Пәннің ОҚу- әдістемелік кешені жалпы тіл білімі



бет24/57
Дата06.02.2022
өлшемі148,13 Kb.
#80303
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57
Байланысты:
c2d4837c-54b9-11e5-884b-f6d299da70eeУМКД оқу-әдістемелік матер. 2015-2015

Бақылау сұрақтары:
1. Тілдің ой – санамен қарым – қатысы қандай?
1.Сөйлеу дегеніміз психологиялық көзқарас бойынша нені білдіреді?
3. Тіл және сананың байланысы қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. Филол. ғыл. док. ... автореф.- Алматы, 2004.-50б.
2. Гумбольдт В.фон. Язык и философия культуры.-М., 1985-254с.
3. Красных В.В.Культурное проостранство: система координат (к вопросу о когнитивной науке) // Respectus philologicus. 2005.№7.-20с.
20 дәріс тақырыбы: Тіл және қоғам. Әлеуметтік лингвистика



  1. Тіл және қоғам. Әлеуметтік лингвистика

  2. Әлеуметтік лингвистикаға қатысты көзқарастар

Тіл маманын даярлауда, олардың лингвистикалық дүниетанымын кеңейту мен тереңдетуде «Тіл біліміне кіріспе», «Жалпы тіл білімі» атты жалпылингвистикалық пәндерге үлкен мән беріледі. Бұлар тіл, оның табиғаты, тарихы мен даму заңдылықтары, лингвистикалық талдау, зерттеу әдіс-тәсілдері, тіл білімінің салалары, олардың өзіндік бағыттары бойынша барынша толық теориялық мәліметтер береді. Тіл біліміндегі осындай іргелі бағыттардың бірі – қазіргі тіл ғылымында өзіндік зерттеу нысаны мен әдіс-тәсілдері қалыптасқан саласы – әлеуметтік лингвистика болып табылады. Оның бүгінгі таңдағы қол жеткен табыстары мен нәтижелері де ұлан-ғайыр.


Алайда еліміздегі жоғары оқу орындарындағы жоғарыда аталған жалпылингвистикалық пәндер оқулықтарында әлеуметтік лингвистиканы қазіргі тіл білімінің бір бағыты ретінде жалпылама ғана қарастырылады. Оның өзіндік зерттеу проблемалары ұғымдық-терминалогиялық аппараты ашылып көрсетілмейді. Ал кейбір негізгі мамандық топтамасындағы оқулықтарда тілдік материалды әлеуметтік лингвистикалық тұрғыдан қарау, талдау жағы мүлдем жоқ. Бұларда тілді оқыту мен меңгертудің дәстүрлі әдістері сөздіктер мен грамматикаға негізделіп, ол тілдің ішкі жүйесіне, сөзді дұрыс пайдалану мен синтаксистік құрылысқа ғана байланысытырылады. Шындығында тілді пайдалану мен қолдану сөйлеушілердің әлеуметтік сипаттамасына және сөйлеу жағдаятына байланысты болатыны белгілі. Демек, тілді оқытудың барынша тиімділігі сол – оны оқыту әдістемелерінде, оқу құралдарында тек дәстүрлі лингвистикалық ережежер мен ұсыныстар ғана қамтылмай, әр түрлі мәндегі «сыртқы» факторлар да ескерілуі керек. Ал мұндай сыртқы факторлармен, яғни тілдің қоғамдық мәні, дамуы мен қызмет етуі, қоғамның тілге, тілдің қоғамға әсер ету мәселелерімен айналысатын бірден-бір пән – әлеуметтік лингвистика.
Қандай бір ғылымның объективті шындықты сипаттайтын өзіндік ұғымдар жиынтығы болады, бұл оның пәні деп аталады. Мысалы, тіл білімі тілдің дыбыстық жүйесін, сөздік қоры мен грамматикалық құрылысын қарастырады. Тілдің осы жүйелерін фонетика, лексикология және грамматика салаларында қарастырылып, өз ішінде алуан түрлі ұғым-түсініктермен, оларға қатысты терминдермен түсіндірілетіні мектеп қабырғасынан белгілі. Ал әлеуметтік лингвистиканың пәні не, ол тілді қалай зерттейді? Қарапайым тілмен айтқанда, адамның тіліне, оның күнделікті сөйлеу дағдысына әлеуметтік ортаның көптеген әсерлері болады. Міне, осыны әлеуметтік лингвистика қарастырады. Егер мұны бізге жете таныс «дәстүрлі» лингвистикамен салыстыратын болсақ, ол тілдік таңбаны (дыбыс, сөз, морфема, аффикс, сөз тіркесі, сөйлем) айтылым, жазылым түрлеріне, мағынасына, бір-бірімен қатынасына, олардың уақыт бойында өзгеруіне талдау жасаса, әлеуметтік лингвистика сол тілдік таңбаларды адамдар жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына, ортасына, білім деңгейіне, мәдени ұстанымсына т.с.с. байланысты қалай пайдаланады: бәрі бірдей ме, әлде әр түрлі қолдана ма дегенге баса назар аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет