Пәннің оқу – әдістемелік кешені



бет15/23
Дата21.04.2017
өлшемі4,32 Mb.
#14299
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 2002ж.

  2. А. Е. Тарас. (под. общ. ред.) Боевые и спортивные единоборства. Справочник. –Минск: Харвест, – 2002. 565 с.

  3. Рудман Д. Самбо.Техника борьбы в стойке. Защита Москва, 1984г.

  4. Рудман Д. Самбо. Техника борьбы лежа. Защита Москва, 1983г.

  5. Ю.А. Шулика. По системе СПЕЦНАЗА. Боевое самбо и прикладные единоборства. Ростов – на Дону «Феникс» 2004г.

  6. М.Н Шепетюк. Обучение в спортивнсй борьбе. Алматы. КазГАСТ – 2003г.


№ 22 тақырып Қолмен төменнен жасалатын соққылар

Төменнен жасалатын соққыларда шабуылдаушының басқа соққылары сияқты ұзын, тіпті өте қысқа болуы да мүмкін. Қарсыласын басты нысанаға алып, бірақ жұдырығын денеге дарыта алмаған кезде ұзын соққыларды пайдалану керек. Ал қарсыласың өзіңнен қысқа немесе аяқтарын бүгіп төмен тұрса, онда басты ұзын соққылармен нысанаға алған абзал.


Қысқа төмен соққылар жақын қашықтықтарда пайдаланылады. Оны екі қолмен бірдей денеге де, басқа да дарытуға болады. Сонымен қатар қарсыластың шабуылы кезінде қорғаныспен ұштасқан қарсы соққылар ретінде де қолданылады. Егер бәсекелесің тік тұрса еш уақытта шабуылды қысқа соққылармен бастауға болмайды. Қарсылас мұндай соққылардың алдын алып кетуі мүмкін. Сондықтан қысқа төмен соққылар қарсылас спортшы еңкейген сәтте ғана пайдаланылады.

Қысқа төмен соққылар қолданған кезде дене түзеледі. Кейде еңкейіп тұрған спортшының шалқаюы да мүмкін (11-сурет).

11- сурет. Оң қолмен жасалған соққыдан қорғану

Дененің осындай қозғалысы соққыға күш қосады. Мұндай соққыларды

жүзеге тез асыру қажет. Осындай тездік және дененің тез өзгерісі соққының күшін молайтып, қарсыласты қиын жағдайға қалдырады. Жекелеген төмен соққылар кезінде бос қолмен басты, денені қарсыластың қарсы шабуылынан қорғап жүрген абзал.



Сол қолмен басты төменнен соғу.

Бұл соққы қарсылас алға қарай еңкейіңкіреп тұрған кезде пайдаланылады. Қысқа соққылардың түзу бағытталуы да, қапталдан болуы да мүмкін.

Ұзын соққылар қарсыластың тұрысын өзгертуге мәжбүр ету үшін қолданылады. Егер қарсылас еңкейіп тұрса, онда оған шабуылдау қиын болады. Сондықтан ұзын соққылар оны тік тұруға мәжбүр етеді. Тік тұрған адымды шабуылдау да, одан басымдылық көрсету де оңайлау болады.

Егер қарсылас оң жақ қапталында болса, қысқа, төмен соққыларды бір орында тұрып та немесе қысқа қадам жасап та орындауға болады. Бұл кезде дененің салмағы оң аяққа түседі. Соққы жасаған кезде дене оңға қарай кілт бұрылады және сәл еңкейеді. Шынтақ тұсында сүйір бұрыш жасап бүгілген қол төменнен жоғары қарай нысанаға бағытталады.

Егер қарсылас бетпе-бет тұрса, сол қолмен басқа төменнен соғуға да, дененің салмағын сол аяқтан оң аяққа алмастыруға да болады. Дененің осындай қозғалысын нысанаға сілтеген қолдың қозғалысымен байланыстыру да өте қажет. Осындай соққыларды жүзеге асырғаннан кейін, дененің салмағын түгелдей оң аяққа ауыстырады. Мұндай қимыл шабуылды жалғастыруға мүмкіндік болмаған сәтте қарсыласпен арақашықты ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сол қолмен денені төменнен соғу.

Сол қолмен төменнен жасалатын басқа соққыларға қарағанда мұның ерекшелігі көп. Ұзын және қысқа соққыларды алыс және жақын арақашықтықтарда бірдей жүзеге асыруға болады. Бұл соққыларды орындау да басқаларынан жеңілдеу. Денені қорғап тұратын қарсыластың оң қолын басқа бағытталған соққымен кей кезде алдауға да болады. Қарсылас оң қолымен басын түгел жапқанда, сол қолдың бағытын өзгертіп, соққыны денеге дарыту керек.

Сол қолмен денеге төменнен жасалатын соққыдан бағыты ғана өзгеше. Ұзын соққы да сол қол шынтақ тұсында жазық бұрыш, ал қысқа соққыда сүйір бұрыш жасайды. Бұл соққыларда мұнан басқа ерекшелік жоқ.

Сол қолмен денеге төменнен соққы жасалған кезде арқа, қарын, аяқ және соққы жасалған бұлшық еттері қатаяды. Бұл соққының күшін біршама арттырады [24].



Оң қолмен басты төменнен соғу.

Бұл соққы спортшы қарсыласына бетпе–бет тұрған сәтте және оның оң қолы соққыға кедергі жасай алмайтын кезде ғана жасалады. Мұндай жағдайға қарсылас спортшының басына немесе денесіне оң қолмен соққы жасаған кезде ғана душар болады. Осы кезде оң қолмен басқа төменнен қарсы соққы беру және оны қорғаныспен ұштастырып немесе соққы бергеннен кейін шегіну дұрыс.

Осындай шабуыл қарсылас еңкейген сәтте ғана жасалады. Соққы жасаған кезде дененің бар салмағы сол аяққа түсу керек. Ал оң қолмен басқа төменнен соққы дарыту үшін дайындық жасаған жөн. Сол қолмен жасалатын көптеген алдамшы соққылар, шабуылдар қарсыластың назарын аударып, әлсіретуге тиіс.

Жекпе–жек кезінде басқа төменнен жасалатын қысқа соққылар бір орында тұрып та, бір қадам аттап та жасалады. Бұл спортшылардың арақашықтығына байланысты. Бір орында тұрып соққы жасаған кезде тізе сәл бүгіледі, дене оңнан солға бұрылады, оң иық алға шығады, түйілген жұдырықтың саусақ жағы өзіңе қарайды. Сол қолдың жұдырығы басты, ал шынтақ дененің сол жақ бөлігін қорғайды.

Оң қолмен басқа төменнен жасалған қысқа соққыны бір қадам аттап орындаған кезде, дененің барлық салмағы алға аттаған сол аяққа түседі. Ал орындалуы жағынан жаңа ғана жоғарыда айтылған соққыдан ешқандай өзгешелігі жоқ.

Оң қолмен денені төменнен соғу.

Бұл соққыны жиі қолдану өте қиын. Себебі, қарсыластың сол қолы бұл соққының жүзеге асуына мүмкіндік бермейді. Ол үшін қарсыластың сол қолын көтеруін күту керек. Тіпті сондай кезде туған да өте сақ болған дұрыс. Абайсызда соққы қарсыластың шынтағына тиюі мүмкін. Ал мұндай жағдайда көбіне саусақтар жарақаттанады.

Егер қарсылас тік тұрса онда соққы үшін нысана да көбірек болады. Мұндай соққыны жүзеге асырған кездегі дене мен аяқтың қозғалысында соққыны басқа бағыттаған кездегіден ешқандай өзгешелік жоқ.

Қолданылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 2002ж.

  2. А. Е. Тарас. (под. общ. ред.) Боевые и спортивные единоборства. Справочник. –Минск: Харвест, – 2002. 565 с.

  3. Рудман Д. Самбо.Техника борьбы в стойке. Защита Москва, 1984г.

  4. Рудман Д. Самбо. Техника борьбы лежа. Защита Москва, 1983г.

  5. Ю.А. Шулика. По системе СПЕЦНАЗА. Боевое самбо и прикладные единоборства. Ростов – на Дону «Феникс» 2004г.

  6. М.Н Шепетюк. Обучение в спортивнсй борьбе. Алматы. КазГАСТ – 2003г.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет