Пәннің жұмыс бағдарламасы (syllabus)



бет17/34
Дата30.04.2020
өлшемі266,42 Kb.
#65251
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34
Байланысты:
zhusipbaeva r.s. umkd geografiya 2019

1.2.Мемлекеттердің құрылысы

Кез-келген елдің мемлекеттік құрылысы негізінен басқару түрімен сипаталады. Басқару түрі елдің қоғамдық- саяси өміріне және дәстүрлеріне әсер еткенімен, елдің экономикалық даму деңгейі мен ішкі саяси жағдайын анықтамайды. Негізінен басқарудың екі түрі - республикалық және монархиялық түрлері бар.

-Басқарудың республикалық түрі жаңа және ол соңғы уақытта көп таралған. Әлем елдерінің көп бөлігі – республика (шамамен 150 ел).

Республикада елдің жоғары басқару органдары сайламалы немесе өкілеттілік негізде құрылса, заң шығарушы билік - парламенттің құқығында, ал атқарушы билік - үкіметтің билігінде.

Республиканың президенттік, парламенттік және идеократиялық түрлері бар. Президенттік республикаларда негізгі билік президенттің қолында шоғырланған (ол - мемлекет басшысы, үкімет бастығы, жоғары қолбасшы, т.б.). Осындай басқару түрлерінің саны басым, мысалы, Африка мемлекеттерінің 90 %-ы президенттік республикалар. Олар Америкада (АҚШ, Мексика; Аргентина) елеулі басым, ТМД елдерінің көбісі президенттік республикалар.

Парламенттік республикалар негізгі биліктің парламентте болуымен ерекшеленеді. Олар негізінен Еуропада басым (Германия, Австрия, Италия, Греция).

Идеократиялық республикаларда саяси жүйе белгілі бір саяси немесе діни идеологияға негізделген (Ветьнам Социалистік Республикасы, Пәкістан Исламдық Республикасы т.б.)

-Монархиялық басқару түрі құл иеленушілік құрылыс кезеңінде пайда болып, феодализмде негізгі басқару түрі болды. Осы уақытта әлемнің саяси картасында 30 монархиялық ел бар.

Монархиялық мемлекеттік басқару түрінде жоғарғы мемлекеттік билік бір адамға - монархтың қолында шоғырланған және ол әкеден балаға мұраға беріледі.

Абсолютті монархиялы елде монархтың билігі шексіз. Олардың саны азая түсуде, көбісі Азияда орналасқан: Бутан, Катар, Бахрейн және т.б.

Конституциялық (парламенттік) монархия – бұл монархтың өкілеттілігі конституциямен (парламентпен) шектелген, ал үкіметтік билік парламенттің (заң шығарушы) қолында шоғарланған және ол атқарушы билікті-үкіметті құрайды.

Теократиялық монархиялы елдерде діндік және үкіметтік билік бірлесе атқарылады және монарх сонымен бірге дін басы болып табылады. Әлемде осындай елдер тек үшеу: Сауд Аравиясы, Ватикан және Бруней.

Кез-келген мемлекеттің негізгі элементі – бұл әкімшіліктік –аумақтың құрылысы. Ол саяси құрылыс және мемлекеттік басқару түрінің сипатымен байланысты, тұрғындарының ұлттық-этникалық құрамын көрсетеді, аумағының қалыптасуының тарихи-географиялық ерекшеліктерін мінездейді.

Осы келтірілген белгілері бойынша әлемнің барлық елдері унитарлы және федеративті болып бөлінеді.

Унитарлы мемлекет – біртұтас мемлекеттік құрылым, әкімшіліктік – аумақтық бірліктерінің тәуелсіздік белгілері жоқ, бір орталықтан бағындырылады. Әлемде осындай елдер саны басым. Олардың қатарына Қазақстан, Румыния, Польша, Қытай т.б. жатады.

Федерация – мемлекеттік құрылыстың соңғы кезеңде пайда болған жас түрі, оларда заң шығарушы және басқару биліктері тұтас болғанымен өзін - өзі басқаратын әкімшіліктік бірліктер кездеседі. Өз кезегінде олардың заң шығарушы және атқарушы органдары бар. Федерация аумақтық немесе ұлттық белгілеріне сәйкес құрылады.

Конфедерация – тарихи тұрғыдан сирек кездесетін, бірақ бірнеше ғасыр бойы қалыптасқан мемлекеттің құрылыс түрі. Ол тәуелсіз мемлекеттердің ортақ мүдделерін қорғау, қамтамасыз ету мақсатында уақытша заңды одақ құруы. Көп жағдайда конфедерациялық одақ біраз уақытқа құрылып, кейіннен ыдырайды немесе федерацияға айналады. Швейцарияның конституциясы бойынша статусы конфедерация, бірақ елдің нақты құрылысы федерацияға жақын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет