Дәріс №8
Дүниежүзілік халықаралық, экономикалықбайланыстар.
1. Дүние жүзілік экономикалық байланыстардың ролін, маңызы, негізгі бағыттары.
2. Халықаралық байланыстардың негізгі байланыстары.
1.Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесінде бір - біріне қарама – қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.
Дүниежүзілік шаруашылықты өзара байланысты екі жүйеден - ұлттық шаруашылықтың жиынтығы және халықаралық экономикалық байланыстардан тұрады.
Дүниежүзілік шаруашылық дегенде, тек бір ғана қарапайым байланысты ғана емес, сонымен бірге, шаруашылық жиынтығынан тұратын: халықаралық еңбек бөлінісі мен еңбекті кооперациялау нәтижесінде туындайды мемлекетаралық экономикалық қатынастарды да сөз етеміз.
Қазіргі жағдайда кез – келген мемлекеттің экономикасының дамуы дүниежүзілік шаруашылық байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан – жақты дами алады.
Әлемнің біртұтастығы алуан түрлі , 190-тан астам тәуелсіз, экономикалық еркін субъектілерді қамтиды. Әр ел өзінің тарихи – географиялық , ұлттық , әлеуметтік – саяси құрылымы бойынша , бір – бірінен ерекшеленеді. Ұлттық экномикалық жүйелердің әлемдәк щаруашылыққа бірте – бірте кіруі қажеттіліктен туындап отыр.
Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы ұзаққа cозылатын процесс.Ал өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы транспорттық және экономикалық байланыстардың қалыптасуының толық нәтижесі. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі болса, дүниежүзілік сауда –экономикалық, қаржылық және ғылыми –техникалық байланыстарды біртұтас мақсатқа біріктіреді.
Ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен қосылуының өзіндік ерекшеліктері бар.Кез келген мемлекеттің (мейлі, ол үлкен немесе кіші болсын) сыртқы экономикалық байланыс жүйесіндегі ең сезімтал тұсы-оның экономикалықсаясаттағы, яғни халықаралық байланыстар жүйесінде атқарып отырған қызметінде.Бұдан қоғамның ішкі жағдайы, оның әлеуметтік –экономикалық және саяси бағыты, мәдени байлығы жан-жақты көрінеді.
Қазіргі кезде кез келген мемлекеттің сыртқы зкономикалық байланысы, оның көлемі, құрылымы, ол байланыстардың бейнесі барлығы – ұлттық шаруашылықтың дүниежүзілік байланыстағы деңгейін көрсетеді.Дүниежүзілік шаруашылықтың әр жүйесінде мемлекет арасында күрделі байланыстар және құрама –қайшылықтар болып тұрады.
2.Экономикалық байланыстардың даму қарқынының күшеюі:экономикалық саяси, мәдени, әскери, экономикалық т.б. барлық сферада халықаралық байланыстың негізін терендете түседі.Бірақ бұл формула түгел емес:бұл байланыстардың сапа жағынан болуы қажет.Мысалы, егер бір жағы шикізат және энергия, екінші жағы дайын өнім айырбастаса, бұл жеғдайда екі ел тепе –тендікте дами алмайды.себебі өзара тең түсетін базасы жоқ.Осындай қарама-қайшылық бірте-бірте экономикалық, содан соң саяси түсінбеушілікке әкеледі.Сонымен, сыртқы экономикалық байланыс «екі функциялық» бірлестікте көрінеді. Бұл, бір жағынан, жалпы саяси, глобалды, ал екінші жағынан, ұлттық, халықшаруашылылығы аспектіде көрінеді.
Басты халықаралық экономикалық байланыстардың түрлері:
-әлемдік сауда.
-қаржы – несие қатынастары.
-өндірістік қатынастар.
-ғылыми – техникалық қатынастар.
-халықаралық қызметтерді ұсыну.
-халықаралық туризм.
Әлемдік сауда. Ол халықаралық қатынастардың аса маңыздысы, үш көрсеткішпен сипатталады:
- сыртқы сауда айналымы.
- сыртқы сауданың тауарлық құрылымы.
- сыртқы сауданың географиялық таралуы.
Халықаралық кредиттік – қаржы қатынастары. Осы бағытхалықаралыққатынастардыңжассаласы. Оныңбағыттары:
-халықаралық қарыздар мен несиелер (кредиттер).
-тікелей шетелдік капиталдық салымдар.
Ғылыми-техникалық байланыстар – бұл ҒТР салдарынан пайда болған экономикалық қатынастар. Оның негізгі бағыттары
– ғылыми-техникалық өнімдерді сату,сатып алу немесе алмасу.
- бірлескен жобаларды істеу.
Халықаралық қызмет жасау. Негізінен халықаралық транспорттық қызметтерде кемелерді, самолеттерді жалға беру дамуда.
Жаңа халықаралық қызмет жасаудың түрлері:
- ақпараттық қызметтер.
-инженерлікқызметтер.
-банк қызметі.
-жарнамақызметі.
Негізгіқызметэкспорттаушыелдер – Жапония, АҚШ, Германия, Англия, Франция, Италия.
Халықаралық туризм – соңғы он жылдықта қарқынды дамыған халықаралық байланыстардың түрі. Туризм географиясы әлеуметтік – экономикалық, табиғи, экономикалық – географиялық жағдайлар, т.б. факторларға тәуелді.
Көптеген елдер үшін халықаралық туризм маманданудың жетекші саласына айналған.
Достарыңызбен бөлісу: |