а). Іштен өкшені сыртқа қарай шалу.
ә). Іштен өкшені ішке қарай(өзіне) шалу [20].
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
А.А. Харлампиев. Борьба Самбо. -М.: ФИС,- 1957. 460 с.
Ж. Бөжиг. Самбо және қол сайысты үйрету негіздері. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы, -2007.-160 б.
Е. Алимханов. Самбо күресін үйрету негіздері. –Алматы: ҚазМСТА, 1999.-50 б.
Есмағамбетов З.Е. Дене тәрбиесін өткізу және басқару. - Қарағанды: Арко, 2004.-325 б.
Қуанышов Т. Ш. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі.- Алматы: Санат, -2002.- 290 б.
№ 8 тақырып Денемен жасалатын әдістер
Сабақтың мақсаты: Денемен жасалатын әдіс түрлеріне анықтама беру. Қолдану әдістерін үйрету
Қаралатын сұрақтар:
Кеудеден асыра лақтыру әдістері
Қолтықтан құшақтап жамбас арқылы тастау
Арқалап тастау әдісі
Диірмен (сүңгіп көтеріп тастау) әдісі
Кеудеден асыра лақтыру әдістері.Бұл әдіс-күрес тарихында өте ертеденден қолданып келе жатқан әдістер тобы. Қазақ даласының батыры, кәсіпқой күрестің үш түрінен әлем чемпионы, күш атасы атанған Қажымұқан Мұңайтпасұлы бұл әдісті көптеген ірі жарыстарда тиімді қолданып мерейлі жеңістерге жетіп отырған.
Белдіктен ұстап, шалқалай иіліп кеудеден асыра лақтыру. Мұнда қарсыластар оң аяқтарын алға жіберіп, біріне –бірі қарсы тұрады. Екеуі де белдіктен мықтап ұстап, осы сәтте шабуыл жасаушы палуан оң аяғын ішке еңгізе алға ұмтылады да, сол аяғын тұсына апарады. Өзі өте тез қимылдап, тізе буынын жазу арқылы қарсыласын кілемнен көтеріп әкетеді де, екпінді бәсеңдетпей, шалқая беріп қарсыласын иіле кеудеден асыра лақтырады.
Жіберілетін қателер. Белдіктен нашар ұстау, жоғары көтергенде қолымен демей білмеуі.
Аяқты іштен іліп, кеудеден асыра шалқайып лақтыру. Шабуыл жасаушы палуан оң қолымен қарсыласының иығынан ұстап, сол қолымен қарсыласының қолтығынан демей өзіне тарта түседі. Оң аяғын қарсыласының ішіне еңгізе қылтадан іледі. Бұдан кейін сол аяғын жарты қадамдай алға қойып, ілген аяғын жоғары көтере шалқалқайып, екпінін бәсеңдетпей оң қапталға қарай бұрылып қарсыласын ала кілемге құлайды.
Қарсы әдіс. Аяқты түзетіп, ілмектен босатып, шабуыл жасаушы палуанды отыра қалып, аударып лақтыруға болады.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
А.А. Харлампиев. Борьба Самбо. -М.: ФИС,- 1957. 460 с.
Ж. Бөжиг. Самбо және қол сайысты үйрету негіздері. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы, -2007.-160 б.
Е. Алимханов. Самбо күресін үйрету негіздері. –Алматы: ҚазМСТА, 1999.-50 б.
Есмағамбетов З.Е. Дене тәрбиесін өткізу және басқару. - Қарағанды: Арко, 2004.-325 б.
Қуанышов Т. Ш. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі.- Алматы: Санат, -2002.- 290 б.
№ 9 тақырып Арқалап тастау әдісі
Бұл әдісті самбо күресінде ең бір тиімді, қарсыласыңды қапысыз жеңудің ең қолайлы әдісі деуге болады.
Жағадан және жеңнен ұстап, арқалап тастау. Әдісті жасағанда қарсылас палуаның бір қолмен жағасынан, келесі қолмен жеңнен ұстап, өзіне қарай жұлқи тартып тепе-теңдіктен айырады да, өзіне оңтайлы келген жаққа кілт бұрылып арқалап тастайды. Самбо күресінің ережесі бойынша бұл әдісті табанда жасауға және екі тізеде жасауға болады.
Жіберілетін қателер: Қарсыласын тепе–теңдік қалпынан шығара алмау; қолын жақсылап тарта білмеу; тізе буынын жаза білмеу.
Қорғану: Қарсыласының бұрылуына кедергі жасау. Қарсыласын аяғын алдынан шалып етбетінен құлату.
Қарсы әдіс: Екі аяқтың сыртынан шалу.
Қолтықтан құшақтап жамбас арқылы тастау
Бұл әдісті орындағанда оң немесе сол қолды қолтықтың астынан өткізіп белбеудің тұсынан немесе белдіктен ұстап, келесі қолмен шынтақ тұсынан немесе жағадан ұстап, жамбасты ішке кіргізе айналып тізені сәл бүгіп, аяқтың серпінімен қарсыласты кілемге құлатады.
Жіберілетін қателер: Тепе-теңдіктен шығармау, Жамбасты дұрыс қоя білмеу. Аяқ пен қолдың қозғлысын үйлестіре алмау.
Қорғаныс: Қарсыласыңның ұстасын бұзып, әдіс жасауға мүмкіндік бермеу.
Қарсы әдіс: Қарсыласыңның алдыңа қойған аяғынан аттап, қарсы жамбас жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |