Электрондық оқулық
№
|
Оқулық атауы
|
ҚазТБУ кітапханасы
|
1.
|
Гладкий Ю. «Экономическая и социальная география мира» Москва 2000
|
1
|
ҚазТБУ кітапханасындағы оқулықтар тізімі
№
|
Оқулық атауы
|
Оқулықтың саны
|
|
Негізгі әдебиет:
|
|
1.
|
Бейсенова А.С.,Каймулданова К.Д, Абилмажинова С.А. «География» Учебник для 10 классов Издательство «Мектеп» 2006
|
7
|
2.
|
Липец и др. «География мирового хозяйства» М., «Владос»1999
|
5
|
3.
|
Максаковский В.П. «Географическая карта мира» Учебник: части №1,2,3 – «Ярославль 1998 г.
|
10
|
4.
|
Липец Н.А. и др. «География мирового хозяйства». Москва 1999
|
10
|
5.
|
Скопин А.Ю. «Введение в экономическую географию». Москва 2001
|
5
|
6.
|
Макеановский В.П. «Географическая карта мира» Яр. 1998
|
10
|
|
Қосымша әдебиеттер:
|
|
1.
|
Вольский В.В. «Социально-экономическая география зарубежных стран мира» Москва 1998
|
1
|
2.
|
Гладкий Ю. «Экономическая и социальная география мира» Москва 2000
|
1
|
3.
|
Ярмухамедов М.Ш. «Экономическая география Казахской ССР» Москва 1996
|
5
|
4.
|
Хаггет П. «География: Синтез современных знаний» Москва 1979
|
5
|
Глоссарий
Аймақтарды типологизациялау - бұл аймақтық ұйымдастыруды қандай – да бір белгілері бойынша бөлу, топтастыру
Аймақтық валдық өнім - аймақтар арасында өзарақатынасты неғұрлым жалпылама сипаттау үшін қолданылады.
Аймақтың профилі - бұл аймақ шаруашылығының базалық салаларының жиынтығы, яғни оның мамандану салалары.
Анклав(француз.enclave) – жан-жағынан басқа мемлекеттің аумағымен қоршалған бір мемлекет аумағының бөлігі.
Геосаясат - елдің географиялық жағдайы және басқа физикалық, экономикалық, географиялық факторлармен шартталатын мемлекеттің сыртқы саясаты мен халықаралық қатынасты саяси, әскери-стратегиялық, экологиялық, халықаралық байланыстарға тәуелділігін зерттейтін ғылыми бағыт.
Дезурбанизация - урбандалу процесіне белгілі бір қарама- қарсы жағдай, халықтың қаладан тыс жерге шоғырланбауы және қоныстану процесі.
Демография(грекше demos-халық және grafo - жазу) – халық санының өсуі және халықтың ұдайы өсуі. Демографиялық жарылыс – туудың жоғары қарқынын сақтау арқылы өлімнің шұғыл төмендеуі нәтижесінде, халық саны өсімінің күрт артуы.
Депопуляция(depopulation- халықтың азаюы) - халық санының төмендеуі, азаюы.
Еңбек ресурстары - еңбек ету үшін білім, ойлау қабілеті, қажетті физикалық дамуы бар ел халқының бір бөлігі.
Еңбек өнімділігі - адамның еңбек әрекетінің жемісі, өнімділігі. Бір жұмысшының белгілі уақытта жасап шығарған өнім мөлшері немесе белгілі өнімді жасауға кеткен уақыт бірлігімен есептеледі.
Иерархия(грекше – hierarchia-әулие, arche- билік) – тұтастық элементтері және бөліктерінің жоғарыдан төменге қарай орналасу реті.
Импорт(ағыл. Import - әкелу) - басқа мемлекеттерден елге тауар әкелу, тасу.
Индустриалиизация(лат. Industria – ынта, жігер) – шаруашылықтың барлық салаларында, өнеркәсіпте, әсіресе ірі машиналық өндірісті жасау нәтижесінде елдің аграрлықтан индустриялдық құрылымға өтуі.
Инфрақұрылымлат.infra – төмен және structura - орналасу)- халықтың күнделікті сұранысын қамтамасыз ету үшін қажетті жүйелер мен қызметтер, құрылыстар, ғимараттар, т.б жиынтығы.
Кооперациялау - белгілі бір өнімді дайындауды бірлесіп атқаратын дербес кәсіпорындар мен жекелеген шаруашылық салалары арасындағы тығыз өндірістік байланыс.
Мамандандыру - белгілі бір дайын өнімді, оның жеке бөліктерін даярлау немесе дербес технологиялық операцияларды орындау ісі арнайы бір салаға, оқшауланған кәсіпорныға оның ішіндегі құрылымдарға жүктелуі.
Мамандану(лат.specialis дара, ерекше)- Ауданның мамандануы-ауданда белгілі өнім өндірісі немесе белгілі қызмет көрсету түрінің шоғырлануы.
Мегалополис(грекше megas-үлкен және polis – қала; бұл атау 35 мекеннің қосылуынан пайда болған ертедегі грек қаласы Мегалоаполь атымен аталған) – бірнеше қала агломерациясының бірігуінің нәтижесінде пайда болған ең ірі қоныстану формасы.
Мигарция(лат. migratio – көшіп - қону)- халықтың аумақтар бойынша көші-қоны (қоныс аудару, мезгілді және тербелмелі көші-қоны).
Миграция сальдосы(итал. saldo өтемақы, есеп, қалдық) – халықтың механикалық өсімі тәріздес белгілі аумаққа қоныс аударып келушілер мен белгілі уақыт аралығында қоныс аударып кетушілер саны (бір жыл ішінде) айырмашылығы.
Негізгі өндірістік қорлар - материалдық өндірістің машина жасау, құрал-жабдықтар, өндірістік ғимарат, құрылыстар салуда пайдаланылды.
Өндірістік ұйымдастыру - сапалы өнім шығару, оның түрлерін көбейту, еңбек өнімділігін арттыру, өндірістік шығындарды азайту, еңбек жағдайын жақсарту және мамандардың біліктілігін көтеру негізінде өндіріс орынының тиімділігін көтеру мақсатындағы еңбек процесі мен өндіріс заттарын уақыт пен кеңістікте ұтымды ұштастыруға бағытталған іс-шаралар жиынтығы.
Өндіруші өнеркәсіп - минералдық ресурстар, кен байыту, құрылыс материалдарын, басқадай шикізат түрлерін өндіру, балық аулау, ағаш дайындау, т.б. салалары жатады.
Өнеркәсіп торабы - ортақ мүдделі жағдайда бірыңғайлы көліктік географиялық орнымен, өзара өндірістік – технологиялық байланыстармен бірлестірілген өнеркәсіптік кәсіпорындардың серіктесіп орналасқан аумағы.
Өнеркәсіп - адамзат қоғамының өндіргіш күштерінің даму денгейіне ықпал етуші шаруашылықтың жетекші саласы.
Өнеркәсіп орталықтары -өнеркәсіп салаларының шоғырланып орналасуымен ерекшеленетін қала немесе кент аумағы. Өнеркәсіп орталықтары, негізінен, өндірістің ауқымдылығымен және құрамының күрделілігімен ерекшеленеді.
Өңдеуші өнеркәсіп - аралық өнімдер мен даяр бұйымдар алумен шұғылданатын: металлургия, химия, машина және құрал-жабдықтар жасау, металл және ағаш өндеу, тоқыма тамақ т.б. өнеркәсіп салаларынан тұрады.
Приватизация(лат. privatus - жеке)- мемлекеттің меншігіне жеке қожайындарға беру, жекешелендіру.
Рекрация(recreatio – қалпына келтіру). Рекрациялық ресурстар – адам денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін, жақсы демалыс үшін жасайтын ресурстар.
Рурбанизация - қала жағдайлары мен нормаларды ауылды елді мекендерге енгізу. Мысалы: канализация тартуы, телефон жүйесін құру, инфрақұрлымдарды (қызмет көрсетуді) дамыту және т.б.
Сауаттылық - адамның күнделікті өміріне қатысты оқу, қысқа мәтінді түсіну және жазу, қысқа мәтінді түсіну және жазу.
Субсидия(лат. subsidium –көмек, қолдау)- мемлекеттен әлдебір аймаққа, әлеуметтік топтарға, салаларға бөлінетін ақша қоры.
Терминал(лат. terminus – шектен шығу, соңы) – көлік торабының жекешеленген, маманданған бөлігі (мысалы, теңіз портындағы мұнай айлағы, т.б.).
Урбанизация(лат. urbanus - қалалық)- қала халқының үлес салмағының өсуі, қалалар рөлінің артуы және қалалық өмір салтының таралуы процесі.
Халықаралық сауда - әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтарының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы.
Халықтың аймақтарға шоғырлануы(лат. concentratio – жинақталу, үйірілу)-халықтың жеке, орталық, зона, аудандарға шоғырлануы. Шоғырлану процесі халықтың әркелкі орналасуын күшейтеді.
Халықтың табиғи өсімі - туу мен өлім саны аралығындағы айырмашылық.
Шаруашылықтың салалық құрылымы - өнімнің бағасы, негізгі өндірістік қордың бағасы және жұмыс істейтіндердің саны бойынша әр түрлі өнеркәсіп салаларының арасындағы өзара арақатынасы.
Шоғырландыру - өндірісті ірілендіру мақсатында өндіріс құрал-жабдығының, еңбек қорларының және өндірілетін өнімінің барынша іргелі кәсіпорындарға тоғыстырылып жинақталуы.
Экологиялық белсенді халық - жұмыспен қамтылған халық (жұмыс істейтіндер) пен жұмыссыздарды біріктіреді (белсенді түрде жұмыс іздеушілер және еңбекке даярлау).
Экологиялық жағдай - белгілі аумақтағы қоршаған ортаның табиғи жағдайы.
Экономикалық аудан - экономикалық – географиялық жағдайы, табиғи, еңбек ресурстары мамандануы. Өндірістің өзара байланыстылығы бойынша айырмашылығы бар аумақ.
Экспорт(ағыл. Export – сыртқа шығару)- басқа елдерге тауар шығару.
Этнос(ағыл.ethnos - халық) – адамдардың – тайпа, халық, ұлыс тарихи қалыптасқан тұрақты топтары.
Достарыңызбен бөлісу: |