Пәннің жұмыс бағдарламасы (syllabus)


Дәріс 15 15. Адамзаттық ғаламдық проблемалар



бет34/34
Дата30.04.2020
өлшемі266,42 Kb.
#65251
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
zhusipbaeva r.s. umkd geografiya 2019

Дәріс 15

15. Адамзаттық ғаламдық проблемалар

15.1.Ғаламдық проблемалардың ерекшеліктері. Бейбітшілікті сақтау проблемасы.

15.2. Ғаламдық экологиялық проблемалар.

    1. Шикізатпен қамтамасыз ету және энергетикалық проблемалар.

    2. Азық-түлік проблемасы.

Демографиялық проблемалар. Дүниежүзілік мұхитты игеру проблемалары.

Ресей географы В.П. Максаковскийдің анықтамасы бойынша, ғаламдық проблемалар деп бүкіл дүние жүзін, бүкіл адамзатты қамтитын, оның қазіргісі мен болашағына қауіп төндіретін және өзінің шешілуіне бірігіп күш жұмсауды, барлық мемлекеттер мен халықтардың біріккен әрекетін талап ететін проблемаларды атайды.Сипаты жағынан ғаламдық проблемалар әртүрлі болады, олардың маңыздылары қатарында:

Бейбітшілік сақтау мен қарусыздану проблемасы;

Экологиялық проблема;

Демографиялық проблемалар;

Азық-түлік проблемасы

Энергетика және шикізат проблемалары

Дүниежүзілік мұхитты игеру проблемасы

Ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты. Мәселен, энергетикалық және шикізат проблемалары экологиялық проблемамен, ал экологиялық проблема демографиялық проблемамен, демографиялық проблема өз кезегінде азық-түлік проблемаларымен және т.б. өзара байланысты. Осы проблемалар ішінен бейбітшілікті сақтау проблемасын бірінші кезекке қоюға болады, себебі Жер бетінде тіршіліктің сақталуының өзі тікелей бейбітшілікке тәуелді екендігі сендерге айдан анық түсінікті. Бейбіт өмір жағдайында қарулануға жұмсалып жатқан қыруар қаржыны шешімін таппаған басқа проблемалардың қажеті үшін емін-еркін пайдалануға мүмкіндік туған болар еді.

Экологиялық проблемаларды ғаламдық әсер ету дәрежесі мен сипатына қарай екінші кезекке қоюға болады. Өйткені адамзат тіршілігінің болу-болмауының өзі экологиялық проблемаларды шешу мен оның алдын алуға тікелей қатысты болып отыр.

Бейбітшілік сақтау проблемасы. Адамзаттың ғаламдық проблемалары арасында Жер шарында бейбітшілікті сақтау және жаңа дүниежүзілік соғысқа жол бермеу проблемасы аса маңызды орын алады. Өйткені бүгінгі таңда Жер шарында жинақталған қару-жарақтың ең соңғы үлгілері санаулы сағаттарда-ақ миллиондаған адамдардың мерт болуына жеткілікті. Жаппай қарулану немесе милитаризация (латынша mіlіtarіs - әскери) экономиканың, жалпы қоғамның дамуына кері ықпал етеді.

Жаппай қарулану және әскери шығындар. Қазіргі кезде әскери шығындар көлемі адамзаттың ең кедей бөлігінің табысынан бірнеше рет асып түседі. ХХ ғасырдың соңына қарай дүние жүзі бойынша әскери шығындардың жылдық мөлшері 1 трлн. АҚШ долларынан асып түсті. Бұл қарулану үшін минутына 1,9 млн. доллар қаржы жұмсалады деген сөз. Дүние жүзінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлінетін қаржының 25-30%-ын әскери мақсаттағы жобалар құрайды. Сондай-ақ дүние жүзі елдерінің әскер қатарында бүгінгі таңда 25 млн-ға жуық адам жинақталған. Осыншама адам Германия сияқты жоғары дамыған елдің экономикалық белсенді халқының санына тең. Демек бұл көрсеткіш халықтың әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігін шектеп, басқа да көптеген ғаламдық проблемаларды шешуді тежейді.

Ғаламдық экологиялық проблемалар. Дүние жүзіндегі қазіргі заманғы экологиялық жағдайдың нашарлауын адамзаттың тұтыну ауқымы мен биосфераның ресурстық-экологиялық мүмкіндіктерінің сәйкес келмеуімен түсіндіруге болады. Ноосфера туралы ілімнің негізін қалаған академик В.И.Вернадский ХХ ғасырдың ортасында-ақ адамзаттың шаруашылық әрекеті географиялық ортаға табиғаттың өзінде жүріп жатқан геологиялық процестерден кем әсер етпейтіндігі туралы жазған. Одан бергі өткен уақытта адамның табиғатқа әсері одан сайын арта түсті; экологиялық проблемалар ауқымы жөнінен ғаламдық сипат алды. Ғаламдық экологиялық проблемалар түрліше сипатта болады; олардың аса маңыздыларына табиғи ортаның ластануы мен жай-күйінің нашарлауы жатады.

Табиғи ортаның ластануы.

Озон қабатының жұқаруы проблемасы.

Ормандар аумағының қысқаруы.

Шөлейттену.

Ғаламдық экологиялық проблемаларды шешу жолдары

Тұрақты даму концепциясы.

Демографиялық проблема

Демографиялық даму ұғымына халық санының артуы ғана емес, урбандалу, босқындар проблемасы және ұлттар арасындағы қарым-қатынастар тәрізді сан-салалы мәселелер енеді. Сондықтан ғаламдық демографиялық проблеманы демография, экономика және саясаттың өзара күрделі байланыстары тұрғысынан талдап, қарастыру қажет.

Азық-түлік проблемасы. Адамзат қоғамының бүкіл тарихында азық-түліктің жетіспеушілігі әрқашан байқалып отырған, оған әртүрлі себептер әсер еткен.

Ғалымдар дүние жүзі елдерін азық-түлікпен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша бірнеше топқа бөледі:

азық-түлік өнімдерін экспортқа шығаратын елдер (АҚШ, Канада, Аустралия, ЕО құрамындағы кейбір елдер, Финляндия, Венгрия);

азық-түлік жетіспейтін, бірақ оны сырттан сатып алу мүмкіндігі бар елдер (Жапония);

азық-түлік өндірісі жергілікті сұранысты әрең қамтамасыз ететін елдер (Қытай, Үндістан, Оңтүстік Америка елдері);

азық-түлік жетіспейтін, бірақ өзін-өзі қамтамасыз ету үшін су және жер ресурстарын қарқынды игеріп жатқан елдер (Египет, Индонезия, Пәкстан, Филиппин);

жан басына шаққанда азық-түлікпен қамтамасыз етілу жағдайы төмен елдер (Африканың Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан дамушы елдері);

халық санының артуы аумақтың ресурстық мүмкіндігінен жоғары болуы себепті азық-түлік дағдарысы басталған елдер (Гаити, Непал, Сальвадор).



Энергетика және шикізат проблемалары. Қазіргі кезде адамзаттың жыл өткен сайын артып келе жатқан сұранысын өтеу үшін бұрынғыға қарағанда әлдеқайда көп шикізат қажет болуда. Мұның өзі шикізат пен энергетика проблемасын ауқымы жағынан ғаламдық проблемалар қатарына жатқызуға себепші болады. Қазіргі кезде әлемде 160 түрлі минералды шикізат өндіріледі, жыл сайын жер қойнауынан 100 млрд тонна пайдалы қазба алынады. Құрлықтың жартысынан астамы толығымен игерілген.

Дүниежүзілік мұхитты игеру проблемалары. Жер шарындағы тіршілік үшін дүниежүзілік мұхиттың алатын орны ерекше. Мұхит сулары атмосфераны оттегімен байытады, адамдарды құнарлы да пайдалы азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ дүниежүзілік мұхиттың арзан да тиімді көлік жолы дүние жүзі елдері арасындағы халықаралық қарым-қатынасында да маңызды орын алып келді. Құрлықтағы кейбір минералдық ресурстардың азаюы өндіріс ауқымы тез ұлғайып жатқан жағдайда мұхит суларынан кен өндіру, әсіресе мұнай мен газ өндірудің жедел дамуына себепші болып отыр. Дүниежүзілік азық-түлік проблемасының туындауы мұхит суларының биологиялық ресурс ретіндегі қолданылу аясын да күннен-күнге кеңейтуде. Ғылым мен техника жетістіктері мұхит суынан тек мұнай мен газ ғана емес, темір-марганец конкрецияларын; сутегі изотобы—дейтерийді айырып алу; орасан зор толысу энергиясын алатын электр стансаларын салу; теңіз суын тұщыландыру істерінде жаңа болашақ ашуда. Мұхит суында 10 млн тонна алтын бар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет