ПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені


III. Келесі мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз



бет11/12
Дата21.04.2017
өлшемі2,11 Mb.
#14217
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

III. Келесі мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Мәтіндік құжаттарды өңдеу жөнінде тарихи деректер келтіріңіз.

2. Мәтінмен жұмыс істейтін ақпараттық технологияларға қандай құралдар жатады?

3. Мәтіндік құжатты даярлау кезеңдерін атаңыз.

4. Мәтінді енгізу ережесін айтып беріңіз.

5. Мәтіндік файлдардың форматтарын атаңыз.

6. Word-та мәтін фрагменттерін ерекшелеу ережелерін ай-тыңыз.

7. Шрифтердің әртүрлі жіктеуін атаңыз.


4 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: «Графикалық ақпаратты өңдеу»
I. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар:

графикалық редактор;

пиксел(ь), оның параметры;

растр;

графикалық қарапайымдар;

палитра;

бейнені цифрлеу.

II. Төмендегі әдістемелік сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Компьютерлік графиканы оқып үйретуде оқушылардың қызығушылығын қалай арттыруға болады?

2. Информатиканың базалық курсында оқылатын қай тақырыптар компьютерлік графиканың теориялық негізіне жатады?

3. Оқушылар базалық курста компьютерлік графикамен танысқанда, ЭЕМ-нің архитектурасы жайлы қандай жаңа мағлұматтарды біледі?

4. Базалық курстың графикалық бөлімінде оқушылар қандай практикалық дағды алады?

5. Информатика мен басқа пәндерді кіріктіріліп оқыту сабақтарын ұйымдастыру барысында графикалық ақпаратты өңдеу технологиясы бойынша оқу материалының дидактикалық мүмкіндіктерін талдаңыз (сурет салу, сызу).

6. Компьютерлік анимация құру технологиясын түсіндіріңіз

III. Келесі мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Векторлық графикалық редактордағы редакциялау процесі ..... өтеді.

2. Кескін фрагменттері бойынша іс-әрекеттер: .... Графикалық редакторлар қалай жіктеледі?

3. Векторлық және растрлық кескіндердің айырмашылығы неде? Қайсысы ең тиімді?


5 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: «Компьютер – ақпаратты өңдеуші әмбебаб құрылғы»
І. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар:

ДК-дің архитектурасы;

жедел жад;

кэш-жад;

ішкі жад;

процессор (сипаттамасы);

ақпаратты енгізу құрылғысы;

ақпаратты шығару құрылғысы;

мәліметтерді жеткізудің жүйелік магистралі;

ЭЕМ-нің программалық қамтамасыз етілуі;

freeware;

shareware;

операциялық жүйе;

интерфейс;

алмастыру буфері;

файл;


каталог;

компьютерлік вирус;

драйвер;

дистрибутив;

утилиттер;

архивация;

программалық

жабдықтарды инсталляциялау.



ІІ. Келесі әдістемелік сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Архитектура ұғымының құрылыс пен компьютерге қолдануының аналогиясы неде?

2. Қазіргі компьютерлер қандай ақпараттармен жұмыс істей алады? Компьютер адам қолданатын кез-келген ақпаратпен жұмыс істей алады деп тұжырым жасауға бола ма?

3. ЭЕМ-нің құрылымы мен жұмысы туралы «архитектура» ұғымында не қолданылады, не қолданылмайды ?

4. ЭЕМ-нің құрылысын түсіндіргенде адам мен компьютердің арасындағы аналогияны қолданудағы әдістемелік идеяның мәні неде?

5. Оқу компьютерінің типіне тәуелсіз оқушылар қандай жалпы мағлұматтар алулары керек?

6. ДК-дің аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етілу бірлігі идеясы бойынша қандай әдістемелік нұсқаулар ұсынасыз.

7. ЭЕМ-нің құрылымы мен бағдарламалық қамтамасыз етілуінің құрамын білу не үшін қажет, неге оны базалық білім деп атайды?

8. Қолданбалы бағдарлама ұғымын оқушыларға қалай түсіндірер едіңіз?

9. Оқушылар операциялық жүйелердің қандай қасиеттерін міндетті түрде білуі керек?

10. Графикалық операциялық жүйенің интерфейсінің элементтерін оқып үйренуге арналған тапсырмаларға мысалдар келтіріңіз.

11. Жеке ақпараттық кеңістікті жоспарлауға байланысты практикалық жұмысты дайындаңыз (папкалар мен файлдар құру және олармен жұмыс).

12. Тінтуірді басқару тәсілдерін атаңыз және оны меңгеруге байланысты тапсырмалар даярлаңыз.

13. Оқушыларға бағдарламалау жүйелерінің қызметі туралы қандай алғашқы түсініктер беруге болады?

14. Компьютер кабинетінде техника қауіпсіздігі туралы ережелер даярлаңыз. ТҚ жөнінде қандай нұсқаулар бересіз?

ІІІ. Келесі мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз:

1. ДК-дің құрылымдық схемасын сызыңыз.

2. Ішкі жадтың құрылымының қасиеттерін атаңыз.

3. Компьютерді программалық басқару принципінің мәні неде?

а) _______________________

ә) _______________________

б) _______________________

4. ДК-дің ашық архитектурасы принципі нені білдіреді?

5. Операциялық жүйенің қызметін атаңыз.

6. Операциялық жүйедегі BIOS пен бағдарлама-тиеушінің айырмашылығы неде?

7. Неліктен пайдаланушылар англо-тілді компьютерлік терминдерді қолданады?

8. Объектілердің көшірмесін алу және орнын ауыстырудың схемасын көрсетіңіз.

9. ДК-дің бейнелік жүйесінің құрамына қандай құрылғылар кіреді? ДК-дің бейнелік жүйесінің жұмысының сапасын қалай анықтайды?
6 Зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: «Формализация және модельдеу»
I. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар:

модель;

модельдеу;

формальдау;

материалдық модельдер;

ақпараттық модельдер;

кестелік модельдер;

иерархиялық модельдер;

желілік модельдер.

II. Төмендегі әдістемелік сұрақтарға жауап беріңіз:

1. «Формальдау және модельдеу» мазмұндық сызығын ин-форматиканың базалық курсына енгізудің қажеттілігін негіздеңіз.

2. Ақпараттық модельдеуді оқытуда ЭЕМ-нің бағдарламалық жасақтаманың қайсысы қолданылады?

3. «Модельдеу» және «формальдау» ұғымдарының айырмашылығы мен байланысы қандай?

4. Келесі ұғымдарды анықтау үшін логикалық бірінен соң бірі орындалатын тізбек құрыңыз (реті кез-келген жағдайда көрсетілген): бұтақ, элемент, құрылым, жүйе, желі, қатынас, граф.

5. Граф пен оның құрылымы ұғымын қалай түсіндіресіз. Әдістемелік көзқарас бойынша бұл ұғымды қай сыныпта беруге болады деп ойлайсыз?

6. Мектептегі қай пәннің мысалына сүйене отырып, құбылыстар мен оқиғаларды модельдеуді оқу арқылы оның мәнін, заңдылықтары жөнінде білімді негіздеуге болады.

7. Сіздің ойыңызша мектептегі информатика курсында «Формальдау және модельдеу» немесе «Алгоритмдер және орындаушылар» тақырыптарының қайсысы бірінші оқытылуы тиіс? Жауабыңызды негіздеңіз.

8. «Формальдау және модельдеу» мазмұндық-құрылымдық компонентін оқыту барысында мектеп курсындағы қандай екі пәнді біріктіріп өткізуге болатын сабақ варианттарын ұсыныңыз.

III. Келесі мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Модельдеу танымның негізгі тәсілдерінің бірі екендігін түсіндіріңіз.

2. Ақпаратты кесте түріне ықшамдаудың ерекшелігін атаңыз. Кесте элементтерін айтып беріңіз.

3. Әртүрлі пәндік аймақтағы ақпараттық модельдеу объектілеріне мысал келтіріңіз.

4. Ақпараттық модельдердің түрлерін айтыңыз.

5. Модельдеудің негізгі кезеңдерін айтыңыз.

6. Ақпараттық модельдеуде жүйелік сараптау қандай орын алады?

7. Электрондық кестенің қандай қасиеттері математикалық модельдеу үшін ыңғайлы құрал бола алады?

8. «Объект-қасиеті», «объект-объект», екілік матрица типіндегі кестелік модельдердің мысалдарын ұсыныңыз.

9. Жүйелік әсер принципінің мағынасы неде?


7 Зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: «Алгоритмдер және орындаушылар»
I. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар:

алгоритм;

алгоритмнің қасиеттері (түсініктілік, дәлдік, нәтижелік, дис-креттілік, жалпылық);

орындаушы,

ОБЖ (орындаушының бұйрықтар жүйесі), орындаушы ортасы;

шама – аты, типі, мәні;

алгоритмдік конструкциялар – сызықтық, тармақталу, цикл;

блок-схема;

алгоритмдік тіл;

алгоритмнің формальді орындалуы;

көмекші алгоритм.

II. Төмендегі әдістемелік сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Информатика курсында алгоритмдеудің алатын орны мен мәнінің уақыт талабына сай қалай өзгерді?

2. А.П.Ершовтың және т.б. оқулықтарында енгізілген негізгі ұғымдар, дидактикалық құралдар мен әдістемелік тәсілдердің қайсысы сақталды?

3. Алгоритмдерді орындаушыларды «жағдайда» және «шамалармен» жұмыс істейтін орындаушылар деп бөлудің әдістемелік мағынасы неде?

4. Алгоритм ұғымын толық түсініп меңгеру үшін оқушылармен қандай типті есептерді қарастыру қажет?

5. Оқушылармен сабақта ( Баше ойыны тәрізді ) «алгоритмдік ойындар» ойнауға бола ма? Тағы қандай алгоритмдік ойындарды ұсынар едіңіз?

6. Қандай негізгі ережелер алгоритмдеу мен бағдарламалауды құрылымдайтын әдістемені құрайды?

7. Неліктен информатика сабақтарында блок-схемалардан бас тартуға болмайды және оларды қалай бейнелеу қажет?

8. Шама және оның қасиеттері ұғымын қандай әдістемелік ретпен ашу қажет?

9. «Айнымалы», «меншіктеу» ұғымдарын оқытқанда қандай әдістемелік проблемалар кездеседі? Оларды қалай шешуге болады?

10. Алгоритмдеу және бағдарламалау бағытын оқыту кезінде оқушылар ойлаудың қандай өзіне тән стилі мен мінез ерекшеліктерін қабылдайды?

III. Келесі мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Формальды орындаушы ұғымының мағынасы неде?

2. Тікелей басқару режімінің программалық басқару режимінен айырмашылығы неде?

3. Әрекеттердің кез-келген тізбегін алгоритм деуге бола ма? Жауабыңызды негіздеңіз, мысал немесе қарсы мысал келтіріңіз.

4. Кез келген есептің алгоритмін құруға болады деуге бола ма? Жауабыңызды негіздеңіз, мысал немесе қарсы мысал келтіріңіз.

5. Келесі түйінді сөздерден алгоритмнің анықтамасын құрастырыңыз. Түйінді сөздер: орындаушы, тізбек, түрлену, есептеуіш әрекет, процесс, нәтиже.

6. Келтірілген әрекеттер тізбегін алгоритм деуге бола ма: «Сонда бар, қайда барарымды білмеймін. Ананы әкел, не екенін білмеймін»? Жауапты алгоримнің қасиеттерін қолдана отырып негіздеңіз.
8 Зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: «Сандық ақпаратты өңдеу»
I. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар:

кестелік процессор;

электрондық кесте (ЭК);

ұяшықтың адресі;

салыстырмалы сілтеме;

абсолюттік сілтеме;

сұрыптау кілті.

II. Төмендегі әдістемелік сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Электрондық кестелер мен бағларламалау тілдерінің ұқсастығы неде?

2. Салыстырмалы адрестеу принципі ұғымын оқушыларға қалай түсіндіруге болады? Оны иллюстрациялайтын мысал келтіріңіз.

3. Базалық курста оқушыларға электрондық кестелер үшін

қандай есептер түрін беруге болады?

4. Электрондық кестені мектепте информатика сабағынан басқа қай жерлерде қолдануға болады?

4. Үй тапсырмаларына мысал келтіріңіз (компьютерлік және компьютерсіз).

III. Келесі мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Excel -де ақпараттың көшірмесін алудың барлық тәсілдерін атап шығыңыз.

2. Электрондық кестелерде формулаларды жазу тәсілдерін атап шығыңыз.

3. Қазіргі кезеңдегі кестелік процессорлар пайдаланушыларға қандай мүмкіндіктер береді?

4. Диаграмманы салу алгоритмін айтып беріңіз.

5. Кестелік процессордегі негізгі диаграммалар түрлерін атаңыз. Нақты диаграмма типі қандай жағдайларда қолданылады. Мысал келтіріңіз.


9 Зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: «Ақпаратты сақтау»
I. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар:

Мәліметтер қоры;

Ақпараттық жүйе;

Геоақпараттық жүйе;

МҚБЖ (СУБД);

жазу;


өріс;

негізгі (алғашқы) кілт;

сұраныс;

форма;


есеп беру.

II. Төмендегі әдістемеліксұрақтарға жауап беріңіз:

1. Мәліметтер қорын қолдану аумағын оқушыларға қандай мысалдар арқылы түсіндіруге болады?

2. «Мәліметтер қоры» мен «ақпараттық жүйе» ұғымдарының айырмашылығы неде?

3. Оқушылар информатиканың базалық курсында мәліметтер қоры теориясының қандай элементтерімен танысады?

4. Информатиканың базалық курсында мәліметтер қорын оқытқанда қандай білімділік мақсаты қойылады?

5. «Өріс типі» ұғымы қалай түсіндіріледі?

6. Осы бөлім бойынша мысалдар арқылы үй тапсырмаларын көрсетіңіз (компьютерлік және компьютерсіз).

7. Оқушыларда мәліметтер қорымен жұмыс істегенде қандай практикалық дағды қалыптасуы керек?

8. «Мәліметтер қоры» ұғымын түсіндіру үшін көрнекілік мате-риал дайындаңыз (дайын МҚ, картішкелер, плакаттар т.с.с.).

III. Келесі мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Реляциялық типті МҚБЖ-нің бәріне ортақ қандай жалпы мүмкіндіктері бар?

2. Мәліметтер қорының құрылымын құру дегеніміз: …

3. МҚБЖ-де сұраныс жасау үшін логикалық өрнектерді жазу тәсілдерін дайындаңыз. Мысалмен көрсетіңіз.

4. Мәліметтер қорында ақпаратты іздеу қалай іске асырылады?

5. Сүзгілеу мен іріктеудің айырмашылығы неде?


10 Зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: «Мультимедиалық технологиялар»
I. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар:

мультимедиа;

компьютерлік презентация;

слайд.


II. Төмендегі әдістемелік сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Презентацияны құру технологиясын айтып беріңіз.

2. Анимация, дыбыстық сүйемелдеу, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер т.б. пайдалана отырып презентация құруға қорытынды тапсырма даярлаңыз.

3. Білім стандартына сәйкес берілген тақырыпты оқыту үшін

қандай программалық жабдықтар қажет?

4. Берілген тақырыпты оқыту үшін оқушыларды қандай аппараттық жабдықтармен таныстыру қажет?

5. Осы мазмұндық-құрылымдық компонентті (МҚК) оқытқанда жоба әдістемесін іске асыру нұсқаларын құрыңыз.

III. Келесі мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Ақпараттық объектілерге мысал келтіріңіз.

2. Әртекті ақпараттық объектілер арасындағы байланыс электрондық түрде ..... көмегімен ұйымдастырылады

3. «Презентация» терминінің шығуын түсіндіріңіз.

4. Слайдтың құрылымдық элементтерін атаңыз.

5. «Мультимедиа», «Гипермедиа», «Гипермәтін» ұғымдарының қайсысы кең ауқымды? Жауабыңызды негіздеп түсіндіріңіз.

6. Презентацияға қойылатын талаптар қандай ?
11 Зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: «Коммуникациялық технологиялар»


  1. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар:

жергілікті компьютерлік желі;

аумақтық компьютерлік желі;

электрондық пошта;

телеконференция;

файлдық архив;

модем;


сайт;

браузер;

хаттама;

HTTP хаттамасы;

TCP хаттамасы;

IP хаттамасы;

IP- компьютердің адресі;

URL- web-құжаттың адресі;

Интернет;

Іздеуші жүйе.



II. Төмендегі әдістемелік сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Информатиканың базалық курсында желілік ақпараттық технологияларды оқытудың қажеттілігін негіздеп беріңіз.

2. Оқушылар жергілікті желінің құрылғылары мен жұмысы туралы нені білуі керек?

3. Ауқымды желі құрылғылары мен жұмысын түсіндіргенде қандай аналогияны пайдалануға болады?

4. Оқушылармен сабақ кезінде кіруге болатын бірнеше қызықты сайттардың адрестерін көрсетіңіз.

5. Оқушылардың өздері пошта жәшігін аша алатын ақысыз пошталық серверлерді көрсетіңіз.

6. Оқушыларға «клиент-сервер» технологиясының мағынасын қалай түсіндіруге болады?

7. Интернетте жұмыс істеу үшін оқушыларға қандай практикалық тапсырмалар ұсынуға болады?

8. «Электрондық пошта» тақырыбы бойынша зертханалық жұмыс даярлаңыз.

9. Оқушыларды компьютерлік телекоммуникация әлеміне қызықтырып тәрбиелеу және дамытудың аяғы неге әкеліп соғады? Осы туралы сіздің ойыңыз қандай?



  1. Келесі мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Ақпараттық жүйелердегі «клиент-сервер» технологиясының Интернеттегі «клиент-сервер» технологиясынан айырмашылығы неде? Желілердің базалық протоколдарының қолданбалы протоколдардан қандай айырмашылығы бар?

2. Электрондық поштаның жай поштадан артықшылығы қандай?

3. Интернет желісінің ақпараттық- ұйымдастырушылық моделі дегеніміз ......

4. Іздеуші жүйелердің іздеу жолдарында қолданылатын төмендегі берілген символдар қандай логикалық амалдарға сәйкес келеді?


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
1 өздік жұмыс

Тақырыбы: «Ақпарат және ақпараттық процесстер»

Келесі есептерді шешіңіз:

1. Рулеткадағы шұңқырлардың жалпы саны 32. Шариктің шұңқырдың біреуіне тоқтағанын көзбен қарап тұрып қандай мәлімет мөлшерін аламыз ?

2. «Кездесу мамыр айына белгіленді» деген мәліметте ақпарат көлемі қандай?

3. Мына крестики - нолики ойынында 4х4 алаңында, бірінші ойыншының алғашқы жүрісінен кейін, екінші ойыншы қандай ақпарат мөлшерін алады?

4. Мәтін бетінің ақпараттық көлемі неше есеге өседі (мәтінде форматтауды басқару сиволдары жоқ) егер, MS-DOS кодтауынан (кодтау кестесі 256 символдан тұрады) Unicode (кодтау кестесі 65536 символдан тұрады) кодтауына түрлендірсе?

5. Карта саны 32 оың ішінен: а) туз картасын б) дама пик картасын алды деген хабар қанша ақпарат әкеледі?

6. ИНФОРМАТИКА сөзіндегі ақпарат көлемі қандай, 8-биттік кодтауда ше?

7. Жазу үшін 64- символы алфавит қолданылды. Әрбір бетте 30 жол бар. Барлық мәлімет 900 байт ақпаратты құрайды және тура 4 бет болады. Әрбір жолда қанша символ бар?

8. Кәрзіңкеде 3 ақ және 1 қара шар бар. Қара шардың алынғаны туралы мәліметте қанша бит ақпарат бар?
2. Тақырып бойынша бір сабақтың конспектісін жазыңыз.

3. Тақырып бойынша диктант дайындаңыз.

4. Әртүрлі табиғаттағы ақпарттық процестерді көрсететін бағдарламалық құрал дайындаңыз

2 өздік жұмыс



Тақырыбы: «Алгоритмдер және орындаушылар»

Келесі есептерді шешіңіз:

1. Алгоритм фрагменті блок-схема түрінде берілген (5.7-сурет). Алгоритмнің орындалу нәтижесінде S айнымалысы қандай мәнді қабылдайтынын анықтаңыз.

2. Берілген cos(x)=x теңдеуін шешу алгоритмін қақ бөлу әдісі бойынша блок-схема арқылы көрсетіңіз. Алгоритмді жазғанда келесі айнымалыларды қолданыңыз: A және B – іздестіру шекарасы, LK және PK – шешімнің кішірейтілген интервалының сәйкес сол және оң координаттары, E – дәлдік.

3. Өз орындаушыңызды ойлап табыңыз және оны мына схема бойынша бейнелеңіз: ортасы, орындаушының бұйрықтар жүйесі (бұйрықтар қалай беріледі, орындалады, «жасай алмаймын»). Нақты орындаушы үшін бірнеше есеп құрастырыңыз.

4. A (x,y) нүктесінің берілген аймаққа жататынын анықтайтын алгоритм құрыңыз (5.8-сурет).

5. Келесі шектеулерді ескере отырып, мына формула: у = (1 - х2 + 2,5х3 + х4)2 бойынша есептеу алгоритімін жазу керек: 1) тек қана қосу, алу және көбейту амалдарын қолданып; 2) әрбір өрнекте тек қана бір арифметикалық амал болуға тиіс.



2. Оқу материалындағы өзіңізге ұнаған ең жақсы күнделікті жоспардың мысалын келтіріңіз (өзіңіз дайындаңыз немес оқу бағдарламасын таңдаңыз):

3. Тақырып бойынша бір сабақтың конспектісін даярлаңыз.

4. Осы алгоритмдеу және бағдарламалау бағыты бойынша қорытынды жұмыстың мысалын келтіріңіз (кез-келген формада – бақылау, өз бетінше жұмыс, тест т.б..). Қорытынды жұмыс бір сабақ көлемінде өткізіледі және баға критерийі болуы тиіс.

3 өздік жұмыс



Тақырыбы: «Мәтіндік ақпаратты өңдеу»

Келесі есептерді шешіңіз:

1. «Символ – ... – жол – абзац – мәтіннің фрагменті» қатарында не жіберілген: а) сөз; б) абзац; в) бет; г) мәтін; д) кітап.

2. Мәтіндік ақпарат кодталғанда, әр символдың екілік кодының компьютердің жадында алатын орны тең: а) 4 бит; б) 1 бит; в) 2 байт; г) 1 байт; д) 3 байт.

3. Әртүрлі (кітап, журнал, газет) баспа беттерінен үш бетті қарастырыңыз Әрбір беттегі мәтіннің (өлшемін, таңбалар саны), абзацтардың (шегініс, жолдар арасының қашықтығы, түзулеу, беттегі орны), парақтың (парақ өлшшемі, өрістер өлшемі) параметрлерін өлшеп жазып алыңыз.

4. Microsoft Eequation формулар редакторын қолданып мына формуланы теріңіз:

2. Оқу материалындағы өзіңізге ұнаған ең жақсы күнделікті жоспардың мысалын келтіріңіз (өзіңіз дайындаңыз немес оқу бағдарламасын таңдаңыз).

3. Тақырып бойынша бір сабақтың конспектісін даярлаңыз.

4. Мәтіндік редакторды игеру бойынша қорытынды практикалық жұмыстың мысалын көрсетіңіз.

4 өздік жұмыс



Тақырыбы: «Графикалық ақпаратты өңдеу»

Келесі есептерді шешіңіз:

1. Қызыл түстің кодын екілік, 16-лық және ондық санау жүйелерінде жазыңыз.

2. Әртүсті растрлық графикалық кескін (256 түстік палитрасымен) өлшемі 10*10 нүктеден тұрады. Бұл кескін жадыдан қанша орын алады?

3. Мына: а) визиттік картішкесі және үлкен плакаттарда кескінделетін ұйымның эмблемасын жасау; б) сандық кескіндерді редакциялау жұмыстарды жасау үшін қай (векторлық немесе растрлық) графикалық редакторды қолданар едіңіз?

4. Екі және үш бөлікке бөлінген шеңберді сала отырып және оларды әртүрлі түспен бояп бөлменің интерьерінде, киімде т.б. қолдануға болатын гармониялық үйлесімді болатын екі немес үш түсті таңдаңыз.

5. Paint-та сегізбұрышты жұлдызшаны салыңыз. Оны салу алгоритмін баяндаңыз.



2. Тақырып бойынша күнделікті сабақ жоспарының мысалын келтіріңіз.

3. Тақырып бойынша бір сабақтың конспектісін жасаңыз.

4. Графикалық редакторлардың мүмкіндігі мен компьютерлік графиканың түрлерін демонстрациялайтын презентация даярлаңыз.

5 өздік жұмыс



Тақырыбы: «Компьютер – ақпаратты өңдеуші әмбебаб құрылғы»

Келесі есептерді шешіңіз:

1. Жедел жадтың соңғы байтының оналтылық адресі 5 FF-ке тең. Осы жедел жадтың көлемі қандай?

2. Компьютердің жедел жады көлемі Мбайттың 1/4 бөлігіне тең. Егер бір сөзде 32 бит болса, онда жедел жадыдағы машиналық сөз қанша болады?

3. Келесі ақпаратттары бар файлдардың аттары мен типтінің варианттарын ұсыныңыз: 1)менің сыныбымның суреті; 2) жеміс пирогының рецепті; 3) жанұялық альбом; 4) физикадан реферат;

4. Түпкі каталогтан магниттік дискідегі сақталған кейбір файлдарға баратын жолдар көрсетілген. Үлкен әріптермен каталогтардың аттары, ал кіші әріптермен файлдар аттары белгіленген:

\SPORT\SKI\kazakhstan.txt;

\SPORT\SKI\germany.txt;

\SPORT\SKATE\finland.txt;

\COMPUTER\IBM\INFO\pentium.txt;

\COMPUTER\IBM\ibm.txt.

Бұтақ тәрізді файлдық құрылымды кескіндеңіз.

2. Тақырып бойынша бір сабақтың конспектісін жасаңыз.

3. «Компьютердің құрылымы» тақырыбы бойынша бақылау жұмысының мысалын көрсетіңіз.

4. Төмендегі тақырыптарға материалдар дайындаңыз:



  • «Енгізу-шығару құрылғысы»,

  • «Ішкі жадының құрылымы»,

  • «Мәліметтерді архивтеу».

6 өздік жұмыс

Тақырыбы: «Формализация және модельдеу»

Келесі есептерді шешіңіз:

1. Ақпараттық модельдердің (натура емес) нөмірлерін жазып шығыңыз:

а) театр қойылымының декорациялық рәсімдеуінің макеті;

б) театрдағы спектакльге қажетті костюмдердің эскизі;

в) кітап немесе журналдың макеті;

г) глобус;

д) судың молекуласының түзілуінің макеті;

е) генеалогиялық ағаш;

ж) CO2 + 2NaOH = Na2CO3 + H20;

з) адам скелетінің макеті;

и) сабақ кестесі;

к) ойыншық парово

л) метрополитеннің схемасы;

м) кітаптың мазмұны.

2. Кестені дайындаңыз және толтырыңыз.

Термин

Түйінді сөздер

Мысалдар

Граф




Метрополитен схемасы, молекулалар құрылымы, жол картасы, компьютерлік желі.

Графтың төбесі




Метро стансалары, молекуладағы атомдар, жол картасындағы қалалар.

Доғалар




Шежіре ағашындағы сызықтар

Қабырғалар




Молекуладағы атомдарды жалғастырушы сызықтар, жол картасындағы және метро-политен жолдарындағы жолдар сызығы.

Бағыттал-ған граф




Әртүрлі классификациялар (биологиялық, ұйымдастырушылық және т.б.)

Ағаш




Генеалогиялық ағаш, жіктеулер, файлдық жүйе

Желі




Дүниежүзілік тор

2. Тақырып бойынша бір сабақтың конспектісін даярлаңыз.

3. «Модельдер» тақырыбы бойынша бақылау жұмысының мысалын келтіріңіз.


7 өздік жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет