26-сурет. Пышақты өзіне қарай білектің астына жасырып соққы жасау одан қорғану
27-сурет. Оң қолмен пышақты қолдың сырт жағына ұстап жоғардан төмен қарай соққы жасау одан қорғану
28-сурет. Сол қолмен пышақты қолдың сырт жағына ұстап жоғардан төмен қарай соққы жасау одан қорғану
29-сурет. Сол қолмен пышақты қолдың сыртына ұстап жаннан соққы жасау одан қорғану
Мылтық арқылы жасалатын соққы одан қорғану: Қол сайыста мылтықпен жасалатын соққыны арнайы әскери бөлімдерге үйретеді. Мылтықпен жасалатын соққыны мылтықтың өзімен және мылтықтың ұшыны қанжар қадап алып жасалатын соққы деп бөліп қарастырамыз. Мылтықпен жасалатын соққылар жаугершілік заманда қоян қолтық айқас кезінде кең колданған. Мылтықпен жасалатын соққылар таяқпен жасалатын соққылармен пышақпен жасалатын техникасына ұқсас [10,145].
Қол сайыста мылтықтың дүмі мен ұшына бекітілген қанжарларды тиімді пайдалану спортшының шеберлігіне өте байланысты. Біз сабақ барысында тек суық қарулармен жасалатын соққылардан жасалатын шабуылдан қорғану тәсілдерін үйретеміз (30- сурет).
Ал, шабуыл жасау техникасын үйрету сабақтың мақсатына қарастырылмаған. Оны тек қана арнайы мектептерде үйретеді. Сол себепті біз сабақ барысында мылтықтардың ағаштан жасалған макеттерін пайдаланмыз. Бұл жаттығуды машықтану кезінде сполртшылардың және студенттердің қауіпсіздігіне тікелей байланысты.
30-сурет. Тапаншамен шабуыл жасау және одан қорғану тәсілдері
Достарыңызбен бөлісу: |