Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.
2. Шаяхметұлы.Қ. Қазіргі қазақ тілі. Сөзжасам-дериватология, сөзөзгерім-морфология. Семей; Новосібір: Талер-Пресс, 2007.- 334б.
3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
№19 дәріс тақырыбы: Тіл және мәдениет. Лингвомәдениеттану
Тіл және мәдениет туралы түсінік беру
Тіл және мәдениетке қатысты зерттеулер
Тіл білімі мен оның салаларын тілші қауым бірнеше ғасырлардан бері фонетика, лексикология, грамматика, семантика, диалектология, салыстырмалы лингвистика, тарихи лингвистика,сипаттамалық (компаративтік) лингвистика, құрылымдық (структуралық) лингвистика, жалпы теориялық лингвистика, т.б. тармақтарға таратып, таза тілдік тұрғыда қарастырып келді, яғни тілдің қолданыс табатын әлеуметтік орта, тарих, мәдениет пен танымдық процестермен байланыста зерттеу мәселесі тасада қалып келді.
Тіл білімінде тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мәселесін алғаш рет ғылыми-теориялық деңгейде В.фон Гумбольдт зерттеді.Оның материалды және рухани мәдениеттің ұлттық сипатының тілде көрініс табатыны, тілдік белгіге ішкі форманың тән екендігі және тілдің адам мен қоршаған орта арасын байланыстыратын дәнекерші қызметі туралы басты ғылыми негіздемелері мен ұстанымдары А.Потебня, Ш.Балли, Ж.Бандриес, Р.Якобсон еңбектерінде өз жалғасын тапты .
В.фон Гумбольдт идеясының актуализациялануы, яғни адамды адам ететін тіл, тілді адам санасымен, ойлауымен, рухани тәжірибиелік әрекетімен тығыз байланыста зерттеу В.фон Гумбольдт идеясының өзектілігін білдіреді. Осыған орай түрлі лингвомәдени қауымдастықтағы ұғымдарды салғастыру заман талабы болып отыр. Тіл білімінің қазіргі дамуы кезінде лингвистика ғылымы тілді салғастырмалы зерттеуге баса көңіл бөледі. Осындай салғастырмалы зерттеулерде маңызды орын алатын қазіргі лингвистиканың лингвомәдениеттану саласы.
Қазіргі лингвистиканың құрылымдық, яғни тілді өз ішінде ғана зерттеу парадигмасын мүлдем жоққа шығаруға болмайды. Тілді мәдениетпен өзара тығыз байланыста-антропоцентристік қағида негізінде зерттеу бүгінгі таңда өзекті болып отыр.
Тілдік мәселелерді басқа ғылым салаларымен байланыстыра қарастыру ауқымы кең зерттеулерге жол ашып, ғылыми нәтижелерге қол жеткізді. Осындай интегративті, пәнаралық бағыттың бірі- ХХғасырдың екінші жартысында пайда болған лингвомәдениеттану ғылымы. Жалпы тіл мен мәдениет арақытынасы мәселелері түрлі деңгейлерде философтардың Платон, И.Гердер, Э.Кант, т.б.еңбектерінде қарастырылған. Бертін келе В.фон Гумбольдт, Э.Сепир, Б.Уорф, Кассирер, Л.Вайсгербер зерттеулерінде ғылыми іздніс дәрежесінде көрініс тапты. Кеңестік дәуірде орыс ғалымдары: А.Потебня, Н.Топоров, В.В.Иванов, А.Толстой еңбектерінде, қазақстандық ғалымдар академик Ә.Қайдаров, Р.Сыздық (салыстырмалы диахроникалық (мәтіндік), Е.Жанұзақов, Ж.Манкеева т.б. ғылыми еңбектерінде этнолингвистикалық бағытта зерделенді.
ХХІ ғасырда лингвистика тілді тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сол сияқты ұлттың мәдени коды ретінде қарастырып келеді. Мұндай бағыттың фундаментальды негізі В. фон Гумбольдт , А.А. Потебня және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан. Мысалы В.Гумбольдт «Менің ұлтымның тілінің шекарасы менің дүниетанымымның шекарасы» деген. Тіл тек ақиқат шындықты білдіріп қоймай, адамның өмір сүру ортасын жасайды, түсіндіреді.Тіл туралы ғылым лингвистика кез-келген гуманитарлық білімдер жүйесінде зор методологиялық ұстанымға ие және мұнсыз мәдениетті зерттеу мүмкін емес. Мәдени ақпаратты тасымалдаушы, тіл мен мәдениетті өзара байланыстырып қолданатын адам болып есептеледі. Тіл мен мәдениетті адам ұстанады. Адам болмаса тіл де, мәдениет те болмайды .
Достарыңызбен бөлісу: |