Пәннің жұмыс бағдарламасы (syllabus)


Дәріс №1. Дүниежүзінің жалпы сипаттамасы



бет16/34
Дата30.04.2020
өлшемі266,42 Kb.
#65251
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
Байланысты:
zhusipbaeva r.s. umkd geografiya 2019

Дәріс №1.

Дүниежүзінің жалпы сипаттамасы

1.1.Дүниежүзінің саяси картасы

1.2.Мемлекеттердің құрылысы

Тарихи-географиялық аймақтар. Казiргi әлем 16 тарихи-географиялық аймаққа бөлiнедi

1.Батыс Еуропа 9.Латын Америкасы

2.Шығыс Еуропа 10.Солтүстiк Африка

3.Теуелсiз Мемлекеттер 11.Батыс Африка

достастығы (ТМД) 12.Орталык Африка

4.Оңтүстiк-Батыс Азия 13.IIIығыс Африка

5.Оңтүстiк Азия 14.Оңтүстiк Африка

6.Орталық және Шығыс Азия 15.Аустралия

7.Оңтүстiк-Шығыс Азия 16.Мұхит аралдары

8.Солтүстiк Америка

Аймақтардың атауларын,құрамы мен шекарасын айқындауда елдер топтастырудың байырғы дәстүрiне суйенгенiмен, соңғы жылдары географиялық әдебиеттерде,әсiресе елтану бағытындағы еңбектерде берiлiп жүрген жiктелуі де ескерiлдi. ТМД-елдерiн бiртұтас тарихи-географиялық аумақ ретiнде жiктеуiмiздiң озі бұл аймақта орналасқан елдердiң ұзақ жылдар бойы бiртұтас географиялық экономикалық,мәдени кеңiстiк түзгендiгiмен ғана емес, тарихй тагдырлары.ортақтығымен түсiндiрiледi.ТМД шеңберiнде дамып, нығайып келе жатқан алуан түрлi байланыстар жүйесi,елдер экономикасының даму мүмкiндiгi сыртқы саясатында ортақ мүдделерiнiң болуы,айрықша геосаяси жағдайы тарихи-аймақ ретiнде қарастыруы себептi болды. Саяси картаның негізгі нысандарына геокеңістік, аумақ, шекара жатады. Геокеңістік - бұл географиялық қабықшаның шеңберіндегі географиялық объектілер мен құбылыстардың өмір сүру түрі, ал философиялық тұрғыдан алғанда кеңістік уақыт пен материямен бірлесе болатын тіршіліктің әмбебап түрі. Аумақ ұғымы кеңістікпен салыстырғанда белгілі бір географиялық координаттарға байланыстылығымен, нақтылығымен ерекшеленеді. Ол құрлықтың табиғи ерекшеліктерімен және адамның іс әрекетінің нәтижесінде жасалған қасиеттері мен қорларын қамтитын бөлігі.

Жалпы елдің аумағы- бұл белгілі бір мемлекеттің тәуелсіз басқаратын жер шарының бөлігі. Елдің аумағының құрамына оның шекарасының шеңберіндегі құрлықтың, судыңжәне құрлық пен судың үстіндегі ауа кеңістігінің бөлігі кіреді.

Мемлекеттік шекаралардың ерекше түрі - бұл мемлекеттік құрылыс, ұлттық ерекшелік, кедендік бақылау, сыртқы сауда ережелері т.б. жағдайлармен реттелетін саяси экономикалық шекара. Шыққан тегі мен өмір сүру ұзақтығына байланысты шекараның келесідей түрлері бар: антецеденті немесе қабаттасқан шекаралар, ол аудандардың қоныстануы мен дамуына дейінгі болған шекара, ал субсеквенті шекаралар ол аумақ қоныстанғаннан кейінгі жүргізілген шекара жатады. Олар қазіргі уақыттағы көптеген елдердің шекаралары.

Мемлекеттің аумағының негізгі проблемасы бұл мемлекеттік шекараны белгілеу. Оның өзі үш кезеңнен өтеді:

а) Аллокация – көрші елдермен аумақты бөлісу туралы саяси келісімге келу.

б) Делимитация – ел шекарасы картада нақтыланады.

в) Деморкация – бұл сол аумақта жерде шекараны белгілеу және өте дәл карталарға салу ( 1см:100 000 масштабы нақты көрсетіледі)

Кейбір жағдайда редеморкация немесе шекараны қайта қарап белгілеуде болуы мүмкін. Мемлекеттік шекараның атқаратын функциялары: саяси, қорғаныс, әскери стратегиялық.

Жалпы мемлекеттік шекара көрші ел мен арадағы құқықтық- заңдық, экономикалық, әлеуметтік функцияларды шектейтін сызық болып табылады. Сонымен бірге мемлекеттік шекара барьерлік және контактылық қызмет атқарады.

Барьерлік элементтер шекарадан өткенде құжат тексеру, кедендік бақылау, ерекше жағдайларда экономикалық, адамдар қатынасын толық бөгеу түріне дейін жүргізіледі

Контактылық элементтері мүмкіндігінше көрші елдермен байланысты дамытуға бағытталған.

Аралас режимді аумақтарға континентальді шельф және экономикалық аймақ жатады.

Континенталді шельф, ол үш түрлі белгісімен ерекшеленеді: 1- мемлекеттік аймаққа шектей орналасады, 2- тереңдігі 2000 метрге дейін, 3- қорларын техникалық тұрғыдан өндіруге болатыны. Континенталды шельфтің сыртқы шекарасын анықтауда формула ұсынылған ол теңіз құқығы Конвециясының түсіндіруі бойынша, шекара жағалаудан 350 мильден артық болмау керек немесе 2500 метрлік изобатадан 100 мильдік қашықтық шеңберінде болуы тиіс. Жалпы қазіргі уақытта көптеген теңіз жағалауындағы елдердің теңіз шекарасы жағалаудан 3-12 мильдік қашықтықтық шеңберден аспайды. Теңіз жағасындағы мемлекет континентальді шельфте табиғи қорларды барлауға, игеруге және қолданылуға құқылы, бірақ теңіз акваториясына иеліктік құқығы жоқ..Қоғамның геокеңістіктегі саяси қалыптасуының негізгі нәтижесі- бұл геосаясаттық жүйелердің пайда болуы. Жалпы алғанда қоғамдық-географиялық ғылымдарда дәстүр бойынша әлемдегі аса ірі геосаясаттық жүйе «Әлемнің саяси картасы» категориясымен анықталады. Қоғамның саяси іс әрекетімен геокеңістіктің бір-біріне әсері мен тәуелділігінің тұрғысынан қарағанда әлемнің саяси картасы ғаламдық геосаяси жүйенің қалыптасуын білдіреді.

Кез-келген геосаяси жүйе өзінің элементтері ретінде, құрылымының сипатын ашатын геосаяси қатынастардың субъектілерінен және объектілерінен тұрады.

Әлемнің саяси картасы елдердің осы заманғы әлемдегі орнын, мемлекеттік құрылысын және басқару түрін көрсетеді. Оған соғыстардың, мемлекет аралық келісім шарттардың, бір мемлекеттердің ыдырап, екінші мемлекеттердің құрылуы, мемлекеттік құрылыс және басқару түрінің ауысуы, мемлекеттердің және олардың астаналарының аталуының өзгеруі, астанасының ауысуына т. б байланысты жоғарғы өзгергіштік тән.

Әлемнің саяси картасындағы барлық әр түрлі өзгерістер сапалық немесе сандық сипатқа ие.

Сапалық өзгерістер елдің тәуелсіздігін алуына немесе оны жоғалтуына, саяси – мемлекеттік басқару түрінің және елдің әкімшіліктік-аумақтық құрлысының өзгерісіне, халықаралық ұйымдардың және одақтардың құрылуы мен ыдырауына, саяси режимнің және саяси-партиялық жүйінің ауысуына байланысты.

Сандық өзгерістерге мемлекетке жаңадан ашылған немесе соғыстың нәтижесінде басып алған аумақтарды қосып алуына, елдің бірігуі немесе ыдырауы және басқа елдермен аумағының кейбір бөліктерін компенсациялық негізде ауыстыруы жатады.

Осы заманғы саяси үрдістердің мәні сандық өзгерістердің, көбінесе сапалық өзгерістерге орын беруінде.

Осы заманғы әлемнің саяси картасының қалыптасуы – ұзақ мерзімдік тарихи үрдістің бүкіл әлемдік тарихтың әр түрлі кезеңдеріндегі қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани дамуының нәтижесі және оның дамуында ежелгі, орта ғасырлық және жаңа, ең жаңа кезеңдері бар.

1.Ежелгі кезең алғашқы мемлекеттердің түрлерінің қалыптасуынан біздің дәуіріміздің V- ші ғасырына дейін созылды. Оған қоғамдық құрылыстың құл иеленушілік түрі сәйкес болды. Осы уақыт Ежелгі Египет, Карфаген, Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим тағыда басқа алғашқы мемлекеттердің дамуы мен қирау кезеңі. Олар әлемдік өркениеттің дамуына үлкен үлестерін қосты.

2.Орта ғасырлық кезең V-XV – ды қамтиды. Қалыптасқан феодалдық дәуір мемлекеттің саяси функциясын күрделендірді. Әлемнің саяси картасының аумақтық-саяси қарама-қайшылықтарға қарамастан елдер арасындағы интеграциялық тенденциялар байқалады. Ол Еуропа, Оңтүстік Батыс, Орталық және Оңтүстік Азияда ірі монархиялық мемлекеттердің құрылуына себепші болды. Аймақтардың байланысы нығайып, ішкі рынок қалыптасты. Осы кезеңде Рим империясы Византия, Англия, Испания, Португалия, Киев Русьі сияқты мемлекеттер болды.

Ұлы географиялық ашылулар әлемнің саяси картасын елеулі өзгертті. Олар жекелеген өркениеттің бейтарап дамуын тоқтатты. Португалия, Испания сияқты алғашқы колониялды мемлекеттер қалыптасты.

3.Жаңа және ең жаңа кезең. Жаңа кезең XV-XVI ғасырларда басталып 1-ші дүниежүзілік соғысқа дейін созылды. Осы уақытта әлемде капитализм туындап, көтеріліп, бекіді. Ол Еуропалық колониялды экспансияның басталуына себепші болып, әлемдік шаруашылықтық байланыстарды кеңейтті. Испандықтар мен португалдықтардан кейін басып алушылық саясатты Англия, Франция, Нидерланд, Германия, соңынан АҚШ жүргізді. Империялық басқыншылықтың көлемі кеңейіп саяси картаның жиі өзгеруіне себепші болды. Ол әсіресе XIX-XX ғасырда аса тұрақсыз болды, себебі жетекші елдердің арасында әлем аумағын бөлу үшін күрес қарқынды жүрді. 1890 жылдары Ұлыбританияны ығыстырып АҚШ пен Германия жетекші экономикалық елге айналды. Бұл әлемді бөлісу үшін күресті ушықтырды. XX-дың басында Африка аумағының 90 %-ы, Азия аумағының – 57 %-ы, Америка аумағының -27 % және Австралия мен Мұхит елдерінің 100 % аумағы әлемдегі 10 ел – метрополияның колониясы болды. Аса ірі колониялық жүйелер ( жартылай колонияны қоса алғанда) Британдық және Француздық болды.Ең жаңа кезең әлемдік саяси картаның 1-ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде қалыптасуынан қазіргі уақытқа дейін жалғасуда. Оны бірнеше геосаяси кезеңдерге бөлуге болады.

Бірінші кезең Еуропаның саяси-географиялық өзгерістерін қамтыды. Германия көршілес елдерге олардан бұрын тартып алған жерлерін қайтаруының нәтижесінде аумағының 13 %-н жоғалтты. Чехословакия, Австрия, Польша мемлекет ретінде қайта қалыптасты, Франция өзіне Эльзас және Шығыс Латарингияны қайтарды. Германия Тынық мұхиттағы шағын. бірақ стратегиялық тұрғыдан маңызды аумақтарынан айырылды, оларды Жапония алды. Африкадағы Германияның колонияларын негізінен Франция мен Ұлыбритания өзара бөліске салды. Осман империясы ыдырағаннан кейін Араб иеліктерінің көп бөлігі Францияның (Сирия, Ливия) және Ұлыбританияның (Ирак, Палестина, Трансиордания) мандаттық басқаруына берілді. Бірінші кезеңде әлем картасында алғашқы социалистік мемлекет –Кеңес Одағы 1922 жылы пайда болды.

-Бірінші әлемдік экономикалық дағдарыс болған 1929-1933 жылдардағы кезеңде Германияда, Италияда, Жапонияда фашизация және милитаризациялану тенденциясы пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен Версаль бейбіт жүйесінің шешіміне наразылық елдер арасында әлемді қайта бөліске салу үшін күрестердің қалыптасуына негіз болды. Африкадағы, Азиядағы және Еуропадағы агрессиялар ошағы екінші дүниежүзілік соғыстың туындауына себепші болды.

Агрессор – мемлекеттердің жеңілісі әлемнің саяси картасының тағы да өзгеруіне себепші болды. Агрессор – елдер ықпал ету аймағынан және колонияларынан айрылды, АҚШ-тың геосаяси қуаты кеңейіп күшейді, 1945 жылы БҰҰ-ы құрылды, әлемдік социалистік жүйе қалыптасты, әлемдік колониялық жүйе ыдырап көптеген тәуелсіз елдер алғашында Азияда, одан кейін Африкада, Латын Америкасында, Мұхит арлдары елдерінде құрылды.

-Жиырмасыншы ғасырдың 90 жылдарының басынан әлемнің саяси картасының қалыптасуының үшінші (қазіргі) кезеңі. Осы кезеңнің аса маңызды өзгерістері:

-Классикалық түрдегі әлемдік социалистік жүйенің ыдырауы;

-1991 жылы КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы (ТМД);

-Шығыс Еуропадағы социалистік елдерде бейбіт революциялардың болуы;

-Югославияның ыдырауы, Словения, Босния және Герцоговина, Македония, Хорватия Республикаларының, Югославия Одақтық Республикасының (соңынан Сербия және Черногория жаңа тәуелсіз мемлекеттері) құрылуы.

-Өткір саяси дағдарыс бұрынғы Федерацияда азаматтық соғыс және ұлтаралық жанжалдардың тұтануына себепші болды;

Деколонизациялану үрдісінің жалғасуы: Африкадағы соңғы колония – Намибия тәуелсіздігін алды, Мұхит елдерінде жаңа тәуелсіз елдер – Микронезия Федеративті Штаттары, Маршалл Республикасы , Солтүстік Маршалл Достастығы аралдары (бұрынғы АҚШ-тың қол астындағы аумақтар) құрылды;

1990 жылы ГДР және ГФР қосылып біртұтас Германия мемлекетті құрылды: Араб мемлекеттері – Йемен Араб Республикасы және Халықтық Демократикалық Йемен Республикасы бірігіп Йемен Республикасы құрылды;

-Чехословакия 1993 жылдың қаңтарында бейбіт жолмен ыдырап Чехия және Словакия тәуелсіз мемлекеттері құрылды;

-1993 жылы Эритрея мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады (Эфиопияның Қызыл теңіздік жағалауындағы бұрынғы провинциясы);

-1994 жылы Мұхит елдерінде Палау мемлекеті құрылды;

-1997 жылы Ұлыбританияның Қытайдан Гонконгті 99-жыл жалға алу мерзімі аяқталды.

Әлемнің саяси картасындағы болашақ өзгерістер көп ұлтты елдердегі этномәдени үрдістердің жүру бағытымен, елдер мен халықтар арасындағы, экономикалық, саяси және мәдени қатынастардың сипатымен аңықталады.

Әлемнің осы заманғы саяси картасы қоғамның 1000 жылдық дамуының нәтижесі. Қазіргі уақытта әлемде шамамен 240 тәуелсіз ел мен өзін-өзі басқармайтын аумақтар бар.

Мемлекеттің тәуелсіздігі - бұл елдің заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің өз аумағына кез-келген шетелдік араласуды болдырмайтын толықтай заңды белгі.

Қазіргі әлемде шамамен 40 ел мен аумақтар өзін-өзі басқармайтындар қатарында. Олардың ауданы құрлық аумағының шамамен 1%-н құрайды. Олардың бір бөлігі БҰҰ-ның тізіміне енгізіліп, белгілі бір кезеңде тәуелсіз елдер қатарын толтыруы мүмкін. Келесі бір бөлгі «теңіздің арғы бетіндегі департаменттер», «теңіздің арғы бетіндегі аумақтар», «еркін біріккен мемлекеттер», тағы сол сияқты өздерін басқаратын мемлекеттерге тәуелді елдер мен аумақтар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет