ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені


Практикалық сабақ 5. Мал тұқымы



бет5/5
Дата26.08.2017
өлшемі1,1 Mb.
#29543
1   2   3   4   5

Практикалық сабақ 5. Мал тұқымы.


Практикалық сабақтың мазмұны:

  1. Мал тұқымының түрлері.

Сабақтың мақсаты: кең таралған үй жануарларының тұқымын анықтауды үйрену және зерттеу.

Мал түлігі әр түрлі бағыттағы өнімді тұқымдарға бөлінеді. Мал түлігінің тұқымына шыққан тегі бір, физиологиялық, морфологиялық және шаруашылық белгілерінің ұқсастығы бар, ұрпағына өзінінің тұқымдық белгілері мен өнімдік қасиеттерін тұрақты түрде ұзақ уакыт беріп тұратын мал тобы жатады. Бір тұқымға жататын малдың дене пішімі, төлділігі, өнімі, бояуы және көлемі жөнінен айырмашылығы аз, басының саны сұрыптау мен жұптау жұмысын жүргізуге жеткіліті болуға тиіс.

Мал тұқымын топтастыру. Әр түрлі мал тұқымында дене бітімі, салмағы, төлділігі, мінез-құлқы және өнім беру деңгейі жөнінен біршама айырмашылық болады. Оларды жіктеп топтастыруды келесі жолдар мен жүргізеді:


  1. Жағрапиялық топтастыру бойынша – ойпаттық (голландық, холмогор, ярослав, шортгорн, қара-ала т.б), таулық (шветтік, симменталдық, т.б), далалық (укаиндық, далалық қызыл, т.б. ) топтарына бөлед;

  2. Зоологиялық топтастыру бойынша –малды басының құрылысы ( тар маңдайлы, маңдайлығ қысқа басты ірі қара малы), құйрықтылығы( ұзын құйрықты, құйрықты қойар), құлағы мен басының сыртқы пішіміне( шошқада) қарап бөледі;

  3. Тұқымның жақсартылып, жетілу деңгейі мен топтастырғанда - қарапайым, зауыттық және тұқым аралық топтарына бөледі.

Қарапайым топқа тұқым даму кезінде қалыптасқан, әбден жер сіңген, жергілікті ауа райына төзімді, мықты, бірақ өнімділігі аз монғол, якут, жәбе жылқысы, қалмақ, сібір, қырғыз, кавказ сиыры, қылшық жүнді қой тұқмдары жатады.

Зауыттық тұқым қолдан сұрып тау, күтіп бағу және азықтандыру нәтижесінде пайда болған орлов және орыстың желіс жылқысы, владимир ауыр жүк тартатын жылқысы, қара-ала, шведттік, сименталдық, герофорт және шортгорн, қазақтың ақ бас сиыры, әулие көл, Әулие ата секілді мүйізді ірі қара мал, аскаий, кавказдық, қазақтың биязы жүнді, қазақтың архар мериносы секілді қой , ірі және украиндық ақ, Жетісулық қара шұбар секілді шошқа тұқымдары жатады.

Аралық тұқым түрі қарапайым тұқымды асылдандыру барысында пайда болған қазақ және кабардин жылқасы, юрин және истебе сиыры, сокол қойы мен молдаван шошқасын жатқызуға болады.

Негізгі өніміне қарай мүйізді ірі қара малды – сүт және ет, қойды- жүн, ет, елтірі. Тондық тері және сүт, шошқаны- ет және май, жылқыны-ет, сүт және көлік күші, спорт, туйені- ет, сүт және көлік күші бағытындағы тұқымдарға бөледі.

Негізгі өнімі мен қоса өндірілетін қосалқы өнімі бойынша:

А. Мүйізді ірі қара малдың жылына басына -4-5 мың кг сауылатын сүтті, етті және аралас өнімді тұқымын;

Б. Қойдың биязы жүнді, ұяң жүнді, тондық, елтірілік, етті майлы, етті-жүнді-сүтті, жүнд- сүтті тұқымын;

В. Жылқының мініс, желіс, ауыр жүк таситын және спорттық тұқымын ажыратады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Қарабайыр тұқым дегеніміз не?

  2. Зауыттық тұқым дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Н.Омарқожаұлы, А.И. Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. – Астана, BG – print. 2007.

  2. Н.Омарқожаұлы, Б.Р. Әкімбеков. Мал шаруашылығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.

  3. Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.

  4. Н.Омарқожаұлы, М.Ш. Кенжебай, Б.Ж. Кожабаев. Жалпы зоотехния.- Оқу құралы.- Астана, 2009.

Практикалық сабақ 6. Малдарды таңбалау және алғашқы зоотехникалық еспке алу.


Практикалық сабақтың мазмұны:

  1. Малдарды таңбалау.

2. Алғашқы зоотехникалық еспке алу.

Сабақтың мақсаты: малдарды таңбалау тәсілдерімен және алғашқы зоотехникалық және асылтұқымдық есепке алудың негізгі формаларымен танысу.

Қазіргі кезде мал шаруашылығында таңбалаудың әртүрлі әдістер қолданылады. Таңбалаау түрі малды қолдану мақсаты мен ұзақтығына , бағып күту жағдайына , қолданатын технологияға және басқада факторларға байланысты.

Таңбалау әдістерін мынадай түрлерге бөлуге болады:


  • Ұзақ уақыт сақталатын таңба негізінен асылтұқымдық тіркеуде қоданылады;

  • Аса ұзақ емес уақытқа таңбалау (бордақылаудағы мал, әртүрлі физиологиялық куйіндегі малды бөліп алу, жайылым кезіңінде табын құру және т.б).

Барлық таңғбалар айқын болып, үлкен ара қашықтықтан малды бекітпей көрінуі қажет, адам мен малға қауіпсіз және ұзақ уақытқа сақталуы керек. Таңбалау және таңбаны оқып таңу көп еңбекті және ұзақ уақытты, ерекше күрделі құрал- жабдықты талап етпеуі керек.

Таңбалау әдістері:

А. Құлаққа ең салу арқылы таңбалау

Б. Татуйровка арқылы таңбалау

В. Суықпен таңбалау

Мал басының белгіленіп есепке алынуын арнайы формадағы алғашқы есеп журналдарына тіркеп жазу арқылы жүзеге асырады. Зоотехникалық практикада мал басының өзгеруін – өсім мен өлім актілерін, бір жастық- жыныстық топтан екіншісіне ауыстыру, бракқа шығару, табындағы айналымын тіркеп, жазу арқылы; жемшөп шығының – жайылым оты мен шабындықтардың өнімділігін бағалау , дайындалған жемшөпті тіркеу, азықтандырудағы мал азығының шығының тіркеу; өнім өндірілуін- бақлау сауындардың көрсеткіштерін, сауылған сүт сауымын арнайы журналғ түсіру, сиырлар тірілей салмғы мен сүттілігін тіркеу, сүт майлылығы мен құрамын журналға жазу арқылы жүзеге ассырады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Алғашқы зоотехникалық есепке алуға не кіреді?

  2. Таңбалау қандай тәсілдермен іске асады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Н.Омарқожаұлы, А.И. Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. – Астана, BG – print. 2007.

  2. Н.Омарқожаұлы, Б.Р. Әкімбеков. Мал шаруашылығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.

  3. Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.

  4. Н.Омарқожаұлы, М.Ш. Кенжебай, Б.Ж. Кожабаев. Жалпы зоотехния.- Оқу құралы.- Астана, 2009.



Практикалық сабақ 7. Малдардың өнімділігін есепке алу әдістері.

Практикалық сабақтың мазмұны:


  1. Малдардың өнімділігі.

  2. Малдардың өнімділігін есепке алу әдістері.

Сабақтың мақсаты: мал шаруашылығы өнімдерін есепке алу және бағалау әдістерін және тәсілдерін зерттеу.

Мал шаруашылығының салалары сүт, ет, жұмыртқа секілді құнды қоректік өніммен қоса жүн, тері т.б. секілді бағалы шикізат өндіреді. Бұл өнімдердің өндірілуі малдың өнімділігіне, яғни олардан белгілі мерзімде алынған өнім мөлшері мен сапасына, тәуелді болғандықтан, соңғыларды бақылап, есепке алу қажет.

Мүйізді ірі қара мал шаруашылығында сиыр сүті мен етін, терісін өндіреді.

Сиыр сүттілігін тәліктік, айлық және жылдық сауымымен және сүтінің майлылығымен бағалайды.

Ірі қара еттілігін оның сойыс салмағының сою алдындағы 24 сағаттық аш ұстадан ейінгі тірілей салмағына қатынасы мен шығарылатын сойыс шығымымен және етінің сапасымен бағалайды.

Қой шаруашылығының өніміне қой еті, жүні, елтірісі мен терісі кіреді.

Жылқының ет өнімділігімен қоса жүк көтеру, тасу күші және жылдамдығы ж.б. сыртқы көрсеткіштермен сипатталатын жұмыс қабілеттілігін бағалайды.

Шошқа өнімділігін еттілігімен қоса туғандағы тірі торай басымен , олардың қосқан 21 күніндегі салмағымен өлшенетін сүттілігімен, торайларының 45-60 күндегі жалпы салмағымен бағалайды.

Тауық өнімділігін айына , жылына салынған жұмыртқа санымен есептелінетін жұмыртқалағыштығымен, белгілігі мерзімде салынған жұмыртқа санымен есептелінетін жұмыртқалағыштық қарқынмен бағалайды.

Бақылау сұрақтары:


  1. Өнімділікке қандай факторлар әсер етеді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Н.Омарқожаұлы, А.И. Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. – Астана, BG – print. 2007.

  2. Н.Омарқожаұлы, Б.Р. Әкімбеков. Мал шаруашылығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.

  3. Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.

  4. Н.Омарқожаұлы, М.Ш. Кенжебай, Б.Ж. Кожабаев. Жалпы зоотехния.- Оқу құралы.- Астана, 2009.



Практикалық сабақ 8. Малдарды өсіру әдістері.

Практикалық сабақтың мазмұны:


  1. Ауыл шаруашылық малдарын өсірудің әдістері.

Сабақтың мақсаты: малдарды өсірудің түрлі әдістерінің сызбаларымен танысу.
Мал басын өсіруде тазақанды(таза) өсіру әдістерімен будандастыру әдістері қолданылады. Тазақанды өсіруде-бір тұқымға, ал будандастыруда-әр тұқымға жататын малдарды шағылыстырады. Олардан алынған ұрпақты будандар(метистер) деп атайды. Тұқымдық қасиеттері кеңейтілген будандардың 1-ші ұрпағы гетерозис құбылысының арқасында ата-енесінен көрі жылдам және жақсы жетіледі.

Әр түрге жататын жануарларды шағылыстыру гибридизация деп атайды. Олардың гибридтер деп аталатын ұрпағының көбіне көбеюшілік қасиеттері болмайды. Мысал ретінде, есек пен бие гибриді қашырды келтіруге болады. Ұрпағын жалғастырып, жаңа тұқым шығарылған гибридизация мысалы ретінде арқар мен саулықтан шығарылған қазақ архармериносы қой тұқымын келтіруге болады.

Будандастырудығң 5 әдісі бар. Оларға тұқым түзуші немесе зауыттық будандастыру, сіңіре(аудара) будандастыру, араластыра(түзетуші) будандастыру, өнеркәсіптік будандастыру кезек будандастыру жатады. Түсініктілігін арттыру үшін оларды кестелеп бейнелейді. Ол екстелерде малдың шығу тегіндегідей ұрғашы аналық бастары дөңгелекпен белгілеп сол жаққа, ал еркек аталық бастарды төрт бұрышпен белгілеп оң жаққа қояды.

Бақылау сұрақтары:


  1. Малдарды өсірудің негізгі әдістерін атаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Н.Омарқожаұлы, А.И. Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. – Астана, BG – print. 2007.

  2. Н.Омарқожаұлы, Б.Р. Әкімбеков. Мал шаруашылығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.

  3. Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.

  4. Н.Омарқожаұлы, М.Ш. Кенжебай, Б.Ж. Кожабаев. Жалпы зоотехния.- Оқу құралы.- Астана, 2009.



Практикалық сабақ 9. Малдардың асылтұқымдық сапасын бағалау.

Практикалық сабақтың мазмұны:


  1. Асылтұқымдық шаруашылықтардағы бонитировкалау.

  2. Малдардың асылтұқымдық сапасын бағалау әдістері.

Сабақтың мақсаты: малдардың асылтұқымдық сапасын бағалау әдістерін зерттеу.

Мал басын тұқымдық және өнімдік қасиеттерін бағалау негізінде белгіленген кластарға жатқызуды бонитировкалау арқылы іске асырады. Асыл тұқымды мал шаруашылығында мал басын бонитировкалауды мамандар( зоотехник-селекционерлер) арнайы асылдандыру ісі жөніндегі нұсқауларды басшылыққа ала отырып жүргізеді. Тауарлық шаруашылықтарда малдың тек асыл тұқымдық тобын: сиырларды- сауымы аяқталғанда, еркек таналарды- жыныстық қабілеттілігі жетілгенде, ұрғашы таналарды- 10айлығында бонитировкалайды. Бонитировкалағанда сиырлардың- сүттілігі, сырт пішіні мен дене бітімі, шығу тегі; бұқалардың- сырт пішіні мен дене бітімі, шығу тегі; таналардың- сырт пішіні мен бағаланады.

Бонитировкалау нәтижесінде оларды элита – рекорд, элита, 1 не 2 класқа жатқызады. 2 класс талабына сай емес бастарды кластан тыс деп табады.

Бонитировкалау барысында мал дене бітімі, сыртқы пішіні, тұқымдық қасиеттері және өнімділігі бойынша кешенді түрде бағаланады. Бонитировкалаудың мақсаты- тұқымдық қасиеті және өнімдік көрсеткіштері бойынша ең жақсы бастарды іріктеп, нашар, өсіруге жарамсыз бастарды бракқа шығару болып табылады. Бонитировкалау нәтижесі бойынша ата-аналық бастардың ұтымды жұптастырылғандығына баға беріп, қажетті өасиетті ұрпақ алу үшін жұптастыратын бастарды сұрыптап, оларды бағыттап азықтандыру арқылы көзделген өнімділігне қол жеткізу.

Бонитировкалаудвн бір ай бұрын жоспар жасалады. Бонитировкалау жоспарында жергілікті жер және ау- райының жағдайы, мал тұқымының ерекшелігі, бонитировкаланатын басы, оның өткізілетін жерінің ветеринарлық-санитарлық жағдайы, отарлардың бонитировкалану реті, оны өткізуге қажетті жұмыскерлер саны мен ұқрал-сайман тізімі ( татуировкалу қысқыштары, құлақ тескіштер, құлақ сырғалары, таразылар, есеп журналдары, белгілеу бояулары ж.б.) көрсетіледі.

Малдың сыртқы пішіні мен дене бітімі оның жеке тұлғалық ерекшеліктері, яғни фенотипі, бойынша бағаланса, өнімділігін кешенді бағалау үшін фенотиптік бағалау оның тегі мен тұқымдық қасиеттері, яғни генотипі, жөніндегі мәліметтермен толықтырылады. Малдың өз басының шығу тегі мен одан алынған тұқымның сапасы(өнімділігі) оның тұқымдық қасиеттерін сипаттайды.

Организмнің тұқымдық қасиеттері белоктар мен нуклейн қышқылдарынан (ДНҚ,РНҚ) тұратын хромосомалар деп аталатын полимерлер арқылы беріледі. ДНҚ молекулалары фосфат қышқылының қалдығынан, дезоксирибозадан және аденин(А), гуанин(Г), тимин(Т), цитозин(Ц) негіздерінен құрастырылған нуклеотидтердің қос бұрымынан тұрады. ДНҚ молекуласы екіге бөлінгенде бұрамы тарқатылады да, оның әр тізбегінің бойында комплементарлық, яғни толықтырушылық, ережесіне сәйкес жаңа тізбек құрастырылады.

ДНҚ молекуласының бір тізбегі матрица ролін атқарып, оның бойында цитоплазма ферменттерінің әсерімен РНҚ-ның ақпараттық РНҚ (а-РНҚ) деп аталатын, негіздері ДНҚ молекуласының негіздеріне комплементарлы, тізбегі түзіледі. Мысалы , ДНҚ тізбегінің бойындағы Ц-Г-Т түріндегі үш негіздік қалдықтан тұратын үштікке (триплетка) а-РНҚ тізбегінің Г-Ц-А үштігі түзіліп, ДНҚ молекуласындағы кодталған генетикалық (тұқымдық) ақпаратты көшіру, яғни транскрипциялау барысында а-РНҚ молекуласына толығымен комплементарлы ақпарат көшіріледі.

Бойындағы тектік генотип ақпаратпен а-РНҚ тізбегі жасуша ядросынан цитоплазмаға шығып, рибосомаларға беріледі. Мұнда оның үштіктері тасымалдық қызмет атқаратын транспорттық РНҚ-ның (т-РНҚ) комплементарлы үштік негіздерін тартады. Бұл а-РНҚ үштіктктеріне комплементарлы т-РНҚ молекулаларына белгілі аминқышқылдары бекітіліп, а-РНҚ тізбегінің бойында т-РНҚ млоекуласының аккумуляциялануы баысында белоктың көп пептидтік тізбегі түзіледі. Бұл үрдісті трансляция деп атайды.

Белгілі бір белгінің берілуін қамтамасыз ететін үштікті ген деп атайды. Белоктағы барлық 20 аминқышқылдың орналасуын қамтамасыз ететін барлық үштіктер жиынтығын организмнің генетикалық коды деп атайды.

Аталық және енелік организмдердің жыныстық жасушаларындағы генетикалық кодты олардың ұрықтану барысындағы ядроларының қосылуынан пайда болған зигота, яғни тұқым, ұрпаққа беріледі. Малдың тұқымдық қасиеттері бағаланғанда оның, яғни пробандтың, аталық (А) және енелік(Е) шығу тегі зеттелген.

Малдың шығу тегі туралы мәліметтері бойынша оның сұрыптау мен жұптау ісіне қажет генеологиялық генотипі бағалайды. Шығу тегін бақылау арқылы мал басының генотиптік потенциалын тарылтып, бейімделушілік пен өнімділік қасиеттеріне әсерін тигізетін жақын туыстық шағылысуына(инбридингке) жол берілмейді. Сонымен қатар ол мәліметтерді мал басын асылдандыру ісінде аса көрнекті аталықтар мен аналықтарды жеклеп сұрыптау үшін пайдаланылады.

Жалпы өнімділік мал шаруашылығанда, әдетте, өсіріліп отырған мал басын көзделген өнім бағытында селекциялауға қажетті қасиеттерін фенотиптік сұрыптау арқылы жүзеге асырады. Шаруашылықтағы асылдандыру ісінің қойылған мақсатына байланысты сұрыпталған мал басын жұптастыруды біртоғалық, яғни гомогенді, немесе әртоғалық, яғни гетерогенді принциптерге сүйене отырып жүргізеді.

Асылдандыру ісіндегі бағытты сұрыптау мен жұптау нәтижелерін арттыру үшін алынған ұрпақ сапасын бағалайды.



Бақылау сұрақтары:

  1. Шығу тегі бойынша бағалау қалай жүргізіледі?

  2. Ұрпақ сапасы бойынша бағалау қалай жүргізіледі?

  3. Бонитировка дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Н.Омарқожаұлы, А.И. Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. – Астана, BG – print. 2007.

  2. Н.Омарқожаұлы, Б.Р. Әкімбеков. Мал шаруашылығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.

  3. Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.

  4. Н.Омарқожаұлы, М.Ш. Кенжебай, Б.Ж. Кожабаев. Жалпы зоотехния.- Оқу құралы.- Астана, 2009.


Практикалық сабақ 10. Мал азығының қоректілігін бағалау тәсілдері.

Практикалық сабақтың мазмұны:


  1. Мал шаруашылығында қолданылатын азықтардың қоректілігін бағалау әдістері.

Сабақтың мақсаты: Мал азығының қоректілігін бағалау тәсілдерін меңгеру.

Мал азығының қоректілігін бағалауда әр елде әртүрлі өшемдер қолданылып келеді. Біздің елде азық қоректілігінің өлшемі ретінде О. Кельнердің тәжірибелік деректеріне негізделген сұлы азық өлшемі ( С.А.Ө) қолданылады. 1с.а.ө ретінде 1 кг сұлы дәнінің бордақылаудағы сақа өгіз денесіндегі 148,8 =150 г тең май байлаулы түріндегі өнімдік әсер алынған.

Азықтардың өоектілігін с.а.ө-мен бағалай үшін, алдымен олардың құрамындағы қорытылған қоректік заттарды Кельнер анықтаған қорытылған 1 кг протеин үшін – 235 г, май үшін- 474-526 г, көмірсулар үшін 248 г болып келетін май байлау коэффиценттеріне көбейтіп, күтулі май байлау мөлшерін табады. Содан кейін оған көк және ірі жемшөпке- «жасунаққа шығару» түрінде, басқа азықтарға – «құнарлылық коэффиценті» түрінде түзеті енгізу арқылы нақтылы май байлану мөлшерімен айырмалығын жояды. Нақтылы май байлау мөлшерін 1с.а.ө май байлауына, яғни 150г-ға бөледі.

Бақылау сұрақтары:


  1. Мал азығының қоректілігі деп нені түсінеміз?

  2. Азықтардың өнімділік әсері қалай және қандай түрде анықталады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Н.Омарқожаұлы, А.И. Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. – Астана, BG – print. 2007.

  2. Н.Омарқожаұлы, Б.Р. Әкімбеков. Мал шаруашылығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.

  3. Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.

  4. Н.Омарқожаұлы, М.Ш. Кенжебай, Б.Ж. Кожабаев. Жалпы зоотехния.- Оқу құралы.- Астана, 2009.


Практикалық сабақ 11. Азық және оның жіктелінуі.

Практикалық сабақтың мазмұны:


  1. Малдарға арналғна негзігі азықтар, азықтық құралдар және үстеме азықтар.

  2. Азықтардың жіктелінуі.

Сабақтың мақсаты: азықтардың жіктелінуін және олардың қоректік құндылығының көрсеткіштерін зерттеу.

Мал азығына малдың жеуіне жарамды, ас қорту жолында қорытылатын, денсаулығымен қнім сапасына зиян келтірмей, уландырмай, тіршілік пен өнім өндіру мұктаждығына қажетті энергия мен қоректік, минердық жіне биологиялық әсерлі заттарды жеткізетін өнімдер мен қосындылар жатады. Олардың қатарына жайылым өсімдіктерінің мал жейтін бөлігі, шабындық пен екпе дақылдар көгінен дайындлған қыстық жемшөп пен дәнді дақылдар дәні мен қалдық тары, техникалық өндірістің азықтық қалдықтары, төл мен тұқымдық мал азығына жұмсалатын жануар тектес азықтар және мал азығына қолданылатын түрлі минералды, витаминді және басқа да биологиялық әсерлі заттары кіреді.

Мал азығын шығу тегі мен түрі, физикалық жағдай, физиологиялық игерімділігі, қоектік заттарының жоғырлануы мен ара қатынасы секілді мал түлігіне қоектілік құнарлылығы мен жұғындылығын айғақтайтын қасиеттеріне қарай топтастырып, жіктейді.

Шығу тегі бойынша мал азығы өсімдік тектес жемшөп пен жануар тектес азықтар, химиялық және микробиологиялық түзу өнімдері, минералдық қосындылар мен тұздар, витаминдер мен басқа да биологиялық әсерлі заттарға жатқызылады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Азық және азық құралдары түсініктерінің айырмашылығы неде?

  2. Азықтардың жіктелінуі қандай белгілері бойынша жүргізіледі?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Н.Омарқожаұлы, А.И. Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. – Астана, BG – print. 2007.

  2. Н.Омарқожаұлы, Б.Р. Әкімбеков. Мал шаруашылығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.

  3. Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.

  4. Н.Омарқожаұлы, М.Ш. Кенжебай, Б.Ж. Кожабаев. Жалпы зоотехния.- Оқу құралы.- Астана, 2009.


Практикалық сабақ 12. Сүтті талдау.

Практикалық сабақтың мазмұны:


  1. Сүтті органалиптикалық талдау.

  2. Сүттің химиялық құрамы.

Сабақтың мақсаты: сүтті талдау техникасын меңгеру.

Сүт – сиыр желінінде түзілетін құрамы күрделі биологиялық сұйық. Оның түзілуі өте күрделі процесс. Әр 1 л сүт түзілу үшін желін тамырларынан 400-600л қан өткізіледі. Бұл 10 л сүт сауылатын сиыр желінінен тәулігіне құрамында сүттің осыншама мөлшерін түзуге қажетті б\арлық заттары бар 4-5 т қан өткізілетінін көрсетді. Сүттің құрамында ағзаға қажетті барлық қоректік заттар бар. Ол сүт қоректілер төліне табиғаттың өзі дайындаған танғажайып тағам. Қорытылуы мен сіңірілуі жағынан да сүтке тең келетін тағам жоқ.

Сиыр сүті 87,5 судан, 12,5 құрғақ заттан тұрады. Құрғақ заты 3,8 сүт майынан, 3,3 ақуыздан, 4,7 сүт қантынан, 0,6 минералды заттардан құрастырылады. Жалпы сиыр сүтінің құрамында кездесетін 100- ден аса түрлі биологиялық пайдалы заттардың ішінде 20 – дан аса май қышқылдары, 20- дан аса аминқышқылдары, 16- дан аса витаминдар, қанттың үш түрі, 30-40 минералды элементтер, түрлі ферменттер, гормондар және тағы басқа қосындылар табылады. Сүт құрамы сиыр тұқымына, жасына, жыл мезгіліне, азықтандыру ерекшеліктеріне байланысты біршама өзгереді. Мысалы, азықтандыру жағдайларына байланысты сүт майлылығы – 3,0 – дан 5-6 – ға дейін, ондағы ақуз мөлшері – 2,7 дан 4- ға дейін ауытқиды.

Сиырдың сүттілігі 5-7 бұзаулағанға, яғни 7-9 жасқа дейін ұлғайып, сонан кейін төмендейді. Бірінші бұзаулаған құнажындардан сақа сиыр сүтінің 70-80 пайызындай сүт сауылады. Демек, сиырдың сүттілігін бағалағанда оның жасын да білу қажет.

Сүтті, көп жемшөп жей алатын ас қорыту жолдары көлемді сиыр ірі, салмақты келеді. Сондықтан да, жасымен қоса сиыр салмағын да білген жөн, өйткені сиыр сүттілігі тірідей салмағына тәуелді өзгереді.

Таза, сапалы сүт өндіру үшін біршама гигиеналық талаптарды сақтау қажет. Өйкені сүтті бұзатын – сыртқы ортадан ластанғанда енетін түрлі микроағзалар тіршілігі.

Сүттің тазалығы мен сақталу сапасын алдымен органолептикалық көрсеткіштері бойынша бақылайды. Ол көрсеткіштерді бағалау – адамның сезім мүшелеріне, яғни анализаторларына негізделгендіктен, еш күрделі құралдарды қажет етпейді. Органолептикалық тәсіл бойынша сүттің иісін, түсін, дәмі мен түрін (консистенциясын) бағалайды.

Бақылау сұрақтары:


  1. Сүт өнімділігіне қандай факторлар әсер етеді?

  2. Сүт майлылығына қандай факторлар әсер етеді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Н.Омарқожаұлы, А.И. Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. – Астана, BG – print. 2007.

  2. Н.Омарқожаұлы, Б.Р. Әкімбеков. Мал шаруашылығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.

  3. Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.

  4. Н.Омарқожаұлы, М.Ш. Кенжебай, Б.Ж. Кожабаев. Жалпы зоотехния.- Оқу құралы.- Астана, 2009.


Практикалық сабақ 13. Мал шаруашылығы салаларының негізгі технологиялары.

Практикалық сабақтың мазмұны:


  1. Мал тұқымы.

  2. Ауыл шаруашылық малдарының биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты: мал шаруашылығы салаларын зерттеу.

Қой шаруашылығы. Академик М.Ф.Ивановтың жітеу жөнінде ұсынысына сәйкес бүкілд қойдың тұқымдары негізгі өнімдеріне қарай мынадай топтарға бөлінеді: биязы жүнді тұқымдар, биязылау жүнділер, тондық.

Жылқы шаруашылығы. Салт мінетін жылқы; жегілетін аттар екіге бөлінеді: 1) жеңіл жүк таситын, 2) ауыр жүк тартқыш; Салт мінетін және жегілетін жылқыар; Жан-жақты пайдалануға бейімделген жергілікті жылқы тұқымы.

Ірі қара шаруашылығы. Сиырды өніміне қарай: етті, етті-сүтті бағыттағы 3 топқа бөледі.сүтті сиырлардың зат алмасу өзгешелігі- олар денесіндегі қоректік заттарды барынша сүтке айналдыра алатындығы. Етті бағыттағы сиырлардың зат алмасу ерекшелігі- олар денедегі қоректік заттарды ет пен майға айналдырады. Сондықтан да бұл бағыттағы сиырлар қоректік заттардың құнын сапалы қосымша салмақпен кайтарады. Қос бағыттағы сиыр тұқымдарының ерекшелігі – олардың денесіндегі қоректік заттарды сүтті де, етті де өндіруге пайдалана алатындығы.

Түйе шаруашылығы. Басқа түліктер мен салыстырғанда түйенің тұқымдары онша көп емес. Қазіргі кезде түйелерді зоологиялық жағынан топтастырғанда негізінен жеке екі түрі немесе тқымы бар: қос өркешті түйелер (бактриандар) және бір өркешті аруаналар(дромедерлар).

Бір өркешті түйелердің бір ғана тұқымы- аруана және қос өркешті түйелердің 3 тұқымы – қалмақ, қазақ және монғол түйелері өсіріледі. Бір өркешті түйелердің ерекшелігі – қос өркешті түйелер солтүсік малы деп есептелінеді. Сондықтан олар өте жүнді, қатаң климеатқа жақсы бейімделген және үскірік аязға төзімді болып келеді.

Шошқа шаруашылығы. Шошұаның негізгі тұқымдары: майлы, етті және етті-майлы бағыттағы: ірі ақ, украиндық, далалық ақ, миргород, брейтов, ливен, муром, кемиров, эстондық бекондық, ірі қара, ландрас, кахиб.

Құс шаруашылығы. Біздің еліміздің құс шаруашылығында жұмыртқа, жұмыртқа-ет және ет бағытында өсірілетін тауықтардың тұқымдары кең тараған.



Бақылау сұрақтары:

  1. Мал тұқымы деп нені түсінеміз?

  2. Малдардың жасын анықтаудың тәсілдерін сипаттаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Н.Омарқожаұлы, А.И. Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. – Астана, BG – print. 2007.

  2. Н.Омарқожаұлы, Б.Р. Әкімбеков. Мал шаруашылығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.

  3. Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.

  4. Н.Омарқожаұлы, М.Ш. Кенжебай, Б.Ж. Кожабаев. Жалпы зоотехния.- Оқу құралы.- Астана, 2009.

Практикалық сабақ 14. Малдың жасын анықтау.

Практикалықсабақтың мазмұны:

  1. Малдың жасын анықтау тәсілдері.

Сабақтың мақсаты: малдардың жасын анықтау тәсілдерін зерттеу.

Малдың дәл жасын туылғаны туралы жазылған, мәліметтерден анықтайды. Ондай мәліметтер болмаған жағдайда, малдың жасын оның сыртқы түріндегі, кіндігі мен қызыл иегіндегі өзгерістерге қарап болжауға болады.

Өсу барысындағы төлдәі сыртқы келбетінің өзгеруінен оның жетіліп-сақайғанын байқауға болады. Өскен сайын малдың сыртқы пішіні мен дене бітімінде, жекелеген дене мүшелерінің дамуында, терісі мен жүнінде жасына сай өзгерістер орын алады. Айталық , салыстырмалы түрдегі төл тұлғасы сақа малдыкінен қысқа, сирақтары ұзын болып келсе, жасы өскен сайын тұрқы ұзарып, толып, дене келбеті өзгереді.

Жаңа туылған бұзау кіндігінің жалбызы жұмсақ, ылғалды болса, 4-5-ші күннен 17-ші күн аралығында біртіндеп құрғап, қатаяды да, 20-шыүнге түседі. Оның орнындағы терінің өзгерісі 1айға қарай жоғалады.

Жаңа туылған кезде бұзаудың күрек тістері қызыл иекпен біршама жабылған болса, сыртқы кұрек тістерінің үстіндегі қызыл иегі 9-шы күннен «тартылса» ( «оттягивание десен») бастап, 12-ші күні аяқталады, ішкі орта күрек тістерде бұндай тартылу, тиісінше, 9-шы күні басталып, 17-ші күні аяқталады.

Сыртқы орта күрек тістерінің ашылуы 12-ші күні басталып, 21-ші күні аяқталса, сыртқы тістерінікі, тиісінше, 15-ші күні басталып, 26-шы күні аяқталады.

Жаңа туылған бұзаудың біртұтас боркеміктенген мүйізденген сүйектен тұратын тұяғы 4-5-ші күнге қарай кеуіп, қатаяды да, екіге бөліне бастайды. 5-7 күніндегі бұзау тұяғы қажала бастап, 3-14 күндік аралығында сирақ жүнінен 4-6 мм төмен тұяғының мүйізді қабатының жоғары жағында 14-ші күні жойылатын алғашқы тұяқ сақинасы пайда болады. 2-ші айдың соңына 1см өседі де, 20-шы айға дейін ай сайын 1см өсіп отырады. Сондықтан бұл аралықта бұзау мүйізінің түбінен бастап өлшенген сыртқы ұзындығы бойынша жасын біледі. 20-шы айдан кейін мүйіз өсу айына 3-5 мм-ге дейін баяулайды.

Жыл сайын бұзаулайтын сиыр жасын буаздықтың екінші жартысындағы қоректік заттар тапшылығынан мүйәзәнде қалатын жіңішкеру ізі, яғни сақинасы, санынан білуге болады. Алғашқы мұндай «сақина» 2,5-3 жастағы бұзау құнажын мүйізінде пайда болатындықтан, сиыр мүйізіндегі сақиналар санына олардың қашырылғандығы 1,5-2 жасын қосып есептейді.

Және 1-7 ші бұзаулау аралығында сиыр мүйізі айына шамамен 2,5 мм өсетіндіктен, ондағы сақиналарда шамамен бңркелкі аралықта «салынып», анық ажыратылады. 7-ші жылдан кейін мүйіз өсу әлсіреп, ондағы сақиналарды ажырату қиындайды. Қысыр қалған сиырдың мүйізіндегі сақина аралығы ұлғаяды, ал буаздықтың 8-ші айында түсік тастағандарыныкі екрәсәнше, кемидә. Сиыр түсігі буаздықтың 3-4ші айында болса, мүйізіндегі сақина ізі білінбейді де, содан кейін ұрықтанып, бұзаулаған жағдайда сақина жалпақтығы ұлғаяды.

Мал түлігінң тісі белгілі жасқа жеткенде мүжіліп, алмасады. Сақа мүйізді ірі қара малдың 32 тісі болады: астыңғы жақ сүйегінде- 8 күрек тісі және астыңғы, үстіңгі жақ сүйектерінде- үш-үштен алдыңғы азу жіне түпкі азу тістері өседі. Бұзаудың сүт күрек тістері алғашқыда жіңішкеленіп, сүйріктеліпөседі де, кейіннен ұзын және жалпақ болып келетін түбелікті күрек тістерімен ауыстырылады. Олардағы белгілі мерзім өте келе орын алатын өзгерістерге қарап, 0,5-1 жас ауытқуымен(+,-) ірі қараның жасын анықтауға болады.

Мүйізді ірі қара мал тістерінде өтетін өзгерістерді қарастырсақ:

а) алдымен төлдің сүт күрек тістері өсіп, мүжіледі;

б) сүт күрек тістері түбелікті күрек тістері мен ауыстырылады;

в) түбелікті күрек тістері мүжіліп бедерленеді;

г) түбелікті азу тістерін ауыстырады.

Бақылау сұрақтары:


  1. Малдардың жасын анықтаудың тәсілдерін сипаттаңыз.

  2. Тісте, кіндікте және мал тұяғындағы жастық өзгерістер қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Н.Омарқожаұлы, А.И. Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. – Астана, BG – print. 2007.

  2. Н.Омарқожаұлы, Б.Р. Әкімбеков. Мал шаруашылығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.

  3. Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.

  4. Н.Омарқожаұлы, М.Ш. Кенжебай, Б.Ж. Кожабаев. Жалпы зоотехния.- Оқу құралы.- Астана, 2009.


Практикалық сабақ 15. Малдарды асылтұқымдық және өнімділік сапасы бойынша бағалау.

Практикалық сабақтың мазмұны:

1. Малдардың асылтұқымдық сапасын бағалау әдістері.

2. Малдардың өнімділік сапасын бағалау әдістері.

Сабақтың мақсаты: малдардың асылтұқымдық және өніміділк сапасын бағалау әдістерімен танысу .

Өнiм (материал) мынадай жағдайларда, егер:

асыл тұқымдық куәлігі болса;

ұрық аттестатталған малды асылдандырушы орталықтарда асыл тұқымды малдан алынып, сұрыпталса және асыл тұқымдық куәлігі болса;

эмбрионды малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсететiн аттестатталған жеке және (немесе) заңды тұлғалар аттестатталған асыл тұқымды мал зауытынан, малды асылдандырушы шаруашылықтан алып, сұрыптаса және асыл тұқымдық куәлігі болса;

аурудан және бактериялармен ұрықтанудан амандығы туралы ветеринариялық куәлiгi болса, ол асыл тұқымды деп танылады.

Асыл тұқымды өнiм (материал) мiндеттi түрде бағалануға тиiс.

Бағалауды асыл тұқымдық құндылықты анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн аттестатталған жеке және (немесе) заңды тұлғалар асыл тұқымды малдың шығу тегiн, өнiмдiлiгiн, олардың тектiк ақаулығы жоқтығын, сондай-ақ ұрықтың немесе эмбриондардың шығу тегi мен сапасын анықтау және құжатпен растау мақсатында жүргiзедi.

Тұқымды өз төлiнен өсiру үшiн iрiктеп алынған асыл тұқымды тұқымдық мал төлiнiң сапасы және (немесе) өзiнiң өнiмдiлiгi жөнiнен тексеруге және бағалауға жатады.

Асыл тұқымды тұқымдық малды тексерудi малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн аттестатталған жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүргiзедi.

Асыл тұқымды тұқымдық малды тексеру мен бағалау асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн тәртiппен жүргiзiледi.

Асыл тұқымды мал зауыттары қызметiнiң негiзгi бағыттары:

белгiлi бiр тұқымдарға жататын сапасы анықталған зауыттық типтегi малды өсiру, жетiлдiру және сату;

асыл тұқымды малдың, соның iшiнде шектеулi тектiк қоры бар тұқымдардың тектiк әлеуетiн асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың бекiтiлген бағдарламалары шеңберiнде және ғылым жетiстiктерiне сәйкес жетiлдiру;

ауыл шаруашылық малының жаңа тұқымдарын, зауыттық типтерiн, тұқымдық желiлерiн, кросстарын және тұқым топтарын өсiрiп шығару;

асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.

Мал шаруашылығының салалары сүт, ет, жұмыртқа секілді құнды қоректік өніммен қоса жүн, тері т.б. секілді бағалы шикізат өндіреді. Бұл өнімдердің өндірілуі малдың өнімділігіне, яғни олардан белгілі мерзімде алынған өнім мөлшері мен сапасына, тәуелді болғандықтан, соңғыларды бақылап, есепке алу қажет.

Бақылау сұрақтары:


  1. Малдарды бонитировкалау қалай жүргізіледі?

  2. Ұрпақ сапасы бойынша бағалау қалай жүргізіледі?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Н.Омарқожаұлы, А.И. Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. – Астана, BG – print. 2007.

  2. Н.Омарқожаұлы, Б.Р. Әкімбеков. Мал шаруашылығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.

  3. Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.

  4. Н.Омарқожаұлы, М.Ш. Кенжебай, Б.Ж. Кожабаев. Жалпы зоотехния.- Оқу құралы.- Астана, 2009.

4 САМОСТОЯТЕЛЬНАЯ РАБОТА СТУДЕНТА

4.1 Методические рекомендации по организации самостоятельной работы студента.

Прежде чем приступить к работу, нужно осмыслить значение и цель работы, внимательно прочитать и уяснить, что нужно делать, как ее оформить, затем- изучить теоретический материал по рекомендуемой литературе. Выполните задания, опишите ход работы и сделайте соответствующие выводы. В конце работы ответьте на контрольные вопросы.

Практические занятия оформляются в рабочей тетради студента:

-введение (цель работы, оборудование и материалы, исследуемые объекты);

-некоторые пояснения к работе;

-ход работы;

-результаты (данные);

-ответы и выводы на контрольные вопросы и задания.

При оценке учитывается логичность, последовательность, информативность.



В рамках СРС студенты должны посещать библиотеку, работать с литературой по данной дисциплине. Итоги самостоятельной работы студентов над курсом представляются в письменном виде и также могут быть обсуждены на занятиях. Часть вопросов предусматривает подготовку студентом устного ответа. Оценивание работы студентов в рамках СРС, будет производиться с учетом наличия у студентов всех видов самостоятельных работ по указанным заданиям и устных ответов на контрольные вопросы во время занятий.
4.2 Перечень тем рефератов или контрольные вопросы для текущего и входного контроля знаний студентов.




Тематика

аудиторная



внеаудиторная

1

Вводная

1

Вклад ученных в развитии животноводства

2

Сведения о строении тела организма животных

2

Закономерности жизненных процессов и функции, происходящих в организме

3

Происхождение и одомашнивание с/х животных

3

Основные понятие о наследственности, изменчивости

4

Конституция, интерьер и экстерьер животных.

4

Племенное животноводства

5

Основные селекционные признаки

5

Сроки половой зрелости у с/х животных

6

Отбор и подбор в животноводстве

6

Яловость

7

Общее понятия о племенной работе

7

Продолжительность использования с/х животных

8

Рост и развития с/х животных.

8

Молочная продуктивность

9

Понятия о породе.

9

Мясная продуктивность

10,11

Методы разведения с/х животных.

10

Шерстная продуктивность

12

Воспроизводство стада

11

Яиценоскость

13

Методы оценки племенных качеств

12

Плодовитость

14

Селекционные признаки молочной продуктивности

13

Первичный зоотехнический учет

15

Бонитировка

14

Определение возраста







15

Стати и измерения


Контрольные вопросы по курсу:

1.Что из себя представляют индивидуальные племенные карточки?

2. Что дает запись родословных животных?

3. Назовите способы записей родословной?

4. Дайте понятия о конституции?

5. Расскажите о классификации типов конституции с/х животных?

6. Что такое интерьер?

7. Методы изучения интерьера?

8. Что такое экстерьер?

9. Охарактеризуйте методы оценки экстерьера животных?

10. Что такое индексы?

11.Какие бывают индексы?

12. Опишите метод оценки животных по промером.

13.Что понимают под отбором?

14. Что такое бонитировка?

15. На какие группы распределяют скот в племенных в хозяйствах?

16. Что понимаете под группу ремонтный молодняк?

17. Что за группа животных племенное ядро?

18. Дайте определение понятия породы?

19. Что такое структура породы, ее элементы?

20.Какие классификации пород существует?

21. Акклиматизация пород, как Вы понимаете?

22. Что понимают под отбором?

23.Расскажите об отборе по комплексу признаков?

24.Племенной подбор и его взаимосвязь с отбором?

25.Что такое чистопородное разведение

26.Назовите основные методы разведения с/х животных

27. Расскажите о гибридизации животных?

28.Расскажите о биологической и генетической сущности межпородного скрещивания?
4.3 Список учебно – методических пособий, методических указаний, книг и т.д.

1 Н.Б. Цирельсон. «Основы животноводства», 1974, Москва.

2 И.И. Поляков. «Основы животноводства», М., 1980.

3 А.В. Бакай. «Животноводство», М., 1985.

4 Е.А. Арзуманян, «Животноводство», М., 1976.

5 М.П.Меркулов. «Лабораторно-практические занятия по

животноводству», М., 1966.

6 Е.А. Арзуманян, «Животноводство», М., 1964.



7 Н.Омаркожаулы, А.Шуркин Практикум по животноводству учебно – методическое пособие. – Астана, BG – print. 2007.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет