Пәннің оқу – әдістемелік кешені



бет18/23
Дата21.04.2017
өлшемі4,32 Mb.
#14299
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


14- сурет. Сол қолмен денені қапталдан соғу.

Мұның өткен соққыдан айырмашылығы шамалы. Мұнда дене алға қарай көбірек еңкейеді, аяқ көбірек бүгіледі, соққы беретін қолдың бағыты өзгереді.

Бұл соққының атқаратын міндеті көп. Онымен шабуылды бастауға болады немесе қарсы шабуыл кезінде қорғаныспен тығыз байланыстыра қарсы және жауап соққы ретінде қолданылады және сол қолмен басты қапталдан соғу үшін, қарсыластың қорғанысын бұзу үшін пайдаланылады. Қарсыласты алдау үшін алыс арақашықтықтан осындай соққылар жасалады.



Оң қолмен басты қапталдан соғу және одан қорғану.

Шабуыл бұл соққымен өте сирек басталады. Ол көбінесе сол қолмен жасалған соққыдан кейін, қарсыластың қорғанысы әлсіреген кезде қолданылады [26].



Спортшының бастапқы қалпында оның иегі жабық болады. Қорғаулы иекті нысанаға алу өте қиын. Сондықтан сол қолмен қарсыластың денесіне алдамшы соққылар жасалады. Үздіксіз жасалатын мұндай соққылар қарсыластың қорғанысын негізінен денеге ауыстырады. Сол кезде оң қолмен нысананы көздейді. Сол қолмен жасалған шабуылда төте немесе қаптал соққылар пайдаланылуы да мүмкін. Шабуылда әсіресе қысқа соққылар пайдаланылады. Ол үшін шабуылдаушы сол аяғымен ілгері қарай тез бір қадам аттайды. Қозғалыстың жылдамдығы оң аяқтың серпу күшіне, дененің оңнан солға қарай бұрылуына байланысты. Осы кезде денеге жабысып тұрған оң қол доға жасап төменнен жоғары қарай жұмсалады. Сол қолдың жұдырығы басты, ал шынтақ ішті қорғауы керек. Бұл шабуылдаушыны қарсыластың қарсы шабуылынан қорғайды (15-сурет).

Оң қолмен қапталдан басқа соққы бергенде ұзын соққыларды пайдалану өте қиын. Себебі шабуылдаушының оң қолы қарсыласынан алыста болады. Оны сермеген кезде бәсекелес қорғанып үлгереді. Сондықтан бұл соққыға егжей-тегжейлі дайындалу қажет.

15-сурет. Аралас соққыдан қорғану

Соққы бастан соғуға рұқсат етілмейтін желке жағынан тимеу үшін, соққы берген кезде дене солға қарай диагональ арқылы қозғалады. Оң қолды оңға қарай біраз шығарып сонан кейін шынтақ тұсында жазық бұрыш жасап тұрған қолды нысанаға оңнан солға қарай доға жасап сілтейді. Саусағы ішке қарай бүгілген жұдырық сонда ғана нысанаға дәл тиеді [27].

Оң қолмен қапталдан басқа жасалатын қарсы соққы әр уақытта қорғаныспен тығыз байланысты. Егер қарсылас шабуыл жасап өте жақын келсе, онда шабуылдаушы соққы жасау үшін әуелі дене салмағын артта тұрған оң аяққа ауыстырады. Осы кезде қысқа жасайтын арақашықтық пайда болады. Мұндай жағдайда кеуде оңнан солға қарай бұрылады. Сол аяқтың ұшы ғана еденге тиіп тұрады (16-сурет).



16- сурет. Аралас соққыға қарсы әдіс жасау



Оң қолмен денені қапталдан соғу. Бұл шабуыл кезінде жасалатын соққыға жатпайды. Әсіресе, оңқай спортшының орындалуына өте ыңғайсыз соққы. Орта және алыс арақашықтықтардан жасалатын соққылар көбінесе қарсыластың шынтағына тиюі мүмкін. Қатты сүиекке тигенде соққы берген қолдың саусақтары жарақаттанады. Егер оңқай спортшының қарсыласы солақай болса ғана мұндай алыс және орта арақашықтықтан жасалатын соққылар қауіпсіздеу болады.

Қапталдан денеге жасалатын қысқа соққылар көбірек пайдаланылады. Бұл арада қарсыластың оңқай немесе солақай екені бәрі бір. Ол тек бетпе-бет келуі керек. Немесе шабуыл жасамақ ниетпен ұмтылғанда, спортшыға оң жақ қырымен келуі тиіс. Оң қолы нысанаға дарымаған қарсылас бір сәт қорғаусыз қалады. Осы сәтті мүлтіксіз пайдаланған дұрыс.



Осындай қысқа соққы жасаған кезде қарсы соққыға душар болудан қашу керек. Ол үшін алда тұрған сол аяқ ілгері, бірақ сәл солға қарай жылжытылады. Сонан кейін дененің бар салмағы осы аяққа ауысады. Кеуденің солға қарай бұрылуы соққыға жылдамдық және күш береді. Жұдырық нысанаға тиген сәтте, жұдырықтың саусақ жағы боксшының өзіне қарай бұрылуы керек. Бұл да соққыны біршама қатайтады (17-сурет).

Мұндай соққыдан кейін іле-шала қорғанысқа көшкен абзал.



17-сурет. Сол шынтақпен сыртқа қарай соққы жасау және одан қорғану


Қол сайыста жұдырықпен ғана соққылар жасамайды. Мұнда шынтақпен де күрделі соққылау жасауға болады. Шынтақпен жасалатын соққылардың өзіне тән ерекшелігі орта және жақын арақашықтан жасалынады. Шынтақпен жасалатын соққылар жұдырықпен жасалатын соққы түрлеріне қарағанда басқа яғни ашық бетке бағытталады. Ол тиген жерін көп жағдайда жарақаттап кетеді. Мысалы қабаққа тиетін болса, ол жарылып кетеді. Сондықтан мұндай соққыға әр дайым дұрыс тосқауыл қоюға машықтану керек (18-сурет).

Құшақтасып ұстаса кеткен мезетте шынтақпен иекке жасалған соққы.

18-сурет. Оң жақ шынтақпен сыртқа қарай соққы жасау

Шабуылдаушы шынтақпен жасалған соққы кезінде әр дайым қолының сырттына қарай атап, қолының сырт жағынан тосқауыл қою арқылы қолын басына қапсыра қысып шалқайта тартып, сырттан шалу әдісін жасау тиімді болмақ. Егер шынтақпен иек тұсына соққы жасау өте ауыр соққылардың қатарына жатқызылады. Өйткені, ол иекті сындыруы не болмаса бөбежікті ішке кіргізіп жіберуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет