3.2 Пәнді оқытудың мақсаты: психологиялық коррекция және кеңес беру негіздері саласындағы психологтың практикалық әрекетінің ғылыми негіздерімен студенттерді қаруландыру.
3.3 Пәнді оқыту міндеттері:
-психологиялық коррекция негіздерімен таныстыру;
- кеңес беру негіздерімен таныстыру;
-отбасында кеңес беру;
-мектепке дейінгі мекемелерде, қазіргі мектеп жағдайларына сәйкес психологиялық білімнің дұрыс қолданылуының дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.
3.4 Оқытудың нәтижесі:
Курстың соңында студент мыналарды білуі керек:
- психологтың коррекциялық және кеңес беру жұмысының мазмұнын;
психокоррекция мақсаты мен міндеттерін;
психокоррекция формаларын.
Игеру керек:
мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыстың негізгі бағыттары мен принциптерін;
әр түрлі жастағы балалардың дербес психологиялық және жас ерекшеліктерін оқып, үйренуді.
Меңгеру керек:
мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыстың әдістемелерін;
дарынды балалармен жұмыс істеу дағдыларын;
педагогикалық қарым-қатынас дағдыларын.
Достарыңызбен бөлісу: |