Пәннің жұмыс бағдарламасы (syllabus)


Дәріс №10 10. Азия елдері. Жалпы сипаттама



бет29/34
Дата30.04.2020
өлшемі266,42 Kb.
#65251
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
zhusipbaeva r.s. umkd geografiya 2019

Дәріс №10

10. Азия елдері. Жалпы сипаттама

10.1. Географиялық орны, аумағы, аймақтары, халқы, табиғат жағдайлары.

10.2. Шетелдік Азия шаруашылығының ерекшеліктер, өнеркәсібі.
Барлық Азия құрлықтың шамамен 70%- ін немесе 43 млн кв км аумақты алып жатса, ал Шетелдік Азия 27 млн шаршы км аумақты алып жатыр.

Шетелдік Азия 4-ірі субаймақтарға бөлінеді: Оңтүстік- Батыс Азия, Шығыс және Орталық Азия,Оңтүстік Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия.

Азияда жер шарының тұрғындарының жартысынан көбі қоныстанған немесе 3,5 млрд адам тұрады. Ал кейбір болжамдар бойынша халық саны 2025 жылы 5 млрд- қа жуықтайды.

Әлемнің халқының санының көптігі бойынша алғашқы 10 елдің қатарына Азиялық Индонезия, Пәкстан, Жапония, Бангладеш кіреді.

Оңтүстік Шығыс Азия құрамына: Вьетнам, Лаос, Камбоджа, Мьянма, Шығыс Тимор және АСЕАН елдері - Сингапур, Малайзия, Филиппины, Индонезия, Таиланд, Бруней жатады. Аймақтың бір қатар елдерінің Азиялық Тынық мұхиттық экономикалық бірлестікке бірігуі халықаралық нарықтың және интеграцияның өсуіне әкеледі.

Азиялық Тынық мұхиттық экономикалық бірлестігінің құрамына келесі елдер кіреді: Вьетнам, Япония, Китай, Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг және т.б. Осы одақтың 18 елінің территориясында әлемнің 40% халқы өмір сүреді, дүние жүзіндегі жалпы жиынтық өнімнің50% өндіріледі, дүниежүзілік сауда айналымың 46% үлесі тиесілі. Бiрлестiктiң орталығы - Оңтүстiк-шығыс Азия, өндірістік дамыған елдердің орташа 2-3% екпінімен салыстырғанда бұл аймақтың тұрақты өсу екпіні жылына 8-10%.

Аймақтың елдері соңғы үш он жылдықта мешеулiктен дамудың жоғары деңгейіне дейін өсті.

Өнеркәсiптiк кәсiпорындардың шоғырлануы жағынан бірінші орынды Сигапур мен Малайзия алады, одан кейін Филипинны, ал осы қатарды аяқтайтын Индонезия және Таиланд.

Оңтүстік Азияның көлемі - 4,7 млн. км2, халқы - 1 млрд. 200 млн. Құрамына: Индия, Пакистан, Бангладеш, Шри-Ланка, Непал, Бутан, МальдивРеспубликасы кіреді. Олардың бір-бірінен айырмашылығы үлкен.

Оңтүстік Азия жер шарының халқы тығыз орналасқан аймағының бірі. Құрлығы 3,5% -ды алатын Оңтүстік Азия территориясында дүние жүзі халқының 1/5 бөлігі орналасқан. Аймақтың халқы әркелкі орналасқан. Халықтың орташа тығыздығы - 190 адам./км2, ал Бангладеште -790 адам./км2.

Еркектердің орташа өмір сүру жасы 39-дан 62-ге дейін, ал әйелдердің жасы 64-тен 66-ға дейін көтерілді.

Оңтүстік Азия қала өмірінің көне және бай салт-дәстүріне ие. Ірі порттар, темір жол құрылысына, өндірістік дамуға қажеттілік туындады. Ауылды елді-мекендерден халықтың жаппай көшуінен урбандалу деңгейі жоғарылап барады. Қала халқының үлесі - 38%.

Халқының діни құрамы әртүрлі, бұл жерде бiрнеше дiни нанымдардың өкiлдерi өмiр сүредi:: Индияда - буддизм, индуизм, Шри-Ланкада – буддизм. Мұсылман халқы Индия, Бангладеш, Пакистан, Мальдив аралдарында өмір сүреді, ал европалықтар христиан дінің әкелген.

Оңтүстік Азия елдерінің экономикалық даму деңгейі әркелкі. Экономикалық дамуы жоғарысы Индия мен Пакистан, бірақ олар аграрлы елдерге жатады. Барлық Оңтүстік Азия елдеріне аграрлы экономика тән.

Оңтүстік Батыс Азия территориясында 16 тәуелсіз мемлекет орналасқан: Түркия, Иран, Ирак, Ауғанстан, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Оман, БАӘ, Израиль, Сирия, Ливан, Иордания, Йемен, Кипр.

Азия, Африка және Еуропаның тоғысқан жерінде, ең негізгі теңіз коммуникацияларының (Босфор және Дарданелл, Суэц каналы және Баб-эль-Мандеб бұғазы) қиылысуында орналасуы, және мұнай көздерінің болуы Оңтүстік Батыс Азияға үлкен экономикалық және стратегиялық мән береді.

Оңтүстік Батыс Азия мұнай қорына бай. 1973 жылдан бастап барлық мұнай өндіруші елдер Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы шеңберінде жұмыс істейді.

Оңтүстік Батыс Азияда сонымен қатар табиғи газдың үлкен қоры (шамамен 10 трлн. м3), хромит, темір, мыс, марганец, қорғасын, мырыш, сүрме, молибден рудалары, фосфорит, боксит, табиғи күкірт, борацит, калий және ас тұзы, құрылыс материалдары және т.б. бар.

Кейбір пайдалы қазбалар орналасуына қарай дүние жүзіндегі ірі қорларға жатады. Мысалы, Турция хромит қоры бойынша төртінші орында (Зимбабве, ОАР и Филиппиннен кейін). Иордания және Израильде сирек кездесетін калий тұзы қоры бар (Өлі теңіз). Ирак және Сирия фосфоритке бай.

Шаруашылығының ерекшеліктері:

1. Өндiрiстiң артта қалуы (Ирак, Иран, Ауғанстан).

2. Ауыл шаруашылығының экстенсивтiлiгі, аз тауардың болуы, моно мәдениеттiлiгі, аз өнiмдiлiгi (Ауғанстан, Йемен, Оман, Сауд Арабиясы).

3. Сыртқы нарыққа тәуелділігі, кедей iшкi нарық (Кувейт, Катар, Бахрейн, БАӘ).

4. Қолөнер өндiрiсi үлкен роль атқарғанмен, өңделетiн өнеркәсiп салалары нашар дамыған (Оман, Йемен, Афганистан, Сирия, Иордания).

5. Ауыл шаруашылық шикізатын өндеу салаларының деңгейі жоғары дамымаған (Ауғанстан, Оман, Сауд Арабиясы).

Оңтүстік Батыс Азия елдері аграрлы елдердің қатарына жатады, Израиль, Кипр, Турциядан басқасы. Сондықтан Оңтүстік Батыс Азия елдерінің негізгі эконмикалық саласы ауыл шаруашылығы болып келеді. Оңтүстік Батыс Азия елдерінің ауыл шаруашылығы екі саласы бар: өсiмдiк шаруашылығы - бидай, арпа, жүгерi, соя, рапс, мақта, темекі, көкөнiстер, субтропиялық жемiстер өсiру; мал шаруашылығы - ангор ешкiлерiн, қой, түйе, есектер, жылқылар өсiру.

Өнеркәсiбі келесі салалардан тұрады: тау-кен; электроэнергетика – ЖЭС; металлургия: қара және түсті (Турция, Иран); мұнай химиясы: Кувейт, Бахрейн, БАӘ, Катар, Сауд Арабиясы; жеңіл және тамақ өнеркәсібі (тоқыма, тiгiн, кiлем, аяқ киiм - өлкенің барлық елдерінде)

Парсы шығанағы елдерінің мұнай өнеркәсібінің дүниежүзілік маңызы бар. Құрылымының негізі мұнай өндіру және экспорттау болып табылады. Мұнайдың ең үлкен қорлары Сауд Арабиясында (35 млрд. тонна). Иран, Ирак, Кувейт, БАӘ-де 12-13 млрд. тонна мұнай әрбір елде. Мұнай экспорты: шикі мұнай - 90%, мұнай өнімдері - 10%. Европаға мұнайды Суэц каналы және Қызыл және Жерорта теңізі құбырлары арқылы тасымалданады. Персид шығанағы жағалауында 15 мұнай порт-терминалдары бар.


Шетелдік Азияның өнеркәсібі.

Соңғы 10 жылдың ішінде Шетелдік Азияның дүниежүзілік шаруашылықтағы рөлі айтарлықтай өзгерді. Мұның ең алдымен өнеркәсіп өндірісіне қатысы бар, аймақта 6 топ елдерінің өнеркәсіп өндірісі қызмет етеді.

1. Жапония (экономикалық көрсеткіштерінен) - өнеркәсібі жоғары деңгейде дамыған ел.

2. Қытаймен Үндістан экономикалық және әлеуметтік дамуда зор табыстарға жеткен, алайда жан басына есептегенде көрсеткіштері төмен.

3. Азияның жаңа индустриялық елдері: Корея, Сингапур, Тайвань, Гонконг. Экономикасының негізін машина жасау саласы кұрайды.

4. Парсы шығанағындағы мұнай өндіруші елдер: Сауд Арабиясы, Кувейт. Экономикасының негізі - мұнай өндіру өнеркәсібі.

5. Индустрияландыру әзірше, негізінен, таукен өндірісімен, жеңіл өнеркәсіппен шектелетін елдер (Монғолия, Вьетнам, Бангладеш т.б.).

6. Лаос, Камбоджа, Непал, Бутан т.б. дамушы елдерде өңдеуші өнеркәсіп жоққа тән.

Ауыл шаруашылығы. Кең-байтақ территорияда алуан түрлі ауыл шаруашылығы аудандарының 3 түрі қалыптасқан:

1. Шығыс, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азияның бүкіл муссонды секторын қамтитын күріш егетін аудандар.

2. Жерорта теңізінің жағалауындағы субтропиктік егіншілік ауданы (жеміс, жүзім, бидай, цитрус дақылдары т.б.)

3. Аймақтың қалған территориясында бидай, тары тектес дақылдар өсіріледі. Жайылымдық мал шаруашылығы Орталық, Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс Азияда жүргізіледі. Мәдени дақылдың бірі болып саналатын мақтаның экспортқа шығарылуы маңызды орын алады.

Шетелдік Азияның дамушы елдері.

 «Азия жолбарыстары» немесе Жаңа индустриялы елдер: Сингапур, Гонконг (Сянган), Корея Республикасы, Тайвань, Тайланд, Малайзия.

 Дамушы елдердің көшбасшылары: Қытай, Үндістан, Бразилия, Аргентина, Мексика.

 Социалистік елдер: Қытай, Куба, Лаос, Вьетнам.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет