Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Стандарттау» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік материалдар



бет6/16
Дата07.02.2022
өлшемі380 Kb.
#85612
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
общий про стандарт

ЕО бас саясаты жөніндегі Директивалары өнеркәсіптегі ластануды бақылаудың құнын бағалау әдістеріне, қоршаған ортаға кейбір мемлекеттік және жеке сектор жобалары әсерінің дәрежесін бағалауға, қоршаған ортаны қорғау, бақылау желілері мен ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі Еуропа-лық агенттік қүру және тағы басқаларш бағытталған.
Суға қатысты Директивалар - өзен, теңіз және басқа су қоймаларын қорғау мәселелерін, ішетін су сапасы мәселелерін, кейбір қауіпті заттар қалдықтарын су қоймаларына жығуды, балықтар тіршілігіне көмектесу және шаян тәрізділерді көбейту мақсатында қорғауды қажет ететін тұщы сулар сапасы мен тағы да басқаларды қамтиды.
Ауаны қоргау және өнеркәсіптік қауіп жөніндегі Директивалар - кейбір қауіпті заттар мен препараттарды қолдануға шектеу, «Қауіпті заттарды классификациялау, буып-түю және маркілеу туралы» директиваға бағынатын заттар тізімін, қауіпті химикаттар экспорты мен импортына міндетті талаптарды, кейбір нақты заттардың (асбест, азот қостотығы, қорғасын, күкірт қостотығы және басқалары) ауадағы мөлшері бойынша нормаларын белгілейді.
Қалдықтар мәселелеріне қатысты Директивалар - қала жағдайларындағы құбыр суларын тазалау, қоқыстарды жағуға арналған қондырғылардан ауаның ластануынан қорғау, қауіпті қалдықтарды тасымалдауды қадағалау мен бақылау, пайдаланылған майды жою талаптарын және басқа нақты нысандар бойынша талаптарды анықтайды.
Шуларды шектеу жөніндегі Директивалары түрлі жабдықтар, өнеркәсіптік қондырғылар мен тұрмыстық қүралдардан, сондай-ақ ұшақтар, автомобильдер, мотоцикльдерден болатын шулардың деңгейін нормалайды.
ЕО-ға алынатын өнімнің экологиялығы туралы тұтынушыларды дұрыс ақпараттандыру мен қоршаған ортаны қорғау бойынша норма мен талаптарды дайындаушылардың сақтауына себеп болу мақсаттарында арнайы белгімен экомаркілеуді енгізген. Экобелгі тағамдық өнімдер, сусындар және дәрілік препараттарға таралмайды. Экобелгілермен директиваларда қауіптіге жатқызылған заттар мен препараттар, бірақ жібері-летін шектерде болатын тауарларды маркілейді. Белгі түсі ақ реңде - жасыл, көгілдір, қара, ал қарада - ақ болуы мүмкін.
Дайындаушы экобелгісін пайдалану құқығын алуға, өнімнің экологиялығын бағалау үшін сертификаттаумен айналысатын органға оны ұсынады. Ізденуші, экобелгімен өнімнің әр түріне жеке келісім-шарт жасасады. Экобелгі жарнамамен белсенді пайдаланылады және сатушының (дайындаушының) нақты позициясына оң әсер етумен нарықтағы тауардың қозғалысына ықпал етеді.
Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын кәдеге жарату - экологиялық стандарттаудың маңызды аспектілерінің бірі.
Мамандардың есебінше, адамзат өз қарекетінің барлық тарихында бастапқы шикізатты мақсаты бойынша пайдалануды ең жақсы жағдайда 5%-ға дейін жеткізе алады. Оның 20%-ға жуығы өнеркәсіптік шығарылып тасталу және 70%-дан аса баска қалдықтар.
Бұл төңіректегі экологиялық норма бойынша ұлттық стандарттарды қолданыстағы заңдар базасында әзірлейді.
Қазақстанда өндіріс пен тұтыну қалдықтарын кәдеге жарату мәселелері келесі заңдарда келтірілген:
- қоршаған және табиғи ортаны қорғау туралы;
- экологиялық сараптама туралы;
- түрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы;
- қойнаулар туралы;
- кәсіпорындар және кәсіпкерлік іс-әрекеттер туралы;
- түтынушылар құқын қорғау туралы;
- өнім мен көрсетілетін қызметтерді сертификаттау;
- инвестициялық іс-әрекеттер туралы;
- қорғаныс туралы.
Шетелдерде белгілі бір технология бойынша уытты қалдықтарды өңдеу нормасы мен мүмкіндігін орнататын стандарттар кешені жасалынды.
Өнеркөсібі дамыған елдерде қалдықтар жіктелулері бойынша қатаң нормалары болатын директиваларға, үлттық стандарттарға, залалсыздандыру, жою, көміп тастау бойынша стан-дарттарға негізделген қалдықтарды оңдеу нақты шараларының мемлекеттік бағдарламалары қолданыста, ал заңнамалық қағидалары және олармен жүмыс қауіпсіздігі үшін қалдықтар шығаратындардың қүқықтық жауапкершілігін белгілейді.
Өндіріс қалдықтарын іске жарату - кәсіпорын сапа менедж-ментіндегі сапа шеңберінің соңғы қүрылымы. Бірақ оған нормативтік талаптар өнімнің өмірлік циклының өндіріске дейінгі стадиясында әзірленеді және бақыланады. Мысалы, АҚШ-та қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әр дайындаушы жаңа тауар ондіруде болатын қалдықтардың табиғатын анықтау бойынша экологиялық сараптаудан міндетгі өту қажет. Егер қауіпті калдықтар болуына күдік туса (ол тікелей әсерлі стандарттар және зандармен анықталады), онда өнімді дайындаушы қоршаған ортаны қорғау жоніндегі Агенттікке тіркеледі. Болып жатқан ендірістік қалдықтар, олардың қүрамы ғана емес тасымалдау мен өңдеуге жарамдылығы бойынша стандарттарға іс-жүзінде сәйкестігін анықтау үшін әрі қарай қадағаланып бақыланып отырады.
Бұрынғы КСРО-да 1975 жылдан бастап Мемжабдықтау қал-дықтарды кәдеге жарату женіндегі мәселелерді талай талқыға салғанымен, олардың нормативтік базасы жасалынған жоқ.
Қазақстанда қалдықтарды стандарттау жөніндегі жұмыстар енді ғана күн тәртібіне алына бастады.
Қалдықгарды кәдеге жарату жөніндегі нормативтік құжаттар, оның ішінде және де көрсетілген паспорты қауіпті қалдықтарды анықтауға ерекше қажет. Осы төңіректегі стандарттау, қалдықтар мен олардың өңделген өнімімен саудаласу бойынша Қазақстанның БСҮ шартын орындауын қамтамасыз етеді.
Экостандарттауда маңызды рөлді ИСО орындайды. 1993 жылдан бастап үйымның үйымдастырылу қүрылымында «экологиялық менеджмент» (немесе «қоршаған орта сапасының менеджменті») 207 ТК комитеті қүрылды: құрамында алты комитет бөлімдері мен екі жүмыс тобы жүмыс істейді. Олардың іс-әрекеттері мына аспектілерді қамтиды:
- экологиялық менеджмент жүйесін жасау;
- экологиялық аудит;
- экологиялық маркілеу;
- экологиялық сипаттамаларды бағалау және тағы басқалар.
Комитет жүмысының нәтижесі - сыйысымдылықты қамтамасыз ететін 9000 сериялы ИСО құрылымына көбіне сәйкес болатын 14000 сериялы ИСО стандарттарының қабылдануы.
14000 сериялы ИСО-да негіз қалаушы және нормативтік стандарттар да бар: «Қоршаған ортаны қорғау саласының менедж-ментжүйелері. Қолданылуы жөніндегі нүсқау» 14001ИСО негіз қалаушы стандарты мен «Қоршаған ортаны корғау саласының менеджмент жүйелері. Принциптер, жүйелер мен қатар жүретін технологиялар бойынша жалпы нүсқаулар» 14004 ИСО стандартында өз-өзін бағалаудан, тіркеу мен сертификаттауға дейінгі тірліктердің қоршаған ортаны қорғау менеджментін үйымдастыру жөніндегі үсынымдар болады. Нормативтік стандарттар қоршаған ортаны қорғау шаралары бойынша менеджмент жүйесінің талаптарын анықтайды.
Стандарттар әмбебап: оларды мемлекеттік және жеке сектор экономикасындағы өндіріс пен қызметету сферасында пайдалануға болады, ал қоршаған ортаның менеджменті тәсілдері қатаң регламенттелмегендіктен және ауытқуы да мүмкін.
Экоменеджмент жүйелерін енгізу бірнеше кезеңдерден түрады.
Жүйені енгізудің бірінші кезеңінде - қоршаған орта жағдай-ларыныңжалпы көрсеткіштеріне қатысты іс-әрекеттер ниеттері мен принциптері туралы өт'ніш түрінде рәсімделетін үйым саясаты әзірленуі қажет болады. Принциптер, «қоршаған ортаны қорғау саласындағы, үйымның белгілі бір міндеттері мен мақсаттарын үйымдастыру мен қою іс-әрекеттеріне белгілі бір шеңберлер»*
Саясат туралы өтінішке кіреді:
- ниеттері мен принциптері;
- үжымдық міндеттемелер;
- үнемі жақсарту;
- мүдделі тараптармен байланыстар;
- мониторинг, қүжаттандыру мен қызметтестік.
14001 ИСОстандарты Экоменеджменті саясаты өнім сапасы менеджменті сияқты ашық болуы қажет. Саясаттың принциптері мен мақсаттары, келтірілген өтініш, жарнамалар және үйымның бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз ету қүралы рөлін де ойнай, ашық баспамен жарияланады.
Саясат «біз қайда баруымыз қажет?» мәселесімен байланысты.
«Біз қайда түрмыз?» сүрағына өз-өзін бағалау іс-әрекеті жауап беруге көмектеседі. Ол үшін әдетте сүрау-сауалнама қүрастырылады. Сауалнама экоменеджменті төңірегінде ұйымдастыру мүмкіндіктерін анықтауғақоршаған ортақауіпін жою, басқа ішкі бағдарламалармен және жүйелермен, сон-дай-ақ тағы сол сияқты ішкі іс-әрекеттер барысын енгізу қа-жеттілігіне ерік беретін мәселелерді кіргізеді.
Экоменеджменті жүйесін енгізуге дайындаудың екінші кезеңі соңғы қорытындыда «Біз оған қалай барамыз?» сұрағына жауап беруі қажет. Ол үшін борінен бүрын, жасалынған сая-сатқа компания іс-әрекетінің сәйкестігін қамтамасыз ету шаралары өзірленеді. Жоспарды қүрастырудың алдына қоршаған орта аспектілері идентификатталады, қоршаған ортаәсерлері бағаланады, үйымдастыру талаптары белгіленеді, мақсаттар мен міндеттер анықталады.
Жүмыстың үшінші кезеңінде экоменеджменті жүйесі жү-мыс істей бастағандағы үйымдастыруда, жүйе жүмысының орындалу барысымен (стандарттармен және ережелермен) барлық материалдық және адам ресурстарын үйлестіру қажет.
Экоменеджменттің үйымдастыру іс-әрекеттерінің төртінші кезеңінде - қолданыстағы жүйенің тиімділігін кезеңмен бағалау және оны түзетіп түру. Ол үшін қоршаған орта жағ-дайы көрсеткіштерінің жүйелі мониторингі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет