Пәннің оқу – әдістемелік кешені


Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет2/23
Дата21.04.2017
өлшемі4,32 Mb.
#14299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Самбо күресінің маңызы

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

  1. А.А. Харлампиев. Борьба Самбо. -М.: ФИС,- 1957. 460 с.

  2. Ж. Бөжиг. Самбо және қол сайысты үйрету негіздері. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы, -2007.-160 б.

  3. Е. Алимханов. Самбо күресін үйрету негіздері. –Алматы: ҚазМСТА, 1999.-50 б.

  4. Есмағамбетов З.Е. Дене тәрбиесін өткізу және басқару. - Қарағанды: Арко, 2004.-325 б.

  5. Қуанышов Т. Ш. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі.- Алматы: Санат, -2002.- 290 б.

  6. С.Цэвээн., Г.Пүрэв-очир. Самбо күресінің халықаралық ережесі. –Улаанбаатар:- 2000.-80 б.

  7. Рудман Д. Самбо.Техника борьбы в стойке. Защита Москва, 1984г.

  8. Рудман Д. Самбо. Техника борьбы лежа. Защита Москва, 1983г.

  9. Ю.А. Шулика. По системе СПЕЦНАЗА. Боевое самбо и прикладные единоборства. Ростов – на Дону «Феникс» 2004г.

2 тақырып: Сарбаз палуанның жалпы дене дайындығы

Сабақ мақсаты: Сарбаз палуанның дене дайындығының маңыздылығын түсіндіру

Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Дене дайындығы

  2. Жаттығу түрлері

  3. Дене сапалары


Дәріс:

Дене дайындығы - дегеніміз белгілі бір іс -әрекетке байланысты мақсатты орындауға бағытталған дене тәрбиесінің мамандандырылған процесі. Ол жалпы және арнайы дайындығын танып білуге көмектеседі. Сонымен бірге еңбекке әзірлеудің, қажет кезде әскери қызмет етуге даярлаудың бөлінбес құралы.

Спорттық даярлық- дегеніміз палуанның дамуына ықпалын тигізу мен спорттық жетістіктерге жету жолдарындағы даярлық дәрежесін қамтамасыз ететін құралдарды, әдістері мен әдістемелерді мақсатты түрде пайдаланатын көп факторлы процес.

Спорттық әрекет - дегеніміз қоғамның мақсаттарымен мұқтаждарына сәйкес белсенді адам әрекетінің көп факторлы процесі ретінде дене тәрбиесі ұйымдарының толысып жетілуі. Осы салада қозғалыс әрекетінің жоғарғы түрі.

Спорттық жаттығу –дегеніміз палуан даярлығының негізгі түрі яғни жаттығушылар әдістерінің көмегімен жүйелі құрылған және сазбаздың дамуын басқарудағы педагогикалық ұйымдасқан процесті танытатын даярлық.

Спорттық даярлықтың жүйесі- дегеніміз палуанның спорттағы жетістіктерге жетудегі үйлесімді даярлығын қамтамасыз ету, сондай -ақ палуандарды даярлаудағы іс жүзіндегі әрекет білімдері мен құралдар, әдістерінің жиынтығы.

Спорттық нәтиже - дегеніміз спорттағы сандық немесе сапалық көрсеткіштердің деңгейі.

Палуанның жан - жақты дайындығы самбо күресі –спорттың күрделі түрлерінің бірі. Мұнда жан – жақты дайындығы мол күшті, төзімді, епті, иілгіш, жылдам (шапшаң) спортшы болмай жеңіске жету қиын. Белдесу кезінде адам бойындағы сан алуан қасиеттер сынға түседі [11].

Күш дегеніміз – сазбаздың сыртқы қарсылықтарды жеңуі немесе оған бұлшық ет қуатымен қарсы тұру қабілеттілігі. Күш болу үшін адам ағзасында қажетті бұлшық ет көлемі болуы қажет, ұзаруы және статистикалық, қалпын өзгертпеген жағдайда пайда болады. Күш барлық қимыл-қозғалыс сапаларының, яғни жылдамдық төзімділік, ептілік, иілгіштік сапаларының пайда болуында және оны дамытуда, қажетті қозғалыс қасиетінің көзі болып табылады. Күштің бірнеше түрі бар, олар меншікті күш, абсолютті күш және жылдамдық күші. Сазбаздың зорланбай 1-2 рет көтерген салмаққа жұмсалған күшін меншікті күш дейміз. Зорланып бір рет қана көтере алған салмаққа жұмсалған күшті абсолюттік күш дейміз. Адамдардың нақты күшін анықтағанда салыстырмалы күш көрсеткіші қолданылады. Ол сазбаздың меншікті салмағының абсолютті көтерген салмағына қатынасы бойынша есептеледі. Мысалы, бірінші сазбаздың меншікті салмағы 50 кг болып, абсолютті көтерген салмағы 100 кг болса, онда салыстырмалы күш кофициенті екі болады/100.50/. Екінші бір ауыр салмақтағы сазбаздың меншікті салмағы 120 кг болып, 150 салмақ көтерсе, салыстырмалы күш көрсеткіші /кофициенті/ 1,25 – ке тең.

Меншікті күштің өзін дене мүшелерінің дамуына байланысты қолдың, аяқтың, дененің күші, қол саусақтарының күші т.б. бөліктерге бөлініп айтылады. Аталған күштерді арнайы жаттығулар арқылы дамытуға болады.

Жоғарыда айтқандай, күш әртүрлі жағдайда пайда болады, оның бірінші түрі бұлшық ет өзінің қалпын өзгертпей пайда болуы мысалы, қолды алға түзу ұстап екі кг салмақ түсірсек, онда екі кг күш пайда болады, ал ол салмақты өсіретін болсақ күште өседі. Бұл статикалық жағдайда пайда болғанкүш деп аталады. Күштің пайда болуының екінші түрі бұлшық еттің созылуы кезінде пайда болса, ал үшінші түрібұлшық еттің қысқару жағдайында өседі. Күш қабылетін өсіру бұлшық етке қызу жұмыс істету арқылы іске асырылады.

Егер адам қимыл-қозғалыстар жасап әртүрлі салмақтағы денені бір жерден екінші жерге таситын болса, онда жұмсалатын күштің мөлшері де өзгеріп отырады. Тасылатын салм ақтың үздіксіз өсуі, жұмсалатын күштің де мөлшерсіз өсуіне жол бермейді. Салмақ өте көп қосылған жағдайда, күш оны орнынан қозғалта алмайтын жағдайға душар болады. Бұл жағдайда күштің салмаққа тәуелді екені көрінеді. Егер дененің салмағы үлкен болса, оған жұмсалатын күштің мөлшері өзгеруші салмаққа байланысты болмай, тек адамның білек күшіне байланысты болады. Мысалы, сазбаздың ядроны итеруге жұмсалатын күші штанганы көтеруге кететін күшпен салыстырғанда әжептәуір кем болады. Тәжірибе жүзінде орындалатын жаттығуларды алатын болсақ күшпен жылдамдықтың арасында кері қатынасты байланыс болатындығы белгілі. Мысалы, штанга көтеруде салмақ аз болса онда көп күшпен әсер етумен қатар көтерілу жылдамдығы да өте төмен болады.

Күшті дамытудың үш түрлі жолы бар. Біріншісі абсолютті салмақтан 5-10 пайыз аз көтеру, яғни берілген салмақты еркін 1-2 рет көтеруге бағытталған, ал 3 рет көтеретін қалге жеткенде көтерілетін салмаққа 5 кг салмақ қосылып көтеріледі, бұл әдістемемен 6-7 рет келіп көтереді. Мысалы абсолютті көтерген салмағы 100 кг болса жаттығуды 90 немесе 95 кг салмақты 6-7 рет дем алып келіп көтереді.95 кг салмақты еркін үш рет көтерсе, келесі жаттығуда бұған 5 кг қосылады. Көтерген салмақ былай жазылады: 90*2,95*1, 95*1, 95*1, 95*1, 95*1

Яғни алтыншы рет келіп көтергенде салмақты көтере алмаған белгі күнделікте осылай жазылады.

Екінші жолы абсолютті салмақтың 50-60 пайызын бір көтергенде қуаты бітіп көтере алмайтын халге жеткенше көтереді. Көтеру саны жоғарыдай. Бұл екі жол изотонды тәсіл деп аталады /динамикалық қозғалыста/. Осы жағдай бұлшық еттердің қысқаруы немесе ұзаруында олардың зорлану күші өзгермейді.

Үшінші жолды изометриялық /статикалық жағдайда/ тәсіл деп атаймыз. Изометриялық жағдайда бұлшық еттердің зорлануы өседі. Мысалы: штанганы /гантель т.б./ қол созылған күйде ұстап тұру, гимнастикада «бұрыш» немесе «крест» жаттығуларын жасап қозғалмай тұру немесе салмағы өте ауыр затты, қабырғаны барлық күш қуатын сала игеру. Жаттығуды орындау бірнеше секундтан –20 секунд аралығында болуы шарт. Жаттығуды 10-15 минут орындап арасында денеге керегінше дем алдырып отырады. Бұл жаттығулар жалпы дененің күшін арттырады.

Изометриялық жаттығуларды орындау алдында денені қыздыру, яғни сабақтың дайындық бөлімі толық орындалып жаттығуды күніне шама келсе екі реттен жасап жетісінде бір күн дем алып отырады. Алғашқы жаттығуды орындағанда денеге түсетін ауыртпалық күші ортадан жоғары болып, бұлшық еттермен буындардың сезінуі күннен күнге артады. Бұл жерде «ауыртпалық күші» деген ұғымды пайдаландық, ол денеге жаттығулардың /түсірген/ тигізген әсері. Мысалы, отыру тұру жаттығуларын шамасы келгенше /500 ге дейін/ орындағанда бұлшық еттерге түсірілген қозғалыс жаттығуларының әсерін сезінуге болады.

Дайындықтың изометриялық жағдайындағы жаттығуында бұлшық еттердің зорлануы өседі. Мысалы, штанганы қол созылған күйде ұстап тұру, гимнастикада «бұрыш» немесе «крест» жасап қозғалмай тұру т.с.с. Осы жаттығуды орындайтын сазбаздың салыстырмалы күш көрсеткіші бірден жоғары болу керек, тек сол жағдайда ғана спортшы аталған жаттығуларды дұрыс орындай алады.

Жоғарыда айтылған күш көріністерінің бір түрі «оқыс күш» /взрывная сила/. Бұл спортшылардың жаттығуларды орындау барысында аз уақыт ішінде өте үлкен көлемде күш көрсетуі. Бұл күш биіктікке секіргенде, т.б. жаттығуларды орындағанда көрінеді.

Күш сапасын тәрбиелеу жолындағы негізгі мақсат адамның жан-жақты және жоғарғы көрсеткішті қозғалыс қабылетін арттыуменқатар дененің басқа да сапаларына пәрменді түрде әсер етіп дамыту. Күш сапасын тәрбиелеуде қолданылатын құралдар негізінен үдемелі қарсыласу мен күшпен орындалатын жаттығулар жатады. Ол жаттығулар әсер ету бағытына қарай екі топқа бөлінеді.

Сырттан түсетін күш әсері. Оған заттардың салмағы, қарсыласының қарсылық әрекеті серіппелі заттардың көрсеткен күші және сыртқы ортаның кедергісі /қармен жүгіру, суда, құмда жүгіру т.с.с./ жатады.

Адамның меншікті салмағына түсетін ауырлық күш әсерін жеңу мен қоса сырттан әсер етуші қосымша салмақпен денеге ауырлық түсіру. Мысалы, қолға гир алып жүгіру, белге қорғасынды белдік салып тартылу т.с.с. Адамның күш сапасын тәрбиелеудің бірден бір нақтылы әдістемелік жағдайды оның үдемелі қарсыласу кезіндегі күш құрамын, керекті шамасын белгілеу болып табылады да, бұлшық ет күшінің әр түрлі қуатта қимыл-қозғалысын орындауды түсінуден бастап шешіледі. Көптеп күш қуатын жұмсамай бұлшық ет күшін көбейту жұмыстың әртүрлі қуатта орындалуы, қозғалыстың физиологиялық ерекшеліктерін түсіндірсе де ұтымды көрсеткішке жете алмайтындығы мәлім.

Мысалы, әлі келетін салмақты 25 реттен көтерудің орнына 15-18 реттен ұзақ уақыт бойы көтерсе де, күштің өспейтіндігі белгілі. Егер де адам жүйелі түрде көтеретін ауыр салмақтың, жартысын ғана көтеретін болса, оның бұлшық етіне ешқандай күш қосылмайды, ал көтеретін салмақ 20 реттен төмен болса, онда бастапқы күштің өзі де төмендейді. Бұл уақытта ет күшінің азаюы, жалпы бұлшық еттердің жұмыс істеу қабылеттілігін төмендетеді.

Сондықтан дененің қозғалыс күшін тәрбиелеп көбейтуде оған салмақтың белсенді әсер ететін шамасын табу керек.

Күшті тәрбиелеуде шамадан тыс берілген салмақпен жаттыққанда оның пайдасы шамалы екенін, ал ортадан жоғары, шамасы келетін салмақпен жаттыққанда айтарлықтай көрсеткіштерге жетуге болатыны белгілі. Күш өскен сайын берілетін салмақта өсуге міндетті және көтерілген салмақ максималды салмақтың 80-90 пайызы шамасында болуы шарт. Жоғарыда айтылып кеткендей максималды күш қуатын тәрбиелеудің жолдары бар. 1. Ортадан жоғары салмақты шамасы келгенше қайталап көтеру. 2. Сыртқы қарсылықты барынша көбейту /динамикалық немесе статикалық жағдайда/. 3. Қарсылықты барынша жылдамдықпен жеңу.

Осыған байланысты күшті тәрбиелеудің әдістемелік үш бағытын анықтауға болады.

Күш сапасын тәрбиелеуде шамамен денеге түсетін ауырлықтың шамасын төмендегі көрсетілгендей пайдалану ұсынылады.

Көтеру салмағын бір мезеттегі салмақтың деңгейі мен қайталап көтеру шамасы %.:

Өте ауыр салмақ 1 рет 100%

Ауыр салмақ 2-3 рет 80-90%

Үлкен салмақ 4-7 рет 75-80%

Үлкенге жақын салмақ 8-12 рет 65-70%

Орташа салмақ 3-18 рет 55-60%

Кіші салмақ 19-26 рет 40-50%

Өте кіші салмақ 25% жоғары 40% дейін.

Шамасы бір рет көтеруге келген салмақты 100% деп алынады. Күшті тәрбиелеу жолының бірінші бағыты аз салмақты өте көп рет қайталау жолы. Жоғарыда айтылғандай өте ауыр және аз салмақты өте көп көтергенде дененің физиологиялық механизмінің жұмысы әр түрлі болады. Бірақ көп салмақты көтергендей нәтиже береді. Ал «ақырғы күшке» дейін қайталап көтеру, адам қуатын жұмсаудың тиімсіз жолы болады. Себебі жұмыс көлемі ұлғайып, ал күш сапасын толықтыруда көп жетістіктерге жеткізбейді. Жұмыстың көп уақыты дене қызметінің қалжыраукезінде істелінеді, ал ол орталық нерв жүйесінің қозу процесінің төмендеген кезіне дәл келеді.

Күшті дұрыс тәрбиелей алса: 1. Адам денесіндегі зат алмасу жұмыстары жақсарады, 2. Алғашқы уақытта шұғылданып жүрген адамның, әдісті дұрыс үйренуіне жәрдемдеседі, 3. Бұлшық ет көлемін ұлғайтады, 4. Дайындық барысында иррадиация ғамалиясы басым болып дайындалушының қимылын түзу орындатпай керексіз бұлшық ет күштерін қосарластырып көп кедергісін тигізеді, ал осы әдістемені пайдалану кезінде бұл құбылыстар азайып, тек орындауға қатысты бұлшық ет күштері ғана қатысады, 5. Көп көтеру шыдамдылыққа, табандылыққа тәрбиелейді.

Аталған әдістеменің бағытында тиімді қолданатын жолдары жаттығуды қайталау, бірққалыпты үзілісті жаттығу т.с.с. әдістер. Дайындық уақытының ұзақтығына байланысты, айтылған әдістеркөптеген спортшылардың нақты құрал ретінде пайдалынылады. Ондағы мақсаты әртүрлі ірілі, ұсақ бұлшық еттердің күшін арттыру жолы көзделініледі.

Екінші бағыты -- өте үлкен және оған жақын салмақты пайдаланады.

Бұл әдістемелік бағыт жоғарғы дәрежелі спортшылардың дайындығында орын алады, бірақ дайындық барысында әр түрлі кемшіліктер кездеседі. Бұл бағыттың басты артықшылығы нерв жүйесінің үйлесімділік қабылетін құруға қатысып, спорттық көрсеткіштің нәтижесін арттыруға әсерін тигізуі сөзсіз, бірақ, біріншіден дененің күш сапасының өсуі тек қана дененің тепе-теңдік үйлесімділігіне ған байланысты емес, екіншіден - өте көп жұмыс істеп күш жұмсау әр уақытта тиімді болмайды, үшіншіден – қандайда болсын бір әдістемені көп уақыт бойы пайдаланса, ол өзінің тиімділік әсерін жоғалтады. Себебі ол дағдылы қозғалысқа айналады. Сондықтан өте үлкен және оған жақын салмақты қолдану әдістемесі сазбаздың дайындығында жалғыз болмауы керек.

Жаттығу тәжірибесінде «ауыр салмақ» және «өте ауыр салмақ» ұғымы қолданылады. «Ауыр салмақ» -- деп адамның нерв жүйесін қоздыру әсерінсіз барлық қуатымен көтерген салмағын айтамыз. Артық салмақ көтеру тек қана мінез-құлық көңілінің жоғарғы сатысында көтарген салмақ «өте ауыр салмақ» деп аталады.

Адамның көңілінің көтерінкі болуы орталық нерв жүйесінің қозу процесі арқасында іске асырылады, осындай мезгілде «ауыр салмақ» жаттығулармен жұмыс істелінеді. Бұл салмақ «өте ауыр салмақтан» 5-10 пайыз кем болады.

Төзімділік дегеніміз – организмнің ұзақ уақыт жұмыс істеген кезінде пайда болған шаршауға қарсы тұру қасиеті. Спорттық тәжірибеде жаттығуларды үздіксіз орындағанда тек төзімділікті ғана қажет ететін жаттығулар таза күйінде кездеспейді. Ол ылғи да дененің басқа да сапаларымен байланысты кездесіп отырады. Бірақта дененің төзімділік сапасын басқа сапалардан айыру қиынға соқпайды. Қимыл қозғалыс жағдайынан жан-жақтығына байланысты төзімділік те әртүрлі жағынан көрінеді. Баяу қарқынды жұмыс атқарған жағдайда жалпы төзімділіктің нышанын байқауға болады.

Тәжірибе жүзінде жалпы төзімділіктен басқа арнайы төзімділіктің де барлығы анықталған. Арнай төзімділік дегеніміз – дене тәрбиесі жаттығуларын орындау барысында дененің ұзақ уақыт бойы тиімді жұмыс істеу қабылетінің сақталуын айтамыз. Мысалға, 100 метрлік қашықтыққа өте жоғарғы қарқынмен жүгіргенде арнайы төзімділіктің керек екені баршаға мәлім,ал орта, алыс қашықтыққа немесе динамикалық яки статикалық күш жұмсауда, жекеленген спорт түрлерінде байқалатын арнайы төзімділіктің басқа да түрлері кездеседі. Осыған орай арнайы төзімділіктің бірнеше түрлері анықтауға болады, атап айтқанда: күш төзімділігі алыс қашықтыққа жүгіру төзімділігі тағы да басқа көптеген түрлерін атауға болады [12].

Белгілі бір қызметке таңдап алынған шыдамдылықты арнайы төзімділік дейді. Бұл жағжайда, мысалы: жүгірушінің арнайы төзімділігі күш жаттығуларына төзімділік т.б. түрлеріне айтуға болады. Нақты айтқанда арнайы төзімділіктің түрі өте көп, оларды ауыртпалықтан шаршаудың кейбір белгілеріне қарап, оларды түр-түрге бөліп топтастыруға болады. Бірінші жұмысқа қатысқан бұлшық ет топтарының көлеміне жай және шаршау болып бөлінеді. Локальды/жай/ жұмыс, жүрек, қан тамыры, дем алу жүйелерінің екпініне байланысты емес. Мұндай шаршаудың себептері тікелей қозғалыс жасайтын жүйке жүйесі мен бұлшық ет аппаратының жұмысына байланысты. Әдетте жұмысқа денедегі бұлшық еттің 3/2 бөлігі қатысады. Бұл энергиялық метобализм жүйелеріне үлкен талап қояды, оның ішінде тыныс алу және қан айналым органдарына да. Сондықтан локальды жаттығудағы жоғарғы шыдамдылық жалпы әсер ету жаттығуларындағы жоғарғы шыдамдылықтай бола алмайды. Мысалы, 200-300 ретке дейін аяқпен отырып – тұру жаттығуын жасауға болады, бірақол алыс қашықтыққа жүгіруде мұндай нәтиже көрсете алмайды.

Дене сапасын тәрбиелеуде, әсіресе спортта көпшілік жағдайда жалпы шаршауға кезігеді. Жүгіру, жүзу, шаңғы тебу сияқты жаттығуларды орындағанда дененің барлық бұлшық еттері қатысады. Ал, түрі жағынан бірдей жаттығуды орындау қарқыны бірнеше секундтан, бірнеше сағатқа дейін өзгеруі ықтимал. Мұндай жағдайда шаршау механизмі әртүрлі болады. Осыған байланысты дене тәрбиесі жаттығулары уақытына, орындалу қарқынана қарай әртүрлі топтарға бөлінеді. Бұл негізінде қозғалыс жылдамдығы мен жаттығудың орындалу уақыты арасындағы байланыстылық есепке алынады. Жылдамдылық пен уақыттың бір-біріне тәуелділігін жұмыс көрсеткіші анықтайды. Жүгіру жылдамдығы азайған сайын жүгіру уақыты көбейеді.

Егер орындалатын жұмыс бір ара қашықтықта жатса /жүгіру 800м, 1000м/, онда физиологиялық өзгерістері, яғни шаршау мен төзімділік көп жағдайда ұқсас болады. Егер істеген жұмыс әртүрлі аралықта жатса /жүгіру 200м, 10 000м/, онда организмге қойылатын талап та өзгеше болады. Осыған байланысты, салыстырмалы қуаттылықты төрт аралықтарға бөледі: өте жоғарғы, жоғарғы, үлкен және орташа. Кей жағдайларда одан ұсақ аралықтарға бөлінеді. Төзімділікті талап ететін жаттығулар адам қызметінің мүмкіндігімен анықталуы: бір жағынан кезекті қозғалыс дағдысының әдіс-айласын меңгеру деңгейінде болуы, екінші жағынан, организмнің аэробты, анаэробты мүмкіндігіне байланыстылығы. Анаэробты мүмкіндіктер салыстырмалы аз мамандандырылған, олар қозғалыстың сыртқы түрлеріне онша байланысты емес, адам жаттығулардың көмегімен жүгіруде өзінің аэробты мүмкіндігін көбейтсе, онда оның өзгерісі басқа жаттығуларды /жүруде, шаңғы тебуде/ орындағанда байқалады.

Спортты организміндегі вегатативтік жүйенің қызметіндегі мүмкіндігі – айтылған жаттығуларға ұқсас барлық қозғалыстарды орындағанда жоғары болады. Бұл жалпылама сипаттама, былайша айтқанда «вегатативті» жаттығу төзімділікті жалпылай тасымалдауға жақсы жағдай жасайды. Бірақ, әрбір жеке жағдайда тасымалдаудың болуы не болмауы тек қана организм қуатының мүмкіндігіне және қозғалыстың сапалы ерекшелітері арасындағы жағдайына, ал жұмыс күші дағдының жетілу дәрежесімен адамның аэробты мүмкіндігінің дамуына байланысты болады. Өте төмен қарқындағы жұмыс күші /жай жүгіру, еркін қозғалыс/ кезінде аэробты мүмкіндік өте үлкен болады. Мұндай жұмыста төзімділік жалпы сипат алады. Осыған байланысты жалпы төзімділіктің физиологиялық негізі адамның аэробты мүмкіндігі болып табылады. Жұмыс барысында адам денесіне түскен қиыншылықтарға қарамастан, көп уақытқа дейін жұмыс істеу қарқыны сақтай алу күш – жігердің арқасы деп білуге болады. Мұндай жағдай «компенсациясы» фазасы деп атайды. Егерде жігердің өсуіне қарамастан жұмыс істеу қарқыны төмендесе онда «декомпенсивті» шаршау фазасы басталады.

Шаршау деп жұмыс істеу кезіндегі адам денесінің жұмыс істеу қабылетінің уақытша төмендеуін айтады. Шаршау–жұмыс қозғалысындағы күш қарқының төмендеуі немесе оны аяқтауы қиын немесе аяқтап бітіре алмайды деген түсінік береді. Егерде бірнеше адамға біртүрлі тапсырма беріліп жұмыс істесе, олардың шаршауға қарсы төзімділігі әр түрлі сатыда екенін көріге болады. Сонымен төзімділіктің негізгі белгілерінің бірі – берілген уақыт аралығында өзінің жұмыс істеу қабілетін бір деңгейде ұстап тұруы. Осы белгіні пайдалана отырып төзімділікті тура және жанама тәсілдермен өлшеуге болады. Тура тәсілде сыналушыға бір тапсырманы орындау ұсынылады.

Мәселен берілген бір қашықтықтың қарқыны мен уақытын анықтап осы жүгіру барысында жылдамдықтың төмендеп бара жатқанға дейінгі уақытын өлшеу. Бұл тәсілі іс жүзінде әрқашанда қолайлы болып келе бермейді. Сондықтан да төзімділікті өлшеуде көбінесе жанама тәсілді қолданады. Әдетте сазбаздың ұзақ қашықтықта жүгіріп аяқталуын білдіретін хабаршы күш түсудің белгісі ретінде жүректің жиырылу көрсеткішін басшылыққа алуға болады. Денесі дамыған адамдардың қозғалыс жылдамдығы демалыс арақашықтығы және қайталану кезінде ең басты демалыс кезіндегі тамыр соғуы минутына 120-140 рет, ал жұмыс аяғында 70-80 рет болуы керек. Аэробты мүмкіндігінің өсуіне, дұрыс тыныс алуда өкпенің маңызы ерекше. Дегенмен, өкпемен тыныс алу – аэробты дайындықтың бірінші факторы болғанымен адамның төзімділігіне тигізетін әсері зор. Тыныс алуды дұрыс жолға қою дене тәрбиесінде ден саулықты нығайту бөліміне жатады. Тыныштық күйде және денеге аз күш түскенде мұрын арқылы терең тыныс алған жөн.

Тыныс алудың үш түрі бар: кеудемен іш арқылы және аралас тыныс алу. Денеге ауыр күш түсірген жұмыс кезінде ауыз арқылы терең дем алғаны жөн. Себебі өкпеге енген оттегі аз қордағы ауамен араласады. Сондықтан да тыныс алуды жетілдіру барысында арнаулы тыныс алу жаттығулар қолданылады /тыныс алу гимнастикасы/. Жаттығуларды таңдап алу және оны орындау тиісті бағытқа байланысты болады.

Тыныс алу бұлшық еттерінің күшін өсіру үшін суға демді шығару, маскіде демалу, баппен тыныс алу және көкірек клеткасының қозғалысымен жиі және терең қарқында тыныс алу, ең жоғарғы мүмкіндікке дейін өкпенің ұлғаю көлемін асықпай созып терең дем алу керек. Тыныс алу жаттығуларын қарқынды түрде жасау көмір қышқылының жуылып кетуіне әкеп соғады да басты айналдырады.

Төзімділікке тәрбиелеу кезеңінде организмнің ішкі ортасындағы қолайсыз жағдайларының өсуіне байланысты арнаулы тұрақтылық шараларын арттыру қажет. Бұл жағдайда екі мақсат шешіледі:

1. Физиологиялық тұрақтылық шегінің өсуі /қанның буферлік көлемінің өсуі, бұлшық ет талшықтарына оттегінің жетіспеушілігі мен көмірқышқыл газінің көптігіне дағдылануы/.

2. Психологиялық тұрақтылықты ұлғайту шегі. Физиологиялық шектеу тұрақтылықтың кез-келген іс әрекеттерінде артады /қажу жағдайы/. Оны көтеру үшін дене тәрбиесінің жалпы құралдары мен төзімділікті тәрбиелеу тәсілін оның ішінде тыныс алу мөлшерін тежеу арқылы тәрбиеленеді. Мысалы: жүзгішке кез – келген арақашықтықты жүзіп шығу үшін 3-4 циклды қозғалыс кезінде бір рет демалу ұсынылады. Бұл жолмен организмде оттегінің жетіспеушілігін жасанды түрде қалыптастыру ішкі организмде маңызды жұмыстың алға басуына көмегін тигізеді. Бұл топқа таулы аймақтарда ұйымдастырылған жаттығулар жұмысына жақын. Биік таудағы оттегі, қысымының төмендігімен тыныс алу мүмкіндіктерінің жоғарылауы /қандағы гемоглобиннің/ гипоксиялық тұрақты жағдайға әкеледі. Биік тауларда жүргізілетін жаттығудың организмге тигізетін әсері өте зор жағдайда аэробтық мүмкіншілікті дамыту үлкен нәтиже береді. Бұл бірінші көзқараста әдеттен тыс болып көрінгенімен анаэробты жұмысты қысқа уақытта қайталау түрінде өтеді, бұл жағдайда жұмыс арасында қысқа демалыстар жасауға болады.

Қысқа мерзімді жұмыс нәтижесінде түзілген анаэробты өнімнің ыдырауы тыныс алу процесінде дем беру болып табылады. Сондықтан 1-ші 10-90 секундтық жұмыстан кейін оттегін пайдалану көбейеді. Жүректің жұмыс атқару қызметі жоғарлайды, тамыр соғу көлемі өседі. Бұл көрсеткіштер қосымша күш түсіретін жаттығуларды оттегін жұмсау жоғарғы қажеттілігіне жеткенше артады. Белгілі жұмыс пен демалыс аралығы теңелген кезде дененің оттегіне сұранысы мен оны пайдалану да тепе – теңдік пайда болады. Бұл жағдайда қайталанылатын жұмыс уақыты ұзарады. Қайта орындалатын күшке байланысты оттегін пайдалану уақыты біресе жоғарылап, біресе төмендеп ауытқып тұрады. Жоғарғы сұраныс пайдаланудан да асып кету спортшыға байланысты және оның көтеріңкі тыныс алу мүмкіндігіне себепші болады. Бұл жағдайлар үшін қайталанатын ауыспалы жаттығулардың жұмыс пен демалыс уақытында алмастыруға мүмкіндік береді. Осыны ескере отырып төмендегі сипаттамаларды жобалы түрде ұсынуға болады.

Жұмыстың қарқыны ортадан жоғары болу керек. Яғни жұмыстың75-80%. Жұмыстың аяғында жүректің жиырлуы жоғарғы маман спортшыларда минутына 180 рет соғады. Төменгі ауыртпалық қарқынында аэробты мүмкіндіктердің жоғалуын тудырмайды.

Жекеленген ауыртпалықтың ұзақтығы 1–1.5 минуттан аспайтындай етіп таңдап алынады. Бұл жағдайда дененің оттегін қабылдаудағы қарызы көбейіп жоғарғы мөлшерде пайдалануы тек демалыс кезінде байқалады.

Үзіліс аралығындағы демалыстың арақашықтығы келесі жұмыстың қолайлы жағдайда өтуін қамтамасыз етуі қажет. Егер қанның көлеміне сүйенсек онда демалыс аралығы жаттыққан спортшыда 45-90 сек. Тыныс алу қарқыны пайдаланған оттегінің көлеміне байланысты 1 – 2 ші минутта қалпына келуі байқалады. Бұл жағдайда демалыс аралығы 3 – 4 минуттан көп болмауы керек.

Демалыс арақашықтығын төменгі қарқынды жұмыспен толықтыру керек. Бұл бірқатар қолайлы жағдайлар тудырады: тыныштау жұмысқа көшу қайта қалпына келу процесін жылдамдатады.

Қайталау саны сазбаздың тұрақты жағдайын ұстауына мүмкіндік беріп жоғарғы денгейде оттегін бірқалыпты қайталану мүмкіндігін тудырады. Қалжырау туған кезде оттегінің пайдалы көмегінің мүмкіндігі төмендейді, бұл төмендеу жұмыстың өседі. Бұл жағдайда супкритикалық және критикалық жылдамдықтағы жаттығуды орындаудағы аралықтарының азаюы аэробты процесті ұлғайтады.

Демалыс мінездемесі көбінесе жарыс аралықтарын әртүрлі әрекеттерімен толықтырады. Мысалы: негізгі жүрістің аралықтарын да жай жүгіруді қосу дененің жұмыс түріне қарамастан оған әртүрлі әсер етеді. Критикалыққа жақын жұмыс кезінде қосымша жұмыс ағымын төмендеткенде демалу ғамалиясы жоғарылап тыныштық күйден жұмыс күйіне ауысады және керісінше болады. Сондықтан ауыспалы жаттығудың мәнінің өзі осында.

Қайталанатын жаттығу санының қосындысы денеге түсетін күштің мөлшерін анықтайды. Ұзақ уақыт бойы аэробты жағдай кезеңінде қайталанатын жұмыс санының өсуі жүрек, тамыр және тыныс алу жүйесінің жұмысын күшейтеді. Ал, анаэробты жағдайда жаттығуларды жиі қайталау организмнің оттегісіз жұмыс істеуіне соқтырады. Бұл кезде жұмыс тоқталады немесе жұмыс әрекетінің қозғалысы төмендейді.

Дене тәрбиесінің организмдегі аэробты мүмкіндігіне әсер етуі арқасында үш міндет шешіледі:

Оттегін жұмсау мөлшерінің абсолютті өсу шегін ұзартады.

Осы қасиетті ұзақ уақыт сақтауды дамытады.

Тыныс алу процесінің жылдамдығының көлемін барынша өсіреді.

Тыныс алу мүмкіндігін өсіруге ұзақ уақыт бойы оттегін жұмсау жаттығулар жатады. Жаттығулардың ең тиімді түрлері шаңғы тебу, жүгіру, яғни бұлшық ет топтары қатысатын жаттығуларды орындау. Егер мүмкіндік болса жаттығуды оттегіне бай табиғи жерде өткізген /орманды, өзенді жерлерде/ пайдалы. Кейінгі кезде жорға жүріс сазбаздың дайындық кезеңінің бәрі жүгіруден тұрады. Себебі жүгіру жүрек-тамыр тыныс алу жүйелеріне көп әсер етеді. Аэробты мүмкіндіктерді өсіру тәсілдеріне біркелкі үздіксіз қайталанатын және ауысып отыратын жаттығулар қолданылады. Біртекті үздіксіз жаттығулар көбінесе төзімділікке тәрбиелеудің 1 – ші сатысында қолданылады. Әдетте жұмыс ұзақтығындағы оттегін жұмсау уақыты 10-12 минуттан аспайды, ал жоғары дәрежедегі спортшылардың жұмыс істеу қабылеті 1-1.5 сағатқа дейін созылады. Одан кейінгі уақытта жүрек тамыр және тыныс алу жүйелерінде үйлесімсіз қозғалыс басталады да, дененің оттегін пайдалану төмендейді, осының арқасында дайындалушыға түсетін қиыншылық арта түседі де, жаттығудың тиімділік әсері азаяды [13].

Бұл факторлардың өзара үйлесімділігі ағзанің жауап беруіне байланысты көлемі мен сапасы да әр түрлі болады. Жоғарыда айтылған факторлардың әсерін қарастыратын болсақ:

Абсолюттік қарқынды жаттығу денені энергиямен қамтамасыз ету ерекшеліктеріне байланысты.

Қозғалыс жылдамдығы төмендегенде энергия аз жұмсалып, сазбаздың аэробты мүмкіндігіне байланысты отттегін қабылдауы да азаяды. Сондықтан оттегі бір қалыпты деңгейде жұмсалғандықтан организмнің жағдайы бірқалыпты қалыптасады. Мұндай жылдамдық субкритикалық жағдай деп аталады. Бұл зонада оттегіне сұраныс қозғалыс жылдамдығына пропорционалды болады. Егер спортшы жылдам қозғалса жылдамдық қиын-қыстау кезеңге жетіп ағзанің оттегіне сұранысы анаэробты мүмкіндігіне тең келеді. Сазбаздың тыныс алу мүмкіндігі неғұрлым үлкен болса, жылдамдықтың қиын-қыстау кезеңінің мөлшері де үлкен болады. Жылдамдықтың қиын-қыстау кезеңінен жоғары жылдамдық ең жоғарғы қиын-қыстау кезеңі деп аталады. Мұнда оттегіне сұраныс сазбаздың аэробты мүмкіндігінен асып жұмыс анаэробты энергиямен жабдықтау жағдайына өтеді.

Жаттығудың ұзақтығы қозғалыс жылдамдығы мен тығыз байланысты. Ұзақтың өзгешелігі екі жақты. Біріншіден–жұмыстың ұзақтығы дененің энергиясымен жабдықталуына байланысты. Егерде, қозғалыс ұзақтығы 3-5 минут болса тыныс алу жүйесі оттегін жеткізіп үлгермесе дененің энергиямен қамтамасыз етілуі анаэробты реакцияда өтеді. Жұмыстың ұзақтығы қысқарған сайын тыныс алу процесінің ролі де азаяды, алдымен гликолитикалық одан соң креатинфосфокинез реакциясының маңызы өседі. Екіншіден–жұмыстың ұзақтығына критикалық жылдамдық оттегінің тапшылығын оның көлемімен қамтамасыз етсе, субкритикалық ұзақтығы әрекет жасау жүйесінің ұзақтығын ұзартады. Бұл жағдай ағзаға қиындық тудырады.

Демалыс ұзақтығы жұмыс аралық кезеңінде үлкен роль атқарады. Жаттығуларды субкритикалық және «критикалық» жылдамдықтар демалыс аралықтарының ұзақтығына қарамастан дененің физиологиялық қызметі бірқалыпты жағдайда болады.

Сарбаз палуанның жылдамдығын дамыту сазбаздың бойындағы әл-қуаттан туатын қозғағалыстың аз уақыт ішінде атқаратын қызметін жылдамдық дейміз. Жылдамдық қозғалыс уақытымен анықталады да, пайда болуының өзі үш түрлі қимыл-қозғалыста көрінеді.

Қозғалыс реакциясының жасырын уақыты /қозғалысқа дейінгі дайындық/.

Спортшы мүшелерінің жекеленген қозғалыс жылдамдығы /аяқ, қол т.б./.

Қозғалыс жиілігі.

Бұл үш жағдайда көрінген қозғалыс жылдамдығы бір-біріне тәуелсіз болуы уақыт реакциясының көрсеткіштеріне тән құбылыс. Көп жағдайда қозғалыс жылдамдығының көрсеткіштері өзара байланыста болмайды. Осы себепті аталған көрсеткіштерде әртүрлі жылдамдық бейімділігі болады. Осы үш көрсеткіштің қосындысы жылдамдықтың пайда болған кезеңдерін бағалауға мүмкіндік береді. Сазбаздың қысқа қашықтыққа жүгіргендегі нәтижесі сөреден тез шығу мен жекеленген қозғалыс жылдамдығы /қол, аяқ жұмысы/ және қозғалыстың жиілігіне /аяқ алысы/ байланысты болады. Жоғарғы жылдамдық кезіндегі орындалатын қозғалыстың екі түрлі фазасы болады. Біріншісі шапшаңдықты алу фазасы, екіншісі алынған сол жылдамдықтың /шапшаңдықты/ тұрақты болуы. Бірінші фазада сөреден шығу шапшаңдығының өсуі, ал екінші одан кейінгі қашықтықтағы шапшаңдығы. Яғни тез арада алып қалған керекті жылдамдықпен берілген қашықтықты жоғарғы шапшаңдықпен жүгіріп өту. Бұл екі фаза бір-біріне бағынышты емес, сондықтан да кейбірсазбаздың сөреден шығу жылдамдығы жоғары болғанымен қалған қашықтықтағы шапшаңдығы баяу немесе керісінше болуы ықтимал.

Негізінен адам жылдамдық қабілетін жақсы игеруге бейімделген. Кей жағдайда шапшаңдықтың тікелей тасымалдануы, тек дәлдігі ұқсас қозғалыстар арқылы жүзеге асады. Мысалы: ұзындыққа секіруші сазбаздың қысқа қашықтыққа жүгірістегі көрсеткішіне, ядро итергенде аяқтың бүгіліп, түзетілу жылдамдығы өте көп күш қабілетін керек етеді, ал бұл қозғалыстар, суға жүзуде немесе бокста өзіндік көрсеткіштерге жетуге көп көмегін тигізеді. Ол қозғалыс жылдамдығының реакциясы сезіну дайындығының жасырын уақытымен бағаланады.

Қозғалыс жылдамдығының реакциясы қарапайым және күрделі реакция болып екіге бөлінеді.

Қарапайым реакция дегеніміз – алдын ала қозғалысқа берілетін жауаптың белгілі болуы, яғни кенеттен берілген белгі. Мысалы, спорттық тапаншаның атыруы.

Қозғалыс реакциясының жылдамдығы спорттық күрестің барлық түрлері, бокс, қылыштасу т.б. түрлерінде маңызы зор. Көптеген жағдайларда кенеттен берілген белгіге жауап беру шамалы уақыт ішінде орындалады. Сол себебті жылдамдықты дамытатын жаттығулармен айналысу жылдамдық реакциясының қарапайым түрін дамытады /берілген ысқырық бойынша әдіс-айланы орындау/. Жаттығудың жылдамдық реакциясы тәжірибе жүзінде қозғалыс жылдамдығына әсерін тигізбейді., себебі тәжірибе кезінде әңгіме секундтың ондық немесе жүздік бөлігін ұтуда жүргізіледі. Спортпен шұғылданбаған адамның моторлық реакциясының орташа көрсеткіші 0.25 секунд болып 0.20 дан 0.35 сек аралықта болады, спортшыларды 0.15-0.20 сек, ал кейбіреулерінде 0.10-0.12 секундқа тең болады.

Себебі оларға дайындық кезіндегі жаттығуларды орындау жылдамдығын тасымалдау жолдарын да пайдалану жеткілікті болады. Әсіресе бағалы болып есептелінетін қозғалыс жылдамдығы, қолданбалы спорт ойындарының қозғалыстарындағы әртүрлі қимылдар.

Қарапайым жылдамдық реакциясын тәрбиелеуде көбінесе қайталау тәсілдері кеңінен қолданылады. Бұл кенеттен берілген белгі бойынша жылдамдығын арттыру немесе сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты жағдайдағы қозғалысының өзгеруі. Қарапайым жылдамдық реакциясын тәрбиелеуде талдау әдісі де қолданылады, ол жай қозғалыстың өзін жеңілдетілген түрде екі бөліп орындайды. Мысалы: төменгі сөрелік қозғалыспен жүгіруде көмекші құрал ретінде пайдалану т.с.с. Келесі әдіс сенсомоторлық деп аталады. Бұл жылдамдық реакциясымен қозғалыстың арасындағы секундтың ондық немесе жүздік бөлшегіндегі уақытты ажырата білу.

Осындай қасиет сазбаздың жылдамдық реакциясының өте жоғары дәрежеде екенін білдіреді. Мысалы: бір жаттығуды орындау кезін үш сатыға бөлсек бірінші сатыда спортшы 5 метрлік қашықтықты бар жылдамдығымен /берілген белгіге қарамай/ жүгіреді. Әрбір жүгірістің уақытын жаттықтырушы айтып отырады.

Екінші сатыда жаттығудың екінші бөлігін бар жылдамдықпен орындайды. Жаттықтырушы орындаушыдан осы жаттығуға қанша уақыт жұмсалғанын шамамен сұрайды, ол осы уақытын айтқан соң ғана жаттықтырушы дұрыс уақытын айтады, осы екі уақытты салыстыруда орындаушының уақыт бірлігін дұрыс қабылдау қасиеті қалыптасады. Үшінші сатыда осы жаттығуды әртүрлі жылдамдықпен орындау ұсынылады, мұнда өз жылдамдығының реакциясын еркін басқаруға ие болады. Сарбаз-палуанның ептілік қасиетін тәрбиелеу сазбаздың қимылы еркін қозғалыс болып бір нақты міндетті шешуге бағытталады /күресу барысында әдісті тиімді жасай алуы/. Қозғалыстың күрделі болуы оның әртүрлі себептеріне байланысты анықталып, орындалатын жаттығулардың кезектілігіне, бір мезгілде орындалуына байланысты, ал қозғалыс дәлдігінің күрделілігі ептіліктің бастамасы болып табылады. Қозғалыс міндетінің орындалуы қимылдың кеңістік уақыт бірлігіндегі дұрыс орындалуына байланысты болады. Сонымен ептілік–біріншіден жаңа қозғалысты тез игеру мүмкіндігіне байланысты болса, екіншіден қозғалыс жағдайының өзгеруіне байланысты қимыл жаттығуларын үйлесімді орындау тәртібін тез өзгерте білу мүмкіншілігіне де ие болады. Ептілікке тәрбиелеуде күрделі қимыл жаттығуларын игеру, тәрбиелеу болып келсе, екінші қимыл қозғалыстың кенеттен өзгеруіне байланысты қайта жаңадан құру мүмкіндігінен тұрады. Бұл жағдай тепе-теңдік сақтау, денені босаңсытып ұстау, кеңістікте және уақыт бірлігінде өзінің қозғалысын білу сезімталдығына көңілін білудің маңызы зор.

Ептілікке тәрбиелеудің негізгі жолы, қозғалыс жаттығуларының әртүрлі дағдыларын игеру болып табылады да олардың қорын көбейтіп, қозғалысты талдап дененің жұмыс істеу қабілетін жақсартады.

Жаңадан әдетте қозғалысқа үйрету үздіксіз болуы керек. Тәжірибе кезінде спортшы көп уақыттар бойы жаңа қозғалысты үйренбесе оның үйрену мүмкіншілігі төмендейді.

Ептілікке тәрбиелегенде жаңа қозғалысты үйрету үшін, жаңа элементтер кіргізілген жаттығуды қолданып және кенеттен өзгеретін жағдайлармен байланысты бар жаттығулар да болуы керек. Мысалы, спорт ойындары, тау шаңғысы, жекпе-жек, суға секіру, акробатика т.с.с. Ептілікті дамыту кезіндегі жұмыс көлемінің өзгеруі дененің тепе-теңдік қайшылығының ұлғаюына және осы қарсылықтарды сазбаздың жеңуіне байланысты болады. Айтылған қиыншылықтар негізінен талаптардан туындайды.

Ептілікке тәрбиелеу процесінде әртүрлі әдістер қолданылады. Сонымен ептілік деп – кеңістікте өз қозғалысын басқара алатын, қандайда болмасын жаттығулардың жаңа түрін тез игеретін, жағдайдың өзгеруіне байланысты өз жылдамдығын тиімді қолдана алатын дененің сапалық қасиеті.

Ептілік, көбінесе анализаторлардың қызметіне бағынады да дененің басқа сапаларымен тығыз байланыста болады. Ептілік күнделікті әдетте қозғалысы мен шеберлікті шыңдаған сайын өседі және оны өсіру үшін әртүрлі жаттығуларды қолданған жөн.

Ептілікті өсіруге арналған жаттығулар адамды тез шаршатады да, оның орындалуы бұлшық ет жұмысының бір деңгейде өтуін талап етеді. Шаршаған ағза ондай жұмысты көңілдегідей атқара алмайды. Сондықтан да ептілікті өсіруге арналған жаттығуларды жасаған сайын ағза керегінше дем алуы керек.

Бұлшық еттің қатаюы мен босаңсуының нәтижесінде қозғалыс пайда болады. Буындарының ептілігі мен қозғалысы көбінесе бұлшық еттердің икемділігіне байланысты болады да әртүрлі жаттығуларды орындау әсерінің өсуіне мүмкіндік туғызады. Буын қозғалысының өсу, дене қозғалысының кеңдігін, сұлулығын, сымбаттылығын көрсетеді [14].

Жаттығуды орындау аяқталар кезінде созылуға арналған жаттығулар қолданылып, ал онымен қоса серпінді қозғалыстарды орындау ептіліктің өсуіне жағдай жасайтындығы белгілі болып отыр.

Ептілік сапасын сақтау үшін күнбе-күн арнайы жаттығуларды үзбей жасап отырған жөн, жаттығу жұмысын тоқтату адам ептілігінің төмендеуіне әкеп соғады. Бұлшық еттің қозғалыста қатаюы жұмыс қорытындысына кері әсерін тигізеді.

Ептілікті керек ететін жаттығуларды орындағанда бұлшық еттің дұрыс жұмыс істемеуі жалпы дененің тез шаршауына әкеп соқтырады, ал оның шапшаң қозғалыста тигізетін зияны көп, жоғарғы жылдамдықты төмен етеді.

Адамға керекті сапа қасиеттерін өсіруде бұлшық еттерді «босата» білгеннің де пайдасы зор. Бұлшық етті босата білу адам ағзанің тез қалпына келуіне пайдаланылатын құралдардың бірі. Адамды ептілікке тәрбиелеу мен басқа да қасиетті оның бойында өсіру жаттығу ғамалиясында іске асырылады.

Бұлшық ет қуатының пайда болуы әртүрлі жағдайда анықталады:

Тыныштық жағдайда бұлшық еттегі қатаюдың ұлғаюы /техникалық қатаю/.

Босаңсыту жылдамдығының жеткіліксіздігіне байланысты жұмыс істелгеннен кейін дененің қалыпты жағдайына келіп үлгермеуі.

Бұлшық еттің босаңсу фазасымен қозғалыс тепе-теңдігінің жетілмегендігінен қозу процесінің төмен немесе жоғары болуынан. Бұл тиімсіз сесбептерінің қатаюын жоюдың негізгі жолдары: техникалық қатаюға қарсы тұру жолында бұлшық еттің созылу рефлексінің деңгейін төмендету. Бұл жағдайларда адамның аяқ қолдарына берілетін жаттығулар дене бұлшық еттерінің босаңсуына арналады.

Иімділікті қозғалыс–дененің тіреу мүшелері тізбегінің қозғалымдылық дәрежесін көрсететін морфофункционалды қасиеті деп білеміз. Иілгішті қозғалыстың максималды тербелу шегі арқылы өлшейді. Мұны бұрыштық градус немесе ұзындық өлшемімен анықтайды.

Иілгіш бұлшық еттер мен буындардың эластикалық байланысы, орталық нерв жүйесінің /мысалы, жарыстарда эмоционалдық көтеріліс кезінде икемділік көрсеткіші көбейеді/ әсерімен үлкен өзгеріске ұшырауы мүмкін. Қозғалымдылықты тежеу, созылған бұлшық еттердің әсерленуі оның табиғи қорғану қасиетіне жатады. Иілімділікті өсірген сайын бұлшық еттер, үлкен амплитуданың соңына қарай жоғары әсерлену жағдайына кіріп олардың белсенділігіне, дене қызуына да әсер етеді. Дененің қызуы көтерілген кезде иімділік көрсеткіші өседі. Иімділікке басқа сапалық қасиеттерге қарағанда тәуліктегі уақыт тәртібі қатты әсер етеді. Сондықтан таңертеңгі уақытта иімділік көрсеткіші едәуір төмен болады. Оның әртүрлі жағдайлардың /температура, уақыт/ әсерінен өзгеруін жаттығу жасату кезінде ескерген жөн.

Иімділік көрсеткішін төмендететін қолайсыз жағдайларды бой қыздыру арқасында жылыну арқылы жоюға болады. Организм шаршағанда белсенді иімділік көрсеткіші азайып, енжарлығы басым болады.

Балаларда иімділік қасиеті үлкендерге қарағанда жоғары болып және белсенді иімділік тікелей бұлшық ет күшіне байланысты болады. Бірақ ауыр жаттығуларды орындаудың әсерінен буындардың қозғалымдылық дәрежесінің кемуі мүмкін. Иімділік пен күш жаттығуларын тиімді үйлестіре отырып орындау арқылы бұл қарсы әсерді жеңіп қана қоймай осы қасиетті жоғары дәрежеге дейін жетілдіруге болады.

Дене сапасын тәрбиелеу кезінде иімділікті шектелген дәрежесіне дейін жетілдірудің керегі шамалы, тек жаттығулардың керек қозғалысын бөгетсіз орындалуын қамтамасыз етсе болады, және де иімділік көрсеткіші жаттығудың қозғалыс амплитудасынан көп болуы керек / «Иімділік қоры»/. Ал буындардың анатомиялық құрылыстарының шегінен тысқары – қозғалымдылықты көбейту ешқандай ақылға сиымсыз, себебі оның үйлесімділігі бұзылады және педагогикалық мақсатқа қарама-қайшы келеді. Омыртқа, жамбас және иық буындарының қозғалымдылығына әсері зор. Иімділікті жетілдіру үшін қозғалыс амплитудасы жоғары созымдылық жаттығулары қолданылады. Олар екі топқа, белсенді және енжар қозғалыс болып бөлінеді. Белсенді қозғалымдылықты өсіру осы буынның бұлшық етінің қысқаруы арқылы, ал енжар жаттығуларды сыртқы күштердің көмегімен жасайды.

Белсенді жаттығулар серіппелі құлаштамалы және белгілі салмақпен және салмақсыз болады. Бұл топқа айтылғандардан басқа жаттығудың максималды амплитудасы кезінде дененің бірқалыпты қозғалмау мақсатын көздейтін статикалық жаттығулар да жатады. Енжар статикалық жаттығуларда дененің қозғалмауы тысқары күштердің көмегімен жасалып белсенді иілімділікті жетілдіру тиімділігі динамикалық қозғалысқа қарағанда төмен, бірақ енжар иімділікті жетілдіруге көмегін тигізеді [15].

Мұнда бұлшық еттер /салыстырмалы, тура/ аз созылады. Егер оның ұзындығын бір қозғалыспен ұзартуға тырысса /мысалы, алдыға максималды еңкею/, онда оның нәтижесі өте төмен болады. Бірақ қайталаудың әсерінен, /егер бірнеше рет еңкеюді қайталаса/, амплитуданың өскені көзге түседі. Сондықтан созылымдылық жаттығуларын бөлшектеп әрқайсысын бірнеше рет қайталап жасаса бөлімнен бөлімге дейінгі қозғалыс амплитудасы өсе береді.

Кейбір созылымдылық жаттығуларын ауырсыну, жұмысты тоқтату белгісі болғанға дейін істейді. Егер оларды күнделікті, тіпті күніне екі рет істесе үлкен көрсеткіштерге жетуге болады. Егер иімділік көрсеткішін тек сақтап қалу мақсаты болса онда бұл жаттығуларды жасау жиілетпей орындалады. Иімділік жаттығуларын үйге сабақ тапсырмалары ретінде берген жөн. Сабақ кезінде оларды негізгі бөлімнің соңында және дайындық бөлімдегі бой қыздыру кезінде басқа жаттығулармен орындау алдында жақсы тер шыққанға дейін қыздырынып алу крек, бірақ осы жаттығулардың әсерінен қол жеткен көбейген қозғалымдылық көп сақталынбайды. Белсенді жаттығулардан кейін өскен иімділік көрсеткіші, енжарға қарағанда ұзағырақ сақталады.

Иімділікті жас кезінде жетілдіру жеңіл болғандықтан, тәрбиелеу ісін 11-14 жас шамасында жоспарлау керек.

Дене дайындығы жалпы және арнайы дайындықтар болып екіге бөлінеді. Жалпы дене дайындықта палуандардың жалпы дене сапасын дамытуға өте көп көңіл бөлінеді, ал арнайы дене дайындығы кезінде күрес тәсілдерінің негізгі және «сүйікті» әдіс деп аталатын өзіндік – күшті дене жаттығуларымен жетілдіріледі, яғни дене дайындығы қатаң және мақсаты мазмұнға ие басты көңіл кілем үстіндегі жағдайды бағалай білетін және қарсыласқа кездейсоқ әсер ететін және жеңісті қамтамасыз ететін тиімді тәсілді техникалық – тактикалық дайындыққа басты назар аударылады [16].

Бұл, аталған дайындықтарды палуандардың қаншалықты игергенін байқау үшін теориялық әңгімелесулер қарапайым педагогикалық бақылау мен ойлаумен жүргізіледі.

қарсыластың техникалық дайындығының дәрежесін бағалай білу;

оның ұнайытпайтын әдістері мен әлсіз жақтарын аша білу;

алдау әдістері мен күресті жүргізу тактикасын таңдау арқылы бағалауды жүргізе білу (шабуылдау, қарсы шабуылдау, қорғану);

Палуандардың техникалық – тактикалық дайындығы мен ойлауының негізі қозғаушы күші бізге берілген үлгідегі жазбаша өзіндік талдауға шығуы болып табылады.

Жарысқа шығудағы өзіндік баға.

Жеңісті қамтамасыз ететін қозғаушы күш.

Атаулы жарыстардағы жеңіліс немесе белгі нәтижеге жетпеу себептері.

Келешектегі дайындыққа қандай өзгерістер еңгізу керек?

Жаттықтырушыға жазбаша талдау есеп беру негізінде палуандардың жасаған талдау мен келесі оқу–жаттығу процесіне нәтижемен сәйкес келетін өзгертулерді еңгізуді міндетті түрде жасау керек мұны мүмкін болған жағдайда көп уақыт алатын барлық жаттығатын топтың алдында жүргізу дұрыс. Егер мұндай мүмкіндік болмайтын болса, жекелеген тәртіппен немесе 2–3 палуанмен жүргізу тиімді болады.

Жалпы дене дайындық кезінде палуанның шыдамдылығына көлем бойынша қажетті деңгейде жұмыс істеу қабілетінің әр түрлілігі жаттығу қарқындылығы (жалпы шыдамдылық) және жарыстық ауырытпалықтар (арнайы шыдамдылық) кіреді. Арнайы шыдамдылық палуанға жеңіске жету мақсатында белдесуге қабілеттілікті нәтижелі жүргізуді, сондай–ақ олардың арасында арнайы белдесу жарыс күн мен атаулы жарыстың барлығында да қайта қалпына келе алуын қамтамасыз етеді.

Арнайы шыдамдылық деп – дене тәрбиесі жаттығуларын орындау барысында дененің ұзақ уақыт бойы тиімді жұмыс істеу қабілетінің сақталуын айтамыз.

Палуан шыдамдылығының ерекшелігі циклсіздік сипаттағы ырғақты тыныс алу мен оның кешігуімен бірге жүретін, күш ауыртпалығымен , жылдамдықты – күш ауыртпалығын және басқа да техникалық әрекеттер мен тәсілдерге (лақтырулар) байланыстырады. Осыған орай бұл адам үшін табиғи емес жағдайлармен (әдетке айналған) бірге жүреді. Арнайы шыдамдылық басқа спорт түрлеріндегідей жалпы шыдамдылықтың негізінде ойдағыдай қалыптасады. Палуан дайындығының бірінші және екінші кезеңінде жалпы шыдамдылыққа баса көңіл бөлінеді.

Жалпы шыдамдылықтың даму процесінде қайталанбалы дене жаттығулары ( кросс, шаңғы тебу, жүзу т.б) орындау уақыттың ұлғаюында қарқынды өсу әдісімен қосымша ауырлық түсу әдістері қолданады.

Палуандарды дайындаудың келесі кезеңдерінде жеңіске жетудің негізі факторы, арнайы шыдамдылық болып табылады. Арнайы шыдамдылықты дамыту жаттығуларының төмендегідей әдістері ұсынылады:

ұзақ белдесу тәсілі;

бірнеше қарсыласпен бір мезетте белдесулер;

қарсыласты шаршату белдесулері;

шаршаған палуанның дем алған палуанмен күресуі;

жоғарғы типтегі белдесулер;

дене жаттығуларын айналымды жаттығу әдісі бойынша орындау;

Күш барлық қимыл–қозғалыс сапаларының, яғни жылдамдық, төзімділік, ептілік, иілгіштік сапаларының пайда болуына және оны дамытуда, қажетті қозғалыс қасиетінің көзі болып табылады. Күшті меншікті күш, абсолютты күш және жылдамдық күш деп бөліп қарастыруға болады. Сазбаздың қиналмай бір екі рет көтерген күшін меншік күші, зорланып бір рет қана көтере алған салмаққа жұмсаған күшін абсолюттік күш дейміз.

Палуан дайындығының ең негізгі бөлшегі күш пен жылдамдықты күшті арттыратын мүмкіндігі (шұғыл күш) болып табылады. Олардың танымдық әсер етуі күрес тәсілдері мен әрқашан өзгеріп отыратын жағдайларға негізделеді. Күш сапасын тәрбиелеу жолындағы негізгі мақсат адамның жан–жақты және жоғарғы көрсеткішті қозғалыс қабілетін арттырумен қатар дененің басқада сапаларына пәрменді түрде әсер етіп дамыту.

Күш сапасын дамытуда қолданылатын құралдар негізінен үдемелі қарсыласумен күшпен орындалатын жаттығулар жатады. Ол жаттығулар әсер ету бағытына қарай сырттан әсер ететін күш оған заттардың салмағы, қарсыласының қарсылық әрекеті серіппелі заттардың көрсеткен күші және сыртқы ортаның кедергісі. Екінші адамның меншікті салмағына түсетін ауырлық күш әсерін жеңу мен қоса сырттан әсер етуші қосымша салмақпен ауырлық түсіру.

Күшті дамыту үшін қарсыласынан жоғары немесе қалыпты ауыртпалықтары гирмен, гантельдермен, тастармен, ауыр доптармен, штангмен, палуан әріптесімен және басқа ауырлық түсіру әдістері пайдалынылады.

Жылдамдықты күш арттыратын қабілеттіліктер палуанның жылдам және күшпен шабуылдау мүмкіндігін немесе қарсыластың келесі қарсы шабуылын жүргізумен болатын шабуылдауларын қамтамасыз етеді. Күрес тәсілдерінің көпшілігі жарылыс сипатында басқа да және қарсыластың қозғалысына жауапты әрекетті мен әрқандай жағдайларға байланысты өзгерумен және кілем үстіндегі белдесу кезінде қалыпты болып табылады. Жылдамдықты–күш арттыратын мүмкіндіктердің негізгі әдістеріне күштілік жаттығулардан қозғалыс жылдамдығының біршама жоғарлығымен ерекшеленетін дене жаттығулары соның ішінде ағзаға ауырлық түспейтін жаттығулар қолданылады.

Жылдамдықты–күш арттыратын дене жаттығуларын оқу–жаттығу сабақтарының апталық циклдің барлығына жуығы, әсіресе демалыс күндерінен кейін және жаттығу ауыртпалығының көлемі төмендегенен кейін мақсатты жүргізуге болады. Бір жаттығу сабағының құрылымында оларды бой қыздырудан кейін тікелей жүргізу мақсатталған. Олардың құрамы кең және әр түрлі, бірақ оларды жалпылай екі негізгі топтарға бөлуге болады: күрес әдістерінің қозғалыс тәсілдері мен өзге спорт түрлерінің дене жаттығулары (секірулер, лақтырулар, т.б).

Палуандардың ептілігі қозғалыс әрекеттерінің қалыптасуы мен тұрақтылығы, олардың келісімділігі, үйлесімділігі, шабуыл мен қорғану тәсілдерінің қажетті және әсерлі орындалуы үшін кеңістікте дененің әртүрлі қалпын қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Палуанның ептілігін дамыту мақсатында жалпы және арнайы дене жаттығулары, сондай–ақ спорттың өзге түрлерінің жаттығулары (алға, артқа домалаулар) қолданылады. Кординационалдық қабілеттілік жаңа әрекеттерді оқу жолдарымен немесе меңгергендерді шыңдаумен жетілдіріледі (жаңа қалыпты жағдайды қолдану, жаттығуды қиындату, кедергілер, қозғалыс жылдамдығын өзгерту және т. б. ).

Осыған орай палуанның жауапты қозғалыс әрекетін табу арқылы өзінше шешуге мәжбүр болатын, палуанға жағдай туғызу керек.

Біздің тәжірибелерде салмақ дәрежелері әрқалай, дене дайындығы және палуанның әріптесінің күрескерлік біліктілігі кең түрде қолданылады. Басқа әдістемелік белдесу кезінде нақты тәсілдермен міндетті орындалатын талаптар жатады [17].

Палуан икемділігі техникалық тәсілдердің түрлі ауытқу шегінің орындалуымен тығыз байланысты. Икемділіктің дамуына көп жылдық палуанның жаттығуының барлық кезеңдерінде қажетті көңіл бөлінеді. Икемділікке арнайы жаттығулар дене қыздырудың екінші бөлігінде және дене ауыртпалығының жоғары үйлесімділігінен кейін, яғни палуанның ең жоғарғы бұлшық ет керілуіне бағытталған жаттығулардың орындау дайындық жағдайына жеткен кезде қолданылады.
Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Сарбаздың дене дайындығына түсінік беру

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

  1. А.А. Харлампиев. Борьба Самбо. -М.: ФИС,- 1957. 460 с.

  2. Ж. Бөжиг. Самбо және қол сайысты үйрету негіздері. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы, -2007.-160 б.

  3. Е. Алимханов. Самбо күресін үйрету негіздері. –Алматы: ҚазМСТА, 1999.-50 б.

  4. Есмағамбетов З.Е. Дене тәрбиесін өткізу және басқару. - Қарағанды: Арко, 2004.-325 б.

  5. Қуанышов Т. Ш. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі.- Алматы: Санат, -2002.- 290 б.

3 тақырып: Самбо әдістері. Қолмен жасалатын әдістер

Сабақ мақсаты:

Самбо әдістері туралы түсінік беру.


Қаралатын сұрақтар:

  1. Қолмен жасалатын әдістер

  2. Үйіру, қолмен шалу, қылтадан қолмен іштен және сырттан ілу, өңгеріп тастау, бөктеріп тастау әдістері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет