Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Жаратылыс ғылымдары факультеті
Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындықтың
теориясы мен әдістемесі кафедрасы
Пәннің оқу – әдістемелік кешені
“Мектептегі САМБО және қол күрес”
5В010400 «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша
IҮ – курс студенттеріне арналған.
Құрастырушы: Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Уразбаев М.Т _________________
Кафедра отырысында бекітілген: хаттама №___ «__»__________жыл
Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Прохоров Б.Н.
Жаратылыс ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында талқыланып бекітілді
Хаттама №___ «__»__________жыл
Жаратылыс ғылымдар
Факультетінің ОӘК төрайымы Абдишева З.В.
Жаратылыс ғылымдар факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілген
Хаттама №__ «__»__________________жыл
Жаратылыс ғылымдар
факультетінің деканы Ибраева Л.С.
Мазмұны: бет
Силлабус...................................................................................................4-15
Тәжірибелік сабақтар бойынша қысқаша конспект..................................................................................................18-49
СОБӨЖ арналған әдістемелік нұсқаулар .............................................50-62
Бақылау алу сұрақтары.........................................................................63-64
Пәннің оқу бағдарламасы – (SYLLABUS)
Пән туралы мәліметтер
Атауы: «Мектептегі САМБО және қол күрес»
Кредит саны – 2
Оқу сабақтарын өткізу орны: №3 оқу ғимаратты
Оқытушы туралы мәліметтер
Уразбаев Марат Төлеуханұлы, Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы
Кафедрада болу уақыты 8.00-17.00 күнделікті
Оқу жоспарынан көшірме
курс
|
семестр
|
кредит
|
дәріс
|
тәж.сабақ
|
СОБӨЖ
|
барлығы
|
бақылау формасы
|
4
|
7, 8
|
2/2
|
-
|
60
|
30
|
90
|
емтихан
|
Пререквизиттер: пәнді меңгеру үшін студент орта мектептің «Дене шынықтыру» пәні бойынша берілетін білімі меңгеру қажет.
Постреквизиттер: спорттық – педагогикалық пәндер.
Қысқаша сипаттамасы: Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына негізделіп 5В010400 «Бастапқы әскери дайындық» мамандығына жасалған.Самбо және қол күрес пәнінен оқу сабақтары семинар және тәжірибелік сабақ пен оқу практика түрінде жүргізіледі.
«Мектептегі САМБО және қол күрес» курсы спорттық педагогикалық пәндердің арасында болашақ дене мәдениеті мұғалімдері мен спорт түрлерінен жаттықтырушылар даярлауда студенттердің таңдауы бойынша пән болып табылады.
Күрес жаттығуларының көп түрлілігі және олардың орындалу әдістері пәнінің негізгі мазмұны болғандықтан адам ағзасына қозғалыс мүмкіндіктерін ескере отырып ағза қызметтеріне жағымды әсер ету мүмкіндіктерін қалыптастырады. Күрес саласында қолданылатын мүмкіндіктері мол болғандықтан «мектептегі самбо және қол күрес» пәні барлық жас деңгейлеріндегі адамзат баласына қолдануға өте тиімділігімен ерекшеленеді.
Курс мақсаты: Педагогикалық, ұйымдастырушлық жалпы білім беретін мектептер мен орта білім беретін оқу орындарына дене мәдениеті мамандарын, сонымен қатар спорт түрлерінен жаттықтырушылар даярлау.
Курстың міндеті: Күрес түрлерінен ілім, тарих және әдістемелер саласында қажетті білімдермен қарулану. Өз мамандығын талапқа сай меңгерген, теориялық, практикалық даярлығы бар, жоғары мәдениетті, нақты интеллегент маман даярлау.
Студент білу керек:
Күрес жаттығуларының ілімдері мен әдістерін.
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері мен қозғалыс әрекеттерінің мүмкіндіктерін.
Күрес саласындағы құрал-жабдықтардың құрылысы мен қолдану ерекшеліктерін.
Спорттық құрал-жабдықтарды қолданудың ерекшеліктерін.
Самбо және қол күрес саласындағы жарыстардың ережелерін.
Оқу бағдарламасын игеру
Оқытудың техникалық саласын оқу процессінде қолдана білу.
Студент орындай білу керек:
Дене мәдениеті және спорт саласындағы игерген білімін педагогикалық салада қолдана білуі қажет.
Оқытушылық іс-әрекетпен айналысу.
Педагогикалық іс-әрекеттерін дұрыс жоспарлау.
Денсаулықтарында ауытқулары бар балалармен тәрбие және оқу жұмыстарын ұйымдастыра білу.
Оқушылардың дене даярлығы деңгейін бағалай алуы.
Курсты мөлшерлеп жоспарлау
№
|
Курс мазмұны
|
Семестр бойынша сағаттарды бөлу
|
Барлық сағат саны
|
7 семестр
|
8 семестр
|
|
1
|
Дәріс сабақтар
|
-
|
-
|
-
|
2
|
Тәжірибелік сабақтар
|
30
|
30
|
60
|
3
|
СОБӨЖ
|
15
|
15
|
30
|
4
|
Барлық сағат саны
|
45
|
45
|
90
|
«Мектептегі самбо және қол күрес» пәнінен сағат саны
№
|
Тақырыптар
|
Барлық сағ саны
|
Тәжірибелік
|
7 семестр
|
1
|
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі самбо күресінің ролі
Сарбаздарды самбо күресіне дайындаудың жолдары
|
2
|
2
|
2
|
Сарбаз палуанның жалпы дене дайындығы
|
2
|
2
|
3
|
Самбо әдістері. Қолмен жасалатын әдістер
|
2
|
2
|
4
|
Шалу әдістері
|
2
|
2
|
5
|
Аяқтан қағу әдістер
|
2
|
2
|
6
|
Іліп тастау әдістері
|
2
|
2
|
7
|
Шалып жығу әдісі
|
2
|
2
|
8
|
Денемен жасалатын әдістер
|
2
|
2
|
9
|
Арқалап тастау әдісі
|
2
|
2
|
10
|
Жамбастан тастау
|
2
|
2
|
11
|
Диірмен (сүңгіп көтеріп тастау) әдісі
|
2
|
2
|
12
|
Өңгіріп тастау әдісі
|
2
|
2
|
13
|
Құлап жасалатын әдістер
|
2
|
2
|
14
|
Жүдеде күресу (Партер)
|
2
|
2
|
15
|
Буынды ауырту әдістері
|
2
|
2
|
8 семестр
|
16
|
Қоян-қолтық ұрыстың құрылымы
|
2
|
2
|
17
|
Қоян-қолтық ұрыстың айла-тәсілі
|
2
|
2
|
18
|
Шабуыл тактикасы
|
2
|
2
|
19
|
Қорғаныс тактикасы
|
2
|
2
|
20
|
Буынды ауырту әдістерін үйрету әдістемесі
|
2
|
2
|
21
|
Қолмен жасалатын соққыларды үйрету әдістемесі
|
2
|
2
|
22
|
Қолмен төменнен жасалатын соққылар
|
2
|
2
|
23
|
Қолмен қапталдан жасалатын соққылар
|
2
|
2
|
24
|
Аяқпен жасалатын соққыларды үйрету әдістемесі
|
2
|
2
|
25
|
Аяқтың ұшымен жасалатын соққы
|
2
|
2
|
26
|
Аяқпен қапталдан жасалатын соққылар
|
2
|
2
|
27
|
Айналып тебуден қорғану
|
2
|
2
|
28
|
Қарумен жасалатын соққыларды үйрету әдістемесі
|
2
|
2
|
29
|
Таяқпен жасалатын соққыдан қорғану
|
2
|
2
|
30
|
Жаттығудың жылдық жоспарын құру
|
2
|
2
|
«Мектептегі самбо және қол күрес» пәнінен аралық бақылау жұмысы.
Дәрістер -
Тәжірибелік 60
ЖИКсем 60 ұпай
1.АБ
Дәрістер -
Тәжірибелік 30
ЖИКсем 30
2.АБ
Дәрістер -
Тәжірибелік 30
ЖИКсем 30 ұпай
Ағымдағы бақылау дәріс пен тәжірибелік сабақтарындағы жұмыстары қосады. Жалпы ережелерге бағынып, қорытынды баға қойылады.
0-49% - 2
50-74% - 3
75-89% - 4
90-100% - 5
«Мектептегі самбо және қол күрес» курсы тәжірибелік курс болып табылады, сондықтан негізгі сабақты өту шарты барлық жеке тапсырмаларды орындау болып табылады, олар бақылаудын негізгі түрін құрайды.
Сабаққа қатысу міндетті түрде болу керек, ал себеппен немесе себепсіз қалдырылған сабақтар студентті тәжірибелік кешендерді орындаудан ешқандай босатылмайды.
Студенттердің білімін бақылауға ағымдағы, аралық және қорытынды білімді бағалау формалар кіреді.
Ағымдағы бақылаудын әр формасы 5 ұпай мен бағаланады. Дәрістік, тәжірибелік СОӨЖ, СӨЖ тапсырмаларын орындау 5 ұпайлық жүйе бойынша бағаланады.
Оқу курсы аяқталған соң бақылау формасы – емтихан.
Тәртіпті бұзған үшін тапсырмаларды кестедегі мерзімнен кешігіп тапсырған үшін келесі айып санкцияларға еңгізіледі:
Кешегу-минус 0,5 ұпай
Сабаққа келмеу –минус 1,5 ұпай
Жұмысты уақытылы өткізбеу – баға 1 ұпайға келмейді
1 аралық бақылау қорытындысын шығарған кезде студент 7 аптада жинаған ұпай санының жиының есептейді.
2 аралық (қорытынды) бақылау қорытындысына 15 аптаның жиынтық ұпай саны есептеледі.
Егер 2 аралық бақылау бағасы 50% және одан жоғары болса рейтингті жоғарлатуға рұқсат етілмейді. Бұл жағдайда 2 аралық бақылау қорытындысы болып табылады.
Емтиханға студент қорытынды рейтингісі 50%-дан жоғары болса ғана жіберіледі.
Қорытынды бағаға мыналар кіреді:
Аралық бақылау -60%
Емтихан-40%
Курс саясаты мен процедурасы келесі әкімшілік талаптарды көздейді:
Курс компоненттері мен оны оқытуға келесі негізгі талаптар:
Студент сабаққа қатысу керек, дәрістік, тәжірибелік, СОБӨЖ,СӨЖ тапсырмаларын орындағанда белсенділік таныту керек;
Дәрістік және тәжірибелік сабаққа тек әскери формамен қана қатысуға рұқсат етіледі.
Тәжірибелік сабақта қауыпсыздық техниканы сақтау керек.
Сабақта өзін-өзі ұстау ережесі:
Кешікпеу, сабаққа қонырауға дейін кіру;
Кітап – құралдарды білдірмеу;
Сабақ уақытында шығуға, сұрануға рұқсат етілмейді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 2002ж.
А. Е. Тарас. (под. общ. ред.) Боевые и спортивные единоборства. Справочник. –Минск: Харвест, – 2002. 565 с.
А.А. Харлампиев. Борьба Самбо. -М.: ФИС,- 1957. 460 с.
Ж. Бөжиг. Самбо және қол сайысты үйрету негіздері. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы, -2007.-160 б.
Е. Алимханов. Самбо күресін үйрету негіздері. –Алматы: ҚазМСТА, 1999.-50 б.
Есмағамбетов З.Е. Дене тәрбиесін өткізу және басқару. - Қарағанды: Арко, 2004.-325 б.
Қуанышов Т. Ш. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі.- Алматы: Санат, -2002.- 290 б.
С.Цэвээн., Г.Пүрэв-очир. Самбо күресінің халықаралық ережесі. –Улаанбаатар:- 2000.-80 б.
Рудман Д. Самбо.Техника борьбы в стойке. Защита Москва, 1984г.
Рудман Д. Самбо. Техника борьбы лежа. Защита Москва, 1983г.
Ю.А. Шулика. По системе СПЕЦНАЗА. Боевое самбо и прикладные единоборства. Ростов – на Дону «Феникс» 2004г.
М.Н Шепетюк. Обучение в спортивнсй борьбе. Алматы. КазГАСТ – 2003г.
Тәжірибелік сабақтар бойынша қысқаша конспект
№ 1 тақырып: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ САМБО КҮРЕСІНІҢ РӨЛІ
Сабақ мақсаты: Самбо күресінің маңызы жайлы түсіндіру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Сарбаздарды самбо күресіне дайындаудың жолдары
Самбо күресінің ҚР Қарулы Күштеріндегі ролі
Самбо күресінің әдіс - айласы жекпе - жекте қарапайым қозғалыстан (ол қозғалыс кеңістік және уақыт арқылы бірімен-бірі байланысты) тұратын тұтас әрекет болып табылады. Яғни әр бір әдіс қол, аяқ, дене арқылы жасалатын қарапайым қозғалыстан тұрады, ол қарапайым қозғалыс деп аталады. Күресте қозғалыстар шартты түрде былайша бөлінеді:
Қолдардың қозғалысы - ұстау, орап ұстау, қысу, итеру, жұлқу, тұю, тарту, тіреу, басу,т.б.
Аяқтардың қозғалысы- қою, аттау, кейін қою, аттап кету, бүгу, жазу, ілу, шалу, қағу, үстіне салу, итеру т.б
Дененің қозғалысы- еңкею, тік көтеру, иілу, бұрылу, қысу, итеру, құлату.т.б.
Палуанның қимылдарының біразы бір мезгілде, біразы бірінен соң бірі орындалады. Барлық әдістерді шартты түрде қарапайым қозғалыс және қозғалу фазасы деп бөлуге болады.
Палуанның негізгі жағдайы және қозғалыстары, олардың биомеханикалық талдауы (тіреу алаңы, жалпы ауырлық орталығы. Күрескен кезде палуандар көбінесе тіреу алаңын көзбен бақылайды.
Мұндай жағдайда тіреу алаңы екі табаны мен табандарының арасындағы кеңістік болып табылады. Жалпы ауырлық орталығына түсетін түзу сызық тіреу алаңының ішіне келсе не одан шығып кетсе тепе -теңдік бұзылады. Сондықтан палуан қимылдаған кезде ауырлық орталығының түзу сызығы алаңның ортасына жақын болуының маңызы зор. Тепе -теңдікті сақтау өнері мынаған саяды:
Тіреу алаңын тез өзгертіп, «қауіпты бағытта» орнықтылық бұрышын арттыратын қимылдар жасау; қарсылас жұмсаған күшін бейтараптау немесе кері серпу үшін тиісті бұлшық етерін қатайту немесе босату. Мұндай қимылдар жасау үшін ең қолайлы жағдайды күресте палуанның тұрысы деп атайды.
Бастапқы қалыпта күресу әдіс-айласы-тұрып күрескенде қолданылатын амалдар.
Ұстасу- қолмен орындалатын әрекет, палуан шабуылдау, қорғану немесе қарсы шабуылдау мақсатында қарсыласының киімінің бір жерінен ұстау.
Бір жақты ұстау- оң қолмен қарсыласының оң қолынан (сол қолмен сол қолынан ) ұстау.
Әр жақты ұстау - оң қолмен қарсыласының сол қолынан (сол қолымен оң қолынан) ұстау.
Шалу-аяқпен жасалатын қимыл, бұл кезде палуан балтырын, жіліншігін қарсыласының тізесінен төмен қойып, сырттан шалады.
Ілу-аяқпен жасалатын қимыл, бұл кезде палуан қарсыласының денесінің қандайда болмасын бір бөлігін ұстап, өзіне немесе бір жағына қарай тартады да, аяқтың басымен не өкшесімен қарсыласының өкшесінен іледі.
Орау- аяқпен жасалатын қимыл. Палуан қарсыласын қимылдатпай ұстап, оны өзіне немесе бір жанына тартып, онымен бір мезгілде жіліншігімен және аяғының басымен аяғынан орайды.
Қағу- аяқ қимылы. Палуан табан жағымен, табанның ішкі ,сыртқы қырларымен қарсыласын аяқтан қағады.
Төрт таған- екі қолмен және аяқпен кілемге (алақан, шынтақ және тіземен) бауырын көтеріп яғни ішін тигізбей тіреп тұру.
Жүде- кілемнің үстінде етбетімен яғни ішімен жатуы.
Соққы- қолмен және аяқпен жасалатын қимыл.
Төте соққы- қолмен тіке жасалатын соққы.
Қапталдан жасалатын соққы- қолмен құлаштап не аяқпен жаннан жасалатын соққы.
Арқаға ұстау- палуандың кілемнің үстінде арқасына (жауырынына) белгілі уақыт ұстау.
Буынын ауырту- қол және аяқтың белгілі бір буынын (иық, шынтақ, тізе, қылта, шат, бел және жуан сіңірді) бүгілуіне қарсы қайырып ауырту.
Қылқындыру – миға баратын қан тамырларының жолын бөгеу (қол сайысқа тән).
Тұншықтыру – тыныс алу жолын бөгеу (қол сайысқа тән).
Көтере итеру- аяқ қимылы. Палуан қарсыласын санымен немесе жіліншігімен өзінің алдынан жоғары көтере итереді.
Еңкею- денені тік тұрған күйінен горизанталь күйге қозғалту.
Тікею- денені горизанталь күйден тік күйге келтіріп қозғау.
Шалқаю- денені артқа қарай шалқайтып доғаша иілу.
Айналу- артқа қарай құлаған кездегі дененің қозғалысы: палуан шалқалап құлап бара жатқанда кеудесімен немесе төрт тағандап түсу үшін айналады.
Жұлқу- палуан қарсыласын қатты тартып қалады.
Итеру- палуан қарсыласын өзінен ары қарай немесе қапталға қарай қатты итереді.
Жығу- түрегеліп тұрған қарсыласты кілемнен көтеріп алмай-ақ кеудесімен немесе арқасы, қырынан түсіруге көмектесетін әдістер.
Әдіс- палуанның толық аяқталған әрекеті, қарсыласынан басым түсу немесе жығу амалы.
Қорғану- қарсыласының шабуылын тойтаруға мүмкіндік беретін әрекеттер.
Қарсы әдіс- қарсыласының әдісіне қарсы қолданылатын әдіс.
Лақтыру- қарсыласын кілемнен көтеріп алып жауырынымен немесе кеудесімен түсіруге көмектесетін әдістер [7,17].
Күрес әдіс - айласын анықтау үшін палуандардың барлық негізгі қимылдарын талдаудан өткізу қажет. Мұндай талдауды ең алдымен ол қимылдарды орындауға жұмсалатын механикалық күш тұрғысынан қарау керек. Ең қарапайым қимылды орындағанның өзінде де адам денесінің бір қатар ағзалары өзара қимылға келіп, оны орталық нерв жүйесі реттеп тұратындығы белгілі. Сондықтан күрес әдіс–айласын талдап анықтағанда жеке бұлшық ет қызметі қарастырылмайды. Күресте оның қысу немесе тарту күші, тарту ұзақтығы, шапшаңдығы пайдаланылады. Сонымен палуандар әсер етуші күш мыналар ескеріледі:
-салмақ күші;
-бұлшық еттің тарту күші;
-дененің инертті (қозғалыссыз тұрған кездегі) қарсылығы;
Осы күштер әсер еткенде палуан денесі әртүрлі жағдайға түседі, оның жеке бөліктерін рычаг ретінде қарастыру ынғайлы.
Самбо күресінің айла–тәсілі – дегеніміз жеңіске жетуге бағытталған белгілі бір әрекеттер жүйесі.
Тактикалық даярлық амалдар- палуанның шабуылдау немесе қарсы шабуылдау үшін қолайлы жағдай жасайтын әрекеттер.
Барлау- палуанның қарсыласы жөнінде мәліметтер алуына көмектесетін тактикалық әрекеттер.
Бүркемелеу - палуан қарсыласынан шын ойын жасыру үшін жасайтын тактикалық әрекет.
Қауып төндіру- палуанның қарсыласын қорғанысқа көшуге мәжбүр ететін тактикалық әрекет.
Жалған әрекеттер- арырына дейін жеткізілмеген және қарсыласты тиісті қорғанысқа көшуге мәжбүр ететін амалдар, қарсы амалдар. Ұстау. Жұлқу, итеру және басқа да әрекет.
Алдау - бұл да жалған әрекет.
Шақыру - палуанның қарсыласын белсенді қимылдар жасауға мәжбүр ететін тактикалық әрекет.
Тұқырту-палуан қарсыласын еркін қимылдауына мүмкіндік бермейтін тактикалық әрекет.
Тепе-теңдіктен шығару - палуанның өзінің шабуылға шығуына ыңғайлы, ал қарсыласы тепе -теңдігін сақтай алмай қолайсыз жағдайға түсуге мәжбүр ететін тактикалық әрекеттер.
Шабуыл-тактикалық әрекет оның мақсаты басым түсу немесе жеңіске жету.
Комбинация- белгілі нәтижеге жету үшін орындалатын әрекеттерді тактикалық жағынан ұштастыру немесе әдістерді бірінен соң бірін орындау.
Алдын алу- палуанның қарсыласының шабуылымен бір мезгілде жүргізілетін шабуылдау әрекеттері, барлық палуан қарсыласының алдын алу үшін оны шапшаң орындайды.
Күрес тактикасында аса тиімді әрекетер сараланып шықты. Оларды шабуылдау, қорғану, қарсы шабуылдау әрекеттері деп бөлуге болады. Осылардың ішінде палуанның әдіс-айлалық шеберлігін артыруға ең пайдалысы шабуылдау әрекеттері болып табылады.
Шабуыл тактикасы - күрес күшті қарқынмен басталып. Алдына бәсекелесін таза немесе ұпай санымен ұтуды мақсат етіп қояды. Тактиканың бұл түріне тән қасиеттер: кілемде еркін жүру, өзі жақсы білетін әдістерді бірінен соң бірін қолданып, түйдек–түйдек комбинациялар құру, қарсыласының шабуылына іле – шала қасы жауап әдіс жасау, шегінбеу, тайсақтамау тән. Шабуыл тактикасы палуанның жан – жақты және жақсы психологиялық дайындығын, әдіс - айланың техникалық жағынан шебер орындалуын талап етеді. Міне мұның өзі үдемелі және мезгілдік болып екіге бөлінеді.
Үдемелі шабуыл тактикасы - палуан бар мүмкіндікті өз қолына алып, өзіндік әдістерді қолдана отырып, қарсыласын таза немесе ұпай санымен ұту мақсатын көздейді. Үдемелі шабуыл тактикасын қолдану үшін палуан өте күшті. Шыдамды, айлакер болумен қатар жан – жақты дайындықтан өтуі тиіс. Осындай қасиеттері аз палуандар кейде өте үдемелі шабуыл тактикасының құрбаны болып кетуі де жиы кездеседі. Себебі олардың белдесуді жоғары қарқынды өткізуіне шыдамдылығы жетпейді де, соңында күші жетпей ұтылып қалып жатады. Бұл арада жаттықтырушыға үдемелі шабуыл тактикасының екі палуаннан да көп күш талап ететіндігін ескеру керек.
Мезгілдік шабуыл тактикасы- палуан тек өзіне ыңғайлы деп тапқан кезеңдерде шабуылға шығады. Шабуыл арасындағы әр қимыл арасындағы уақыттар да ол қарсыласының әр қимылын бағып, жалған қимылдар жасап шатастырады. Осылай өзіне қолайлы сәт тудырған кезде қапы қалмай күтпенген жерден үрдіс шабуылға шығады.
Қарсы шабуыл тактикасы- қарсыласының алға ұмтылуын бағып жүріп, өзіне қолайлы сәтте шабуылға шығады.
Қорғаныс тактикасы - көбінесе өзінен күші басым, тәжірибесі мол, дайындығы жақсы палуандармен кездесу кезінде қолданады. Сондықтан қорғанушы жағдайы шабуыл жасаушы палуанның қимылына тікелей байланысты. Қорғаныс тактикасы қарсы әдістерді шебер қолдана білеті палуандар үшін өте пайдалы.
Самбо күресінің тактикасы - деп белдесудің әр сәтіндегі жағдайды, қолданған айла - әдістерді дәл әрі дұрыс бағалап, палуанның жан - жақты дайындығы мен ерік күшін бір бағытқа, жеңіске жете беру үшін пайдалана білуді айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |