Пәннің оқу – әдістемелік кешені


№ 23 тақырып Қолмен қапталдан жасалатын соққылар



бет16/23
Дата21.04.2017
өлшемі4,32 Mb.
#14299
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23


№ 23 тақырып Қолмен қапталдан жасалатын соққылар

Қапталдан жасалатын соққылар алыс және орта арақашықтықтарда пайдаланылады. Егер шабуылдаушы қарсыласымен арақашықтықты жақындатқысы келмесе, осындай соққылар жиі қолданылады. Немесе қарсыласының қорғанысын бұзуға арналады. Сонан кейін орта және жақын қашықтықтарда шабуылды жалғастыруға болады.


Қапталдан жасалатын қысқа соққылар–қол сайыстағы негізгі соққылардың бірі. Себебі мұндай соққы кезінде нысананың жақын болатындығы сондай, қарсылас соққы берген қолдың жылдам қозғалысын барлық уақытта бірдей байқай алмаймыз. Соққы беретін қолдың жолының қысқалығы, соған байланысты иық бұлшық еттерінің қатаюы соққының күшін арттырады. Мұндай қысқа соққылар нысанаға нық тиеді.

Қапталдан жасалатын қысқа нық соққылар қысқа арақашықтықтағы шабуылды одан әрі дамытады. Қысқа соққылармен алыс және орта арақашықтықтардан да шабуылдауға болады. Ол үшін спортшы жылдам қадамдар жасап, қапталдан жасалатын қысқа соққыларды шабуылға және қарсы шабуылға тиімді пайдалану үшін, оны татамидың әр жағына қозғала жүріп жасауды жете үйрену керек.



Сол қолмен басты қапталдан соғу және одан қорғану.

Сол қолмен басты қапталдан соғуды, әсіресе, сол қолмен жақсы жұмыс істейтін спортшылар көп пайдаланады. Ондай шабуылдаушы үшін қарсыласының сол қолы қауіпті. Жақын жерден сол қолмен, басқа немесе денеге бағытталған жұдырықтан қорғану өте қиын. Сол себептен әсіресе қысқа соққылардың спортшының ұпай қорын арттыруға да қосар үлесі көп.

Сол қолмен басқа жасалатын ұзын және қысқа соққылардың арасынан сол аяқпен алға бір аттап жүзеге асырылатын соққылар негізінен шабуылда қолданылады. Спортшы шабуылды көбіне тек осындай соққылармен ғана жасайды. Сонымен қатар қапталдан жасалатын соққылар қарсыластың қорғанысын бұзу үшін де пайдаланылады.

Қапталдан сол қолмен жасалатын ұзын соққылар қазіргі қол сайыта жиі қолданылады. Оны татамиге шығып, тәжірибе жинақтаған сайысшылардың бәрі де ұнататнын біз күнделікті жарыстардан көріп жүрміз. Бұл соққыны жасағанда алғашқы қимыл оң аяқтан басталады. Созылған оң аяқтан дененің салмағы алға аттауға көтерілген сол аяққа тез ауысады. Сол қозғалыспен қабаттаса сол қол алдымен төмен түсіріледі, содан кейін ол төменнен доға жасап, қарсыластың басына қарай жұмсалады. Қолдың осындай әдіспен нысананы көздеуінен, дене де оңға қарай бұрылады. Міне осы қозғалыстың бәрі соққының күшін арттырады. Бұл кезде оң қол басты және денені қарсыластың қарсы соққыларынан қорғайды (12-сурет) [25].



Қапталдан сол қолмен басқа тез соққы жасау үшін, қарсыластың көңілін өзге жаққа аудару қажет. Ол үшін жалған шабуылдар немесе соққылар пайдаланылады. Сәтті кезеңді күту керек. Сәтті түскен кезде бұл қауіпті соққымен нысананы дәл көздейді. Ол үшін мұнда да қозғалыс оң аяқтан басталады. Ұзын соққыдағыдай салмақ оң аяқтан сол аяққа ауысады. Мұнда қол кең сермелмейді. Бар болғаны жарты доға ғана жасап, сонан кейін нысанаға дәл көзделеді. Дене алға қарай кілт бұрылады. Соққы нысанаға тиген сәтте сол аяқтың ұшы еденге тіреледі. Мұның бәрін соққының күшін едәуір арттырады.

12-сурет. Сол қолмен жасалған төте соққыдан қорғану

Осындай соққылардан қорғануға дұрыс көңіл бөлмейтін спортшылар көп ретте аса қиын жағдайда қалады.

Оң қол әдеттегідей қорғанысқа пайдаланылады. Сол қолмен жасалған соққы кезінде қарсыластың денесі қорғаныссыз қалуы мүмкін. Оң қол мұндай жағдайда шабуылды жалғастыруға дайын болуы керек. Сол қолмен басқа қапталдан соққы жасаудан қорғанудың төрт нұсқасы сурет арқылы берілді (13-14 сурет).



13-cурет. Сол қолмен жасалған төте соққыға қарсы соққы жасау


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет