Қолданылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 2002ж.
А. Е. Тарас. (под. общ. ред.) Боевые и спортивные единоборства. Справочник. –Минск: Харвест, – 2002. 565 с.
Рудман Д. Самбо.Техника борьбы в стойке. Защита Москва, 1984г.
Рудман Д. Самбо. Техника борьбы лежа. Защита Москва, 1983г.
Ю.А. Шулика. По системе СПЕЦНАЗА. Боевое самбо и прикладные единоборства. Ростов – на Дону «Феникс» 2004г.
М.Н Шепетюк. Обучение в спортивнсй борьбе. Алматы. КазГАСТ – 2003г.
№ 24 тақырып Аяқпен жасалатын соққыларды үйрету әдістемесі
Қол сайыста аяқпен жасалатын соққылардың маңызы ерекше. Өйткені, аяқпен жасалатын соққының күші қолмен жасалған соқыдан қарағанды қуаттырақ болады. Аяқпен жасалатын соққыларды тіке тебу, айналып тебу, қапталдан тебу деп үш топқа бөліп қарастыруға болады. Аяқпен жасалатын соққылар аяқтың ұшымен , жанымен және қырымен жасалады.
Қолданылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 2002ж.
А. Е. Тарас. (под. общ. ред.) Боевые и спортивные единоборства. Справочник. –Минск: Харвест, – 2002. 565 с.
Рудман Д. Самбо.Техника борьбы в стойке. Защита Москва, 1984г.
Рудман Д. Самбо. Техника борьбы лежа. Защита Москва, 1983г.
Ю.А. Шулика. По системе СПЕЦНАЗА. Боевое самбо и прикладные единоборства. Ростов – на Дону «Феникс» 2004г.
М.Н Шепетюк. Обучение в спортивнсй борьбе. Алматы. КазГАСТ – 2003г.
№ 25 тақырып Аяқтың ұшымен жасалатын соққы.
Қарсыластар бетпе-бет келген жағдайда орта және жақын арақашықтықта жасалынады. Аяқтың ұшымен тізе буына (тобыққа), куыққа жасауға болады. Адамның тізе және қуықтары өте нәзік келетіндіктен, бұған жасалған соққылардың зардабы зор болмақ. Сол себепті қол сайыста қуықты қорғайтын арнай құрал киіп алады. Ал тізеге тізе қап киіп алған жөн. Бұлар өз кезегінде соққылардың күшін сәлде болса азайтып, жарақат алудың алдын алады.
Қорғану: аяқтың ұшымен жасалған соққыларға тосқауыл қою үшін мүмкін болғанша артқа бір қадам шегініп, қос қолдың алақан тұсымен жіліншіктің үстінен тосқауыл жасау керек. Одан әрі мүмкін болса аяқты ұстап қалыпаяқтың ұшын айналдыру арқылы артқа шегініс жасап, ұстап тұрған аяқты созып өзіңе ыңғайлы аяқпен қылтаға айырту әдісін жасауға болады [28].
Қолданылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 2002ж.
А. Е. Тарас. (под. общ. ред.) Боевые и спортивные единоборства. Справочник. –Минск: Харвест, – 2002. 565 с.
Рудман Д. Самбо.Техника борьбы в стойке. Защита Москва, 1984г.
Рудман Д. Самбо. Техника борьбы лежа. Защита Москва, 1983г.
Ю.А. Шулика. По системе СПЕЦНАЗА. Боевое самбо и прикладные единоборства. Ростов – на Дону «Феникс» 2004г.
М.Н Шепетюк. Обучение в спортивнсй борьбе. Алматы. КазГАСТ – 2003г.
№ 26 тақырып Аяқпен қапталдан жасалатын соққылар
Аяқпен қапталдан жасалатын соққылар аяқтың үстімен жасалынады. Аяқпен қапталдан жасалатын соққылар: қылтаға, бүйірге, иыққа және басқа бағытталады.
Аяқпен қапталдан жасалатын соққыны оң және сол аяқпен де жасай беруге болады. Қол сайыста көп жағдайда аяқпен қапталдан жасалатын соққыларды қолданады (19-сурет).
1 2 3
19-сурет. Аяқпен қапталдан жасалатын соққылар:
Себебі бұл соққылар шабуылдаушыға өте тиімді болып келеді. Өйткені, шабуылдаушы қарсыласының алға қойған аяғын сырт жағынан қылта тұсынан тебетін болса, соққының күшіне байланысты ол отырып қалуы мүмкін, сонымен қатар қорғанушыдан қарсы қауіптің туындауы өте төмен (20-сурет).
Аяқпен қапталдан бүйірге жасалатын соққылар өте жылдамдықты қажет етеді.
20-сурет. Аяқпен қапталдан жасалатын соққылар
Өйткені шабуылдаушының аяғын көп жағдайда қарсыласы ұстап қалады. Бұл қарсыластың қарсы шабуылға шығуына мүмкіндік береді.
Төменде оң және сол аяқпен қапталдан жасалған соққының түрлері келтірілген оған қарсы тосқауыл қою арқылы қарсы әдіс жасау жолдары бейнеленген (21-сурет).
Аяқпен қапталдан басқа жасалатын соқылар: мұнда шабуылдаушы орта арақашықтықтан қарсыласының жағына аяқтын үстімен соққы жасауды көздейді. Бұл соққының саті шығуы шабуылдаушының қаншалықты шатының ашылатындығына байланысты. Өйткені, шабуылдаушы мұндай соққы жасау үшін өзі тепе теңдікті жақсы сақтай алатын деңгейге жетуі керек. Мұндағы қолдың ұстауы өзіндік ерекшеліктері бар (22-сурет).
Аяқпен басқа қапталдан соққы жасау кезінде қолмен қарсыластан болатын қарсы соққыға дайын болу үшін басты әрі денені жақсы қорғау керек. Қарсылас аяқты ұстап қалмас үшін мұнда да шабуылдаушының соққы жасауға шеберлігімен қатар жылдамдығы көп рол атқарады. қарсылас көп жағдайда қолмен аяққа тосқауыл қоюмен қатар аяқты ұстап қалуға тырысады. Ұстап үлгерсе онда өзінің қарсы шабуылға шығуына толық мүмкінтік туарын ол жақсы сезінеді (23-сурет) [29].
Достарыңызбен бөлісу: |