаратты тасымалдаушы және байланыс каналы бар жүйелерді мысал арқылы көрсетіңіз.
10. Информаткада қолданылатын тілдер классификациясының нұсқасын ұсыныңыз.
ІІІ. Келесі мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Мәтіндегі әрбір (i) символ алып жүретін ақпарат мөлшері мына формула арқылы есептелінеді: 2i = N, Мұндағы N – алфавиттің қуаты. Бұл формула … деп аталады.
2. HTML тілі – … тілінің мысалы.
3. Ақпаратты өлшеудің мазмұндық тәсілінде, мәлімет ақпаратты болады, егер онда .... мәлімет болса.
4. Ақпаратты өлшеудің алфавиттік тәсілінде кез келген тілдің қуаты деп .... айтады.
5. Ақпаратты өлшеудің алфавиттік тәсілінде, егер К – мәтіндегі символдар саны, ал і – осы алфавиттегі символдың ақпараттық салмағы болса, онда мәтіннің ақпараттық V көлемін келесі формула арқылы табуға болады V=…
6. Мәлімет 1 байт ақпаратты (мазмұндық тәсілде) тасиды, егер білімнің анықталмағандығы __ рет азайса.
7. Ақпаратты тасымалдауға қажетті алфавиттің ең аз қуаты қандай?
№2 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Алгоритмдер және орындаушылар»
I. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар:
алгоритм;
алгоритмнің қасиеттері (түсініктілік, дәлдік, нәтижелік, дис-креттілік, жалпылық);
орындаушы,
ОБЖ (орындаушының бұйрықтар жүйесі), орындаушы ортасы;
шама – аты, типі, мәні;
алгоритмдік конструкциялар – сызықтық, тармақталу, цикл;
блок-схема;
алгоритмдік тіл;
алгоритмнің формальді орындалуы;
көмекші алгоритм.
II. Төмендегі әдістемелік сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Информатика курсында алгоритмдеудің алатын орны мен мәнінің уақыт талабына сай қалай өзгерді?
2. А.П.Ершовтың және т.б. оқулықтарында енгізілген негізгі ұғымдар, дидактикалық құралдар мен әдістемелік тәсілдердің қайсысы сақталды?
3. Алгоритмдерді орындаушыларды «жағдайда» және «шамалармен» жұмыс істейтін орындаушылар деп бөлудің әдістемелік мағынасы неде?
4. Алгоритм ұғымын толық түсініп меңгеру үшін оқушылармен қандай типті есептерді қарастыру қажет?
5. Оқушылармен сабақта ( Баше ойыны тәрізді ) «алгоритмдік ойындар» ойнауға бола ма? Тағы қандай алгоритмдік ойындарды ұсынар едіңіз?
6. Қандай негізгі ережелер алгоритмдеу мен бағдарламалауды құрылымдайтын әдістемені құрайды?
7. Неліктен информатика сабақтарында блок-схемалардан бас тартуға болмайды және оларды қалай бейнелеу қажет?
8. Шама және оның қасиеттері ұғымын қандай әдістемелік ретпен ашу қажет?
9. «Айнымалы», «меншіктеу» ұғымдарын оқытқанда қандай әдістемелік проблемалар кездеседі? Оларды қалай шешуге болады?
10. Алгоритмдеу және бағдарламалау бағытын оқыту кезінде оқушылар ойлаудың қандай өзіне тән стилі мен мінез ерекшеліктерін қабылдайды?
III. Келесі мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Формальды орындаушы ұғымының мағынасы неде?
2. Тікелей басқару режімінің программалық басқару режимінен айырмашылығы неде?
3. Әрекеттердің кез-келген тізбегін алгоритм деуге бола ма? Жауабыңызды негіздеңіз, мысал немесе қарсы мысал келтіріңіз.
4. Кез келген есептің алгоритмін құруға болады деуге бола ма?
5. Келесі түйінді сөздерден алгоритмнің анықтамасын құрастырыңыз. Түйінді сөздер: орындаушы, тізбек, түрлену, есептеуіш әрекет, процесс, нәтиже.
6. Келтірілген әрекеттер тізбегін алгоритм деуге бола ма: «Сонда бар, қайда барарымды білмеймін. Ананы әкел, не екенін білмеймін»? Жауапты алгоримнің қасиеттерін қолдана отырып негіздеңіз.
№3 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Мәтіндік ақпаратты өңдеу»
I. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар:
мәтіндік редактор;
мәтіндік процессор;
мәтіндік құжат, оның құрылымдық элементтері;
редакциялау;
пішімдеу;
шрифт, оның параметрлері;
колонтитул;
сілтеме (сноска);
гипермәтін, гиперсілтеме.
II. Төмендегі әдістемелік сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Редакциялаудың негізгі стандарты деген не? Оның элементтерімен оқушыларды қай кезде таныстыруға болады?
2. Мәтіндік редакторды оқып үйренгенде оқушылар қандай негізгі технологиялық дағды алады?
3. Гиперсілтемені құру алгоритмін түсіндіріңіз. Гипермәтін құру үшін тапсырма ойластырыңыз.
4. Төмендегі мәтінді қолдануға болатын сабақ тақырыбын көрсетіп, тапсырма дайындаңыз:
«Түстің адамға әсері. Қызыл сары түс нәзік сезімді қоздырады, қан айналымын жылдамдатады, тамақ қорытуды жақсартады. Сары түс ой еңбегін жақсартады. Жасыл түс өте нәзік, тынық, байсалдылықты білдіреді. Көгілдір түс қан қысымын төмендетеді, тынышталдырады. Көк түс адам мінезіндегі байсалдылық пен қатаңдықты білдіреді. Күлгін жүрек пен өкпенің қызметін қоздырады, организмнің тұмауға қарсылығын арттырады».
5. Ақпараттық технологиялар бағытына қатысты дайындалатын реферат тақырыптарын дайындаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |