Пәннің жұмыс бағдарламасы (syllabus)


Дәріс №13. 13. Солтүстік Америка елдері. Жалпы сипаттама



бет32/34
Дата30.04.2020
өлшемі266,42 Kb.
#65251
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
zhusipbaeva r.s. umkd geografiya 2019

Дәріс №13.

13. Солтүстік Америка елдері. Жалпы сипаттама

13.1. Америка Құрама Штаттары.

13.2. Канада.

Аумағы, шекаралары, жағдайы: қолайлы алғышарттар. Мемлекеттің құрылысы. АҚШ аумағы жағынан әлем елдерінің ішінде төртінші орын алады. Ол мынадай үш бөліктен тұрады: 1. негізгі аумағы (немесе АҚШ-тың өзі) – шығыстан батысқа 4,7 мың, ал солтүстіктен оңтүстікке 3 мың шақырымға созылып жатқан үлкен төртбұрыш тәрізді. 2. Аляска: 3. Тынық мұхиттағы Гавая аралдары.

АҚШ ЭГЖ-сі өте қолайлы, ол барлық кезенде де елдің дамуына қолайлы жағдай туғызып отырады. Бұл, ең алдымен, теңіз шекарасының ұзындығымен (12 мың км), тамаша табиғи айлақтарының болуымен және негізгі аумағы екі мұхитын ортасында болуы айырықша ерекшелігімен түсіндіріледі. Канада және Мексикамен шектеседі құрлықтағы шекаралары шартты сызықтар, өзендер мен көлдер арқылы өтіп, сауда және экономикалық байланыстардың дамуына қолайлы жағдай туғызады.

АҚШ мемлекеттік құрылысы жағынан – 50 штаттан тұратын федеративтік Республика. Әрбір штаттың өз конституциясы, өз заң шығару және атқару үкімет органдары, губернаторды сайлап қою билігі, сондай ақ өз рәміздері бар. Бұдан басқа, елдің астанасы - Вашингтон орналасқан Колумбия Федералдық округы өзінше ерекшеленеді.

Халқы: саны, өз қарқыны, сыртқы миграция, ұлттық құрамы, орналасуы. АҚШ халқының саны жағынан дүниежүжінде үшінші орынға иеленеді; ГФР, Франция, Ұлыбритания және Италия халқын қосып есептегенде де АҚШ-тың халқының санына жетпейді. Бұл ғана ХХ ғасырдың ішінде халқының саны 3,5 есе өсті.

Алайда, АҚШ жас ұлт ретіндегі халқының табиғи өсуі бойынша дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірінде тұрғын кезі баяғыдан өтіп кетті. 80-90 - жылдары мұндай өсім айтарлықтай төмендеп кетті, ол халықтың жасы мен жынысын сипаттайтын пирамидада айқын көрініс тапқан.

Бұл АҚШ тіпті демографиялық өтпелі кезеңнің үшінші статысында тұрғанын аңғартады. Осыған қарамастан, халқының абсалюттік жылдық өсімі қазірдің өзінде 2- 2,5 млн. адамды құрайды. Алайда, мынаны есте сақтау қажет, бұл өсімнің 30% - ын халықтың табиғи өсімі емес, иммиграция қамтамасызетіп отыр. Бұл АҚШ халқының санының өсуіне әр кезде-ақ үлкен әсер еткен және әсер етіп келеді.

Мысалы. XIX ғаырдың басынан бастап бұл елге 70-тей елден барлығы 60 млн. адам келді. Ал, қазір, едәуір шектелгеніне қарамастан, тек ресми иммигранттарының жыл сайынға 1 млн. адам құрайды. Жаппай ағылған иммиграция АҚШ халқының ұлттық құрамының қалыптасуында да шешуші рөл атқарады. Қазіргі американ ұлты - дүниенің әр бөлігінен, әсіресе Европа мен Африкадан қоныс аударғандардың этникалық жағынан араласып, сіңісіп кетуінің тәтижесі.

Қазір АҚШ-та жүзден аса этнос өкілдері тұрғанымен, энтограф-ғылымдар оларды үш негізгі этникалық топқа біріктіреді: 1 АҚШ-тың американдықтар, яғни қазір ана тілі ағылшын тілі болып табылатын басқа елдерде қоңыс аударған әр түрлі ұлттардың ұрпағы; 2 АҚШ-қа таяу жылдары келіп қоныстанған және бұл елде әлі «сіңісті бола қоймаған» өтпелі иммигранттар тобына жататын адамдар; 3 абориген-тұрғындар (үндістер, эскимостар және тағы басқа.)

АҚШ-тың американдықтар бүтіл халықтың 4/5 бөлігінен астамын, аборигендер 1% - ға жуығын құрайды. Осыған қарамастан, АҚШ тағы көптеген географиялық атаулар үндістерше аталады.

Өздерін білетіндей, ерекше үлкен топ американдықтардың құрамына қара американдықтар да (африкалық американдықтар, негірлер) кіреді. АҚШ халқындағы олардың үлесі – 12%.

Бұрын негірлердің негізгі бөлігі XIX ғасырда плантациялық шаруашылықта үстемдік еткен құлдық жойылғанға дейінгі жерде - «қара делдеу» деп аталатын оңтүстікте тұрады. Сонғы оң жылдықтарда негірлердің жартысы Солтүстік пен Батыстағы қалаларға қоңыс аударды, ал Оңтүстік штаттағылар қазір негізінен қалаларда тұрады. Халықтың ұлттық құрамы оның қай дінінің құрамында екендігімен қығыз байланысты.

АҚШ халқының тығыздығы жағынан дүние жүзіндегі ең халқы көп 20 елдің ішінде 18 орынды иеленеді. Ел ішінде халықтың орналасуы шектен тыс әркелкіленген ерекшелінеді.

Мысалы АҚШ тұрғындарының 30% дайы елдің жалпы жер көлемінің 12% ындай ғана жерде тұрады. Үлкен айырмашылық, әсіресе теңіз жағалауы мен таулы штаттардың арасында ерекше байқалады: 1 км2 – ге 350-400 – ден 2-5 адамға дейін келеді. Соңғы кезде ішкі миграция едәуір өсті; бірінші кезде зейнеткерлер Солтүстік штаттан («күншуақ белдеуінде») қоңыс аударды. Тұтастай алғанда, Техас, Флорида, әсіресе Калифорния тұрғындары тез өсіп барады.

АҚШ халқының орналасуы, ең алдымен қалалар географиясы арқылы анықталады. Қала саны шектен тыс 9 мыңға дейін жетеді. Қалалардың солтүстік - американдық үлгісі өзіндік өзгешеліктерімен, көпшілігі едәуір жас қала болуымен ерекшеленеді.

АҚШ нағыз қала агломерацияларының елі.

Мысалы 1950 жылы АҚШ-та 170 қалалық агломерация болды, ал 80 жылдарының аяғында ол 300 жетті. АҚШ-та (миллионер) - қаланың саны - 8- ал (миллионер) - агломерация -35. бұларда АҚШ тұрғындарының тең жартысы тұрады.

Осымен бір мезетте орталықтар мен агломерациялардың шет бөліктері арасындағы сәикестік өзгерді. Жер бағасының үнемі өсуі жеке автокөліктердің көбейіп кетуінен агломерациялар орталығында экономикалық жағдайдың нашарлауы, сондай-ақ әрбір орташа американдық кішкентай болса да өз үйінде тұрсам деп талпыныс жасауы қала маңы зоналарын шектен тыс көбейтіп жіберді. Қазір мұндай (бір қабатты Америкада) бөкіл американдық отбасылардың 2/3 бөлігі тұрады.

Қала болғанда да, соңғы уақытқа дейін қалалардың орталық бөліктерінің өзінде халық саны азаю үстінде болады. Бұл процесс субурбанизация деген атқа ие болды.

50 жылдары американдық географтар АҚШ-та тағы бір аса ірі қалалық құрылым-мегаполистер пайда болғанан көрсетті. Қазір бұл елде мұндай үш мегополюс бар. Солтүстік Шығыстық мегополюс, көл маңы және Калефорниясық мегополюс. Бұлардың бірінші Бостонннан Вашингтонға дейін созылып жатыр, қысқартып деп атайды, екіншісі Чикаго мен Пицбургтің аралығында орналасқан. АҚШ-тың ауыл тұрғындары көбінесе жеке-жеке қоныстанған фермаларда тұрады. Бірақ тұрмыс жағыдайы жағынан ауыл түрғындары қалалықтардан онша көп өзгешелене қоймайды. Олай болса, қалалық тұрмыс салты шын мәнінде бүкіл елде тұтастай билік құрады.

Шаруашылығының жалпы сипаттамасы: Америка Құрама Штатының дүниежүзілік шаруашылығы рөлі орасан зор. Оның үлесіне капиталистік елдердің өнеркәсіп өнімінің үштен бірі келеді. Дүниежүзілік экономиканың барлық салаларында АҚШ-тың үлесі өте мол. Шетелдік инвестициялар бойынша бұл ел басқа елдердің барлығынан асып түседі.

“Атлантиканың арғы жағындағы түкпірден” АҚШ – тың әлемдік аренаға белсене шыққан уақыты ХХ ғасырдың басы. Бұл кезде ел экономикасы ерекше шапшаң дамыды, оған себеп болған жағдайлар мынадай болатын: 1) ел аумағының көпшілігінде (Солтүстік, Батыс) ауыл шаруашылығы феодализмнің шырмауларынан азат болды; 2) қарапайым еңбеккерлер бар, техникалық интеллигенция бар иммигранттар көп келді; 3) жаңа жерлердің игерілуі есебінен ішкі нарық ұлғайды; 4) мол табиғи ресурстар; 5) географиялық орнының қолайлығы. Елде өнеркәсіп пен қаржы капиталы ертегідегідей шапшаң жинақталды.

Екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен кейін капиталистік дүниеде іс жүзінде АҚШ –қа бәсекелесетін еш ел қалмады, өйткені Германия мен Жапонияның экономикасы қирап жатты, ал жеңген державалар – Ұлыбритания мен Франция – соғыстан әлсіреп шықты. Ядролық монополия қосымша күш- қуаты ерекше зор болды.

Алайда бертінгі ондаған жылдар ішінде экономика , техника мен технология саласында АҚШ –табұрын болған орасан зор артықшылық ғайып болды. Енді ол көптеген салаларда байыпты бақталастарға кезігіп отыр (Жапония, Германия және т.б.).


Қазіргі заманғы американ экономикасына өндіріс пен капиталдың барынша шоғырлануы тән. Аса ірі американ монополиялары – сипаты тұрғысынан трансұлттық монополиялар. Олар көптеген шетелдерде қарекет жасайды. Бұл орайда монополиялар мемлекетпен белсенді түрде бітісе ұштасып, мемлекеттік – монополистік капитализм дамып отыр. Мемлекет ғылым көп қолданылатын ең жаңа өнеркәсіп салаларын көтермелеп, болашағы бар ғылыми зерттеулерді қаржыландырады (әсіресе АҚШ – тың әскери ведомствосы – Пентагон бағытында).

Кемел дамыған кез келген елдегі секілді АҚШ – тың экономикалық “ келбеті” өнеркәсіпке орайлас. Өнеркәсіп өнімінің құны ауыл шаруашылығы 10 есе асып түседі.

Елдің мұнаймен және табиғи газбен жақсы қамтамасыз етілуі (Техас, Аляска, Луизиана, Калифорния және т.б. штаттары) себептібұл салалар АҚШ тың отын – энергетика балансында жетекші орын (шамамен 700/0) алады.Осының өзінде АҚШ мұнайды Мексикадан, Ұлыбританиядан, Сауд Арабиясынан және басқа елдерден алдырғанды экономикалық тұрғыдан тиімдідеп санайды. Тас көмірдің денін (шамамен 800/0) бұрынғысынша бірегеә Аппалач бассейні береді. ГЭС – тер Батыстың таулы аудандарында неғұрлым мәнді рөл атқарады. Ядролық энергетика қауырт дамып келеді. Жаңа ғасырдың басында оның баланстағы үлесін 25 пайызға жеткізу көзделген.

Индустрияның өзегі металлургия, машина жасау және химия өнеркәсібі болып табылады.

Қара металлургияның географиялық көрінісі бертінге дейін біршама қарапайым болып келді. Ол түгелдей дерлік кокстелетін көмір (Аппалач) мен темір рудасының (Ұлы көлдер өңірі) орналасуына қарай шоғырланды. Мұнда саланың Чикаго, Гэри, Кливленд, Питтсбург секілді орталықтары пайда болды. Алайда импорттық шикізатқа (Канада мен Латын Америкасынан) ойысуға орай қара металлургия Атлантика жағалауына қарай жылжыды (Балтимор, Филадельфия, т.б.)

Түсті металлургия кәсіпорындарының көпшілігі тиісті рудалар өндірілетін жерлерге , ал энергияны көп жұмсайтындары Колумбия және Теннесси өзендерінің энергетикалық кешендеріне жақын шоғырланған.

Жапония мен Батыс Еуропа елдері машина жасау бұйымдарының дүниежүзілік нарығында АҚШ – ты біршама ығыстырғанына қарамастан, машина жасау саласының даму деңгейі қте биік. Мысалы, авиация өнеркәсібі өнімінің экспортында АҚШ-тың үлесі 60 пайыз, газ турбиналары жөнінен 65 пайыз болып отыр. Ел электрон жабдықтардың, медициналық техниканың көптеген түрлерін өндіру жөнінде жетекші орындарда. Шығаратын өнім түрлерінің сан алуан көптігі жөнінен АҚШ – пен теңесетін ел жоқ.

АҚШ өнеркәсібінің ұлттық саласы – автомобиль жасау. Нақ осында өнеркәсіпті Солтүстік жерінде XIX- XX ғасырлар межесінде Форд дүние жүзінде тұңғыш рет автомобильдерді көптеп шығаруды ұйымдастырды. Бұл орайда ол қыруар қолайлы факторларды пайдаланды (қара металлургияның дамығандығы, өнім өткізетін сыйымды нарық, жақсы қатынас жолдары және т.б.). АҚШ автомобиль жасау саласының астанасы – Детройтта аса ірі автомобиль концерндері “ Дженерал – моторстың” , “ Форд – моторстың” көптеген зауыттары мен штаб- пәтерлері орналасқан.

Ең жаңа машина жасау салалары ғылыми – зерттеу және конструкторлық жұмыстар орталықтарына (ҒЗКЖО), білікті еңбек пен тұтынушыға бағдар ұстайды. Атлантика жағалауы, Көлдер бойы және Калифорния мегаполисі ұшақ және ракета жасау жөнінде елде бірінші орын алады.

АҚШ – дүниежүзілік химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі жағынан болсын, шығарылатын өнім түрлерінің көптігі жөнінде де ең алда. Химия өндірісі негізінен Солтүстік штаттарында және Мексика шығанағы жағалауындағы штаттарда (мұнай, табиғи газ және күкірт мол Техас және Луизиана штаттарында) шоғырланған.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі барлық штаттарда орналасқан және барынша дамыған.

Ауыл шаруашылығы – бастауыш негізі капиталистік ферма болып табылатын сала; бұл саланың ерекшелігі капиталистік қатынастар әбден кемелденген, анық тауарлы сипатта, еңбек өндіргіштігі мен техникалық жарақталуы жағынан деңгейі биік , алуан түрлі өнімді өте көп мөлшерде шығарады. Азық – түліктік және малға берілетін астық, бұршақ, мақта түсімі, ет және басқа да бірқатар өнімдер шығару жөнінен АҚШ капиталистік елдердің арасында бірінші орын алады, ол шетелдерге азық – түлікті ең көп экспорттайтын елдердің бірі.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінде мал шаруашылығының өнімдері көрінеу басым (шамамен жалпы құнының үштен екісі), дегенмен егіншілік пен мал шаруашылығының ара салмағы әр штатта әр түрлі.

Әр түлікті мал шаруашылығы барлық жерде дамыған. Елдің көптеген аудандарында қуатты, техникалық жағынан жақсы жарақталған агроөнеркәсіптік кешендер қалыптасқан.

Егіншілік тауарлы дақылдарға (жеміс, көкөніс, шитті мақта, темекі және т.б.) бағытталған бірқатар оңтүстік штаттарда ол мал шаруашылығынан гөрі тауарлы өнімді мол береді. Елдің шығыс, неғұрлым ылғалды бөлігінде жер қорында егістік алқаптар мен орман – тоғай, ал құрғақшылық Батыста жайылымдар басым. Егістік жерлердің үлесі прериялар, өңірінде, АҚШ – тық орталық бөлігінің Ішкі жазықтарында айрықша басым, мұнда егістіктер (әсіресе Айова штатында) 90 пайызға таулы штаттарда кей өңірлерде фермер жерлерінің 90 пайызына дейіні жайылым болып келеді.

АҚШ- тағы басты дәнді дақылдар – жүгері мен бидай; сондай –ақ күріш, күтім талғамайтын сорго және т.б. өсіріледі. Бидай жер –жердің бәрінде өсіріледі, дегенмен негізгі аудан – Канадамен шекарадан басталып Ұлы жазықтар бойымен Техастың орталық бөлігіне дейін созылып жатқан бидай белдеуі.Жүгері мал азығы үшін Айова Иллинойс, Индиана штатындағы прериялардың құнарлы топырағында өсіріледі. Шитті мақта алқаптары Оңтүстікте, қант құрағы Мексика шығанағының жағалауы мен Гавайда, темекі Виргиния, Кентукки штаттарында өсіріледі.

Аумағының ұлан – ғайыр болуы және өндіргіш күштердің биік деңгейге көтеріліп дамуы нәтижесінде АҚШ – та көліктің барлық түрлері кемелденіп дамыған. Бұрынғы уақытта басым болған темір жол көлігін бүгінде басқа көліктер, әсіресе автомобиль көлігі қатты ығыстырған. Автомобиль – американ өмір салтының ажырағысыз атрибуты (қалааралық жолаушы тасымалының 90 пайызына жуығы жеке меншіктегі автомашиналармен атқарылатынын айтса да жеткілікті болар, 1 пайыздан кемірегі келеді). Құбыр желілері көбейе түсуде.

Теңіз көлігінің маңыздылығы да төмендеген емес, өйткені АҚШ – тың сыртқы сауда тасымалының басым бөлігін кейде шағын елдердің “ қолайлы туын” көтеріп жүзіп жүретін (Либерия, Панама және т.б.) кемерлер тасиды. АҚШ – тың ең ірі теңіз порттары – Нью- Йорк, Бостон, Филадельфия, Балтимор, Жаңа Орлеан, Хьюстон, Лос- Анжелес, Сан –Франциско, Сиэтл, Анкориндж, Гонолулу және т.б.

Елдің ішкі және сыртқы экономикалық байланыстарында Миссисипи – Ұлы көлдер су жолы маңызды рөл атқарады.

Жолаушы тасымалында (әсіресе халықаралық тасымалдарда) авиация көлігінің орны айрықша. АҚШ азаматтық авиациясының ұшақтар паркі – дүние жүзіндегі ең үлкен парк.



Канада.Солтүстік Америка құрлығының солтүстігінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы бойынша бүкіл дүние жүзінде Ресей Федерациясынан кейінгі екінші орында. Канада құрлықта бір ғана елмен шектеседі, ол – АҚШ. Канададан Тынық мұхит арқылы Аустралия және Азия, Атлант михиты арқылы Африка мен Еуропа құрлықтарына баруға болатындығы, оның географиялық орнының қолайлылығын көрсетеді.

Қазіргі Канада – кемел дамыған мемлекет, АҚШ, Жапония, Германия, Ұлыбритания,Франция және Италиямен бірге дүние жүзінің жетекші индустриялық державаларының “ жетілігіне” кіреді. Капиталистік ел болғандықтан, Канада тарихи қысқа мерзім ішінде тиімді нарықтық экономика құра алды, бұған көбіне себепші болған жағдайлар: 1) халқы онша көп болмай, табиғи ресурстардың мол болғандығы; 2) иммиграцияның көтермеленуі; 3) шетел (әсіресе американ) капиталының көптеп тартылуы; 4) елдегі қоғамдық өмірдің демократияландырылуы.

Канада экономикасының өзіне тән ерекшелігі өндіруші салалардың және шикізатты бастапқы өңдеу салаларының үлкен рөл атқаратындығы. Канада никельді, мырышты, әктасты, калий тұздарын және және газет қағазын көп өндіретін ел. Ол алтын, күміс, кобальт, темір рудасын, мыс өндіру жөнінде де алдыңғы орындарда. Шикізат пен жартылай фабрикаттардың дүниежүзілік нарығына Канада өндіруші өнеркәсіптің бүкіл өнімінің 80 пайызына жуығын шығарады. Бұл орайда Канада тауларын өткізетін аса маңызды нарық АҚШ болып табылады( экспорттың 70 пайызынан астамы).

Өңдеуші өнеркәсіптің құрылымында машина жасау мен металлургия отандық мол шикізатқа және біршама арзан электр энергиясына негізделген (тек үш зауыттың өздері ғана аллюминийді Батыс Еуропа елдеріндегі осы сала кәсіпорындарының барлығынан көп қорытып шығарады). Машина жасау саласы алуан түрлі бұйымдар автомобильдер, локомотивтер, тракторлар, компьютерлер және т.б. жасайды.

Елдің индустриялық ұйытқысы болып табылатын екі орталық провинция- Онтарио мен Квебек өңдеу өнеркәсібі өнімінің төрттен үшін береді. Оңтүстіктегі далалық Альберта провинциясы отын- энергетикалық ресурстардың басты қоймасы, осында мұнайдың негізінде елдің мұнай- химия өнеркәсібінің негізі қалыптастырылып жатыр. Тынық мұхит жағалауындағы Британ Колумбиясы провинциясы – Канаданың ағаш өнеркәсібі кешенінің орталығы.

Канаданың ауыл шаруашылығы – мол тауарлы, көп салалы, техникалық жағынан жақсы жарақталған, жалдамалы еңбек кеңінен қолданылатын сала. Фермерлердің кірістерінде мал шаруашылығының үлесіне 60 пайызына жуығы, бау – бақшаны қоса егіншіліктің үлесіне 40 пайызына жуығы келеді.

Елдің егіншілігінде жетекші сала дәнді дақылдар, ең алдымен бидай өсіру; бидай Канаданың ауыл шаруашылық экспортының құрылымында басты орын алады( бұл дақылдың дүниежүзілік экспортының 20 пайызына жуығы). Елдің негізгі астықты үш провинциясы Манитоба, Альберта және Саскачеван провинциялары. Бидайдан басқа сұлы, арпа, зығыр, картоп, көкөніс, жеміс және т.б. өсіріледі.

Аумағы ұлан- байтақ, халық сирек қоныстанған, экономикасы бытыай орналасқан Канада үшін көліктің ерекше маңызды мәні бар. Мұнда оның барлық түрлері дамыған. Елдің бұл тұрғыдағы ерекшелігі құбыр қатынасы жақсы дамыған және Ұлы көлдер мен Әу. Лварентий өзенінің су жүйесі үлкен рөл атқарады. Теңіз және авиация көлігі де дамыған.

Ішкі айырмашылықтары. Бұрынғы уақытта Канаданың ұлан – байтақ аумағының таңдап- таңдап отарлануы, сондай –ақ бұл елдің табиғат жағдайларының алуан түрлілігі оның өндіргіш күштерінің аумақтық дамуына себепші болады. Сондықтан онда: 1) ерте игерілген кемел дамыған аудандар, 2) жаңадан игерілген аудандар, 3) онша игерілмеген аудандар сараланады.

Ерте игерілген аудандар Атлантика жағалауынан Көлбойы мен далалық провинциялар арқылы Тынық мұхитқа қарай жетіп, елдің оңтүстігін алып жатыр. Бұл орайда саяси және экономикалық орталықтағы екі Онтарио және Квебек провинцияларында жасалады. Онтарио – Канаданың ең канадалық провинциясы, ағылшын- канадалықтардың тірегі. Мұнда АҚШ капиталымен бәсекелестік күрес жүргізуші Канада ұлттық буржуазиясының позициялары ерекше күшті. Квебек провинциясы елдегі тұрғындарының басым болып табылатын берден – бір провинция. Осы индустриялық ядроның шеңберінде елдің ең ірі өнеркәсіп орталықтары – Монреаль мен Торонто орналасқан.

Жаңадан игерілген аудандардың (Солтүстік және Қиыр Батыс) дамуы ең алдымен орасан мол табиғи ресурстардың игерілуімен байланысты. Ақыр соңында Канадада шаруашылық айналымға іс – жүзінде әлі қамтылмаған аумақтар аз емес. Бұл ең алдымен Арктиканың Солтүстік- Батыс аумақтары – елдің жетуі ең қиын әрі климаты қатал өңірлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет