Пәннің оқу-әдістемелік кешені 6В07366 (5В073000) -Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру мамандығының Жұмыс оқу бағдарламасы негізінде дайындалған



бет103/130
Дата12.09.2020
өлшемі0,75 Mb.
#78033
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   130
Байланысты:
умк псм-18-1

Бақылау сұрақтар:

1.Саздардың иілгіштігі және иілгіштіктің керамикалық өндіріс өнімдеріне әсері.

2. Әртүрлі факторлардың иілгіштікке әсері (минералогиялық құрамы, бөлшектердің өлшемдері, қоспалар және т.б.).

Негізгі әдебиеттер:3- 5, 8

Зертханалық жұмыс №2

Саздың сулы суспензиясындағы сутек иондарының концентрациясын анықтау

Жұмыс мақсаты: Саздың сулы суспензиясының рН-ын анықтау

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: конустық колба (V=250 мл), химиялық стақан, зертханалық шайқағыш, рН-метр, таразы, саз сынамалары.

Керамикалық заттар өндірісінде сазды шикізаттың маңызды сипаттамасы – оның сілтілілігі болып табылады. рН-тың жоғары мәнінде саздың пісу температурасы төмендейді, ол шикізат сапасына кері әсер етіп, нәтижесінде өнімге де кері әсерін тигізеді. Сондықтан, сазды шикізатқа рН-метрлік анализді міндетті түрде жасау қажет.



Жұмыс барысы

Массасы 10 г. саз өлшендісін көлемі 250 мл конустық колбаға салыңыз.

Көлемі 500 мл дистилденген суды химиялық стақанға құйып, көмірқышқылды жою үшін 30 минут қайнатыңыз.

Колбаға 90 мл дистилденген суды құйыңыз.

Колбаны тығынмен жауып, 20 минутқа шайқағышқа қойыңыз.

Алынған суспензияны химиялық стақанға құйып, рН-метрдің көмегімен рН-ын анықтаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет