Пәннің оқу бағдарламасы – SҮllaвus


Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 8,12,16,22,23,25 31



бет7/58
Дата15.12.2021
өлшемі486 Kb.
#101557
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58
Байланысты:
teoriya i tehnologiya razvitiya rechi (2)

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 8,12,16,22,23,25 31.

Қосымша әдебиеттер: 8, 11, 12.
Дәріс тақырыбы №2. Балабақшадағы балалар тілін дамыту әдістемесінің мазмұны, міндеттері мен әдіс-тәсілдері.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ауызекі сөйлеуін қалыптастыруда 7 түрлі міндет қойылады.

1. Сөздік қорын дамыту.

Мектепке дейінгі кезеңде балалар негізгі сөздерді айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста қоршаған ортаға байланысты. Әсіресе қоршаған орта.

2. Грамматикалық дағдыларын қалыптастыру.

Сөздік қор – тілдің құрылымдық материалы болып табылады. Грамматика – сөйлемдегі сөздердің өзгеруін қалыптастырады. Сонымен бірге, тілдің сындарлы үлгісін анықтайды.

Бала айналадағы адамдардан грамматикалық дұрыс құрылған сөйлемдерді естілді, осы арқылы ол тілдегі сөздердің үлгісін менгереді. Тәрбиеші баланың өмірден алған сөйлеу қабілетін, оқыту арқылы адам әрі жаттықтырады. Сонымен бірге, балаларға жаңа сөздер үйретеді, грамматикалық дұрыс байланыстқан сөйлемдер құрып сөйлеуге тәрбиелейді.

3. Тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу.

Бала дыбыстарды дұрыс дыбыстауы керек. Сөйлем сөздегі дыбыстардың дұрыстығымен жұмыс жасауда, тәрбиеші фонетика мен орфоэпияның заңдылықтарына сүйенеді.

Бала озінің ана тілінде сөйлеп, сөйлемдердегі екпінді айыра білуге тиіс. Баланы бір-бірімен сөйлескенде, әдепті, тәртіпті бояуға үйретудің маңызы зор. Оған: амандасу, сөйлесіп тұрған адамына жылы қабақпен қарау назар аудару көпшілік жерде өзін-өзі ұстау білу жатады. Баланы мәнерлер сөйлеуге үйрету керек.

4. Диалог түрінде, әңгемелесу дағдысын қалыптастыру.

Бұған баланың тыңдау қабілеті мен түсінуі, әңгімеге араласуы, сұраққа жауап беруі мен сұрақ қоя білуі жатады. Бұдан, баланың қаншалықты грамматикалық сөздерді дұрыс сөйлегені, сөздік қорының молайғанын білүге болады. Әңгімелесу кезінде, бала өзін-өзі мәдениетті түрде ұстай білу керек.

5. Әңгімелеп сөйлеуге үйрету – монолог түрінде.

Баланың өзінің көрген-білгенін әңгімелеп беруі – мектепке барғанында өте қажет. Мектепте осы қабілеті одан әрі қалай бекиді. Баланың әңгімесінен біз сөйлем немесе сөз құрап сөйлей алуын, сөзінің мазмұнын сөздік қорын қаншалықты меңгергенен анықтаймыз. Балаларды ауызша әңгімелерді таңдай білуге, оны сосын қайталап айтып беруге үйретеміз.

Сонымен қатар, әңгіме құрап айтуға, шығармашылық белсенділігін қалыптастырамыз. Баланың бұл белсенділігі – бала бақшадағы мейрамдарда, үлкендердің алдына шығып тақпақ айтуға немесе басқа топтың алдына шығып сөйлеуіне деген қабілетін арттырады.

6. Көркем әдебиетпен таныстыру.

Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда балалар әдебиетіндегі ең үздік шығармалар оқылып, топтастырылады.

Тәрбиеші балаларды көркем шығарманы тыңдауға түсінуге, шығармадағы кейіпкерлерді суреттеп айтуға үйретеді. Балалар жатталатын тақпақтың мазмұнын ұғып, оны мәнерлеп айта білу керек. Олардың оқуға деген қызығушылықтарын, кітаптың ішіндегі түрлі – түсті суреттерді қарап шығуын, кітаппен жұмысты ұқыпты да дұрыс қолдануларын қадағалау маңызды болып табылады.

7. Балаларды сауат ашуға дайындау. Балабақшадағы тіл дамыту жұмысы – баланы мектепке әзірлейді, бала ауызекі жақсы сөйлеуі тиіс, басқа адамды тыңдай білуі қажет. Мектепке жақсы әзірлікпен келген балада мынадай қасиеттер болуы керек:

1) Мұғалім педагогтың айтқанын тыңдау.

2) Өзінің ойын, пікірін грамматикалық түрде дұрыс сөйлеммен жеткізу, оны дұрыс сөйлеу. Бұл қасиеттер мектеп алды даярлық тобында немесе ересектер тобында қалыптасады. Бұл кезде балалар 2 - 4 сөздерден сөйлем құрап, сөйлей алады. Осы 7 міндет балалардың тілін дамытуда зор роль атқарады. Әрбір міндетте – оқыту мен тәрбиелік жағы жатыр, ақыл – ой тәрбиесі дамиды деп те айта аламыз.

2. Балабақшадағы тіл дамыту бағдарламасы. Тіл дамыту бағдарламасы – балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты кезеңдерінде қоршаған орта туралы білімдерін, сөйлеу мәнерін қалыптастырып жеке бас қасиеттерін қарайды. Мысалы: диалог түрде сөйлеу дағдысын қалыптастыруда мынадай қасиет тәрбиеленуі керек: көпшілдік, жылы қабақ, әдептілік. Бұл, тіл дамыту бағдарламасы – балабақшадағы оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаның негізінде құрылған.

Мазмұны бойынша – баланың шығармашылық және интеллектуалдық қасиетін қалыптастыру, дамыту болып табылады. Мұнда – тәрбиешінің рольі, іс - әрекеті. Тіл дамытуда қолданылатын дидактикалық принциптер, оқу материалының бір – бірімен тығыз байланыстылығы, нақты әрі түсінікті етіліп берілген.

Тіл дамыту бағдарламасының жоспары мен әдіс – тәсілдері.

1. Ана тілінде оқыту, белсенді тіл қызметін талап ету.

2. Бала мен үлкен арасындағы байланыс. Тіл дамыту қызметіне басшылық жасау.

3. Көркем әдеби шығармалармен танысу. Тіл дамыту қызметіне балалар әдебиетін қолдану.

4. Балалардың тілін дамытуда тәрбиешінің сөйлеу мәнері тиімді құрал болып табылады.

Сөйлеу мәнерін қарастыруда – оқыту басты әдіс болып табылады. Мектеп жасына дейінгі ұйымда – сабақ ең негізгі форма болып қолданылады.

Дидактикалық мақсаты бар мынадай сабақ түрлерін атап көрсетуге болады.

1. Жаңа материалдарды оқыту сабағы.

2. Білім, дағды, іскерліктерін бекіту.

3. Қорытындылау, тұжырымдау.

4. Білімдердің қорытындысын бақылау.

5. Аралас сабақ.

3. Педагогикалық ғылым ретінде әдістеменің психологиялық-педагогикалық зарттеу әдістері бар. Зерттеу әдістерін теориялық және эмпирикалық (практикалық) деп бөлуге болады.Теориялық әдістерге: зерттеу мәселесі бойынша теориялық әдебиеттерді талдау және оқу, эксперимент, әңгімелесу, бақылау барысында алынған материалды қорытындылау, талдау, модельдеу жатады.Эмпирикалық әдістерге: бақылау, әңгімелесу, рейтинг, тәрбиешілердің жұмыс тәжірибесін игеру, тәжірибелі-педагогикалық жұмыс, педагогикалық эксперимент жатады. Әрбір әдіске қысқаша тоқталар болсақ:

Сөйлеуді қалыптастыру мәселесі бойынша кез-келген зерттеуге психологиялық, психолингвистикалық, лингвистикалық, дидактикалық, әдістемелік жақын келу тән. Осыған байланысты тіл дамытудың әдістемелік, психологиялық, лингвистикалық негізі ашылатын әдебиеттер оқылады. Зерттеушіні қызықтыратын теориядағы сұрақтардың жағдайы, оқығандығының дәрежесі анықталатын педагогикалық әдебиеттерді талдау және оқудың маңызы зор (отандық, шетел, қазіргі және бұрыннан, ежелден қалған әдебиеттер).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет