Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 6, 7, 10, 11, 12.
Қосымша әдебиеттер: 9, 10, 16, 18..
Дәріс тақырыбы №5. Жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, нақыл сөздерді балабақшада пайдалану.
Сәбилердің бірінші, екінші тобына, естиярлар, ересектер тобындағы жүргізілетін тәрбие жұмысында ұнатылып қолданылатын шығарма түрлері. Осындай тіл ширату материалды кейде зат туралы ең алғаш түсінік береді, ал кейде баланың есіне сақтауын жаттықтырады, қиялын, ойын, сөз сөйлеуін дамытады. Тексті оқуға даярлағанда, оның интонациялық мәнін талдауға және жұмыстың техникалық жағын ұйымдастыруға көңіл бөліп қана қоймай, сонымен бірге і алынып отырған жанрдың ерекшілігін тәрбие білім беру жұмысында лайықты пайдасын да ескеріп, сөйлеу ситуациясын жасау керек болады. Айталық, жұмбақ баланың сөз мағынасын ұққанын тексеруге көмегін тигізсе, мақал алғаш көріп білгенін қорытынды жасауға үйретеді. Дәл осындай жағдайда жаңылтпашты, баланы дұрыс дыбыстау мақсатында пайдалану қажет, ал санамақ ұжымдық ойынның басталуына белгі ретінде не ойын үстінде пайдаланылады.
Жұмбақты шешу үшін баланың айналадағы қоршаған өмір жайлы белгілі түсінігі, бақылауы бір затты екінші бір затпен салыстыратындай, ұқсастығы мен айырымын байқайтындай түсінігі, тәжірбиесі болуы тиіс. Сондықтан тәрбиеші жұмбақты таңдағанда, оның бала түсінігіне сай келетінін ғана алады. Жұмбақты балалардың көз алдында өтіп жататын нақты құбылыстарды байқауға жаттықтыру үшін де пайдалануға болады. Тәрбиеші жүргізілетін сабағына байланысты жұмбақты баланың жас ерекшелігіне қарай олардың түсінігіне сай таңдап алып, өзі жатқа айтып, жетекші сұрақтарын жазып қойып, содан кейін балаға жұмбақтың шешуін тапқызып, оны түсіндіруін белгілеп алулары міндет.
Достарыңызбен бөлісу: |