Пәннің оқу бағдарламасы – SҮllaвus



бет10/58
Дата15.12.2021
өлшемі486 Kb.
#101557
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58
Байланысты:
teoriya i tehnologiya razvitiya rechi (2)

Жанама әдістер бейнелік құралдарды қолдануға негізделген. Бұл ойыншықтарды, картиналарды, фотосуреттерді қарау, ойыншық және картинаны суреттеу, әңгімелеу жатады. Ол білімді, сөздік қорды бекіту үшін, байланыстырып сөйлеуге оқытуға, сөздің жалпы функциясын дамытуға көмектеседі. Бұл әдіс сонымен қатар тікелей танысуға келмейтін құбылыстар мен объектілермен танысу үшін де қолданылады. Сөздік әдістер – бұл көркем шығармаларды әңгімелеу, оқу, жаттау, мазмұндау, көрнекілік материалға сүйенбей әңгімелеу. Барлық сөздік әдісте көрнекілік тәсілдер қолданылады: заттарды, ойыншықтарды, картиналарды көрсету, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты иллюстрацияларды қарау. Практикалық әдістер – сөйлеу дағдылары мен іскерліктерін қолдануға бағытталған. Бұған әр түрлі дидактикалық ойындар, драматизациялық ойындар, көріністер, дидактикалық жаттығулар, хороводтық ойындар жатады. Олар барлық сөйлеу міндеттерін шешу үшін қолданылады.Балалардың сөйлеу қызметінің сипатына байланысты репродуктивтік және продуктивтік әдістерді бөлуге болады. Репродуктивтік әдістер – дайын үлгілерді, сөйлеу материалын қайталауға, қайта өңдеуге негізделген. Балабақшада олар сөздік жұмыста, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу бойынша жұмыстарда қолданылады. Репродуктивтік әдіске көрнекілік әдісін және оның түрлерін, суреттерді қарауды, көркем шығармаларды оқу, мазмұндау, жаттау, әдеби шығармалар мазмұны бойынша драматизациялық, дидактикалық ойындарды яғни балалар сөзді, оларды байланыстыру заңдарын, кейбір грамматикалық құбылыстарды игеретін барлық әдістерді жатқызуға болады. Продуктивтік әдістер – балалардың өздерінің байланыстырып сөйлеуіне негізделген. Осыдан сөйлеу қызметінің шығармашылық сипатын аңғаруға болады, яғни бұл әдіс байланыстырып сөйлеуде қолданылады. Оған әңгімелесуді, мазмұндауды, байланыстырып сөйлеуді дамытуға арналған дидактикалық ойындарды, шығармашылық тапсырмаларды, модельдеу әдісін жатқызуға болады.Тіл дамытудың әдістемелік тәсілдері дәстүрлі түрде үш негізгі топқа бөлінеді: сөздік, көрнекілік, ойындық.Сөздік тәсілге - сөйлеу үлгісі, қайталап айту, түсіндіру, нұсқау беру, балалар сөйлеуін бағалау және сұрақ жатады. Сөйлеу үлгісі – балалар еліктеу үшін, алдын-ала дұрыс ойластырылған педагогтың сөйлеу әрекеті. Үлгі мазмұны және формасы бойынша түсінікті болу керек. Оны нық, қатты және асықпай айту керек. Үлгі еліктеу үшін берілетін болғандықтан ол балалардың сөйлеу әрекетіне дейін ұсынылады. Бірақ кейде ересек топтарда үлгіні балалардың сөйлеуінен кейін қолдануға болады, бірақ бұл кезде ол еліктеу үшін емес, салыстыру және түзету үшін қызмет етеді. Қайталап айту – есте сақтау мақсатымен бір сөз элементін бірнеше рет қайталау. Практикада қайталаудың көптеген нұсқалары қолданылады: педагогтың артынан, басқа балалардан кейін, тәрбиеші мен балалардың бірігіп қайталауы, хормен.Түсіндіру – кейбір құбылыстар мен әрекет амалдарының мәнін ашу. Дидактикалық ойындардағы әрекеттерді және ережелерді түсініру үшін, сөздің мәнін ашу үшін сонымен қатар затты зерттеу және бақылау процесінде кең түрде қолданады. Нұсқау беру – арнайы нәтижеге жету үшін балаларға әрекет амалдарын түсіндіру. Оқытуға, ұйымдастыруға және тәртіпке арналған нұсқау беру түрлері бар.Балалар сөйлеуін бағалау – сөйлеу әрекетінің сапалы орындалуын сипаттайтын баланың сөйлеуін талқылау. Баға қалыптастыру сипатында ғана емес, оқыту сипатында болу керек. Бағалауда сөйлеудің барлық жағымды жақтары ескеріледі, ал кейбір қателіктер үлгі және басқа да әдістемелік амалдардың көмегімен түзетіледі. Сұрақ – жауапты талап етеді. Сұрақтар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі репродуктивті - кім? не? қандай? қайда? қалай? және құбылыстар арасында байланыстар мен қарым-қатынастар орнатуды талап ететін ізденушілік - неге? қалай ұқсайды? Болады. Қосымша сұрақтар – жетекші және сыбырлап айту сипатында болады. Педагог сұрақтарды әдістемелік дұрыс қоюды игеруі керек. Олар негізгі ойды білдіретін, мақсатқа бағытталған, нақты болу керек.Көрнекілік тәсілдер – дыбыстарды дұрыс айтуға оқыту барысында артикуляциялық органдардың жағдайын, иллюстртивтік материалды көрсету. Ойындық тәсілдер – сөздік және көрнекілік болады. Олар балада әрекетке деген қызығушылығын оятады, оқыту процесінде жағымды эмоционалды фон құрады, балалардың сөздік белсенділігін және сабақтың нәтижелілігін жоғарлатады. Сонымен, қорытындылай келе аталған әдістер мен тәсілдер нақты педагогикалық процесте бірдей қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет