ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 050730 «Құрылыс материалдары бұйымдары және құрылымдарының өндірісі» мамандығы үшін процестер мен аппараттар-2



бет68/72
Дата23.08.2017
өлшемі7,12 Mb.
#24989
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72

2 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАР


Әр лабораториялық сабақтың дайындалуын тақырыптың негізгі ережелерінің қайталауынан бастау қажет және бақылау сұрақтарына жауап беру керек.

Оқулықпен жұмыс істеу кезінде қарастырыл отырған тақырып бойынша есептерді шешу қажет. Есептерді өз бетімен шешу керек, себебі осы кезде алған теориялық білімдері жақсы меңгеріледі және бекітіледі.

Барлық талап етілген есептерді өз бетімен шығару, одан кейін оқулықтарда және оқу әдістемелік нұсқауларында шығарылып көрсетілген есептерге талдау жасау өте пайдалы

Типтік есептерді біз аудиториялық лабораториялық сабақтарда шешеміз. Үй тапсырмаларын орындау кезінде туындаған сұрақтарға студенттердің оқытушы қол астындағы өздік жұмысы (ОСӨЖ) кезінде жауап бере аламын.

Қарастырылатын материалдарды толық меңгеру үшін әр тақырып бойынша қысқаша конспект жасау керек, оған негізгі анықтамаларды, барлық формулаларды және олардың ішіндегі шамалардың физикалық мәнін талдау жасай отырып жазу керек.

Әр тақырыптар бойынша есептердің шешімдерін және барлық жазбаларды лабораториялық сабақтарға арналған жеке дәптерге жазу керек.

Өздеріңіздің өз бетімен дайындалған материалдарыңыз одан әрі емтихан алдындағы пәнді қайталау кезінде үлкен көмекші құрал болып табылады, сонымен қатар іс жүзінде анықтама ретінде пайдаланылуы мүмкін.


Тақырып 1: Шарлар көмегімен ұнтақтайтын диірмен.
Жұмыстың мақсаты

1. Шарлы диірменнің құрылысымен және жұмыс істеу принципімен танысу.

2. Електі талдау әдісі нәтижелері бойынша дисперсті құрамын және ұсақтау дәрежесін анықтау.

3. Ұсақтауға шығындалған энергия мөлшерін анықтау.


Сынаудың өткізу әдістемесі

Жұмыс кезінде 500 г-ға тең материалды өлшеп ұнтақтау құралына береді. Мысалы, материал ретінде кірпіш алуға болады және оны диірменнен өткіземіз. Осы диірменде ұсақталған материалды жинайды және үлкен бақылау елеуішіне себеді. Елеуіштер тесік өлшемі бойынша былай орналастырылады: тесігі үлкен жоғарыда, содан кейін тесігі кішкентай елеуіштің астынан түбі келеді. Елеу 5 10 минут жүргізілуі керек. Елеу аяқталғаннан кейін, әр елеуіштің түбінде қалған қалдықты жеке-жеке өлшеп алады. Өлшегеннен кейінгі нәтижелерді кестеге түсіреді. Кестедегі мәндерге байланысты ұнтақталу сипаттамасының графигін салады. Содан кейін түйіршіктердің орташа өлшемдерін /5/ теңдеумен анықтайды. Шарлы диірменнің майдалау дәрежесі мына тұжырым арқылы анықталады :

і = d'орт/d"орт .
Тексеру сұрақтары
1. Шарлы диірменнің құрылысың және жұмыс істеу принципін түсіндіріп берініз.

2. Ұсақтағыштардың жұмысын қандай көрсеткіш сипаттайды?

3. Елек талдау әдісі қалай жүргізіледі?

4. Ұсақтауға шығындалатын энергия мөлшер қалай анықталады?


Тақырып 2: Қалақшалы араластырғышты сынау.

Жұмыстың мақсаты

1. Араластырғыштың әртүрлі айналу жиілігінде тұтынатын қуатты анықтау.

2. Жұмысшы мүшенің айналу санына тәуелді тұтынатын энергияның мөлшерің талдауын жүргізу.

Сынаудың өткізу әдістемесі

Сынақ алдында қондырғының және сұйықтың негізгі параметрлермен танысу керек: ыдыстың диаметрі D, сұйық қабатының биіктігі Н, сұйықтың тығыздығы , сұйықтың температурасы t, тұтқырлықтың динамикалық коэффициенті , қалақшалардың айналу шенберінің диаметрі d, қалақшаның ені b, қалақшалардың саны x.

Қалақшалы араластырғыштың сынағы бықылау-өлшеу аппаратураның (тахогенераторді және өзі жазатың ваттметрді) тексеруінен басталады. Содан кейін араластырғыштың бос күйіндегі, жұмысшы мүшенің белгілі айналу жиілігінде, тұтынатың қуатың анықтайды. Араластырғыштың әртүрлі айналу жиілігінде бес сынақ өткізу керек.

Сынақ нәтижелерің өндеу


Араластыру процесі үшін есептеу критериалдық тәуелділігі (7) теңдеумен анықталады. Euм және Reм мәндерің келесі формулалар бойынша анықтайды
; (8)
мұндағы :  - араластыратын сұйықтың тығыздығы, кг/м3;

d - араластырғыштың диаметрі, м

 - тұтқырлықтың динамикалық коэффициенті, Па·с

Есептелінген EuM және RеM арқылы lgRеM және lgЕuM тәуелділік графигі салынады және содан (7) теңдеудегі тұрақты А және m шамалары анықталады.


lgEuM= lgA + m·lg ReM (9)
m – дәреже көрсеткіші алынған түзуге көлбеу тангенс бұрышы ретінде анықталады (tg = ab/bc).

Тұрақты А түзудің ордината өсін, қиған кезіндегі пайда болған кесінді түрінде немесе (10) теңдеумен анықталады.


lgA = lgEuM - m·lgReM (10)
Осындай үш анықтау істеу керек және олардан коэффициенттердің орташа мәнің алады.

3-сурет. lgEuM = f (lgReM) тәуелділіктің графигі


Араластырғыш білігіндегі қуат
Nб=N1·э.қ.· бер, (11)
мұнда: N1- ваттметр бойынша анықталатың қуат;

э.қ.- электрқозғалтқыштың ПӘК-і;

бер.- берілістің ПӘК-і.
Тәжірибелерден және есептеулердең алынған мәліметтерді хаттамаға кіргізеді, содан кейін жұмысшы мүшенің айналу санына тәуелді тұтынатын энергияның мөлшерің талдауын жүргізеді.
Тексеруге арналған сұрақтар

1. Араластыру процесінің мағынасын түсіндіріңіз.

2. Аралыстырғыштардың түрлері қандай болады?

3. Сұйықтың механикалық араластыруына кететін қуат шығынын қандай физикалық шамалар анықтайды.

4. ReM және ЕuM модификацияланған критерилер не үшін қажет ?

5. Жалпы критерий теңдеуін қолдана отырып шығарылған есеп жолын түсіндіріп берініз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет