ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы үшін ОҚу- әдістемелік материалдар



бет21/30
Дата13.02.2017
өлшемі7 Mb.
#9211
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30

Дәрістің мақсаты: Киім бөлшектерін біріктіруге арналған жіптер мен олардың түрлерімен таныстыру;
1. Тігін жіптері

Бүйымдарды тігу технологиясында және киімдерді жөндеуде олардың бөлшектерін біріктіру үшін тігін жіптері қолданылады. Жіптердің сапасына және ассортиментіне ерекше көңіл бөлінеді. Киімді тігу және кию кезінде тігін жіптері физика-механикалық және физика-химиялық әсерлердің нәтижесінде қүрылымдық өзгерістерге үшырайды. Сондықтан, тігін жіптері технологиялық және түтыну та- лаптарына сәйкес болуы керек. Тігін жіптері созылуға беріктігі жоғары, белгілі бір үзару көрсеткіштің бірі және осы көрсеткіштері бойынша біркелкі болуы қажет. Киім бөлшектерін біріктіріп, машинамен тіккенде 2 - ширатпалы тігін жіптері қолданылады, жіптердің үзілуіне ширату бағыты көп әсер етеді. Тігін өндірісіндегі машиналардың бас білігі 3500 мин1 айналу жиілігімен жүмыс жасайтын болғандықтан және үйкеліс нәтижесінде инелер 300-400 0С дейін қызатындықтан, тігін жіптері жылуға төзімді болуы керек. Тігін жіптері киім бөлшектерінің берік біріктіруі, тігіс түрін жақсы көрсетуі, ылғал-жылумен өңдегенде өлшемдерін өзгертпейді. Талшық қүрамы бойынша тігін жіптері мақта, зығыр, жібек және химиялық жіптер болып шығарылады. Тігін жіптері киімнің жеке бөлшектерін біріктіруге арналған негізгі материал және әрлеуіш материал ретінде қолданылады. Мақтадан. зығырдан, жібектен синтетикалық және штапельді жіптер жасап шығарылады. Өндірістегі жалпы жіптердің көлемінің 80 % мақтадан жасалған жіптер. Зығыр жіптері арнайы тапсырыстарды орындауға және қалың брезентті сырып тігуге қолданылады. Синтетикалық тігін жіптері қазіргі уақытта кең қолданылып, жиынтығы кеңейіп, сапасы жақсара түсті. Жіптердің үйкелу, созылу, тарқатылу, оралу әсерінен тігімнің жасалу үдерісінде тігін жібінің қүрылымы, беріктігі жоғарылап, сапасы жақсартылды.



2. Мақтадан жасалған жіптер

Мақтадан жасалған тігін жіптері жоғары сапалы иірілген тарақтық жіптерден жасалынады, 2, 3, 4, 6, 9 және 12 қүрамдағы жіптер өндіріледі. Тігін өндірісінде көбінесе 3, 6 құрамдағы жіптер кеңінен қолданылады. Тігін жіптің дайындалу технологиялық үдерісі келесі қатардан тұрады: - біріктіру - негізгі иірімжіптің екі немесе үш жібінің біріктірілуі (тарақты немесе кардалы); - 8 және 2 бағытына ширату, қайнату, бояу (қара немесе басқа түске) немесе ағарту, әлсіз жылтырды беруге арналған күңгірт (жұқа қабыршақты парафинмен немесе балау- ызбен өңделеді) және күшті жылтыр беруге арналған жылтыр өңдеулер (крахмалды аппретпен қапталған) үдерістері жүргізіледі. Жіптің соңғы ширатпасы алдыңғы ширатпаға қарама-қарсы бағытталған болады, ол 9.1суретте көрсетілген. Тігін жіптерінің түрлері 9.2-суретте көрсетілген. Бұл жіптің құрылымы тұрақты және бүтін, 2, 3 құрамдағы (9.2 сурет, а) негізгі жіптің соңғы ширатпасымен алынған бір ширатпалы жіп, 2 немесе 3 құрамдағы (9.2 сурет,б) негізгі жіптің алдыңғы ширатпасынан алынған екі ширатпалы жіп, 2, 3 немесе 4 құрамдағы осы жіптердің соңғы ширапасынан алынған жіп болып бөлінеді, ол 9.2 суретте берілген.



Тігін бұйымдарының бөлшектерін жіппен уақытша біріктіру (көктелген, айналдыра көктелген және басқа үдерістер) үшін 15,4 х3 тек- стен 37^3 текске дейінгі сызықтық тығыздықта ширатылған мақтадан жасалған иірімжіп қолданылады. Дайын жіптер айқастырылған орама- мен иіршікте, екі фланцелі орамада жіберіледі. Тігін жіптері қабатына байланысты келесі саудалық нөмірлерді қолданады: 10, 20, 30, 40, 50, 60, 80, 100 және 120. Саудалық нөмір метрлік нөмірге сәйкес келмейді, бұл жіптің жуандығын сипаттайтын, шартты нөмір. Тігін жіптерінің нөмірі және инені таңдау тігілетін матаның қалыңдығы мен өңделуіне, атқарылатын жұмыстың сипатына байланысты болады.

Ширату - жіптердің жуандығын тегістеп, мықтылығын арттыру мақсатында оларды бұрау. Ширатылған жіптің беті тегіс болуы үшін оны ширату үдерісінің алдында ылғалдайды. Үш қабат жіп жасағанда жіптерді қабаттаған соң жіпті иіріміне қарсы бағытта ширатылады. Алты қабат жіп алу үшін жіптерді алдымен екі-екіден ширатады, содан кейін ширатылған үш жіпті алып, жіптің иіріміне қарсы бағытта ши- ратады. Жіпті иіру мен жіптердің ширатылуы қарама-қарсы бағытта болуы шарт. Тігін жіптерін өңдеуге қайнату, ағарту, бояу, аппреттеу және жыл- тырату операциялары қолданылады.

Қайнату-жіптерді қысыммен сілтілік ортада беттік активтік зат- тармен қайнату арқылы жіптердің бойындағы өсімдік қалдықтарынан және майлағыш заттардың қалдықтарынан арылту.

Ағарту-ақ немесе түсті жіптерді алу үшін бояу алдында жүргізіледі, жіптерді натрий гипохлоритімен ағартады. Тігін жіптерін тікелей бояғыштармен бояп, ДЦУ, ДЦМ препараттармен бояуын бекітеді, тағыда кубтық бояғыштар мен бояулары қолданылады. Тігін жіптері күңгірт немесе жұмсақ өңді жылтыр және арнайы тапсырыспен қатты өңделген жылтыр түрінде шығарылады. Күңгірт жіптердің жылтыры көмескі, себебі олар парафиннің жұқа қабаты немесе ептеп крахмал қосылған түссіз май жағылады. Жылтыр жіптер крахмал, негіздік заттар, балауыз, стеарин бар құраммен аппреттеледі, содан кейін тез айналатын шөткелі барабанда жылтырлатылады. Дөрекі өңделген жылтыр жіп алу үшін аппреттеліп, өңдеуде крахмал мөлшерін көбейту керек. Дайын жіптерді іріктейді, айқаспа ораммен иіршік алу үшін ораушқа, гильзаға түсіреді. Сауда жүйелеріне келіп түсетін ағаш орауыштарға түсірілген жіптердің ұзындығы 200 м, ал тігін өндірісіне түсетін иіршіктердегі жіптердің ұзындығы 400, 500, 1000, 2500 және 6000 м.

Тігін өнеркәсібінде пайдаланылатын мақта тігін жіптерінің жіктелуі қабат санына, жуандығына, өңделу сипатына, бояуына қарай жүргізіледі. Өңдеу сипатына байланысты тігін жіптері күңгірт жіп, жүмсақ өңдеген жылтыр жіп және қатты өңделген жылтыр жіп болып бөлінеді. Бояуы жағынан өңделмеген жіптер ақ, қара және түрлі-түсті болып келеді. Тігін жіптерінің сапасы тегістігі, созылғыштығы, мықтылығы, серпімділігі және бояуының тиянақтылығы, ширатпасының тепе- теңдігі және сырт көрінісінің ақауы бойынша сипатталады. Тігін жіптерінің созу үдерісіндегі мықтылығы олардың негізгі сапалық көрсеткіші болып табылады және бүл көрсеткіш динамометр аспабында анықталады. Органолептикалық тәсілмен анықтағанда үзындығы 0,5 м тігін жібінің үлгісін қолмен тартып үзеді. Бүлай тартқанда мықты жіп серпіледі, ал үзу үшін көп күшті керек етеді. Жіптердің мықтылығына қабаттың саны, ағарту үдерісі, бояу және аппреттеліп өңделу әсер етеді. Өңделмеген және ақ жіптердің қара және түрлі-түсті жіптерге қарағанда мықтылығы жоғары болады. Күңгірт жіптерге қарағанда жылтыр жіптер мықты келеді.

Шыдайтын күшке қарай 3 қабат жіптер «экстра» және «прима» маркаларына бөлінеді. «Экстра» маркасының жіптері мықтылау және 3 қабат жіптерге қарағанда алты қабат жіптердің мықтылығы жоғары. Олардың түрі біреу-«Арнайы». Қабат саны мен мықтылығына байланысты жіптердің орауыштары, гильзалары және иіршіктерінің этикеткаларының түсі әр түрлі. 3 қабат «Экстра» маркалы жіптің этикеткасы қоңыр, «Прима» маркасыныкі жасыл болып келеді. Жіптердің созылғыштығы олардың нөміріне, қабат санына, ширатылуына, өңделу сипатына байланысты, 3- 8,5%. Ширату тігін машинасында тігіс қүрау үдерісіне әсерін тигізеді. Тігін жіптері оң (2) және сол (8) ширатпа болып бөлінеді. ОЗЛМ 97 кл. тігін машинасы мен ОЗЛМ 797 кл. машинасына тек қана оң ширатпа жібі қолданылады. Бүл машиналардың жіптартқышы айналып түратындықтан сол ширатпа жіптер бүл машиналарда тарқатылып кетеді. Ширатпа мен қабат саны тігін жіптерінің үлгісін ширатпа өлшеуіште тарқату арқылы бірден анықталады. Ширатпаның теңдігі үзындығы 1м артық ілмектің айналуынан түрады. Егер ілмектің айна- луы алтыдан аспаса, теңдігі жақсы деп есептелінеді. Нашар теңдескен жіптер ілмектеліп, бүралып, тіккенде аттап, үзілгіш болып келеді.

Тегістік - жіптің жуандығы, мықтылығы, созылғыштығы, салмағы жағынан бір қалыпты болуы. Мықтылығы бойынша бірқалыптылықтан ауытқу 6-8,5%, ал салмағы бойынша 3% аспауы керек. Сырт көрінісінің ақауына байланысты тігін жіптері I- II болып екі сортқа бөлінеді. Жіптің сыртын анықтау үшін 100 орауышты не- месе 100 иіршікті қолдану керек. Әр 100 ораудан 200 м жіп алынады. Стандартқа сәйкес әр байқалған ақау тиісті мөлшердегі айып бағамен бағаланады. Барлық байқалған ақаулардың салдары жиынтығын әр сорт үшін балл нормаларымен салыстырады. І-сортты ақ жіптер үшін 50 балл, өңделмеген қара және түрлі-түсті жіптер үшін 40 баллға дейін болады.

Өңделуіне қарамастан ІІ сортты тігін жіптері үшін 120 баллға дейін рұқсат беріледі. Бір орамада әр нөмірлі жіптердің, бояуының жолақты болуы, түктелініп тұруы, айналып тұратын бос орамдары, орамның түсіп

кетуінен шатасуы, оралымдағы қатарлардың қалып қалуы жіберілмейді.



3. Жібектен жасалған жіптер

Жібек жіптер екі қайтара ширату арқылы шикі жібектен алынады. Бірінші шикі жібектің бірнеше жібін біріктіріп ширатады, содан кейін ширатылған үш жіпті біріктіріп, бірінші ширатпаға қарсы бағытқа ширатады. Өңдеу үдерісінде жібек жіптер қайнатылады және әр түрлі түске боялады. Бұл жіптер (тігін жібегі) шығарылатын тігін жіптерінің жалпы көлемінің 1% алынады. Жібек жіптердің саудалық нөмірлері: 75, 65, 33, 18 және 13, ал жіптердің метрикалық нөмірі саудалық нөмірден төмен болады. Жұқа маталардан киім тіккенде байланыстыратын тігіс үшін N° 75, 65 және 33 тігін жіптерін қолданады. №18 және 13 жіптер түйме тесігін машинамен торлағанда және әр түрлі матадан тігілген киімге сәнді тігістер жүргізу үшін пайдаланады. Табиғи жібектен алынған тігін жібі қалыңдығына байланысты келесі шартты нөмірлермен (саудалық) белгіленеді: 9 (111,1 текс), 13 (74 текс), 18 (57,5 текс), 33 (31 текс), 65 (17,4 текс). Жібек жіптерді 100, 200, 500, 700 және 1300 метр үзындықты орама- мен, иіршікпен, картон патрондарымен, орамамен шығарады. Картон патрондардағы № 75 және 65 жіптердің үзындығы 100 және 200 м, ал № 33-50 жіптердікі 100 м болады. Жібек жіптерде сырт көрінісін бүзатын, мықтылығын төмендететін болмауға тиіс ақаулар: ширатпадағы түйіндер, жамау жіп, майланған, ластанған жіп, боялмай қалған, әр түсті жіптер.

Жібек вискоза жіптері вискозадан алынады, түйме тесігін машинамен торлау үшін пайдаланылады. Вискоза жіптер таза жібек жіптеріне үқсас екі қайтара ширатылады, соңғысы үш қабатталады, сондай-ақ жіптер әр түрлі түске боялады, 50-100 м ораммен шығарылады. Жібек жіптері иіршікте (25г бойынша), орамада (300г), патронда (50,100 және 200 м бойынша) және орауышта шығарылады.

Түйме тесігін қолмен торлағанда, түйме таққанда, сәндік тігістерді жүргізгенде ширатылған жуан таза жібек жіптері - № 3 және 7 гарус пайдаланылады. Гарустың сызықтық тығыздығы 333 немесе 143 текс және 90 шикі жібек жіптерден түрады. Гарусты түрлі түспен 8-50 м орамамен шығарады.

Штапельді полиноздық талшықтардан жасалған жібек жіптер жүмсақ, жылтыр, қүрғақ - дымқыл күйлерінде мықтылығы жоғары (вискоза жіптерімен салыстырғанда), жуғанда төзімді, құрғақ кезінде ұзаруы (8-10%) және дымқыл кезіндегі ұзаруы (10-12%) көп болмайды. Жылуға төзімділігінің жоғары болуына байланысты полиноз жіптерді қолданғанда, тігін машинасының жұмыс жылдамдығы шектелмейді. Мықтылығы жағынан полиноз жіптері мақта жіптерінен төмен. Киімнің барлық бөлшектерін тігуде мақта жібінің орнына полиноз жіптерін пайдалануға болады.

4. Синтетикалық жіптер

Химиялық талшықтан жасалатын жіптерді шығарудың арқасында тігін өнеркәсібінде қолданылатын жіптердің ассортименті жыл сайын кеңейіп келеді. Әсіресе, синтетикалық жіптер кең қолданылуда, себебі таза талшықты жіптерге қарағанда олардың кейбір қасиеттерінің артықшылығы бар, синтетикалық жіптер созуға және үйкеліске мықты, шамалы апшиды, сәулелі ауа-райына, тотыққанға, химиялық реактивтердің әсеріне төзімді. Синтетикалық жіптердің ішінде құрама капрон және лавсан жіптері кең қолданылады. Сонымен қатар, капрон, лавсан өзекшелі, қаңқалы жіптер және таслан типтес текстурленген жіптер шығарылады. Құрама талшықты лавсан және капрон синтетикалық жіптерін шығару үдерісіне қабаттау, ширату, қайнату, ағарту, бояу және өңдеу операциялары жатады. Силикондық препараттармен және акрилдық эмульсия мен антистатикпен өңдеу арқылы жіптердің жылуға шыдамдылық қасиетін арттырады. Құрылымын өзгертіп және өңдеуін жетілдіру арқылы синтетикалық жіптердің қасиетін жақсартуға болады.

Капрон жіптердің созғанда мықтылығы таза жібек немесе мақта жіптерге қарағанда 1,5-2 есе артық. Барлық белгілі тігін жіптерге қарағанда синтетикалық жіптер үйкеліске тозбайды, сондықтан оларды түйме тесігін торлағанға пайдаланады. Капрон жіптердің жұмсақтығы тіккенде жіптердің ілмектелуіне теріс әсер етіп, тігістің тартылуына себеп болады, ал жылуға төзімділік қасиетінің төмендігі, оларды пай- далану саласын азайтады. Капрон жіптерін пайдаланып, дайындалған бұйымдарды ылғалды жылумен өңдегенде - оларды үтіктеп немесе престеу бетінің температурасы 160С аспауын және басу уақыты 30 секундтан аспауы керек екенін білу керек. Температураны фланель салып үтіктегенде 5° С, бортовка салып үтіктегенде 10° С жоғарылатуға болады. Капрон жіптер бұйымды синтетикалық материалдардан дайындауда көп қолданылады. 9.1- кестеде капрон жіптерді пайдаланудағы мәліметтер берілген. Капрон жіптердің қасиетін зерттеудің нәтижесінде оларды жылуға төзімді амидтік жіптермен алмастыруға болады.

Лавсан жіптерінің кейбір көрсеткіштері капрон жіптерінен жоғары: балқу температурасы жоғары, тігісті тартпайды, сондықтан № 22Л, 33Л, 55Л лавсан жіптерін сырт киімдерді тіккенде қосымша майлап жоғарғы жіпке пайдаланады. Әр түрлі талшықты бүйымдарды ылғалды жылумен өңдегенде, лавсан жіптерімен тіккен тігістер өзгермейді, ол 9.1- кестеде

көрсетілген. Лавсан жіптерінің № 4 (36/2^4) және № 7 (36/1^5) төменгі нөмірлерін бедерлі сәндік тігіске қолдануға болады. Синтетикалық жіптердің жалпы ортақ кемшілігі - жылуға төзімділігінің төмендігі. Тігу жылдамдығы минутына 2000-2200 шаншым болғанда жіп пен иненің арасындағы үйкелістен ине қызады, капрон жібі балқып үзіледі. Лавсан жібі тігу жылдамдығы минутына 3000 шаншым болғанда үзіледі.

Инелердің арнаулы түрлерін пайдаланған дүрыс: хромдалған, сатылы, арнаулы химиялық өңдеуден өткен инелерді пайдалана отырып, олардың қызып кетуін азайту, синтетикалық жіптердің қолданылу тиімділігін көбейтеді. Инені салқындатып түру үшін іші қуыс табанша пайдаланады, баллоннан немесе компрессордан қысылған ауа ине мен матаға беріліп түрады. Кейбір машиналарда инені салқындату үшін су бүркіп түрады. Таза жібек жіптерін капрон немесе лавсан жіптерімен алмастырудың экономикалық тиімділігі жоғары. Құрамалы қаңқалық жіптер жіптердің мақта талшықтарымен не месе полиноздық талшықтармен жабылған синтетикалық қүрама жіптерден өзегі болады. Қаңқалық жіптердің өзегі капрон немесе лавсан талшықтарынан түрады.

Ең жақсы жіптер - полиэфир талшықтарынан (лавсан) жасалған өзегі бар жіптер болып есептелінеді. Сыртқы қабаты мақта талшықтарымен жабылса қаңқалық жіптер мақта жіптеріне үқсас келеді. Полиноз талшықтарымен жабылған қаңқалық жіпттердің беті жылтыр, сырт көрінісі мерсерленген мақта жіптеріне үқсайды. Мақтадан немесе полиноз талшықтарынан түратын беттік қабат жіптің синтетикалық өзегін балқып бүлінуден сақтайды.

Қүрамалы жіптер мақта жіптерге қарағанда мықты, мақта жіптерден үзаруы 2 есе артық. Мақта жіптерге қарағанда қаңқалық жіптердің отыруы аз, үзу әсеріне 2-3 есе төзімді. Мақта жіптері атқаратын барлық операцияларда қаңқалық жіптерді маталардың барлық түрінен сырт киімдерді, іш киімдерді, жейделерді, пижамаларды, блузкаларды, көйлектерді тіккенде пайдаланылады.

Таслан тектес текстурленген тігін жіптері - аумақты жіптер. Аумақты жіптерді алу үшін қарапайым талшықтарды ширатқан кезде қысылған ауа ағынымен үрлейді. Соның салдарынан кейбір талшықтар ілмек қүрады, ал кейбіреулері өзгермейді. Нәтижесінде қүрылымы аумақты жіп алынады, бетінде мөлшері әр түрлі ілмектенген талшықтары пайда болады. Таслан тектес жіптер аз және қатты со- зылатын болып шығарылады.

Аумақты жіптер иілгіш, серпімді және мықты. Тігін машинасында пайдаланған кезде таслан типтес жіптер ауа қабатын құратын ілмекті құрылымының арқасында инені біршама салқындатып, балқу мүмкіндігін азайтады. Сондықтан бұл жіптер жылуға шыдамдылығын арттыру үшін арнайы өңдеуден өтеді. Аумақты жіптер мықты, жұмсақ және иілгіш бір тігісті болады. Оларды киімнің бөлшектерін жалғастырудың барлық түрлеріне, түйме қадауға, тесік торлауға, іш киімнің етегін тіккенге, жейде, блузка, пижама, көйлек, корсет бұйымдарын, трикотаж киімдер тіккенде пайдаланылады. Сонымен қатар, жаңа маталардан ерлер мен әйелдердің киімін тіккендегі жұмыстың барлық түріне қолданылады. Текстурленген 15,6 текс х2 тігін жібі сыртқы көрінісі мен қасиеті жағынан құрамалы синтетикалық жіптерге ұқсайды. Бұл жіптерді ал- дын ала өңдеусіз ОЗЛМ 97 кл машиналарында 33Л лавсан жіптерінің орнына пайдаланылады. Тігін жіптерін текстурлеу нәтижесінде олар әмбебап тігін машиналарында қолдану кезінде үзілгіштігі азаяды.

Армирленген жіптер мықтылығының және жылуға тұрақтылығы- ның жоғарылығымен ерекшеленеді. Олар мақта маталы екі жіпті жіппен кең көлемде алмастырылады. Аралас полиэфирлі мақталы тігін жібі армирленген иірімнің полиэфирлі комплексті жібінің айналуынан алынады. Тігін жібінің сатылымдағы нөмірлері 20, 40, 50, 80. Бұларды эластикалық материалды тіккенде қолданылады.

Полипропиленді тігін жібін уақытша бұйым бөліктерін қосу үшін қолданады. Химиялық өңдеу өткізгенде бұл жіптер толықтай жойы- лады. Штапельді жіптер полиозды және лавсанды болады. Сыртқы көрінісі мақта матаға қарағанда өте жылтыр және үлбірлі болып келеді. Полинозды түктен жасалған жіп жұмсақ, жууға және химиялық өңдеуге тұрақты келеді. Штапельді лавсанды жіптер беріктігі жағынан созылғанда мақта матаға ұқсас болады.


Бақылау сұрақтары:

1. Тігін жіптерінің түрлеріне сипаттама бер

2. Мақтадан жасалған жіптернің ерекшелігі

3. Жібектен жасалған жіптеріне сипаттама бер

4. Синтетикалық жіптердің қолданылуы
Дәріс № 29. Желімдік материалдар

Дәріс жоспары:

1. Желімдік материалдар
Дәрістің мақсаты: Желімдік материалдар түрлерімен таныстыру;
Синтетикалық негізде алынған желімдік материалдар отандык және шет елдік киімді дайындау тәжірибесінде негізгі және қосымша операцияларды орындау кезінде кеңінен қоладанылады: пальтоның, костюмнің, көйлектердің бөлшектерін біріктіруде, аралық ретінде, негізгі бөлшектерді қиғаштай қатырмалау кезінде, жең, шалбар етегінің кесінділерін бекіту және ию кезінде; жарма, жапырақша, қалта, ерлер киімінің жағасына, қаттамасына аралық ретінде қолданылады. Қасиеттері жақсартылған желімдер жетілдірілуде, бұл оның тігін өндірісінде кеңінен қолданылуына көмектеседі. Өсімдік желімдерін (крахмалды, ұнды) әскери киімдердің по- гондарын, түймеліктерін, жағаларын дайындауда пайдаланады. Бұл желімдердің кемшіліктері бар: суға төзімсіз, жәндіктермен және көгеруде бүзылады, бүйымға жоғары қаттылықты береді. Сондықтан, өсімдік желімдері басқа тігін бүйымдарының бөлшектерін біріктіруде қолданылмайды.

Киім бөлшектерін желіммен жалғау тәсілі тігін өнеркәсібінде кең қолданылады. Желімдер сүйық және қою, желімдік үнтақ түрінде. төсемдік матаның бір жағына жағылған күйінде және көлемдік жіп түрінде пайдаланылады. Желімдік материалдарды пайдаланудың экономикалық тиімділігіжоғары.Бөлшектердіжалғастырудыңжелімдікәдісітігінбүйымдарының сапасын арттырады және өндірісті механикаландыруға мүмкіндік береді, бүйымды өңдеу уақытысын қысқартады, бір бүйымға алғанда еңбек өнімділігін 3-11% арттырады. Барлық шығарылатын киімдердің бөлшектерін жалғаудың 12-15-40 % желімдік әдіспен жүргізілетін бол- са, еңбек өнімділігі артады.

Бүйымның жүмсалар мақсаты мен оны пайдалану жағдайына байланысты тоқыма материалдарды жалғастыратын желімдер бірнеше талаптарға сәйкес келуі керек. Киімнің қандай мақсатқа жүмсалатынына қарамастан желімдік материалдарға қойылатын талап мынадай: желімнің желімденетін бетімен жақсы байланысып берік түрып қалуы, желім қүрамында адам организміне зиянды заттардың болмауы, желім қабатының мықтылығы және иілгіштігінің жеткілікті болуы, ескіруі төмен (желімнің ескіруі - оның қүрылымының өзгеруі, жарықтың, күннің, ылғалдың, жуудың, химиялық тазартудың әсерінен уақыт өткен сайын физико- механикалық және химиялық қасиеттерінің төмендеуі), желімдеу әдісінің қарапайымдылығы және қауіпсіздігі. Жуылатын бүйымға пайдаланылатын желімдер мықтылығы және иілгіштігіне қоса желімдік тігістің ылғалға, жуғанға, үтіктегенге төзімділігін қамтамасыз етуі тиіс. Сырт киімдерді дайындауға жүмсалатын негізмдер желімдік тігістің мықтылығын, иілгіштігін, ылғал және температураның өзгеруіне шыдамдылығын, суыққа- химиялық тазартуға төзімділігін қамтамсыз етуі тиіс. БФ-6 және ПВБ негізмдері. ЦНИИШП үсыныстарына сәйкес тігін өнеркәсібінде келесідей желімдер: БФ-6, ПВБ, поливинилхлоридті пластикат, поливинилхлоридті шайырға негізделген паста, П-548 және П-54 полиамидті шайырдан және қатты қысымды полиэтиленнен жасалған желімдік жіптер пайдаланылады. БФ-6 негізмі - синтетикалық шайырлардың спирттік ерітіндісі. ПВБ желімі - поливинил - бутиральдің спирттік ерітіндісі. Жеңіл - қүрғақ матаға жағылған БФ-6 және ПВБ негізмдері желімдік тігістерге қаттылық береді. Сондықтан да, желімдеу үшін БФ-6 және ПВБ желімдерінің үлпегін немесе бір бетінде желім жамылғысы бар мата- лард пайдаланады. Алдын ала үлпек жапсырған төсемдік маталар, желімдік үлпекпен түгел жабылған жиектік маталар, жолақ-жолақ желімдік үлпек жапсырылған өңірге салатын және түкті маталар шығарылады.

Жиектік желімдік - мата ретінде қалыңдығы 0,1-0,13 мм желімдік үлпекті бір бетіне түгел жапсырған бөз немесе миткаль пайдаланылады. Жиектік желімдік матаны жалпақтығы 10-12 мм жолак етіп кеседі де, зығыр жиектің орнына пальто, пиджак, жакеттердің өңіріне салады. Өңірге салатын мата ретінде қалыңдығы 0,1-0,17 мм желімдік үлпектің жолағы түрінде зығыр матаның бір бетін негізмдейді. Желімдік жамылғысы бар зығыр матаны өңірге төсем ретінде, жағаның астына, иықты көтеруге пайдаланылады. Түкті маталардың да желімдік жолақтары бар, оларды төсемдікке пайдаланады. БФ-6 және ПВБ желімдерінің үлпектерінің ені 70 см, қалыңдығы 0,13 мм - 0,27 мм дейін. БФ-6 және ПВБ желімдері тігіс жапсырма- ларына мықтылық, иілгіштік, суыққа және бензинге төзімділік береді. Бүл желімдердің ылғал әсеріне осалдығы олардың пайдалану өрісін тарылтады, жуылмайтын киімдер үшін ғана пайдалануға мүмкіндік болады.

Поливинилхлроидтік желімдер- бүл поливинил-хлоридтік пластикат және поливинилхлорид негізіндегі паста. Поливинилхлроидтік пластикат - поливинилхлоридтік шайыр, дибутилфталат және цинк стеараты қоспасынан дайындалған қалыңдығы 0,2-0,25 мм қатты үлпек. Поливинилхлоридтік паста поливинилхлоридтік шайырдан, дибутилфталаттан және пигменттен түрады. Поливинилхлроидтік пластификатты погондар және петлицаға, жағаларды жалғауға, мундирлердегі қайырмалар мен жапырақшаларды жабыстыруға пайдаланады. Резеңке аралас маталардан жасалған бөлшектерді жалғау үшін паста қолданылады.

Полиамидтік желім толық немесе жолақ түрінде төсемдік материалға жағылады. Бүл желімдік жалғамаға қаттылық беріп, жалғанған жердің бу және ауа өткізгіштігін азайтады. Қазіргі кезде П-548 және П -54 полиамид желімдерінің үнтақтары негізінде жасалған желімдік жаппасы бар төсемдік материалдар шығарылады. Бүл нүктелік түрінде желімдеп, жапсырып-ақ тігістің беріктігін жоғарылатады. Желімдік жаппасы полиамидтік үнтақтар негізінде жасалған төсемдік маталардың желімдік жаппасы түтас төсемдік материалдарға қарағанда тігісі иілгіш, бу ауа өткізеді, химиялық тазартуға пайдаланылатын барлық органикалық ерітінділерге шыдамды болады. Желімдік жолағы бар маталардың орнына желімдік үнтағы бар төсемдік материалдарды пайдаланудың экономикалық тиімділігі жоғары. Полиамидтік үнтақты төсемді материалдардың ассортименті: мит- каль, бөздегі желімдік үнтақты жиекті мата, желімдік үнтақты өңірге салынатын мата, желімдік үнтақты, таза және жасанды шаш, желімдік үнтақты флизилин, әр жерден бір негізмдік жаппасы бар жалпақ өңірлік мата. Жоғарғы қысымдық полиэтилен (ЖҚПЭ) суда қайнатып, сабын- сода ерітіндісінде ұстағанға төзімді, мықты желімдік тігіс береді (15 рет жуғаннан кейін немесе 1 сағат қайнатқанда тігістің мықтылығы өзгермейді). Алынған тігістер хлорлық ерітінділерге, жарық ауа рай- ына төзімді, бірақ химиялық тазартуда пайдаланатын бензин және уаит спирттің әсеріне шыдамдылығы төмен. ЖҚПЭ 0,12-0,2 мм үлпек түрінде шығарылады, төсемдік материалдарға ұнтақ немесе толық жапсырады. Жоғарғы қысымдық полиэтиленді көйлек, блуза, жейде сияқты жуылатын киімдердің желімдік жалғаспаларына пайдалануға болады. Полиэтиленді үлпектер әйел көйлектерінің етегін бекітуге, жейденің жағасына төсемдікке, қаттамаға, белдікке және басқа бөлшектерге пайдаланылады. Желімдік жіпті өткізу үшін үлпекті термоконтактілі әдіспен бекітетін III1-2 машинасында орындалынады. Ыстықтай престе- геннен кейін мұндай тігіс матаның екі қабатын мықтап қосады. Әсіресе, синтетикалық маталардан жасалынған бұйымдарды өңдеуден өткізгенде желімдік жіптердің біріктіру сапасы өте жоғары болады. Соңғы жылдары П-548 және П-54 полиамидтік шайырдан және жоғарғы қысымдық полиэтиленге жасалған желімдік жіптер сырт киімдер және жеңіл көйлектердің бөлшектерін біріктіру үшін пайдаланылады. Желімдік үлпектермен біріктіру және төсемдік негізмдік матери- алдардан тыс маталармен біріктіру процессі арқылы іске асырылады. Желімнің бір қалыпты, тегіс жағылу және жақсылап желімденуі үшін престің үстіңгі жастығы қатты, ал астыңғысы жұмсақ болуы керек. Сондықтан, престің астыңғы жастығын киізбен жауып, мақта матамен қаптаған дұрыс.

Дәнекерлеу. Тігін өндірісінде желімдеу тәсілімен қатар маталарды біріктіруде киім бөлшектерін дәнекерлеу тәсілі қолданылады. Киім бөлшектеріне арналған материалдарды дәнекерлеу ЦНИИШП толығымен зерттелген. Дәнекерлеу-термопластикалық материалдарды қосымша заттар- ды қолданбай жылудың әсерімен біріктіру. Дәнекерлеудің жылумен түйістіру, жоғарғы жиілікті және ультардыбысты тәсілдерін қолданады. Жылумен түйістіру әдісі кезінде біріктірілетін материалдар дәнекерлеу бөлігінде қыздырғышпен түйіседі, ериді және қысым астында бірге қосылып, тігіс пайда болады (дәнекерленеді). Материалдарды жоғарғы жиілікті дәнекрелеу жоғарғы жиілікті токтардың электрлі өрісінде жүргізіледі. Нәтижесінде бойында физикалық үдерістер тұтқырлы әсерінен ағынды күйге дейін қыздырылады және берік қосылады. Ультрадыбысты дәнекерлеу тәсілі кезінде материалдарды қосу аймағында біріктіру ультрадыбысты жиіліктің серпімді тербелісінің арқасында жүргізіледі. Бұл тәсіл кезінде материалдар берілген өлшемдегі дәнекерлеу нүктесін түзу арқылы біріктіріледі. Қабыршақ материалдардың термопластикалық талшықтары болатын және киім үшін жасанды былғарының, маталардың, тоқыма және беймата төсеменің ассортименттерін кеңейту, киім бөлшектерін дәнекерлеуді қолдану үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.Сонымен қатар, дамыған болып ЦНИИШП -да жетілдірілген қалыптау тәсілі және киім бөлшегінде тікелей фурнитураларды бір уақытта бекітумен ерекшеленеді. Киімде үздіксіз түймелерді қалыптау тәсілінің, полимердің матамен адгезивті - механикалық әсерлесу арқасында бекіту беріктігі жоғары болуы қажет.
Бақылау сұрақтары:

1. Поливинилхлроидтік желімдер

2. Полиамидтік желім
Дәріс № 30. Әрлеу материалдары және фурнитура

Дәріс жоспары:

1. Әрлеу материалдары

2. Киім фурнитурасы


Дәрістің мақсаты: Әрлеу материалдары мен киім фурнитурасы туралы ақпараттармен танысытырып, түрлері мен оларға сипаттама беру;
1. Әрлеу материалдары. Әрлеу, сәндеу материалдарына таспалар, ызбалар, баулар, шілтерлер, гипюр, стеклярус жатады. Алуан түрлі тігін бүйымдарын әрлеу үшін маталар, тері, үлбір, күдері, түймелер қолданылады. Тағайындалуы бойынша әрлеу материалдары үш топқа бөлінеді: қолданбалы-бүйымның ішкі бөлімдеріның тігістерінің шеттерін бекіту және көмкеру үшін таспалар және ызбалар, сәндік қолданбалы киімнің сыртын сәнді көмкеру үшін арналған таспалар, ызбалар, баулар, сәндік- киімді сәндеуге арналған және эстетикалық функцияларды орындай- тын таспалар, эмблемалар, ызбалар, баулар және шілтерлер.

Таспа - бүл ені әр түрлі болатын мата қиындылары, олар екі түрлі көлденең жіптерді тоқитын станоктар мен машиналарда өңделеді. Таспалар матаға үқсас бір түсті және атластан майда өрнекті болып тоқылып, әр түрлі матадан, түкті және шілтерленген түрлері болады. Таспаның талшықтық қүрамы әр түрлі, олар кардалық және тарақтық мақта матадан, вискозды, штапельді, синтетикалық көлемді иірімдерден, қүрамдас вискозадан, ацетатты, жай капроннан және көлемді жіптерден, табиғи жібек жіптерден, сонымен қатар эластикалы таспалар үшін резиналы жіптерден қүралынады. Аз мөлшерде та- спаларды зығырдан, жүннен және лавсанды иірімдерден шығарылады. Киімге қолданылатын таспалар әрлеуіш және қолданбалы болып бөлінеді.

Тігін өндірісінде қолданылуына байланысты қолданбалы таспалар келесі түрлерге бөлінеді: Өңірлік жиек таспа - жартылай зығыр, жаймалық өрім, өңделмеген, ені 9-12мм, созылуын азайту үшін өңірдің, қиықтың жиектеріне салы- нады.

Шалбарлық таспа- мақта жіппен, жартылай капрон немесе капрон жіптерден жаймалық және саржалық айқаспамен «шыршаға үқсас» жиек салып тоқылады ені-15мм, шалбардың төменгі қиық жиегін бекіту үшін қолданылады.

Корсаждық таспа- жатық боялған, өңделмеген түсті мақта жібінен жаймалық айқаспамен тоқылған, ені 40,50, 60 мм болады.

Киперлік таспа- саржалық өріммен және «шыршаға үқсас» өріммен тоқылған, жіптері ағартылған, өңделмеген, табиғи түсінде немесе тегіс боялған, киімдер және басқа да бүйымдарды біріктіру үшін пайдаланылады, ені 11,12,13,14,15,16,18 мм болады.

Иілгіш таспалар-өңделген мақта, ағартылған вискоза жіптеріне резеңке талшықтар немесе спандекс жіптерімен араластырады, үстағыш ретінде қолданылады, ені 8-10 мм болады.

Сәндік-қолданбалы таспаларға мыналар жатады:

Аспабау таспалар- жартылай жібек, вискозды, капронды, эластик араласқан капрон жіптерінен жаймалық атластық, майда өрнекті өріммен тоқылған, ширатқанға төзімді, ені 5-16 мм болады.

Сәндік иілгіш таспалар- штапель жіптерінен, жолақты ала тоқылған, таспалы резеңке талшықтардың тартып түруының арқасында бет жағында ілмектері бар, ені 25-30 мм, шомылу костюмдері және шаңғышылар костюміне қолданылады.

Иілгіш таспа- вискозды жібектен резина талшықтарын немесе спандекс жіптерін араластырып, іш-киімдік бүйымдар мен плавкілерге қолданылады.

«Гофре» иілгіш таспа- вискозды жібектен, екі жағынан резина талшықтары өтетін ортасы гофреге үқсас, іш киімдік бүйымдар және плавкілер үшін қолданылады, ені 7-15 мм болады.

Жиектік таспа- мақта немесе жүн аралас жіптерден саржалық және жалған репстік айқаспамен тоқылады, ағартылған және тегіс боялған, тігістердің қиылған жерлерін тегістеу үшін қолданылады, ені 13-16 мм болады.

Сәндік таспаларға мыналар жатады:

Іш киімдік бейка - мақта мата таспаға түрлі-түсті вискоза жіптерінен жаккрдтық өрнектер салынған, ала тоқылған, балалар бүйымдарында қолданылады, ені 9-15 мм болады.

Әрлеу тасмпалары- түрлі енді вискозды қүрамдас жіптерден жасалатын әр түрлі енді майда өрнекті, жаккардты өрімді, түрлі- түсті суретті түрі жиі кездеседі, әйелдер және балалар киімдеріне қолданылады.

Үлдір таспа- жүқа, мережкаға үқсас суретті болып келеді, негіз жібі

капрон жіптерден және арқауы мақта қағазды, жүн жіптерден және текстурленген жіптерден дайындалады.

Эмблема таспасы- жаккардтық, тақырыптық суретті (штурвал, якорь,

аңдар, геометриялық орнаменттер, өрнектер), вискозды қүрама жіптерден



және иірілген штапель жіптерден жасалады және балалар, спорттық бүйымдарға қолданылады, ені 90-100 мм болады. Таспалар іш-киімге, әйелдер көйлектеріне, балалар бүйымына қолданылады. Ақ жаймалар үшін арнайы ақ жайма іш-киім бейкала- ры, 12.1 - суретте көрсетілген, аспабау үшін таспалар, көмкерме үшін өңіржиекті таспалар, әйелдер көйлектері үшін - түрлі әрлеу таспалары, шілтері тоқылған таспалар, 12.2., 12.3., 12.4 - суреттерде көрсетілген, Ляке таспалары, шілтерлі таспалар, спорттық киімдер үшін - қарапайым және түкті эластикалы таспалар қолданылады.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет