Бақылау сұрақтары: 1. Тіл және қоғамның қатысы қандай?
1.Әлеуметтік лингвистика нені білдіреді?
Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. Филол. ғыл. док. ... автореф.- Алматы, 2004.-50б.
2. Гумбольдт В.фон. Язык и философия культуры.-М., 1985-254с.
3. Красных В.В.Культурное проостранство: система координат (к вопросу о когнитивной науке) // Respectus philologicus. 2005.№7.-20с.
№21 дәріс тақырыбы: Тіл типтері. Лингвистикалық типология
1.Тіл типтері. Типология ұғымы туралы
2. Лингвистикалық типология туралы мәліметтер
Типология (лингвистикалық) (гр. typos - таңба, форма, үлгі, logos сөз, ілім), типология лингвистическая — туыстық тегіне байланыссыз, тілдердін құрылымдық және функционалдық қасиеттерін салыстырып зерттеу. Типология үшін екі жақты сәйкестік (форма мен мағына түрінде) болуы міндетті емес, салыстырылатын тіл бірліктерінің не формасымен, не мағынасымен шектеледі. Әдетте типологиямен және салыстырмалы- тарихи тіл білімімен бірге аймақтық тіл білімі қарастырылады. Типология жеке тілдердін зерттелуіне сүйене отырып, тілдің құрылымы мен қызметі туралы жалпы тіл білімінде жасалған тұжырымдарды пайдаланады.
Зерттеу объектісіне байланысты типология функционалды типология (әлеуметтік тіл білімі) және құрылымдық типология болып бөлінеді. Функционалды типологияның қарастыратыны тілдің әлеуметтік салада қолданылу қызметі. Құрылымдық типологияның қарастыратыны — тілдін ішкі жүйелік құрылымы типологияның ең басты ұғымы — тілдердін типтерін түсіндіруге байланысты әр түрлі болады. Мәселен, грамматикалык формалардын күрылымдык белгілеріне карап, а м о р ф т ы (даралаушы), агглютинативті, флективті сиякты дәстүрлі типологиялық топтастырулар бар. Тұтас тіл жүйесіне емес, оның шағын жүйелеріне, категорияларына арналған бұл сияқты көптеген топтастырулар бір тілдің өзін әр түрлі топтарға жатқызуға себепші болды.
Тілдің типтік белгілерінің уақыт ішінде түгелдей езгеру эволюциясың зерттейтін т а р и х и Типологияның мәні де зор. Кез келген тілде әр түрлі типтін белгілері бар, таза типті тілдер жоқ. Таксономиялық тұрғыда накты тілдін белгілі бір типологияға қатыстылығы абсолюттік болған емес, басым типтік белгілердін негізінде тек қатыстық сипатта болып келеді. Осыған байланысты тілдін сапалық қасиеттерін емес, сапалық белгілердін статистикалық (сандық) қалпын анықтайтын квантативтік типологияның тиімділігі байқалады.
Глобалды сипатта тілдерді қамту жағынан типология тілдін универсалдық сипатымен үндесіп жатыр. Сонымен бірге тіл белгілі тілдер семьясының типологиялық генетикалық белгілерін анықтау мақсатымен, оларды талдауға да мән береді. Осылайша дербес типологиялық пән — характерология (В. Матезиустің термині) қалыптасқан. Типология салыстырмалы-тарихи тіл білімімен қатар дамыған, пайда болған кезі 19 ғасырдың басы (Германияда), бірақ оның негізі 18 ғасырда тіл білімінде тіл философиясы (Р. Декарт, Г. В. Лейбниц, И. Г. Гердер) мен әмбебап (универсал) грамматикада салынған. типологияның шыққан тегінде Ф. А.-В. Шлегельдер мен В. Гумбольдт тұрған. 19 ғасырдағы алғашқы типологиялық ізденістерде тілдердін морфологиялық типін анықтауға көніл бөлінді. Типология мәселелеріорыс тіл білімінде елеулі орын алды (Ф. Ф. Фортунатов, А. А. Потебня). 20 ғасырда типологияның жаңаша дамуы Э. Сепирдің есімімен байланысты. Сепирдін типологиясынан инвентаризациялық типология басталады. Еуропа тіл білімінде казіргі типологияның дамуында Прага тіл үйірмесі зор рөл атқарды (Н. С. Трубецкой, Матезиус, В. Скаличка). 20 ғасырдың ортасында әр елде типологияның басқа да бірқатар түрлері дами бастады. 20 ғасырдың 2 жартысындағы типологияға тән ерекшелік оның салыстырмалы-тарихи тіл білімімен жақындасуы болып табылады.[1][2]