Пәннің оқу – әдістемелік кешені


Қолданылатын әдебиеттер тізімі



бет8/23
Дата21.04.2017
өлшемі4,32 Mb.
#14299
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

  1. А.А. Харлампиев. Борьба Самбо. -М.: ФИС,- 1957. 460 с.

  2. Ж. Бөжиг. Самбо және қол сайысты үйрету негіздері. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы, -2007.-160 б.

  3. Е. Алимханов. Самбо күресін үйрету негіздері. –Алматы: ҚазМСТА, 1999.-50 б.

  4. Есмағамбетов З.Е. Дене тәрбиесін өткізу және басқару. - Қарағанды: Арко, 2004.-325 б.

  5. Қуанышов Т. Ш. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі.- Алматы: Санат, -2002.- 290 б.



10 тақырып Жамбастан тастау

Бұл әдіс күрестің байырғы әдістерінің бірі. Шабуыл жасаушы палуан қарсыласының жеңіне не білегінен ұсап, екінші қолымен белдіктен немесе арқасынан ұстап өзіне қарай жұлқи тартады да, тепе-теңдіктен айырады. Сөйтіп оңтайлы келген жаққа бірден бұрылып жамбасын ішке кіргізе қарсыласын кілемге құлатады.

Жіберілетін қателер: Қарсыласын тепе-теңдіктен шығара алмауы. Жамбасты ішке сүңгітте енгізе білмеуі. Тізесінің буынын жаза білмеуі.

Қорғану: Қарсыласына бұрылуға мүмкіндік бермеу.

Қарсы әдіс: Белдіктен ұстап кеудеден асыра лақтыру. Аяқты сырттан шалу. Қарсы жамбас әдісін жасау.



Жамбас арқылы бөктеріп тастау Бұл әдіс самбо күресіндегі классикалық әдістің тек көп қолданылатын түрі, сонымен бірге шапшаң дұрыс жасалса таза жеңіс немесе жоғары әдіс - айлалық ұпай алуға болатындықтан самбошылар арасында өте көп қолданылады.

Бұл әдісті жасамас бұрын жасанды қозғалыстарды үйірету шартты. Сол үшін палуанның арқасын, шаттын, қолтығын созу \ иілгіштік\ қасиетін жетілдіріп тепе–теңдігін сақтай білуге үйрету жөн. Шабуылдаушы қарсыластың оң \сол\ қолымен қолтықтан немесе жағадан, арқа тұсынан ұстап, сол \оң\ қолымен білек тұсынан ұстап, оң \сол\ аяғын ішке қадам жасап, жамбаспен кіру арқылы қолдың көмегімен жұлқа тартып, сол \оң\ аяқпен қарсыласты бөктеру керек.



Жіберілетін қателер: Жамбасты дұрыс қоя білмеу, аяқ пен қолдың қозғалысын үйлестіре білмеу.

Қорғаныс: Ұстасты бұзу, әдіс жасауға ынғайлы мүмкіндік бермеу, мықынды алыс қою.

Қарсы әдіс: Белден құшақтап кеудеден асыра лақтыру. Аяқтың өкшесінен қағу т.б. Жалпы қарсы әдіс қолданылуды сол мезеттегі шабуылдаушының жағдайына байланысты мүмкіндікті пайдаланып әдіс жасаған абзал.

а). Жеңнен және жағаның арқа тұсынан алып жамбас арқылы бөктеріп тастау әдісі.



ә). Жеңнен және басын қолтыққа қыса жамбастан бөктеріп тастау әдісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет