Бөлім:
|
Таным қуанышы
|
Педагогтің аты-жөні
|
Жукенова Гульмира Муратовна
|
Күні:
|
|
Сынып: 7
|
Қатысушылардың саны:
|
Қатыспағандардың саны:
|
№8 сабақтың тақырыбы
|
«Адам бақыты»
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту
мақсаттары
|
Қоршаған орта сұлулығы мен адамды бағалай біледі; оларға деген көзқарасын шығармашылық жұмыстары арқылы көрсетеді
|
Құндылығы:
|
Дұрыс әрекет
|
Қасиеттер:
|
қайырымдылық, қанағатшылдық,
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушыларға адам бақытының сырын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
|
Сабақтың міндеттері:
Білімділік
Дамытушылық
Тәрбиелік
|
- оқушыларға бақыт, бақытты болу ұғымдарының мәнін ұғындыра отырып, қайырымдылық, қанағатшылдық қасиеттері туралы түсінік беру;
- оқушыларды өзіне және өзгелерге жақсылық жасауға баули отырып, бақытты бола білуге үйрету;
-оқушыларды қайырымдылыққа, ризашылыққа тәрбиелеу.
|
Сабақтың кезеңі/ Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі
1.Жағымды көңіл-күй
|
Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім оқушыларды жағымда көңіл –күйге келіп, терең ойлауға бейімдейді.
«Нұрға бөлену» жаттығуын өткізу.
|
Оқушылар сабаққа дайындықтарын көрсетеді.
«Нұрға бөлену» жаттығуын орындайды.
|
https://youtu.be/1wra5jdp0zQ
|
2. Алдыңғы үй тапсырмасын тексеру (әңгіме)
|
Бауыржан Момышұлы «Бақыт дегеніміз...» мәтінін оқып келу.
Мұғалім оқушылардан мәтін мазмұнын және рухани тереңдігін қалай түсінгендерін сұрақтар қою арқылы анықтайды.
№8 сабақ 32 бет
Бауыржан Момышұлы «Бақыт дегеніміз...» мәтінін сұрақтар қою арқылы сұрау.
Сұрақтар:
. Автордың бақыт туралы ой-тұжырымымен келісесің бе? Неліктен?
2. Автордың «Ар-намысты қорғау – бақыттың шыңы» деген ойын
қалай түсінесіңдер?
3. Өзің үшін бақыт деген не?
4. Өз бақытыңды немен байланыстырасың?
5. Адам бақытты болуы үшін бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың?
|
Оқушылар мұғалім сұрақтарының көмегімен Бауыржан Момышұлы «Бақыт дегеніміз...» үйге берілген әңгіменің мазмұнын ашады.
|
Оқулық
32 бет. Презентация жасау, интербелсенді тақтамен жұмыс
|
3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) әңгіме
|
Мұғалім сабақтың дәйексөзімен таныстырады.
«Жаны мейірімге толы адам бақытты»
Пифагор
Пифагор ( 570—490 жж. б.з.д) — ежелгі грек философы және математигі.
Сұрақтар:
Дәйексөзден қандай ой түюге болады?
Жаны мейірімге толы дегенді қалай түсінесіздер?
Өзіңдеріңіз үшін бақыт деген не?
Дәйексөзді талдап, қорытынды жасау арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәні ашылып, оның қасиеттері туралы білімдері толықтырылады.
|
Оқушылар
Пифагордың қанатты сөзінің мағынасын талқылайды, оны екі рет қайталайды және дәптерге жазады.
|
Жұмыс дәптерлері.
|
4. Оқиға айту (әңгіме)
|
Мұғалім алып келген сыйын айтып береді.
Кім бақыттырақ
Бірде екі ағайынды бәстеседі.
Кішісі: «Мен өз еңбегіммен байып, бақытты боламын», – дейді.
– Өмір бойы жұмыс істегеннің несі бақыт,– дейді оның ағасы. Маған байлықты сәттілік сыйлайды деп үміттенемін.
Ағайындылардың әңгімесін еңбекқорлық пен сәттілік естіп, олармен бірге тұруды шешеді. Еңбекқорлық інісінің үйіне, ал сәттілік ағасының үйіне барып тұрады.
Інісі тынымсыз еңбек етеді. Өзіне үй салады, үлкен бақ өсіріп, үйленіп, ұл өсіреді. Ағасын сол кезден көрмепті, оның байлық тауып, қалада тұратынын естіпті. Ұлы үйленетін кезде, ол ағасын тойға шақырады. Қаладағы үйін тауып, темір қақпасын ұзақ қағады.
Бір кезде кәрі, бүкірейген шал шығады. Інісі ағасын әрең таниды.
– Сені соншама қандай қасірет қартайтып жіберді?– деп таң қалады інісі.
– Қайғы емес, алаңдаушылық, – дейді ағасы. Сәттілік маған бір сандық алтын сыйлады. Оны ұрылар мен көре алмаушылардан сақтау өте қиын болды.
– Естуімше, сен де кедей емессің, ал сен байлығыңды ұрлап кетеді деп қорықпайсың ба? – дейді ағасы.
– Еңбекпен тапқан байлықты ешкім ұрлай алмайды, – дейді інісі жымиып.
Сұрақтар:
1. Ағайындылардың әңгімесінен нені байқадыңдар?
2.Әңгімеде қандай қасиеттер туралы айтылған?
3.Еңбекқорлықтың адам өміріндегі маңызын қалай түсінесіңдер?
4.Адамда неліктен алаңдаушылық пайда болады? Оны қалай жеңуге болады?
5.Аңыз қай құндылық туралы айтылған?
6.Аңыздан қандай қорытында жасауға болады?
|
Оқушылар әңгімені тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, бақыттың мәнін ұғынады.
|
http://ustazdar.kz/achyksabak/ozinozi/4705-bayt-shaynda.html
|
5. Шығармашылық жұмыс
|
Мұғалім оқушыларға тапсырмаларды түсіндіріп өтеді.
4 тапсырма: Берілген сөз тіркестерін оқып, мағынасын тауып жазу.
Бақыт қонды
Бақыт құшағында
Бақыт таңы атты
Бақытқа бөленді
Бақыты жанды
Мұғалім адам шынайы бақытты өзімен –өзі және айнала қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүріп, өз өмірін жақсы іске арнағанда сезінетінін, мол бақытқа ақ ниетпен ізгі пейіл ғана апара алатынын ұғындыру.
|
Оқушылар дәптерде тапсырманы орындайды.
|
7 сынып оқушыларына арналған өзін-өзі тану дәптері, 19 бет.
|
6. Жобалау қызметі
|
7 тапсырма. Жобаның бірінші кезеңінен естеріңде қалған айрықша әсерлерді жазыңдар.
|
|
|
7. Топпен ән айту
|
«Бақыт»
Өлеңді жазған: Мұқағали Мақатаев
Бақыт деген сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.
Бақытын да басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның күлгенің.
Бақыт жайлы менің мынау білгенім
Бақыт деген бірде шаттық бірде мұң.
Бақытты сол-тәрік етіп түндерін
Бақыт іздеп азаптанса кімде кім.
Бақыт деген әркімдерде бір арман
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір
Бақыт жайлы жазалмаған шығармаң.
|
Оқушылар әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді.
|
Ән мәтінін экранда шығару
|
8. Үй тапсырмасы
|
Келесі сабақ № 9 сабақ Мамытбек Қалдыбай «Адам не үшін өмір сүреді?...» үзіндіні оқып келу
|
Оқушылар үй тапсырмасын жазады.
|
7 сыныпқа арналған, өзін-өзі тану оқулығы, 38 бет.
|
9. Сабақтың қортынды сәті
|
Мұғалім оқушыларға сабақта игерген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, оны жүрегінде сақтауды ұсынады.
|
Оқушылар рефлексия жасайды.
|
Баяу композиция қойылады.
https://www.youtube.com/watch?v=qYNDmpMkBZs
|