Бақылау сұрақтары:
1. Типология ұғымы туралы не білесіз ?
1.Тіл типтері ұғымы нені білдіреді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.
2. Шаяхметұлы.Қ. Қазіргі қазақ тілі. Сөзжасам-дериватология, сөзөзгерім-морфология. Семей; Новосібір: Талер-Пресс, 2007.- 334б.
3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
№22 дәріс тақырыбы: Тілдік қатынас теориясы
1. Тіл және этникалық бірлік
2. Тілдердің бөліну, бірігу үдерістері
3. Тілдік жағдаят. Билингвизм
4. Тілдік одақтың пайда болу себептері
5. Ностратикалық тілдер семьясының пайда болу жолы, зерттелу кезеңдері.
Тіл бірлігі – бір қалыптан өзгермейтін, қатып қалған құбылыс емес, өзгеріске ұшырап отыратын тарихи құбылыс. Белгілі бір тіл бір ғана этникалық бірліктің тілі болуы да, араласып кеткен бірнеше этникалық топтың ортақ тілі болу да мүмкін.Соған қрай тілдік бірліктің географиялық көлемі де әр түрлі.
Негізінен алғанда, тайпалық бірліктің бірнеше рулардың, халықтық бірліктің бірнеше тайпалардың бірігуінен барып қалыптасатын ғылым бекер демейді.Этникалық топтардың бұлай күрделене шоғырлануы олардың тілдерінің де бірігіп, күрделенуін туғызады.Бұлай шоғырлануда тайпа құрамына немесе халықтық бірлік құрамына енген белгілі бір этникалық топтың тілі басқалар арасына кеңірек тарап, бара – бара бірлік құрамына енгендердің барлығына ортақ тілге айналады да, өзге тілдер бірте – бірте соның құрамына еніп сіңеді.Бұл жағдай қоғамның этникалық бірліктерінің ұсақтан іріге қарай күрделене дамитындығы сияқты тілдің де көптеген ағза күрделене дамитындығын байқатады.
Адамдардың қоғамдық бірліктері сияқты олардың тілдері де бір – бірінен ажырап бөлшектену, қосылып бірігу жолынан өткен. Тілдің қай – қайсысы да осы күнгі дәрежесінде пайда бола қалмаған.
Адам қоғамының алғашқы рулық бірліктен ұлттық бірлікке қарай дамитыны сияқты, тіл де ру тілінен тайпа, халық, ұлт тіліне ауысып күрделене дамиды.
Ертедегі шағын қауымдастықтар тілінен кейінгі замандардағы күрделі қауымдар тіліне қарай даму жолында тілдер дамуында екі түрлі процесс болды.Оның біріншісі – белгілі бір дәуірдегі біртұтас тілдің өз ішінен ыдырап, жеке диалектілерге, тілдерге бөлшектену процесі.Бұл процесс – тіл білімінде дифференциация деп аталады.Екіншісі – жеке диалектілердің, тілдердің бір – бірімен жақындасу, бірігу процесі.Бұл процесс тіл білімінде интеграция деп аталады.
Тіл дамуында болатын дифференциациялық процесс басқа қоғамдардан гөрі ру қоғамында молырақ болады.Өйткені адамдардың жеке – жеке ұсақ қауым болып өмір сүруі – алғашқы қауымдық бірліктің негізгі белгілерінің бірі.
Интеграция – дифференциацияға тура қарама – қарсы процесс. Интеграция - өзіндік тілдік ерекшеліктері бар қауымдардың бір – бірімен жақындасуларының, араласып бірігулерінің нәтижесі.
Тілдік жағдаят (ситуация). Бір тілдің немесе бір территориялық - әлеуметтік ортада қызмет ететін тілдер тобының белгілі географиялық аймақ, болмаса саяси - әкімшілік құрылым шегінде өмір сүру формасының жиынтығы тілдік жағдаят деп аталады.
Билингвизм. Көп ұлтты мемлекеттерде әр түрлі ұлт өкілдері бір – бірімен қатынас жасау үшін, өзінің ана тілінен басқа тілді де, өзімен аралас – құралас халық тілін де білу қажеттігі туады.Сөйтіп, өздерінің күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдана береді.Осыдан барып екітілдік немесе көптілділік пайда болады.Ол – тіл білімінде билингвизм деп аталады.
Екі немесе одан да көп тілді қолданушылар жеке адамдар болуы да, бүкіл этникалық қауым болуы да мүмкін.Кеңестер Одағы – көп ұлтты мемлекет болды.Мұндағы әр түрлі ұлттар бір – бірімен қарым – қатынас жасау үшін, орыс тілін пайдаланды.Сөйтіп, орыс тілі – орыс ұлтының ана тілі болуымен қатар, екінші жағынан, Кеңес заманында халықтардың ұлтаралық тіліне де айналды.
Креол тілдер. Африка, Оңтүстік – Шығыс Азия, Океания, Латын Америкасы жеріндегі Испания, Португалия, Франция отаршыларының ұрпағы – креолдардың тілдері. Креол тілдердің пайда болуы тілдердің пиджинделу процесімен, яғни пиджин (ағылшынның бұрмаланған business іс сөзінен) тілдердің қалыптасуымен байланысты.
Тілдік одақ дегеніміз – шыққан тегіндегі жақындық бойынша емес, біртұтас географиялық кеңістікте б»р-б»р»мен ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста болған тілдердің белгілі дәрежеде құрылымдық және материалдық ұқсастығына негізделген тілдердің тарихи бірлігі. Тілдік одақ және тіл семьясы деген ұғымдар бірдей емес.
Достарыңызбен бөлісу: |