Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011
2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.
3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.
4. Исаев.С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.
7. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001
8. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004
9. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту.
-Алматы,1985
10. Қордабаев Т.Р. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004
№18 дәріс тақырыбы: Тіл және ойлау. Психолингвистика
1.Тіл және ойлау туралы түсінік
2. Тіл және сананың арақатынасы
1. Тілдің ой – санамен қарым – қатысы. Тіл мен ой – сананың бір – бірімен қарым – қатынасы жөніндегі мәселе – біздің дәуірден көп бұрын басталған көне тақырып. Қазір бұл мәселені филосовтар да, тіл ғалымдары да, логиктер де, психологтар да зерттейді.Бұл саладағы пікірлерді былайша топтуға болады.
1) Тіл мен ойлау тепе-теңдік бірлікте, ешқандай өзгешеліктері жоқ дейтін көзқарас.Бұл – менталистік бағыт деп аталады (неміс ғалымдары Ф.Э.Д.Шлейермахер, И.Г.Гаман, 18-19 ғ.).
2) Тіл мен ойлау арасында ешқандай бірлік, ұқсастық жоқ, екеуі екі бөлек дүние дейтін көзқарас (неміс ғылымы Ф.Э.Бенеке,19 ғ.). Бұл екі көзқарастың екеуі де тіл мен ойлаудың қарым – қатынасы жөніндегі мәселені жоққа шығарады, оны проблема етіп көтеруді қажетсіз деп санайды.
3) Тілдің рөлін асыра бағалап, тіл мен ойлауды өте жақын деген көзқарас (неміс ғалымы В.Гумбольдт, француз ғалымы Л.Леви – Брюль, 18, 19 ғ.).Бұл бихевиористік бағыт деп аталады.
4) Тіл мен ой – сана өзара тығыз байланысты, бірінсіз бірі өмір сүре алмайды.Бірақ бұлардағы бірлік абсолюттік, тепе – теңдік бірлік емес, әрқайсысының өзіндік дербестіктері, қайшылықтары бар дейтін көзқарас.Тіл мен ой – сананың арақатысы жөніндегі бірден – бір дұрыс шешім де осы соңғы бағыт деп есептеуге болады.
Тіл мен сөйлеу бір – бірінен ажырамас бірлікте.Тілсіз сөйлеу жоқ, сөйлеу жоқ жерде тіл жоқ.Сөйлеу – тілдің тіршілік ету, өмір сүру формасы.
Сөйлеу дегеніміз – тілді қатынас процесінде, өз ойын басқаларға білдіру, басқаның ойын білу мақсатында қолдану деген сөз.
Сөйлеу дегеніміз психологиялық көзқарас бойынша нені білдіреді? Сөйлеу мен тілдің байланысы неде? Бұл сұрақтарға мамандар әр түрлі жауап береді. Кейбіреулері олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ ,- дейді. Келесілері «Сөйлеу – тіл жұптағы түсінікті тек сөйлеу – индивидуалды табиғаттың феномені, ал тіл психологиялық құбылыс емес, сондықтан ол әлеуметтік, оны зерттейтін психолингвистика болып табылады ,-дейді.
Бақылау сұрақтары:
1. Тілдің ой – санамен қарым – қатысы қандай?
1.Сөйлеу дегеніміз психологиялық көзқарас бойынша нені білдіреді?
3. Тіл және сананың байланысы қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |