Қолданылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 2002ж.
А. Е. Тарас. (под. общ. ред.) Боевые и спортивные единоборства. Справочник. –Минск: Харвест, – 2002. 565 с.
Рудман Д. Самбо.Техника борьбы в стойке. Защита Москва, 1984г.
Рудман Д. Самбо. Техника борьбы лежа. Защита Москва, 1983г.
Ю.А. Шулика. По системе СПЕЦНАЗА. Боевое самбо и прикладные единоборства. Ростов – на Дону «Феникс» 2004г.
М.Н Шепетюк. Обучение в спортивнсй борьбе. Алматы. КазГАСТ – 2003г.
№ 29 тақырып Таяқпен жасалатын соққыдан қорғану
Таяқпен жасалатын соққы қол сайыс өнерінің ішінде шығыс жекпе жектері тобында кеңінен қолданылады. Бүгінде әлемге кең тараған түрін «Гендо» деп аталатын жапондық стиль.
Бүгінде осының негізінде полицейлердің қолдарына ұстап жүретін резина тақтары пайда болған деуге болады.
Таяқпен соққыны қарсыластың кез келген жеріне жасауға, оң сол демей шабуылдауға болатындығы одан қорғанудың өте күрделі қозғалыстарды талап ететіндігін ұғынуға болады. Таяқпен шабуыл жасаған кезде таяқтың ұшымен жасалатын соққы, оның қолмен ұстап тұрған жерінен жасалған соққыдан қарағанда қатты тиеді. Сол себепті таяқпен соққы жасаған жағдайда қарсыластар оның ұшынан жалтаруды мақсат қоюлары керек.
Қорғану: шабуылдаушы таяқпен соққыны басқа немесе денеге жасауға бағыттайтын болса, шегініп кетуге немесе шабуылдаушының өзіне қарай аттап таяқты қолымен ұстап тұрған жеріне қолмен тосқауыл қою жөн.
Өйткені, бұл тұстан соққының күші әлсіз болып келеді. Әрі қарсы шабуыл жасауға тиімді жағдай туады. Көп жағдайда таяқпен жасалатын соққыларда қорғанудың басты мақсаты шабуылдаушының қолындағы таяқты тартып алу яғни қарусыздандыру болып келеді [31].
Пышақ арқылы жасалатын соққы және одан қорғану: қол сайыста қарумен жасалатын шабуылдардың ішіндегі көп қолданылатын түрі пышақпен жасалатын шабуылдар. Қол сайыста пышақты шабуылдаушының үстау ерекшелігіне қарай екі түрге бөліп қарасырамыз. Біріншісі пышақты алға қаратып ұстау, екіншісі пышақты өзіне қарай білегінің астына жасырып ұстау.
Пышақпен жасалатын соққының көп кездесетіні пышақты алға қаратып ұстап жасалатын шабуылдар. Мұндай жағдайда шабуылдаушы өзіне деген сенімділігі жоғары болады. Пышақты екі жаққа шайқап немесе тіке ішке қарай іреп шабуылдайды. Сонымен қатар қолдың сырт жағына қаратып пышақты ұстап жоғардан төмен қарай соққылар жасайды. Пышақ суық қарулар санатына жататындықтан одан қорғануда өте сақтықты талап етеді. Алдымен пышақтан қорғанып үйрену үшін резина және ағаштан жасалған пышақ макеттерін пайдаланған тиімді. Қорғану жаттығуларын көп қайталаудың арқасында спортшылар бойында өзіне деген сенімділік пайда болып, қандай бір жағдайда өзін пышақпен жасалатын соққылардан жалтарумен қорғану үшін тиімді шешімдер қабылдай алуларына мүмкіндіктер туады [10,142].
Пышақпен жасалатын соққылардан қорғану үшін шабуылдаушының қолының басынан тосқауыл қоюға машықтану керек пайдаланған тиімді. Қорғану жаттығуларын көп қайталаудың арқасында спортшылар бойында өзіне деген сенімділік пайда болып, қандай бір жағдайда өзін пышақпен жасалатын соққылардан жалтарумен қорғану үшін тиімді шешімдер қабылдай алуларына мүмкіндіктер туады [10,142].
Пышақпен жасалатын соққылардан қорғану үшін шабуылдаушының қолының басынан тосқауыл қоюға машықтану керек (25-29-суреттерден көріңіздер).
Достарыңызбен бөлісу: |